Abstract graphic steppe view drawn in the technique of rough brush. Vector landscape in calm colors

Танымал актер, әзілкеш, жайдарманшы Нұрболхан Шараповтың денсаулығы сыр берді. Ол Түркия елінде асқазанына ота жасатты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/nnurbolkhann/

Өнер иесінің айтуынша, асқазанының ауырғаны көп жылдан бері келе жатқан мәселесі екен.

“Астың қазаны. Көп жылдан бері мазалайтын. Бүгінде жаныма батып тұр. Ақыры сәтi түсiп, Стамбұлға келiп асқазанға ота жасатып бастадым. Сәтжан бауырым бастаған ақ халатты абзал жандарға алғыстан басқа айтарым жоқ. Ақшам да жоқ! Алла разы болсын! İстерiңе береке берсiн! Сендер болғаннан кейiн ба, уайым болмады. Түрiктiң мықты профессорларының қарауында болдым. Шүкiр!”, – деп жазды актер.

  • Министр уақыт белдеуінің өзгеруі денсаулыққа қалай әсер ететінін айтты

  • Білімі жоқ қандастар арасында жалған медициналық қызмет көрсететіндер жиіледі – Депутат

Сонымен қатар отадан кейінгі жағдайын да жариялады. Сол-ақ екен желі қолданушылары өздерін аталған сырқат мазалайтынын жарыса жазып жатыр. 
“Ендi 1 айлық күтiм керек. Сосын аттай шауып, құстай ұшып, ешектей жұмыс iстеп, тышқандай тiрнектеп, шошқа құсап тамақты опыра бересiң. Бастысы, күтiмдi ұмытпа дедi”, – деп айтты әзілкеш.

Оқырман қауым актердың тез сауығып кетуін тілеп жатыр. 

“Ауырмаңыз сүйікті жайдарманшым”, “Бұл тұқым қуалайтын ауру сияқты. Әкемізден бастап бәріміздің асқазанымыз ауырады”, “Анамның соңғы кезде асқазаны мазалап жүр” деп жазды оқырман қауым. 

 

 

 
 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

 
 
 

 
 

 
 
 

 
 

Публикация от Нурболхан Шарапов (@nnurbolkhann)


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.