Қазақстандық танымал актер, әрі спортшы Еркебұлан Тоқтар алдағы жекпе-жектегі қарсыласы Одилхан Камоловты “қатынға” теңеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Prosports.kz

Еркебұлан Тоқтар Octagon 56 турнирінде өзбекстандық Одилхан Камоловқа қарсы жекпе-жек өткізу керек болған. Ташкентке жоспарланған жарыс Алматыға ауысқандықтан, өзбекстандық спортшы кездесуден бас тартты.

“Одилханда намыс жоқ, сөзінде тұрмайтын қорқақ. Жекпе-жектен “қашып, секіреді”деген болжамым дәл келді. Алматыда жекпе-жекке шықпаймын деген таза қатынның әңгімесі. Егер расымен жекпе-жекке шықпаса  “қатын” болғаны”– деді танымал актер. 

Айта кетейік, Еркебұлан Тоқтар мен Одилхан Камолов Octagon 33 турнирінде жекпе-жек өткізіп, отандасымыз жеңіліп қалған болатын. Екі жылдан кейін қос спортшы реванш жасауға келіскен.

 


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.