«Өнеге отбасынан басталады». Тақырыбы: «Өнеге отбасынан басталады». Мақсаты



жүктеу 40.45 Kb.
Дата20.12.2018
өлшемі40.45 Kb.

«Өнеге отбасынан басталады».

Тақырыбы: «Өнеге отбасынан басталады».
Мақсаты: Отбасы және отбасы тәрбиесі, оның бала өміріндегі маңызы туралы түсінік беру. Қоршаған ортадағы адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауға үйрету. Үлкенді құрметтеп, кішіге ізет көрсетуге баулу.
Жоспары:
б) «Отбасы» туралы кіріспе әңгіме
ІІІ. Ой шақыру.
Көрнекіліктер:Бейнесюжеттер,от басы туралы суреттер,мақал-мәтелдер.



Іс-әрекет

Кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті


Балалардың әрекеті


Ұйымдастыру:


Шаттық шеңбер:

Күніміз шуақты болсын !

Деніміз сау болсын!

Сабағымыз сәтті болсын!

Балалар шеңберге тұрады . Бір-бірінің жүздеріне тура қарап, қимыл қозғалысын жасайды.




Ынталандыру:

Қортынды:



Сәлеметсіздер ме, балалар?
- Отырыңыздар. Отбасы туралы көнекіліктер.
-Бұл көрініс не туралы?
б) «Отбасы» - деген сөзді қалай түсінесіздер?
- Кім өзінін отбасы туралы айтқысы келеді екен?
(Оқушыларға сұрақ қоя отырып әңгімеге шақыру).

Барысы:

- Біз тәлім - тәрбиені қайдан үйренеміз?


- Отбасынан, мектептен.
- Отбасы дегеніміз не?
- Отбасы - әр адамның шағын отаны, қоғамның бір бөлшегі. Ата-аналар баласының күнделікті өмірі мен ісіне басшылық жасайды. Баланың жан-дүниесінің қалыптасуында маңызы зор рухани және еңбек дәстүрлері турасында тәрбиелейді.

Қазақ отбасы үш буыннан құралады:

ата-әже әке-шеше
ОТБАСЫ
ұл-қызы

Өнегелі отбасы болу үшін әрбір мүшесі тазалықты бірінші орынға қою керек:

иман ішкі
ТАЗАЛЫҚ
әдеп сыртқы
Сергіту сәті:

Қазіргі заманның Қазақстандық қоғамында отбасының мәртебесін және рөлін арттыруда, жауапты ата-аналық насихаттауда,отбасы тәрбиесінің өзекті проблемалық мәселелерін шешуде мектеп,мұғалімдер ата-аналарға жан-жақты көмек көрсетуде.Атамыз қазақ «Бала –адамның бауыр еті» «балалы үй базар» дейді. Өйткені бала-өмірдің жалғасы,отбасының жеміс берер гүлі.

Отбасы-бұл қоғамның негізі.Баланың болашақта жақсы адамзат болып өсуі үшін,жан-жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін тәрбиеге тікелей байланысты.Бүгінгі біздің мектебімізде өткелі отырған «Өнегелі отбасы»апталығына қош келдіңіздер.Олай болса барлығымыз ортаға шағып ән айтайық.

Жүргізуші:

Ана-бала, бала-ана бір ұғым

Бір-бірінсіз жоқ олардың бақыты

Омыртқаның үзбеу үшін жұлының

Екеуінің өтсін бірге уақыты-дей келе сайысымыздың келесі кезегін сұрақ –жауапқа береміз.

Бала тілі – бал- балаларға арналған сұрақтар:

Еліміздің президенті кім?

Н.Ә.Назарбаев кім?

Нағашы деген кім?

Жылқының төлін қалай атайды?

Балды жақсы көретін аң?

Өзен сөзінде неше буын, неше әріп бар?


  1. Қойдың төлі қалай аталады?

  2. Қорқақ аңды ата.

  3. «көл» сөзінде неше буын, неше әріп бар?

  4. Бақа не істейді?

  1. Біздің ана тіліміз қандай тіл?

  2. Баласы үшін түн ұйқысын төрт бөлген кім?

  3. Ірімшік неден жасалады ?

Ақерке

Ата-аналардың тілегі

Адам болып өскенің

Адамдықтың тірегі

Адал болып өскенің

Тек қана ата –аналармен бірге, жалпы күш жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін.





Күтілетін нәтиже:Балаларға өнегелі от басы туралы түсініктерін сұрау.

Анаң – күнің, жүрегің,


Әкең – өмір тірегің.
Сен бақытты ұлансың,
Бәрі саған қуансын!
шырай
Әжең – асыл ардағың,
Атаң – дана қорғаның.
Сен бақытты ұлансың,
Бәрі саған қуансын!
абылай
Ағаң – қамқор асқарың,
Інің – мөлдір аспаның.
Сен бақытты ұлансың,
Бәрі саған қуансын!

Жігер
Қарындасың – қанатың,


Ел-Отаның – жаннатың.
Сен бақытты ұлансың,
Бәрі саған қуансын!
диана
Әкемізге еркелеп,
Анамызды тыңдаймыз.
Әжем айтар ертек көп
Атамызды сыйлаймыз.
гаухар
Біздің үйде ән тарап,
Думандатар өмірді.
Біздің үйде салтанат,
Біздің үйде көңілді

Ұлпан
Каталог: uploads -> doc -> 0586
doc -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
0586 -> Өндірістік гигиена және санитария


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет