Оптикалық жүйенің аберрациясы туралы түсіндіру. Аберрация түрлерін баяндау



бет1/5
Дата23.09.2022
өлшемі2.62 Mb.
#175681
  1   2   3   4   5
Байланысты:
13-15 оптика
256132

  1. Оптикалық жүйенің аберрациясы туралы түсіндіру. Аберрация түрлерін баяндау.

Оптикалық жүйе аберрациялары (лат. aberratіo – ауытқу) – оптикалық жүйе арқылы алынған кескіндердің бұрмалануы. Оптикалық жүйе аберрациялары оптикалық кескінді көмескілендіреді, жиектерін түрлі түске бояп, нысанмен ұқсастығын бұзады




1. Хроматтық аберрация
Хроматтық аберрация ортаның сыну көрсеткішінің жарық толқынының ұзындығына тәуелділігінен пайда болады. Оның салдарынан кескін түрлі түске боялып көрінеді. Оптикалық жүйе аберрацияларын толық жою мүмкін емес. Бірақ әр түрлі әдістер арқылы оны азайтып, кескін сапасын арттыруға болады


2. Геометриялық аберрация
Геометриялық аберрацияға сфералық аберрация, кома, астигматизм, дисторсия жатады. Сфералық аберрация – нысанның бір нүктесінен шығып оптикалық жүйе арқылы оның осіне жақын және одан шеткері өтетін сәулелердің бір нүктеде қиылыспауы. Оптикалық оське көлбеу түскен сәулелер оптикалық жүйе арқылы өткенде нүкте кескінінің сопақ дақ болып түсуі кома деп аталады. Егер оптикалық жүйе арқылы өтетін сфералық жарық толқыны деформацияланып, бір нүктеден шыққан сәулелер бір нүктеде қиылыспай, өзара перпендикуляр екі кесінді бойына бір-бірінен біраз қашықтықта орналасса, ондай аберрация астигматизм деп аталады. Дисторсия – кескіннің түрлі бөліктерінің сызықтық үлкеюінің әр түрлі болуынан нысан мен кескін сәйкестігінің бұзылуы.

  1. Жарық жылдамдығын өлшеу әдістері туралы баяндау. Жарықтың фазалық және топтық жылдамдығын түсіндіру. Допплер құбылысы.

Жарық жылдамдығын бірінші рет 17 ғасырдың жетпісінші жылдарында астрономиялық құбылысты бақылау арқылы анықталды: жер жағдайында, тек 19 ғасырдың ортасында ғана тәжірибе жасалынып өлшенді.


Жарық жылдамдығын өлшеу әдістері:

  • Ремер әдісі;

  • Брадлей әдісі;

  • Физо әдісі;

  • Фуко әдісі;

  • Майкельсон әдісі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет