Павлодарда әйелін тұншықтырып өлтірген күдікті ұсталды. Ол қылмысын жасыру үшін келіншегінің мүрдесін көлге батырып жіберген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото видеодан алынды (күдікіні ұстау сәті)

Сұмдық оқиға 15 жылдан кейін ашылды. Күйеуі полицияға әйелінің жоғалып кеткенін хабарлаған. Досына кетіп, оралмады деп жалған ақпарат берген. Алайда, әйелдің денесі тек 1 жылдан кейін судан табылды. Мүрдеде зорлық іздерінің болғаны анықталған. Осы уақытқа дейін күдіктінің ұсталмауына оның аса ауыр қылмыс жасап, түрмеде жазасын өтегені себеп болыпты. 

"Оның ұзақ уақыт бойы аса ауыр қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айыру орындарында болғаны анықталды. Ал 2022 жылы шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды. Оны Астанада ұстады. Қазіргі уақытта қылмыстық іс қайта жанданды. Тергеу жалғасуда”, – дейді олыстық полициия департаментінің басқарма бастығы Балғабай Қапаров.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.