Оқушылардың мектепте намаз оқыған видеосы желі қолданушыларының талқысына түсті. Оқу-ағарту министрі бұған жол беруге болмайтынын айтқанымен, жағдай қай мектепте болғанын анықтамаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

TikTok желісінде №90 мектептің 11-сынып оқушыларының сабақ уақытында намаз оқыған видеосы тарады. Сипаттамаға сәйкес, сабаққа бармай, намаз оқыған балаларды сыныптастары ақтап, не себепті жоқ екеніне сылтау айта салады.

20 ақпанда үкіметте өткен баспасөз мәслихатында оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектепте діни рәсімдер болмауы керек екенін айтты.

  • Еліміздегі мектептерде сабақтың басталу уақыты өзгермек: Шешімді уақыты белдеуі ауысқан соң әкімдіктер қабылдайды

“Бұл әр мектептің ішкі тәртібімен белгіленген және министрліктің бұйрығымен реттеледі. Соған қарамастан, біз бұл прецедентті зерттеп жатырмыз, қашан, қай мектепте екені әлі белгісіз. Мән-жайларды анықтау үшін белгілі бір шаралар қабылданады. Бірақ дәл қай жерде болғанын анықтаймыз деп ойлаймын. Әзірге барлық білім бөлімдері  90-мектептің аты аталғанын, бірақ мекеме оған ұқсамайтынын айтып жатыр, сондықтан толық мән-жайдың анықталуын күту керек", – деді Бейсембаев.

Министр, сондай-ақ, сабақ кезінде намаз оқығандарға қандай жаза немесе шара қолданылатынын айтпады, себебі мектептен тыс жерде болуы мүмкін деген болжам да бар.

Еске салсақ, бұған дейін желіде мектепте намаз оқыған оқушылардың видеосы тарағанын хабарлаған едік. Оқу-ағарту министрлігі жағдайға қатысты тексеріс бастағанын мәлімдеді. 


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.