Ақтөбе қаласының мектептеріне қатысты терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама таратқан күдікті анықталды. Ол жақын шетелдің 18 жастағы азаматы болып шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: primeminister.kz

Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, өңірдегі жағдай құқық қорғау органдарының бақылауында. Алаңдауға негіз жоқ.

"Ақтөбе қаласының мектептерінде терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау фактісі бойынша полиция қызметкерлерімен жақын шет елдердің бірінің 18 жастағы тұрғыны анықталды. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес қылмыстық істі тергеу шеңберіндегі өзге де ақпарат жария етуге жатпайды", – деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі.

Еске салсақ, Ақтөбе мектептеріне террорлық шабуыл жасалатыны туралы ақпарат тарап, көпшілік үрейге бой алдырды. Ақтөбе облысының әкімі бірден аталған мектептерге барып, қауіпсіздік жүйесінің жұмысымен танысты.  Қазіргі кезде қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр.


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.