Түркістан облысы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті қызметкерлер білім беру саласында аса ірі мөлшерде ұрлау фактілерін анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі.

Келес ауданы білім бөлімінің бухгалтерлері 2021-2023 жылдар аралығында білім беру мекемесінің қызметкерлерінің көрінеу жалған мәліметтерін базаға енгізген. 

Белгілі болғандай, мектеп қызметкерлерінің карта шоттары мен жеке сәйкестендіру нөмірлері (ЖСН) есепшілермен байланысты азаматтардың ЖСН-не ауыстырылған. Қазіргі уақытта мемлекетке келтірілген залал 400 миллион теңгеден асады.

  • Таразда балабақша басшысы 13 миллион теңге жымқырды деген күдікпен қамалды

  • Түркістан облысында білім беру саласының қызметкерлері 2 миллиард теңгеден астам ақша жымқырды деп айыпталды

Көрсетілген фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды және күдікті адамдарға қатысты сот қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді.

ҚР ҚПК-нің 201-бабы бойынша өзге ақпарат жария етілмейді.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.