Астанада өрт сөндірушілер жиһаз цехындағы өртті сөндіруде, Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ТЖД

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт болған жердің алдын ала ауданы 500 шаршы метр.

“08-44-те Астана қаласы ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері Көктал көшесі бойынша жоғары дәрежеде шақырылды. Дереу елордалық өрт сөндірушілер өртті сөндіруге кірісті. Жергілікті жерде өрт сөндіру штабы ұйымдастырылған. Алдын ала ауданы 500 шаршы метр”, – делінген ақпаратта.

  • Қарағандыда тұрғын үйде жарылыс болды: Тұрғындар газ баллонын пайдаланған
  • Семейде балабақшадан өрт шықты

Өрт сөндіруге ТЖД жеке құрамнан 54 адам және 12 бірлік техника, Апаттар медицинасы орталығының 3 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылғаны айтылады.

Бұған дейін Алматыда Жетісу ауданындағы базар қоймасынан ірі өрт шыққаны хабарланған. Құтқарушылар өрт сөндіру орнында жарылғыш баллон заттарының бар екенін анықтаған.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.