Өңдеу, болжау мәліметтер базасы негізінде арнайы бағдарламалы геоақпараттық жүйелер жұмысын жүргізу Дубурбаева Г., Тұрсынбаев Н



Дата11.04.2019
өлшемі36.5 Kb.
#91873

ӘОЖ 528.46.711.14
Өңдеу, болжау мәліметтер базасы негізінде арнайы бағдарламалы

геоақпараттық жүйелер жұмысын жүргізу
Дубурбаева Г., Тұрсынбаев Н.

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ, Тараз


Ғарыштық әдістер Жердегі әртүрлі табиғи процестерді зерттеу үшін қолданылады. Олардың құндылығы, олар кеңістікте және уақыт бойынша өзгеріп отыратын процестер туралы жер шары үшін сапалы біртекті ақпаратты алу мүмкіндігін беруімен көрінеді [1].

Өзен алабының бетіндегі су көлемі – оған тән атмосфералық жауын-шашын, булану, инфильтрация және сүзілумен негізделген, ағынның тікелей факторы. Берілген уақытта алаптың бетіндегі су көлемі, дистанционды өлшенген су бетінің ауданымен анықталуы мүмкін, себебі су көлемі мен аданы арасында функционалдыға жақын байланыс бар. Ағынның тағы бір факторы, өзен алабының қар немесе мұзбен жамылуы деңгейі. Қар қабатының сипаттамалары дистанционды түрде телекөру бейнелерімен анықталуы мүмкін. Жер серіктерінен (спутниктерден) қар қабытының бейнесін алу тек қар қабатының шекарасын емес, сонымен бірге қардың еру аймағының да шекарасын анықтауға мүмкіндік береді [2].

Ресей Ғылым Академиясы су проблемалары институты зерттуелерінің деректері бойынша (Г.Ф.Краснокожин және т.б.), ғарыштық фототүсірілмдер көмегімен гидрографиялық жүйенің (ол жылдам өзгеретін өзеннің атыраулы бөліктерінде) уақыт бойынша өзгеруін, су қоймалары табанының релеьефін, ағынның тұнбалылығын және түпкі тасындылардың пішіндерін, жағалардың шайылуын және тасындылардың жиналу облыстарын табуға, ағыстардың бағытын анықтауға, су асты және су бетіндегі өсімдіктердің орналасуын, атыраулық аудандардың суға көмілуін, жағалық аумақтардың физикалық-географиялық сипаттамаларын (топырағы, рельефі және т.б.) анықтуаға болады [3].

Аэроғарыштық құралдар көмегімен синхронды түрде су қоймаларының басым бетінің температурасын, желмен көтерілетін толқын параметрлерінің деректерін табуға мүмкіндік бар.

Метеорологиялық жерсеріктері көмегімен (спутниктермен) алынатын ақпараттарды – қысқа мерзімдік су тасу және сутасқыны болуын болжау, су қоймалдары толуы және жағалық аумақтардың суға көмілуі, мұздық құбылыстардың бағалау үшін пайдалануға болады.

Бірқатар жағдайларда аэроғарыштық әдістер жер бетінде жүргізілетін әдістерге қарағанда, мәселелерді дәл шешімін табуға мүмкіндік береді, мысалы, гидрографикалық желіні картаға түсіру, су өсімдіктері дамуын бағалау, арна түбі пішінін анықтау және үлкен аудандарда ағыстың таралуын анықтау сияқты жұмыстар.

Ғарыштық фотобейнелер селдік және топырақ көшуі, опырылмалар қауіптілігін болжау үшін пайдаланылуы мүмкін.

Гидрологияда Жердің жасанды жерсеріктерін (спутниктерін) пайдалану – су нысандары туралы деректерді алудың жаңа кезеңі болып табылады, ол жеке пунктердегі дискреттік жер беті бақылуаларынан, физикалық-географиялық ландшафттар ескеріліп, ауқымды территорияларда гидрологиялық құбылыстарды кеңістіктік-уақыттық бағалауға мүмкіндік береді. Ғарыштық түсірілімдердің құндылығы сонда, олармен табиғи жағдайлары күрделі және жер беті бақылау пунктері сирек желілерде зерттелуі қиын өңірлер қамтылуы мүмкін. Соынмен қатар, бір су нысанының бірнеше рет суретке түсіру қайталануы іске асырылады. Тәжірибелерді жинақтау нәтижесінде мынадай қорытынды шығарылды: кәдімгі ғарыштық түсірілмдер материалдарымен келесі гидрологиялық нысандар мен олардың параметрлері зерттелуі мүмкін.



Қар қабаты: қар қабатының шекарасы, аумақтың қармен көмілуінің дәрежесі, таулы жергіліктегі қар сызығының биіктігі, өнеркәсіп орталықтары айналасында қардың қарқынды ластануы аймағының мөлшерлері. Өзен алабының қармен көмілу дәрежесі 5 пайыздық қателікке дейін жіберіледі. Ластанған қардың «альбедосы», тазақардікіне қарағанда айтарлықтай төмен. Ластанған қар, таза қар төңірегінде көрініп тұрады, қар қабатының еруі және оның кетуі су тоспа ауданының ластанған бөліктерінде бірінші кезекте басталады. Бұл көп жағдайда қоқыс тастау көзінің айналасында ластану көлемінің одан ары таралуына ықпал етеді.

Мұз қабаты: үлкен көлдердегі мұздық жағдйалар, олардың айлағының мұз және мұз бөлшектерімен жабылу дәрежесі, оларды мұздан тазалау кезінде орта мөлшерлі көлдер мен су қоймаларында мұзды жою, ағызу, шағын көлдерді мұздан аршу мерзімдері.

Жайылмалар: жайылмалардың суға көмілуі, қауңшылық өңірлердегі көл аудандарының маусымдық өзгеруі, тасқын кезеңінде арналардың ені мен ауданының индикациялық өзгеруі.

Былай есептеледі, көпжылдық кезеңге кезектілікпен түсірілген ғарыштық суреттерді шифрлаудың нәтижелері бойынша – тасқын кезеңінде қардың еруінен өзен ағынының үлесін анықтау, және де жылдық ағын көлемінде анықтау сияқты есептерді шешуді жеңілдетуге болады.

Су ресурстарын есепке алу, оның ішінде мұздықтарды есепке алу үшін ғарыштық бейнелерді пайдалану, - ғарыштық гидрометеорологияға деп аталатын – жаңа ғылымға жататын, гидрологиялық зерттеулердің болашағы бар бағыттарының бірі.

Ғарыштық бейнелер ауқымды территориялардағы процестер туралы ақпараттарды беретіндіктен және жалпыландыру қасиеттермен ерекшелетіндіктен, олар негізінен ірі гидрографиялық және арналық құрылымдарды зерттеуге мүмкіндік береді. Соған байланысты, су нысандары туралы толық ақпаратты алу үшін жер беті гидрологиялық бақлаулар және ғарыштық авиаөлшеулердің тиімді үйлесімі болуы қажет.

Ғарыштық түсірілімдердің құндылығы мынада, олар ауқымды ақпараттық мәлімет-деректермен ерекшеленеді. Мысалы, ғарыштық суреттерде гидрографиялық жүйе, дәл осындай масштабтағы картаға қарағанда әлдеқайда жан-жақты көрсетіледі. Бұл, бөлшектеніп көрсетілу құрамы мен дәрежесі бойынша әртүрлі аумақты гидрологиялық картаға түсіру үшін алдыңғы шарттар болып табылады.

Табиғат ресурстары туралы әртүрлі ауқымды ақпараттар ғарыш жерсеріктерінен түсіп жатады. Бұл кезде адам табылған табиғи құбылысты іздеу мен анықтауды дистанционды әдіспен қамтамасыз етеді.



Ғарыштық мониторинг есептерін шешу үшін технологиялық кешендерін құрудың жұмыстары Қазақстанда 15 жылдан бері жүргізіледі [2]. Қазақстанда, халықаралық лицензиялық келісімдер негізінде тікелей шығару режимінде канадалық RADARSAT-1 жерсерігі радиолокациялық бейнелерін және IRS сериялы үнді жерсеріктерінің, NOAA, EOS Terra және Aqua американдық жерсеріктері деректерін тұрақты қабылдап отыруды іске асыратын Астана, Алматы және Атырау қалаларында орналасқан Жерді дистанциондық зондылау (ДЗЗ) деректерін қабылдау станцияларының желілері жұмыс істейді. Қабылдау станцияларының қолайлы географиялық орналасуына орай, олардың радиокөріну аймақтары тек бүкіл Қазақстанды ғана емес, сонымен бірге шекаралас жатқан мемлекетердің, Ресейдің еуропалық бөлігі мен Орта Азия өңірі елдерінің аумағын да қамтиды. Тасқын және су тасудың ғарыштық мониторингі технологиясын құру Қазақстанда 2002 жылдан бастап жүргізіліп келеді.
Әдебиеттер


  1. Акимов В.А., Лесных В.В., Радаев Н.Н. Основы анализа и управления риском в природной и техногенной сферах. М.:Деловой экспресс, 2004.-352 с.

  2. Безопасность плотин в Центральной Азии: создание потенциала и региональное сотрудничество. Проект. Вторая фаза. Доклад от Республики Казахстан. Алматы, 2010.

  3. Беллендир Е.Н., Никитина Н.Я. Управление риском аварий гидротехнических сооружений - проблемы, подходы, опыт, перспективы// Проблемы безопасности при чрезвычайных ситуациях. 2003. Вып. 3. С.124-135.

Каталог: rus -> all.doc -> urkimbaev okulary
urkimbaev okulary -> Аумақты корпоративтік басқару арқылы бәсекелестік мүмкіндіктерін дамыту ерекшеліктері
urkimbaev okulary -> Әож 28. 12: 591. Қазақстан республикасы аумағында талас алабы өңірінің су және жер ресурстарын пайдалану
urkimbaev okulary -> Шу өзені алабының гидрологиялық және гидрохимиялық жағдайы
urkimbaev okulary -> Әож 631. 95: 581. 526 Барабанды бу қазандығының жұмыс істеу принциптерін қадағалау
urkimbaev okulary -> Байзақ ауданының суғармалы жерлерінде көкөніс және бақша дақылдарының зиянкестермен зақымдалуы және аурулармен залалдануы Дайранбекова М. Б., Мұсабеков Қ.Қ
urkimbaev okulary -> Әож 504. 6: 656 (043. 3) Автомобиль көлігінің қоршаған ортаға әсерін талдау
urkimbaev okulary -> Сельхозводоснабжение, мелиорация и ресурсосберегающие технологии интегрированные управление водными ресурсами и экономика водного хозяйства
urkimbaev okulary -> Табиғи лайлы сулардың экологиялық қауіпсіздігі мен сапасын біртекті немесе әртекті функционалды полиэлектролиттер қолдану арқылы жақсарту Асанов А., Шилібек К.Қ., Базарханқызы А
urkimbaev okulary -> Фильтроциклонды қондырғылар конструкциясын жетілдіру жолдары Абдураманов Н. А.


Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет