Ақмола облысында мектеп оқушылары мінген шағын автобус жол апатына ұшырады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото видеодан алынған

Оқиға Көкшетау-Атбасар тас жолында, Максимовка ауылының маңында болған.

Жол апаты салдарынан бір адам қаза тауып, 15 жолаушы ауруханаға жеткізілген. Оның сегізі бала. Дәрігерлердің айтуынша, қазір олардың жағдайы бірқалыпты. Төрт адам облыс орталығындағы ауруханаға ауыстырылған. Алты оқушы аудандық емдеу мекемесінде ем алып жатыр. Мектеп оқушылары Көкшетау қаласында өткен жайдарман ойындарынан қайтып келе жатқан.

Полицияның мәліметінше, шағын автобустың 62 жастағы жүргізушісі алда келе жатқан қар тазалау техникасын басып озамын деп қарсы бетке шығып кеткен. Рөлге ие бола алмай, жеңіл көлікке соқтығысқан. Жеңіл көліктің жүргізуші оқиға орнында қаза тапты.

“Жол-көлік оқиғасы "Көкшетау-Атбасар" тас жолында, Максимовка елді мекенінің маңында болды. Аталған факті бойынша тергеп-тексеру басталды. Сараптама тағайындалды”, – деді облыстық полиция департаментінің өкілі Әлия Билялова. 

Еске салсақ, бұған дейін Түркістан облысында бір мектептің оқушылары мен мұғалімдерінің жаппай уланып қалғаны туралы жазған едік. 


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.