Облыстыќ сайлау комиссиясыныњ 006 жылѓы аќпандаѓы №63 ќаулысына ќосымша



Дата02.05.2019
өлшемі85.5 Kb.
#129031

Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясының

2018 жылғы 23 қаңтардағы

№ 0219 қаулысына қосымша
2018 жылдың 25 наурызына тағайындалған 6 сайланған Жаңаөзен қалалық мәслихатының №4 сайлау округі бойынша шығып қалғанның орнына

депутат сайлау жөніндегі негізгі шаралардың
КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ

1. Сайлау округтары бойынша мәслихаттардың депутаттығына кандидаттар ұсыну.

Республикалық немесе жергілікті қоғамдық бірлестіктердің

жоғары органдары, олардың құрылымдық бөлімшешелерінің

және азаматтардың – өзін-өзі ұсыну жолымен.

Сайлауға 2 ай қалғанда басталады – 2018 жылдың 24 қаңтары,

сайлауға 1 ай қалғанда аяқталады – 2018 жылдың 22 ақпаны.

(103-бап)


2. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сайлаушыларды сайлау учаскелерінің шекаралары туралы хабардар ету.

Тиісті әкімдер.

Сайлау тағайындалғанан кейін 7 күннен кешіктірмей.

(23-бап)
3. Сайлау округтерінің тізімін, олардың шекараларын және округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлерін көрсете отырып, бұқаралық ақпарат құралдарына жариялау.

Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары.

Сайлау тағайындалғаннан кейін 10 күннен кешіктірмей

(22-бап)

4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарына жариялау.

Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары, ұсынылуы бойынша.

Сайлау тағайындалғаннан кейін 7 күннен кешіктірмей

(17-бап)
5. Округтік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарына жариялау.

Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары.

Сайлау тағайындалғаннан кейін 10 күннен кешіктірмей

(15-бап)
6. Аумақтық сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарына жариялау.

Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары.

Сайлау тағайындалғаннан кейін 10 күннен кешіктірмей

(13-бап)
7. Сайлаушылардың тізімдерін жасау.

Халықты есепке алуды жүзеге асыратын органдардың ұсынған

мәліметтері негізінде тиісті жергілікті атқарушы орган.

(24-бап)


8. Сайлаушылар тізімін акт бойынша тиісті сайлау комиссиясына тапсыру.

Тиісті әкімдер.

Дауыс беру басталардан 20 күн бұрын –

2018 жылдың 5 наурызынан кешіктірмей.

(24-бап, 5-тармақ)


9. Мәслихат депутаттығына ұсынылғандығы туралы шешімді ұсынылған кандидаттың назарына жеткізу.

Қоғамдық бірлестіктердің жоғарғы органдары және

олардың құрылымдық бөлімшелері.

(103-бап,3-тармақ, 1) тармақша)

10. Кандидатты ұсыну туралы шешіммен бірге оның дауысқа түсуге келісімі туралы өтінішін округтік сайлау комиссиясына жіберу.

Қоғамдық бірлестіктердің жоғарғы органдары,

олардың құрылымдық бөлімшелері және

депутаттыққа кандидаттар.

(103-бап,3-тармақ, 2) тармақша)
11. Мәслихат депутаттығына кандидаттың Қазақстан Республикасының Конституциясы мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңда өзіне қойылған талаптарға сәйкестігін анықтау.

Округтік сайлау комиссиясы.

Кандидаттың өзін өзі ұсыну туралы өтініші

не қоғамдық бірлестіктің жоғарғы органы мәжілісінің

кандидатты ұсынғаны туралы хаттамасының үзіндісінен

көшірмесі кандидаттың келісімі туралы өтінішімен қоса

берілген кезден үш күн ішінде.

(103-бап, 8-тармақ)


12. Тұрғылықты жерлері бойынша салық органдарына депутаттыққа кандидаттарды ұсыну мерзімі басталатын айдың бірінші күніне Қазақстан Республикасының уәкілетті органы белгілеген тәртіппен және нысанда табысы және мүлкі туралы декларациялар ұсыну.

Кандидат және оның зайыбы (жұбайы).

Кандидат тіркелгенге дейін.

(104-бап,1-1 тармақ)


13. Мәслихат депутаттығына кандидатты тіркеу және олардың әрқайсысына тиісті куәлік беру.

Округтік сайлау комиссиясы.

Сайлау күнінен 2 ай бұрын басталады –

2018 жылдың 24 қаңтары,

сайлауға 25 күн қалғанда аяқталады –



2018 жылдың 27 ақпаны.

(104-бап, 8-тармақ)


14. Мәслихат депутаттығына кандидатты тіркеу туралы хаттама жасау және оны тиісті аумақтық сайлау комиссиясына табыс ету.

Округтік сайлау комиссиясы.

5 күн мерзімде.

(104-бап, 5-тармақ)


15. Мәслихат депутаттығына кандидаттардың тіркелгендігі туралы бұқаралық ақпарат құралдарына хабар жариялау.

Округтік сайлау комиссиясы.

Кандидаттарды тіркегеннен кейін 7-інші күннен кешіктірмей.

(104-бап, 6-тармақ)


16. Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) жариялаған табысы және мүлкі туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру.

Салық қызметі органдары.

Кандидат тіркелген күннен бастап он бес күн ішінде.

(104-бап,1-тармақ, 1-1) тармақша)


17. Округтік сайлау комиссияларында сайлау қорларын тіркеу.

Мәслихат депутаттығына кандидаттар,

олардың сенім білдірген адамдары.

Округтік сайлау комиссияларына өтініш білдірген

сәттен бір күнтізбелік күн ішінде.

(Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2010

жылғы 19 тамызындағы №7/8 қаулысы)

(34-бап, 2-тармақ)


18. Мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың сайлау қорыларының уақытша арнайы шоттарын ашу.

Округтік сайлау комиссиялары.

Кандидат тіркелгеннен кейін.

(34-бап, 6-тармақ)


19. Мәслихат депутаттығына кандидаттың сенім білдірген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәлік беру.

Округтік сайлау комиссиясы.

Сенім білдірілген адамдардың тізімі тіркеуге ұсынылғаннан

кезден.


(31-бап)

20. Сайлауалды үгіт.

Кандидаттар тіркелген мерзім аяқталған кезден басталып,

сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша

ноль сағатта аяқталады.

(2018 жылдың 28 ақпанында басталып 2018 жылдың 23



наурызында жергілікті уақытпен сағат 24.00 аяқталады)

(27-бап, 2-тармақ)

21. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру және жарақтандыру үшін орын белгілеу.

Жергілікті атқарушы орган және тиісті

аумақтық сайлау комиссиялары.

Сайлау жарияланған күннен сайлауалды үгіт басталғанға дейін.

(28-бап, 6-тармақ)
22. Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін келісім-шарттық негізде үй-жай беру. Бөлінген үй-жайда кандидаттың сайлаушылармен кездесуінің кестесін жасау және оны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдары.

Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары.

Сайлауалды үгітті жүгізу мерзімінде.

(28-бап, 4-тармақ)
23. Сайлау учаскелерінде сайлаушыларға сайлаушылар тізімдерін танысу үшін беру.

Учаскелік сайлау комиссиялары.

Дауыс беруге 15 күн қалғанда – 2018 жылдың 9 наурызынан

кешіктірмей.

(26-бап, 1-тармақ)
24. Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты және орны туралы хабарландыру.

Учаскелік сайлау комиссиялары.

Дауыс беру күніне 10 күн қалғаннан кешіктірмей –

2018 жылдың 14 наурызы.

(18-бап, 5) –тармағы)

25. Қажет болған жағдайда кейбір сайлау учаскелерінде дауыс беруді бастау мен аяқтаудың басқа уақытын белгілеу.

Аумақтық сайлау комиссиялары.

(38-бап, 1-тармақ)
26. Учаскелік сайлау комиссияларына сайлау бюллетеньдерін жеткізу.

Аумақтық және округтік сайлау комиссиялары.

Сайлаудан 1 күн бұрынан кешіктірмей – 2018 жылдың 23

наурызынан кешіктірмей.

(37-бап, 3-тармақ)


27. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттамалар жасау.

Учаскелік сайлау комиссиялары.

Дауыс беру басталғанға дейін

1 сағат бұрын 2018 жылдың 25 наурызында жергілікті уақытпен

сағат 6-00-де (40-бап)

28. Дауыс беруді өткізу.

Учаскелік сайлау комиссиялары.

Сайлау күні, 2018 жылдың 25 наурызында.

Дауыс берудің басқа уақыты белгіленбеген болса,

жергілікті уақыт бойынша 7-00-ден 20-00-ге дейін.

(38, 42-баптардың 1-тармақтары)


29.Сайлау учаскесінде дауыстарды санау және дауыстарды санау нәтижесін хаттамаға түсіру.

Учаскелік сайлау комиссиялары.

Дауыс берудің уақыты өзгермеген болса,

жергілікті уақыт бойынша сайлау күнгі 20-00-де басталады

. (43-бап)
30. Хаттамалардың көшірмесін жалпы жұрттың танысуы үшін сайлау учаскесінде арнайы белгіленген орынға ілу.

Учаскелік сайлау комиссиялары.

Дауыстарды санау

аяқталған бойда.

(43-бап, 8-тармақ)
31.Дауыс беру нәтижелері бойынша хаттаманы округтік сайлау комиссиясына жіберу.

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыстарды санау аяқталған бойда.

(43-бап, 8-тармақ,108-бап, 1-тармақ)


32. Бұқаралық ақпарат құралдарында отырыстың орны мен уақыты туралы мәліметтерді жариялай отырып, сайлау округі бойынша сайлау нәтижелерін анықтау бойынша округтік сайлау комиссиясының отырысын өткізу үшін сайлау учаскесін анықтау.

Округтік сайлау комиссиялары.

Дауыс беру күніне дейін 10 күннен кешіктірмей –

2018 жылдың 14 наурызынан кешіктірмей.

(43-бап, 8-1-тармақ)


33.Сайлау округі бойынша мәслихат депутатын сайлау нәтижелерін анықтау, тиісті хаттама жасап, оны тиісті аумақтық сайлау комиссиясына жіберу.

Округтік сайлау комиссиялары.

Сайлау өткізілген күннен бастап 2 күннен аспайтын мерзімде –

2018 жылдың 27 наурызынан кешіктірмей.

(108-бап, 2-тармақ)


34. Көпшіліктің танысуы үшін округтік сайлау комиссиясының отырысы өткізілген үй-жайда сайлау округі бойынша сайлау нәтижелері туралы хаттаманың көшірмесін іліп қою.

Округтік сайлау комиссиялары.

Дауыстарды санау аяқталып хаттама толтырылған бойда.

(43-бап, 8-1-тармақ)

35. Көпшіліктің танысуы үшін округтік сайлау комиссиясының отырысы өткізілген үй-жайда сайлау учаскелерінде дауыстарды санау нәтижелері туралы жиынтық тізімнің көшірмесін іліп қою.

Округтік сайлау комиссиялары.

Дауыс беру күнінен кейін бес күннен кешіктірмей – 2018 жылдың

29 наурызынан кешіктірмей.

(43-бап, 8-2-тармақ)


36. Округ бойынша сайлау нәтижелері туралы бұқаралық ақпарат құралдарында ақпарат жариялау.

Округтік сайлау комиссиясы.

(16-бап, 9) тармақша)
37. Мәслихаттар депутаттарын сайлаудың қортындыларын анықтау.

Аумақтық сайлау комиссиялары.

Сайлау өткізілген күннен бастап 5 күннен аспайтын мерзімде –

2018 жылдың 29 наурызынан кешіктірмей.

(111-бап, 1-тармақ)


38. Мәслихаттар депутаттарын сайлаудың қортындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

Аумақтық сайлау комиссиялары.

Сайлау өткізілген күннен бастап 7 күннен аспайтын мерзімде –

2018 жылдың 31 наурызынан кешіктірмей.

(44-бап, 2,4-тармақтар)


39. Бұқаралық ақпарат құралдарында кандидаттардың сайлау қорларына келіп түскен ақшаның жалпы сомасы мен оның көздері туралы жариялау.

Округтік сайлау комиссиялары.

Сайлау қортындылары жарияланғаннан кейін 10 күн ішінде – 2018

жылдың 10 сәуірінен кешіктірмей

(34-бап, 4-тармақ)


40. Сайланған мәслихат депутаттарын тіркеу, тиісті Орталық сайлау комиссиясы бекіткен үлгідегі куәліктер мен төс белгілерді тапсыру.

Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары.



(46-бап,3-тармақ, 112-бап, 1-тармақ)






Каталог: media -> uploads
uploads -> Утверждено
uploads -> Маңғыстау облысының 2015 жылғы қаңтар-маусымдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы Облысты әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша жұмыс 2015 жылы Мемлекет басшысының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол»
uploads -> «ЖАҢАӨзен қалалық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2015 жылда атқАРҒан жұмыстары туралы есебі
uploads -> «ЖАҢАӨзен қалалық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2016 жылда атқАРҒан жұмыстары туралы есебі
uploads -> МаңҒыстау облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы ақтау, 2015 жыл мазмұНЫ
uploads -> Қазақстан Республикасы Маңғыстау облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
uploads -> Аймақтық экспорт
uploads -> Информация по осуществлению мониторинга
uploads -> Бағдарламасы түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласы 015 жыл мазмұны өңірлік макроэкономика 9


Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет