Қой шаруашылығы Қазақстан Республикасында басқа мал шаруашылығы салаларының ішіндегі ертеден келе жатқан дәстүрлі бірден-бір жетекші сала болып табылады



бет1/21
Дата12.05.2022
өлшемі193.72 Kb.
#173807
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
Қой шаруашылығы


Кіріспе
Қой шаруашылығы Қазақстан Республикасында басқа мал шаруашылығы салаларының ішіндегі ертеден келе жатқан дәстүрлі бірден-бір жетекші сала болып табылады. Қой тұқымдарының барлығы негізінен ет алуға пайдаланылады, содан кейінгі үлесті жүн, елітірі, май, сүт өнімдері алады.

Қазіргі жағдай елімізде қой шаруашылығы өнімдерін өндіруді дамытып, қой өнімдерін өңдеу технологиясын жетілдірудің мәні зор екенін дәлелдейді. Қой шаруашылығын нарық заманына экономикалық жағынан тиімді етіп өсірудің кілті, ғылым мен озық тәжірибенің берік бірлігінде. Соңғы жылдарда дүние жүзінде ауыл шаруашылық ғылымдарының қатарыда қой жөніндегі ғылым да сан алуан жаңалықтармен, жаңа технологиялармен, селекция әдістерімен байытылды. Соның ішінде қой шаруашылығының қазіргі таңдағы жетістіктерін әрі қарай жетілдіріу мақсатында жас мамандарға тәжірибелік жұмыстар жүргізіп өз білімдерін жетілдіру мәселесі алда тұр. Осыған байланысты бұл кітапта алға қойылған мақсат тәуелсіз мемлекетіміздің мал шаруашылығына маман дайындайтын оқу орындары мен факультеттерінің студенттеріне пән бойынша алған білімдерін тереңдетуге, зертханалық сабақтарды ғылыми-зерттеу жұмыстарымен ұштастыруға сонымен бірге сабақтан тыс уақытта өздігінен дайындалуға да арналған. Бұл оқулықта мынандай негізгі мәселелер қарастырылып отыр:

- қой малының өсуі мен дамуы, сыртқы түр-сипаты, өнімділігі, қой өнімдерінің, қой малының сыртқы пішінімен, бітімімен байланысы және оларды анықтау жолдары;

- қой шаруашылығы өнімдері жүн, ет, елітірі, тоңдық тері, мәйек.Қой шаруашылығы өнімдерін өңдеу негізі, дайындау стандарттары, қой өнімдеріне (жүн, ет, елітірі, тері) қойылатын физикалық-техникалық-технологиялық талаптар жөніндегі нұсқаулардың негізгі ережелері (шикізат ретінде), қой өнімдерінен алынатын тауар-бұйымдар ерешеліктері;

- қойдың жоспарлық тұқымдарына (биязы жүнді, жартылай биязы жүнді, жартылай қылшық жүнді және қылшық жүнді қой тұқымдары) сипаттама бере келіп олардың тұқымдық ерекшелігіне тоқталу;

- қой бонитировкасы бойынша жалпы жұмыстары, қой тұқымын өз төлі есебінен көбейтіп, өсіріп-жетілдіру, сапасын жақсарту, қой қоздату жоспарын құру.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет