Яндекстің менеджерлік тобы арнайы акционерлік құқықтарға ие болады да, Мәскеу биржасына шыға отырып, компанияны басқаруын жалғастырады.

Yandex N.V. нидерландылық компаниясы жеке инвесторлар консорциумына Яндекс бизнесін 475 миллиард рубльге сату туралы мәміле жасады. Yandex N.V. енді топтың бас компаниясы болмайды. 2024 жылдың 31 шілдесіне дейін ол атын өзгертіп, Яндекс брендтерін пайдалануды тоқтатады.

Яндекстің жаңа бас компаниясы ретінде "ЯНДЕКС" халықаралық акционерлік қоғамы болады. Бұл –  акциялары Мәскеу биржасында сатылатын жеке және тәуелсіз компания. Ал Артём Савиновский Яндекстің бас директоры болып қала береді. Яндекс Nebius, Toloka, Avride және TripleTen сынды шетелдік стартаптар мен Финляндиядағы деректер орталығын қоспағанда, Yandex N.V. тобының кәсіпорындарын, қызметтерін және активтерін сақтап қалады. Яндекс 2024 жылдың соңына дейін Yandex N.V.-нің технологияларының бір бөлігін пайдалануға құқығын шектеді.

Яндекс іздеу, қалалық, ойын-сауық және білім беру қызметтерін, сондай-ақ бұлт технологияларын, автономды автокөліктерді, жасанды интеллект технологияларын және басқа да перспективалы бағыттарды дамытуын жалғастырады.

"Яндекс" ХАҚК-тың негізгі иесі Яндекс менеджерлері басқаратын "Консорциум.Первый" ЖИҚ болады. Олардан басқа консорциумда тағы төрт жарнашы бар:

  • кәсіпкер және leta Capital венчурлық қорының негізін қалаушы Александр Чачавтың құрылымы;
  • ірі мамандандырылған "ИНФИНИТУМ" депозитарийінің бас директоры Павел Прасстың құрылымы;
  • "ЛУКОЙЛ" тобының құрылымы;
  • көп салалы инвестор және кәсіпкер Александр Ержановтың құрылымы.

Акционерлердің ешқайсысында бақылау үлесі жоқ. "Консорциум.Первый" "Яндекс" ХАҚК директорлар кеңесі он мүшесінің алтауын ұсына алады.

Yandex N.V. акционерлер отырысы мақұлдағаннан кейін және барлық рұқсатты алған соң ЖИҚ "А" класындағы акционерлерге бағалы қағаздардағы позициялары бойынша түрлі опцияны ұсына алады. Бұл бөлшек инвесторларға компания Мәскеу биржасына шыққаннан кейін "Яндекс" ХАҚК акционері болуға мүмкіндік береді.

Яндекс менеджерлер тобы компанияны басқаруды және негізгі шешімдер қабылдау құқығын сақтайды. Ол үшін директорлар кеңесі мен акционерлердің жалпы отырысында ерекше мәселелер бойынша шешімдер қабылдау кезінде арнайы құқықтар мен вето құқығын алатын "менеджерлер қоры" құрылды. Отырыста қаралатын мәселелер: компания басқару тобын қайта ұйымдастыру, бюджетті бекіту, ірі мәмілелерді мақұлдау және жарғыдағы өзгерістер. Менеджерлер қоры "Яндекс" ХАҚК болашақ директорлар кеңесінің он мүшесінің екеуін ұсына алады.

Жаңа құрылымда Яндекстегі әдеттегі басқару процестері сақталады және инвесторларға, серіктестерге, пайдаланушылар мен қызметкерлерге компания бизнесінің болашағы мен тұрақтылығына сенім береді.

Yandex N.V акционерлері мен реттеушілер Яндекс бизнесін сату туралы келісімге келуі керек.

Шетелдік инвестициялардың жүзеге асуын бақылау жөніндегі үкіметтік комиссияның талаптарына сай нарықтағы құнының кемінде 50% мөлшерінде дисконт ескеріледі.


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.