Онлайн режимінде zoom конференциясына қосылу. Өтетін уақыты: 2022 жылдың 25 қарашасы, сағат: 14: 30



Дата24.11.2022
өлшемі30.38 Kb.
#179385
Байланысты:
Ақпараттық хат ЕҰУ
Scandinavia and the Huns an Interdiscipl, Инф письмо Акмуллинские чтения - 2022, реферат.ru.kk (2), basketbol




Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
ПРАКТИКАЛЫҚ ҚАЗАҚ ТІЛІ КАФЕДРАСЫ
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті филология факультетінің практикалық қазақ тілі кафедрасы 2022 жылдың 25 қарашасында п.ғ.к., профессор Ұ.О.Асанованың 60 жылдық мерейтойына арналған «Қазақ тілін оқыту мәселелері және заманауи педагогикалық технологиялар» атты республикалық ғылыми-практикалық семинарға қатысуға шақырады.




Ғылыми-практикалық семинарда қаралатын мәселелер:



  • Қазақ тілін оқытудың өзекті мәселелері;

  • Тілдерді заманауи оқыту және инновациялық технологиялар;

  • Мәдениетаралық коммуникациядағы түркі тілдері.



Республикалық ғылыми-практикалық семинарға қатысу офлайн және онлайн режимдерінде (Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, Астана қ.) өтеді.
ОНЛАЙН РЕЖИМІНДЕ Zoom конференциясына қосылу.
Өтетін уақыты: 2022 жылдың 25 қарашасы, сағат: 14:30
Ғылыми-практикалық семинардың мақсаты: қазақ тілін оқытудың қазіргі жай-күйі мен өзекті мәселелерін талқылау, тәжірибе алмасу.
Қатысу үшін: ЖОО және колледж оқытушылары, жас ғалымдар, PhD докторанттар, магистранттар, мектеп мұғалімдері шақырылады.
Республикалық ғылыми-практикалық семинарға қатысу үшін ұйымдастыру комитетіне: өтінім және электронды түрдегі баяндама мәтінін жолдау қажет.
Семинардың жұмыс тілі: қазақша, орысша.
Қатысушылардың ғылыми мақалалары (авторлық редакциямен) Республикалық ғылыми-практикалық семинар материалдарының жинағында (PDF форматында) жарияланады. Ұйымдастыру комитеті өтінім мен көлемі 5 беттен аспайтын мақаланы 2022 жылдың 20 қарашасына дейін қабылдайды. Ұйымдастырушы тарап баяндамаларды іріктеуге құқылы.
Мақаланы рәсімдеуге қойылатын талаптар: форматы – А4, 14 шрифттегі Times New Roman, 1 интервал, барлық жағынан – 2 см, азатжол – 1,0 см қалдырылып жазылуы тиіс. Тырнақша «» түрінде белгіленеді. Мақала аты ортаға қойылып, бас әріппен жазылады. Бір интервал қалдырып, оң жағына автор(лар)дың аты-жөні және қызмет орны, e-mail көрсетіледі. Сілтеме тік жақшаның ішінде жазылады [5, 123]. Мақала аннотациясы, кілт сөздер қазақ, орыс тілдерінде жазылады.

Өтінім мен мақала жіберілген файлда қатысушының тегі көрсетіледі: Сәрсенова_мақала, Сәрсенова_өтінім.




Мақаланы безендіру үлгісі:


ТІЛДЕРДІ ОҚЫТУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТӘСІЛДЕРІ


Сәрсенова А.А.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
sarsen_a@yandex.ru


Aннотация
Kілт сөздер:


Aннотация
Kлючевые слова:


Мәтін Мәтін Мәтін [1: 15] Мәтін Мәтін ………………….


Пайдаланған әдебиеттер:
1. Хасанұлы Б. Мемлекеттік тіл: әлеумет және жастар. – Алматы, 2013. – 200 б.


ҚАТЫСУҒА ӨТІНІМ


«ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ЗАМАНАУИ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР» атты республикалық ғылыми-практикалық семинар



Қатысушының толық аты-жөні




Жұмыс орны




Ғылыми атағы, ғылыми дәрежесі




Қатысу түрі: (тікелей-баяндамамен, баяндамасыз және сырттай)




Баяндама (мақала) тақырыбы




Секциясы (бағыты)




Мемлекет, қала




Оқу орны, кафедраның атауы




e-mail






Байланыс: 010008, Қазақстан, Астана қаласы, Қажымұқан көшесі 11, оқу-зерттеу ғимараты. Ауд. 212, 213.Тел.: 709-500 (32-233; 32-203).
Өтінім мен мақала төмендегі электронды адрес бойынша қабылданады: bayan1968@mail.ru
amangul_a69@mail.ru

Республикалық ғылыми-практикалық семинар туралы ақпарат Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ филология факультетінің http://ff.enu.kz/ ресми сайтында орналастырылған.


Семинарды ұйымдастыру комитеті

Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет