Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті қала прокуратурасының үйлестіруімен ақша ұрлау фактісі бойынша "Қазкоммерцбанк" АҚ-на қатысты қылмыстық іс бойынша параллельді қаржылық тергеу жүргізіп, сотқа дейін мүлікті тәркіледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: min.kz

"Сот санкциясымен күдіктілердің жалпы құны – 44,5 млрд теңге, ауданы 300 гектарға жуық жер учаскесі мен автокөлігі бұғатталды. Келтірілген залалды өтеу мақсатында қылмыстық-процессуалдық кодекстің 667, 668-баптарында іздеу жарияланған тұлғалардың қылмыстық жолмен өндірген мүлкін сотқа дейін тәркілеу көзделген, – делінген қаржылық мониторинг агенттігі хабарламасында.

Сот шешімімен мүлік Алматы қаласы әкімдігінің балансына қою арқылы мемлекет кірісіне айналдырылды.

Қазір бұл активтер мемлекет меншігіне берілді, ал тәркіленуге жататын өзге де мүлікті іздеу жалғасып жатыр.

“Қазақстан Халық банкі" АҚ мен "Қазкоммерцбанк" 2018 жылдың 28 шілдесінде табыстау актісіне қол қойғанын хабарлаған еді.

Осы арқылы "Қазкоммерцбанктің" барлық мүлкі, құқықтары мен міндеттері "Халық банкіне" заңды түрде табысталады.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.