Қолма-қол ақшамен операциялардың және есеп айырысу операцияларының есебі. Орындаған: Агадилова Айгерім iii-курс 32 топ студенті


II Бөлім. Есеп айырысу-кассалық бөліміндегі клиенттерге есеп айырысу



бет2/3
Дата14.03.2018
өлшемі460.29 Kb.
#20932
1   2   3

II Бөлім. Есеп айырысу-кассалық бөліміндегі клиенттерге есеп айырысу қызметін көрсету

2.1. Есеп айырысу-кассалық бөлімде заңды және жеке тұлғаларға шот ашу және шотты жабуды жүзеге асыру

Шаруашылық байланыстар банк қызметіндегі қажетті шарттардың бірі болып табылады. Банктің шаруашылық байланысы келісімдік қатынаспен белгіленеді. Есеп айыру қатынасы- сатып алушының мерзінде қызметті төлеуі және банк келісім міндеттемені орындағаннан кейін қарызын қайтаруы.



Ақшасыз есеп айырысу- банктің мекемелерде төлеушінің (ақша жіберуші) шотынан алушы шотына қаржыларды аудару негізінде жүргізілетін есеп айырысулар.

Ақшасыз есеп айырысуларды жүзеге асыру процесінде шаруашылық келісімдерді орындау бойынша, жабдықтаушы мен сатып алушы арасында өзара бақылау жағдайын туғызатын қарым-қатынас пайда болды, ал банк қойылған есеп-айыру ережелердің орындалуын және есеп айыру операциялардың заңды түрде болуын бақылайды.



Ақшасыз есеп айырысуды жүзеге асыру процессінде оларды ұйымдастыру принциптер маңызды рөл атқарады:

  1. Банк клиентердің шоттарынан қаржыларды өшіруді тек шот иесінің тапсырысымен ғана жүргізе алады.

  2. Клиент есеп айырысу формасын таңдай алады және оны төлеуші мен орындаушы арасындағы келісімдерде белгілей алады.

  3. Есеп айырысулар Қазақстанның Банкаралық Есеп Айырысу Орталығы, Есеп Айырысу Кассалық бөлімшелер, клирингтік орталықтар немесе банкаралық келісулер негізінде бір-біріне корреспонденттік шот ашу арқылы жүзеге асырылады.

  4. Төлеуші мен алушы арасындағы есеп айырысу бойынша наразылық екі жақпен белгіленген тәртіппен банк қатысуынсыз шешіледі.

Банк пен клиент арасындағы есп айырысуды нақты ұйымдастырудың мәні зор:

  1. Айналым құралдарының айналымдылығына;

  2. Нақты ақшалардың уақытылы түсуіне;

  3. Берешектің азаюына әсер етеді

Барлық ұйым, мекме, шаруашылық, мекемелер арасындағы нақты ақшасыз есеп айырысу банк мекемесі арқылы жүргізіледі. Банктер есеп айырысу операцияларын өздерінде ашылған клиентердің шоты негізінде жүзеге асырады. Банктер:

  1. Мекемелердің ақшалай қаржыларын шотта сақтайды;

  2. Түскен ақша сомасын осы шотқа есепке алады;

  3. Мекемелердің шоттан ақша беру және аударма жасау туралы бұйрығын орындайды;

  4. Клиенттердің банктік ережелер мен келісімдерде қарастырылған басқа да банктік операциялар бойынша бұйрығын орындайды.

Банктер есеп айырысу операциясын жүргізу кезінде мекемелердің есеп айырысу құжаттарын дұрыс толтырылуын және есеп айырысу тәртібінің сақталуын бақылап отырады.

Қазіргі кездегі ақшасыз есеп айырысудың негізгі формалары мынандай:



  1. Төлем тапсырысы

  2. Төлем талап-тапсырысы

  3. Чекпен есеп айырысу

  4. Аккредитив

Төлеуші мен алушы арасындағы есеп айырысу формасы келісім негізінде анықталады. Есеп айырысу-кассалық бөлімде көбіне төлем тапсырысы, төлем талап тапсырысы бойынша операциялар көп жүргізіледі. Есеп айырысу бойынша төлеуші мен алушы арасындағы өзара келіспеушіліктер банктің қатысуынсыз орнатылған тәртіп бойынша қарастырылады. Есеп-кассалық бөлім тарапынан жіберілген қателікке бөлім жауапты болады.

Банктік шот-бұл банкпен салымдарды қабылдау бойынша шот иесі арасындағы келісімдік қарым-қатынастарды бейнелеу әдісі және қаржыларын бақылауға құқығы бар шот иесінің қаржыларын қолдану мен қамтамасыз етумен байланысты операцияларды орындау әдісі. Банктік шоттар теңгеде, шетел валютасында ашылады. Банктік шотты ашу мен жүргізу, банк пен шот иесі арасында жасалған келісімге негізделеді.

Шот ашу үшін заңды тұлға келесі құжаттарды ұсынуы тиіс:



  1. шот ашуға өтініш; (қосымша 3 )

  2. қол үлгісі және мөр басылымын көрсететін нотариалды куәландырылған құжат;

  3. салық мекемесінен берілген клиенттің салық төлеуші есебіне тіркелгендігі туралы құжат;

  4. бекітілген формада өкілетті мекемеден берілген клиенттің мемлекттік тіркеуден өткендігін дәлелдейтін құжат;

  5. бекітілген тәртіппен куәландырылған клиенттің қызметі туралы жарғылық келісімдер көшірмесі.

Шот ашу үшін жеке тұлға келесі құжаттар тізімін ұсынуы тиіс:

  1. жеке куәлік;

  2. салық мекемесінен берілген клиенттің салық төлеуші есебіне тіркелгендігі туралы құжат;

Шотты ашу үшін клиент құжаттарды бас бухгалтерге ұсынады. Құжаттар заң мекемелермен бірге заң мен ережелерге сәйкес тексергеннен соң ; шот ашуға рұқсат алу үшін банк басшысана жібереді. Шот ашқаны үшін клиенттен банк тарифіне сәйкес комиссия төлемі ұсталынады.

Банкте ашылған барлық шоттар бас бухгалтермен арнайы кітапта белгіленеді және әр клиентке оған экономиканың белгілі бір саласына жататыны бойынша шот нөмірі беріледі. Мысалы: ағымды шот №0000468К01

- алғашқы үш сан және екі сан несие шифрін немесе дербес шоттың нөмірін көрсетеді;

- 468-шот нөмірі;

- К-ЭВМ үшін бақылау кілті.

Клиенттің ағымды шоты пассивті болып келеді, дебет бойынша клиент шотынан өшірілген сома орындалады, яғни жалақы, төлем тапсырысы, төлем талап-тапсырысы.Кредиті бойынша клиент шотына аударымдар, өнімдерді сатудан түскен қаржылар бойынша аударулар жүргізіледі.

Ағымды шоттың сальдосы-кредиттік болып келеді. Клиенттің ағымды шотындағы қаржыларының қаншалықты бар екенін көрсетеді. Клиенттің ағымды шотына уақытылы емес және қате аударуларды жүргізгені үшін , банк уақтылы емес аудару бойынша әр операциялық күн үшін белгілі бір көлемде пения төлейді.

Шоттарды жабу жүзеге асырылады:



  1. келісім мерзімі аяқталғаннан соң;

  2. клиент тапсырысы негізінде

  3. заңды тұлғалардың таратылуы немесе қайта ұйымдастырылуы кезінде

  4. шотта қаржы жоқ болса немесе заңды тұлғалар үшін 1 жыл, жеке тұлғалар үшін 3 жыл мерзім ішінде шот бойынша операциялар жүргізілмесе.

Егер шотқа наразылық болса , онда шоттың жабылуына тыйым салынады. Мысалы картотека №2 (экспорт, импорт бойынша құжаттардың бар болуы) шотты жабу кезінде клиент банкке пайдаланбаған чектер мен чек кітапшасын ұсынады, содан кейін бас бухгалтер шоты жабады. Шот жабылған жағдайда заңгер келесі бөлімшелердің түрлері бар айналым қағазын дайындауы тиіс:

  1. несиелік операциялар;

  2. бухгалтерлік есеп;

  3. экономикалық талдау;

  4. операциялық және т.б.

10 күн ішінде банкте жабылған шоттар бойынша салық мекемесіне хабарлауы тиіс.
2.2. Төлем тапсырысымен алдын – ала және кейінгі төлем тәртібі бойынша есеп айырысу

Төлем тапсырысы– ақша жіберуші тұлғаның қызмет көрсететін банкіге тапсырыста белгіленген соманы бенфициар шотына аудару туралы тапсырысы. Төлем тапсырысты ақша жіберуші жазады да, өзінің банкіне ұсынады (мерзімі 10 күн). Жазылған күннің уақыты көрсетілген тапсырыс, банкпен 10 календарлық күн ішінде қабылданады. Төлем тапсырыс бойынша төлемдер, тауарлы және тауарлы емес операциялар бойынша жүзеге асырылады. Төлем тапсырыс көбіне алған тауарлар немесе көрсетілген қызмет үшін жазылады (қосымша 4).

Тауарлы емес операцияларға жататындар:

    1. бюджетке төлемдерді аудару;

    2. зейнет – ақы қорына міндетті салымдарды аудару;

    3. әр түрлі қоғамдық ұйымдарға аударулар;

    4. қысқа мерзімді несиені мерзімінен бүрын өшіру;

    5. жоғары тұрған мекемелерді ұстау шығындары;

Төлем тапсырыс бойыныша төлемдер алдын ала және кейінгі тәртіппен жүргізіледі.

Алдын ала төлемді жүргізу кезінде, төлеуші тауардың бар болуына және сол тауарды жіберуге дайын болып тұруына көз жетуі керек.

Бұл кезде төлем тапсырыстығы « төлем түрі» деген бөлікте төлеушінің тауарлар үшін алдын ала төлем екендігін, шоттың нөмірін және мерзімін көрсету керек.

Салық төлеу үшін аударылған сома бөлек жолда көрсетіледі. Төлем тапсырысты алдын – ала тәртіппен төлеу үшін, міндетті түрде төлеушінің ағымды шотында меншікті қаржылары болуы тиіс.

Алдын – ала тәртіппен төлемді жүргізу кезінде, жабдықтаушы өзінің шотына қаржылар түскеннен кейін 3 жұмыс күні ішінде тауарды тиеп жіберуі тиіс.

Кейінгі төлем кезінде, төлеуші алдымен тауарды алады, содан кейін тауар құнын төлейді.

Қалааралық есеп айыру кезінде, төлем тапсырыс 4- экзамплярда, ал электронды байланысты қолданған кезде 2- экзамплярда жазылады.

Ақша қаржылары бар болғанда, төлем тапсырыс ақша жіберушінің акцептімен бірге төленуге қабылданады.



Операциялық департамент немесе басқарманың шот менеджері келесілерді тексереді:

  • клиенттің ағымды шотында қаржылардың бар болуын ;

  • барлық реквизиттердің дұрыс безендіруін:

  • құжаттың бар болуын;

  • құжаттың нөмірін;

  • құжат жазылған күн, ай, жылын;

  • ақша жіберушінің толық атауы;

  • ИНК, ҚҰБ – мен белгіленген коды;

  • ақша жіберуші банкінің толық атауы мен БИК

  • төлем түрі мен ҰБ белгілеген төлем коды;

  • төлем құжат негізінде жүргізілгендектен, сол құжаттың номері, атуы және датасы болуы керек, салық сомасы, төлем сомасы санмен және жазумен;

  • бюджетке төлем кезінде бюджет топтастырудың коды;

  • валюта уақыты-бұл юенефицияр ақшаны алу уақыты;

  • бенефициар мен ақша жіберушінің СТН.

Шоттың менеджері төлем тапсырысын келесі тәртіппен орналастырады:

А) 1-ші данасы төлеушінің банкіндегі күндік құжаттар ішінде қалады және келесі бухгалтерлік өткізбе құрылады:

Дт-2203

Кт-1051, (2203)



Б) 2-ші, 3-ші данасы алушы банкіне жауапты өткізбе құру үшін және ақшаны алушы шотына енгізу үшін жіберіледі:

Дт-1051


Кт-2203

В) 4-ші данасы банк белгісімен бірге клиентке қайтарылады.

Төлем тапсырысымен төлем жүргізгенде шот менджері барлық данаға уақытты, ал 2-ші және 4-ші данаға қол, штампты қояды. Егер төлем тапсырысы 2 данада ұсынылсы, онда 1-ші данасы төлеушінің банкінде күндік құжаттар ішінде қалады, екіншісі қайтарылады.

Т
өлем тапсырысымен есеп айырысудың схемасы:



  1. Төлеуші мен бенефициарарасында келісім шарт жасалынады.

  2. Тауар тиеледі немесе қызмет көрсетіледі.

  3. Төлеуші 4 данада төлем тапсырысты жазады да, өз банкіне ұсынады.

  4. Клиенттің банктік шотын жүргізетін менеджер төлем тапсырыстың дұрыс толтырғанын тексереді, берілген қол мен мөр үлгісі басылымын тексеріп төлем тапсырысты безендіреді.

Төлем тапсырыстың бірінші данасы бойынша қалааралық есеп айырысу кезінде келесі бухгалтерлік өткізбе құрылады:

Дт-2203


Кт-1051

1-ші данасы күндік құжаттарда қалып, 2-ші данасы клиенке беріледі.

5. Шотты жүргізетін менеджер ҚБЕАО төлеуші банкі атына төлемді жібереді де төлем тапсырыстың 2-3 данасын алушы банкке жібереді.

6. Алынған электрондық төлем негізінде ҚБЕАО төлеуші банкінің шотынан қаржыларды өшіріп, алушы банкінің шотына аударады.

7.Алушы-банк барлық құжаттарды қабылдағаннан соң,бенифициар шотына қаржыларды аударады:

Дт-1051


Кт-2203 алушы

Төлем тапсырыстың 2-ші экземпляры бенефициардың күндік құжаттарында қалады.

8.Бенефициар шотынан алынған көшірме төлем тапсырыстың 3-ші экземплярына қосылады да, операцияның орындалуын растайды.

Егер төлеуші шотында төлем тапсырысты төлеу үшін ақшасы жоқ болса №2 картотекаға аударылады, кіріс ордері арқылы баланстан тыс №7303 шотта есептеледі немесе ақшаны бөліп төлесе мемориалды ордер толтырылады

Төлеуші шотына ақша қаржылары түскен кезде №2 картотек жабылып төлем тапсырысы пениямен қоса төленеді:

Дт-2203


Кт-1051

Шығын-7303-төлем тапсырыс сомасына


2.3. Төлем талап-тапсырысымен есеп айырысу

Төлем–талап тапсырысы- жабдықтаушының сатып алушыға көрсетілген қызмет немесе өнімнің бағасын келісім негізінде төлеу тапсырысы болып табылады. Бұл есеп айырысу формасы жабдықтаушы банкінен басталады. Жабдықтаушы реестр кезінде төлем-талап тапсырысы 2 данада өзінің банкіне инкассоға ұсынады (қосымша 5).

Ұсынылған құжаттарды шот менеджері тексереді, яғни ақша жіберушінің аты, СТН, ИНК, кодын жіберуші банктің толық атауы мен оның БИК және бенефициар бойынша ұқсас реквизиттерді тексереді.

Қалааралық есеп айырысу кезінде төлем-талап тапсырысы 4 данада, электронды түрде 2 данада толтырылады. Барлық құжаттар тексерілгеннен кейін төлем-талап тапсырысы реестрінің 1-ші данасы банкте қалады, 2-сі банк белгісімен бенефициарға қайтарылады. Шот менеджері төлем-талап тапсырысқа банк штампын қойып төлеуші банкке жібереді. Банк 30 календарлық күн ішінде тапсырыс жазылған күннің уақытымен бірге төлем-талап тапсырысты қабылдайды.

Төлеуші банкінде қабылданған төлем-талап тапсырысты тексереді де, барлық даналарда қабылданған уақытты қояды және ақша жіберушінің акцептін талап ететін төлем-талап тапсырысты кіріс журналына тіркейді. Бұл журналда төлем бойынша және төлем-талап тапсырыстың акцептінен бас тарту бойынша белгі қойылған.

Акцепт-тиелген тауар, көрсетілген қызмет үшін жабдықтаушының төлем-талап тапсырысын төлеуге төлеушінің рұқсаты. Төлем-талап тапсырысы қабылданған күннен кейін келесі күні акцепт төлем үшін және жабдықтаушының келісімдегі барлық шарттарын орындағанын тексеру үшін төлеушінің банкі төлем-талап тапсырыстың 1-щі данасын төлеушіге ұсынуы тиіс. Егер төлеуші 3 жұмыс күн ішінде акцепттен толық немесе жартылай бас тарту туралы хабарламаса, онда ол төлем-талап тапсырысты төлеуге келісті деген сөз.Төлеуші төлем-талап тапсырысты төлеуден бас тартса өтініш жазады, жабдықтаушыға хабарлама жібереді.

Акцепттен бас тартудың себептері:


  1. келісімдегі шарттардың орындалмауы;

  2. тауарлар сапасыз болған жағдайда;

  3. санауларда арифметикалық қате болса;

  4. белгілі тауар түрі тапсырылмаса және т.б.

Егер бас тарту жартылай түрде болса, онда төлем-талап тапсырыс бойынша акцепттен бас тартудың 1-ші данасы төлеуші банкінде қалады, ал 2-сі хабардар ету үшін жабдықтаушы банкіне жіберіледі.

Егер төлеуші төлем-талап тапсырысты төлеуге өз келісімін берсе, онда акцепт келесі жолмен безендіріледі.

төлем-талап тапсырыстың 1-ші данасында шот реттеушілердің қолары қойылады, акцептелетін сома көрсетіледі және төлеуші шотынан қаржыларды өшіруге жауапты болатын банкке ұсынады.

Төлем-талап тапсырысты төлеген кезде:

Дт-2203 (төлеуші шоты)

КТ-1051


Ақша қаржылары болмаған жағдайда төлем-талап тапсырысы картотека №2 орналастырылады, пеня төленеді: Кіріс-7303. Кейбір төлем-талап тапсырысы акцептсіз төленеді; яғни коммуналдық қызмет көрсету үшін, электронды және т.б. төлемдер үшін (акцептсіз деген штамп қойылады). Мұндай төлем-талап тапсырысы төлеуші банкіне түскен кезде қабылданады. Пеня төлеушіден жіберілген төлем күні үшін бенефициар пайдасына алынады. Қалааралық есеп айырысу кезінде бенефициар банкінде төлем-талап тапсырысы бойынша төлем қабылданғанда:

Дт-1051


Кт-2203 (бенефициар)

Егер төлеуші мен жабдықтаушыға бір банк қызмет көрсетсе:

Дт-2203(төлеуші)

Кт-2203 (бенефициар)


Төлем-талап тапсырысымен есеп айырысу кезіндегі құжат айналымының схемасы.


Ақша жіберуші банкі



Бенефициар банкі







Ақша жіберуші



Жабдықтаушы бенефициар






2.4. Төлем карточкасымен есеп айырысу

Пластикалық карточка- заңды және жеке тұлғалармен тауар және көрсетілген қызмет үшін төлемді жүзеге асыру үшін қолма-қол ақшаны алуға, шетел валютасымен айырбас операцияларды жүргізу үшін қолданылады.

Банкомат-қолма-қол ақша беруге арналған электронды-техникалық құрал.

Дебеттік карточка-өз иесіне карт-шотындағы ақша қалдығы шегінде есеп айырысуды жүргізуге мүмкіндік береді. Жүргізілетін операциялар –қолма-қол ақшаны алу;- тауарлар мен көрсетілген қызмет үшін төлем (

Кредиттік карточка-карт-шоттағы ақша мөлшеріне қарамастан көп мөлшерде есеп айырысуды жүргізуге болады. Бұл карточка банктен белгілі мөлшерде ақшаны жалға алу шегінде лимит қойылады, яғни несие алу. Мұндай несие бойынша сый-ақы үлкен емес және пайыз нақты сомаға, несие қолдану мерзіміне есептелінеді.

Кредитті карточка бойынша мыналар жүзеге асырылады:



  • қолма-қол ақшаны банкомат арқылы алу;

  • әр түрлі тауарлар мен көрсетілген қызмет үшін төлем;

  • телефон сөйлесулер үшін т.б.

Жеке тұлғалар карточканы ашу үшін келесілерді ұсынады:

  • жеке куәлік;

  • СТН;

  • Белгіленген тәртіптегі үлгі бойынша өтініш пен анкетаны;

  • Жұмыс орнынан табысы туралы анықтама.

Клиенттерге төлем карточкасын беру тұралы құжатты менджер ұсынады (қосымша 6).

Банк клиенті болып саналатын заңды тұлға келесе құжаттарды ұсыну тиіс:

  • заңды тұлғаның банктегі типтік немесе валюталық шоттар бойынша соңғы 2 ай ішіндегі ақша айналымы туралы анықтама;

  • бюджетпен зейнетақы қорына қарыздың жоқ екендігі туралы анықтама ;

  • ұйымның өз қызметкеріне карточка ашуға рұқсаты;

  • пластикалық карточкалардың шарттарына сәйкес басққа құжаттар мен өтініш.

Пластикалық карточканы ашу үшін банкпен келісім шартқа отыру керек және қызмет көрсеткені үшін комиссияны төлеу керек. Пластикалық карточканы-бұл төлемеді, клиенттің аты бар құжаттар. Олар банкпен шығарлады және карточка иелерінің қаржылармен қамтамасыз етіледі.

Нақты ақша, пластикалық карточкалармен операцияларды жүргізу үшін қабылданғанда келесі өткізбе құралады:

Дт-1001

Кт-2860 «Басқа да кредиторлар».



Егер комерциялық банкте пластикалық карточкалармен операциялар клеиенттің депозиттік шоты арқылы жүргізілсе, келесі өткізбе құралады:

Дт-2211-2221 «Клиенттердің депозитерді»

Кт-2860

Содан кеиін қабылданған сомалар клиенттің қарт-шотына түседі.



Пластикалық карточка клиентке кез келген тауарда сатып алуға, кез келген қызметтер үшін төмендерді жүргізуге және банкке кірмей, нақты ақшаны алуға мүмкіндік береді.

ҚР-н территориясында пластикалық карточкаларды келесі мақсаттарға қолдануға болады:

-кез келген коммерциялық банктің айырбастау пункінде немесе бөлімдерінде нақты ақшаны және АҚШ-ң доллларын алу;

-мұндай операцияларды жүргізуге рұқсат бар ұйымдарда тауарлар,

қызметтер үшін төлемді жүгізу.

ҚР-нтерриториясында пластикалық карточкаларды келесе мақсат тарға қолдануға болады:

-кез келген комерциялық банктің айырбастау пункінде немесе бөлімдерінде нақты ақшаны және АҚШ-ң долларын алу;

-мұндай операцияларды жүргізуге рұқсаты бар ұймдарда тауарлар,

қызметтер үшін төлемді жүргізу.

Карточкалармен жүргізілетін әр операция слипті көшіру арқылы бейнеленеді.

Слип-бұл арнайы құрылған формада чек, ол карточка арқылы төлемдер жүргізу үшін қажет және ол өзін-өзіне көшірме жасайтын 3 экземплярдан тұрады.

Слип реквизиттері:

-аты мен карточка иісінің фамилиясы;

-мерзімі;

-карточканы қабылдаған сауда нүктесінің атауы;

-операция жасаған күні.

Бұл мәліметтер слиппен карточкаға арнайы аппарат арқылы аударылады. Содан кейін ұйымның жұмысшы түсінікті жазумен келеселерді толтырады:

-валюта түрі мен жүргізілген операция сомасы;

-авторизацияның коды

Клиент слипке карточканы қабылдаушы қызметкерінің көзінше қол қою керек.

Нақты ақша берілген кезде, нақты ақша беру пункттің қызметкері слипке өз қолын қою керек. Слип толтырылғаннан кейін, 1-ші экземпляры эмитенпен есеп айыруды жүргізу үшін банктің пластикалық карточкаларды басқару клирингтік және есеп айыру бөліміне жіберіледі. 2-ші экземпляр клиентке беріледі.Ал 3-шін нақты ақша беру пункінде қалады. Слипті толтырған кезде түзетулер мен сызуларды жасауға болмайды. Егер қате жіберілсе, онда қызмекер «бүлдірілді» деген белгіні слиптің қиылсынан қояды да, 3 экземплярдің барлығын банкке жібереді.

Екінші деңгейлі банктер және Казпочта АҚ 04.11 айында төлем құралдарын пайдалана отырып 29934,3 млрд теңге, саны 56686,6 мың транзакция жүргізді. Тұтас алғанда түрлі төлем құжаттарын пайдалануының көбеюі байқалды, сонымен өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда төлем саны 30,6%, ал сомасы 57% көбейді.

3 кесте

2004 жылы төлем құралдарына қатысты төлемдер


Төлем

құралдары



Сома

Саны


2003 қараша айына

2004 қараша айына










абсолютті

Жалп көлемі

%


абсолютті

Жалп көлемі%

өзгерісі

%


Төлем тапсырысы

К

17139,1

39,5

23425,1

41,3

36,7




С

18188,4

95,4

28963,3

96,8

59,2




Төлем талап-тапсырысы

К

123,2

0,3

84,5

0,1

-31,4




С

45,1

0,2

48,9

0,2

8,4




Тауар және қызмет көрсетуге арналған чектер

К

231,4

0,5

200,2

0,4

-13,5




С

178,1

0,9

186,4

0,6

4,7




Банктік шотты тікелей дебеттеу

К

158,1

0,4

191,2

0,3

20,9




С

24,3

0,1

4,7

0,02

-80,5




Иекассалық өкім

К

178,6

0,4

238,7

0,4

33,6




С

274,8

1,4

218,2

0,7

-20,6




өтелген вексель

К

0,8

0,002

1,5

0,003

98,3




С

5,1

0,03

15,0

0,05

2,9есе




Төлем карточкасы

К

25577,4

58,9

32545,6

57,4

27,2




С

349,0

1,8

497,7

1,7

42,6




Жалпы қорытынды

К

43408,6

100,0

56686,8

100

30,6




С

19064,8

100,0

29934,3

100

57,0




Банктер бойынша топтастыру American Express international, Diners Club international халықаралық жүйелерінің корточкалары бойынша ақпарат берілмеген. Ұсынылған төлем құралдарының жалпы санының көбеюі негізінен төлем карточкалары санының 6968,2 тыс транзакцияға өсуіне себепші болды. Төлемдер көлемінің көбеюі негізінен төлемдер көлемі төлем тапсырысын пайдалана отырып 10775 млрд теңгеге өсті. Төлем тапсырысы және төлем карточкасы қазақстан аумағында көбейген. Бұл ретте бірінші төлем тапсырысының орташа сомасы 2004 қараша айында 1,2 миллион теңге болды және өткен жылда саны 16,5%.




Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан 010 000, г
2013 -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №21 хаттама
2013 -> Ќазаќстан Республикасы Ауыл шаруашылыєы министрініѕ
2013 -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №2 хаттама
2013 -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №6 хаттама
2013 -> Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан 010 000, г
2013 -> Тақырыптың өзектілігі
2013 -> «Алаш» либералдық-демократиялық қозғалысы идеологиясының маңызд


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©kzref.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет