Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху ХАМАС ұсынған атысты тоқтату шарттарын қабылдамады. Ол Газа секторында бірнеше айда жеңіске жететініне сенімді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Guardian сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху ХАМАС ұсынған шарттар бойынша Газа секторында атысты тоқтатудан бас тартты. Ол сондай-ақ АҚШ-тың Газада тез бітімге келу әрекетін жоққа шығарып, шайқастардың жалғасатынын айтты.

  • Ыстамбұлдағы теракт, Израильдің Дамаскіге шабуылы, Путиннің қайта билікке келуі: Әлемде не болып жатыр
  • Израиль Қазақстанды баруға болмайтын елдердің қатарына қосты

Нетаньяхудың айтуынша, Израильдің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жалғыз жолы – ХАМАС-ты толық жеңу. Премьер-министр жеңісті күн жақын екенін және бірнеше айдың ішінде қол жеткізуге болатынын баса айтты. Ол Израиль қорғаныс күштерінің Газа секторының оңтүстігінде операция бастау туралы бұйрық алғанын растады.

"ХАМАС-ты жоюдан басқа балама жоқ. Әйтпесе ХАМАС-тың азаматтық үкіметі әскери жеңіліссіз құламайды", – деді ол.

Еске салсақ, Халықаралық сот Израильдің Газадағы әрекетін "геноцид" деп атады.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.