Орал ќаласыныѕ экономика



жүктеу 153.27 Kb.
Дата02.02.2018
өлшемі153.27 Kb.
түріАнықтамалық


Орал қаласының экономика

және бюджеттік жоспарлау бөлімі


ОРАЛ ҚАЛАСЫНЫҢ
ӘЛЕУМЕТТІК – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ
НЕГІЗГІ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ТУРАЛЫ
АНЫҚТАМАЛЫҚ


Қаңтар -мамыр

2017 жыл

Ө
Орал қаласының экономикасы
НЕРКӘСІП


Кәсіпорындардың көтерме бағадағы өнім (жұмыс, қызмет) көлемі

млрд. теңге



Қызмет түрі бойынша тауарлы өнімнің құрылымы



Орал қаласының экономикасы
ӨНЕРКӘСІП
2017 жылдың қаңтар-мамыр айына өнеркәсіп өнімдерінің жалпы көлемі 61,6 млрд.теңге, нақты көлем индексі былтырғы жылмен салыстырғанда 117,9% құрайды. Өсім өнеркәсіптің келесі салаларында: өңдеу өнеркәсібінде 23,5% электрмен жабдықтау саласында 1,4% және сумен жабдықтау саласында өсім 66,2% құрайды.

Өндірістің жалпы көлемінде негізгі үлес өңдеу өнеркәсібіне тиесілі (64%), онда өндіріс көлемі 40,1 млрд. теңге, нақты көлем индексі 123,5%.

Аталған саладағы өндіріс көлемінің өсуі, өнім өндіру көлемінің өсуімен байланысты:

сусындар 2,1 есе;

резіңке және пластмасс бұйымдарды өндіру 2,8 есе;

өзге де металл емес минералдық өнімдерді өндіру 43,4%;

машина жасау 2,2 есе;

машина және жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын өндіру 2,2 есе;

жиһаз өндіру 2,4 есе.

Өңдеу өнеркәсібінің қалған бағыттары бойынша өндіріс көлемінің кемуі байқалады:

тамақ өнімдері 12,4 %;

тоқыма бұйымдары 32,4 %;

киімдер 5,7%;

қағаз және қағаздан жасалған өнімдер өндіру 30,5%;

химия өнеркәсібінде 24,5%;

металлургия өнеркәсібінде 16,1%;

Сонымен бірге, электр қуатын, су мен газды өндіру және тарату кәсіпорындарында өндірілген өнім көлемі 18,3 млрд.теңгені құрап, ол былтырғы жыл деңгейінен 1,3% жоғары болып отыр.

Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау 2,7 млрд.теңге құрады, ол былтырғы жыл деңгейімен салыстырғанда 66,2% жоғары.



А
Орал қаласының экономикасы

УЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ


бас



Орал қаласының экономикасы


АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
Қаланың аграрлық секторында 58 ауыл шаруашылық құрылымдар бар, соның ішінде – 1 мемлекеттік кәсіпорын (сортты сынау бойынша инспектура), 12 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 36 шаруа қожалығы және 9 басқа да жер пайдаланушылар жұмыс істейді. Ауыл шаруашылық құрылымдарының негізгі бағыты, өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және соның тек қана 12%-ы қосымша мал шаруашылығымен айналысады.

2016 жылдың қаңтар-мамыр айында жалпы өнім өндіру 1076,9 млн. теңге, өсу қарқыны 97,7% құрады, соның ішінде өсімдік шаруашылығы 10,3 млн.теңге, өсу қарқыны 100%, мал шаруашылығы – 1066,6 млн.теңге, өсу қарқыны – 97,7%.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнім өндіру көлемінің кемуі мал шаруашылық өнімдерін өндіру көлемінің кемуімен байланысты болып отыр. (құстарды етке сою, мал азығының қымбаттауы және тұрғындардың жеке мұқтаждары).

2017 жылдың мамыр айында былтырғы 2016 жылдың өткен кезеңімен салыстырғанда құс 8,6%-ға (322,7 мың бас), жұмыртқа 7%-ға (26909,2 мың дана) кеміген, ол «Орал құс фабрикасы» ЖШС-нің технологиялық кестесімен балапан шығаратын уақытына сәйкес, №5 цехта құстар етке жіберілуіне байланысты жұмыртқа өндіру азайып отыр.

Тұрғындардың жеке мұқтаждарына союына және азығының қымбаттауына байланысты шошқа 10% (1121 бас) кеміген.

Ірі қара мал басы 4,5% өсіп, 3953 басты құрады, қой 17,9% (3752 бас), ешкі 9% (1056 бас), жылқы 11,9% (263 бас) өсті.

Тұрғындарды қыс мезгілінде көкөністермен қамтамасыз ету мақсатында Орал қаласында жалпы көлемі 33,0 мың шаршы метр болатын 9 жылыжай шаруашылығы жұмыс істейді.

К
Орал қаласының экономикасы
ӨЛІК

Орал қаласының көлік кешені мынадай көлік түрлерін ұсынады, ол автомобиль, өзен және әуе көлігі. Барлық тасымалдаудан негізгі үлесті 99% астамын автомобиль көлігі алады.

Қаланың жүк автомобиль көлігі 32 кәсіпорындарымен ұсынылады: «Эра» ӨК, «Авто» ӨК, «Амрита» ЖШС, «Оралавто»ЖШС, «Мөлшер»ЖШС, «Пластикавтотранс» ЖШС, «Uniserv» ЖШС, «Казавтотранс» АҚФ, «Avto-Trast-Contract» ЖШС, «Қазавтотранс-Батыс» ЖШС, «Трансагенство» ААҚ, «Автокомбинат» ЖШС, «Казросимпорттранс» ЖШС, «КК Орал-Камаз» ЖШС, «Дат-Көлік» ЖШС, «Темірат» ЖШС- олардың жүк тасымалдауының негізгі түрі құрылыс материалдары (құм, қиыршық тастар), дәнді дақылдар, комбикорм,тыңайтқыштар, газ және газ тәрізді материалдар және т.б. болып табылады.

Қоғамдық көлікте 7 тасымалдаушы-кәсіпорын 36 қала маршруты бойынша қызмет көрсетеді. Жол желісіне күніне 338 автобус және 204 шағын автобус шығады.


Ш
Орал қаласының экономикасы
АҒЫН КӘСІПКЕРЛІК ДАМУЫНЫҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ




Ш
Орал қаласының экономикасы
АҒЫН КӘСІПКЕРЛІК

2017 жылдың 1 маусымына қаладағы есепті деректер бойынша 29 416 шағын бизнес субъектісі тіркелген, (соның ішінде 5 478 заңды тұлға, 23 938жеке кәсіпкерлер), олардың 21 985 (3 742 заңды тұлға, 18 243 жеке кәсіпкер) қолданыста (75%), еңбек ететіндер саны 41 021 адамды (12 057 заңды тұлға, 28 964 жеке тұлға) құрайды.

Былтырғы жылмен салыстырғанда жұмыс жасап тұрған шаруашылық субъектілерінің саны 6,1%-ға өскен.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерімен 29 760,5 млн. теңге сомасында өнімдер (жұмыстар, қызметтер) өндірілді. Өнім өндіру, жұмыстар мен қызметтердің жалпы көлемінде сауданың ең жоғары салмағы сақталады.

Аталған кезеңге шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінен мемлекеттік бюджетке төленген салық көлемі 10 593,1 млн.теңге, соның ішінде жергілікті бюджетке төленген салық көлемі 3 707,6 млн.теңге.



2017 жылдың қаңтар-сәуір айларында Ұлттық банкінің деректері бойынша екінші деңгейдегі банкілер арқылы шағын және орта бизнес субъектілеріне 8289,6 млн. теңге несие берілді, оның ішінде қысқа мерзімге – 5580,2 млн. теңге, ұзақ мерзімге – 2709,5 млн. теңге. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда қысқа мерзімге берілген несиелер 2,4 есе, ал ұзақ мерзімге берілген несиелер 3,2 есеге өсті.

2017 жылдың қаңтар-мамыр айларында шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 127 (23,44га) жер учаскелері бөлінді. Оның ішінде сатып алынғаны - 44(3,4га).

Сонымен қатар 69 оңды қорытынды тұрғын үйлердің бірінші қабаттарын қайта жоспарлауға және жабдықтауға берілді, сонын ішінде: 20 дүкен, 3 кафе, 5 кеңсе, 1 сауна, 1 ателье, 2 тіс оңдайтын бөлме, 2 дәмхана, 1 СҮ, 2 мейрамхана және 1 автокешен бар.

млн. теңге


Орал қаласының экономикасы





Орал қаласының экономикасы




САУДА млн. теңге

Орал қаласының экономикасы


САУДА МЕН ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САЛАСЫ
2017 жылдың қаңтар-мамыр айларында жүзеге асырудың барлық каналдары бойынша бөлшек тауар айналымы 76 231,5 млн. теңгені құрап, былтырғы жылдың осы кезеңіне бөлшек сауданың нақты көлем индексі 108,7%-ды құрап отыр.

Бөлшек сауданың құрылымында азық-түлік тауарларының көлемі 33,6% немесе 25 579,2 млн. теңгені құрап отыр. Азық-түлік емес тауарлар көлемі 66,4% немесе 50 652,3 млн. теңгені құрап отыр.

Көтерме сауда айналымы көрсетілген мерзімде 102 718,4 млн. теңгені құрап, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда көтерме сауданың нақты көлем индексі 90,3%-ды құрады.

2017 жылдың 1 маусымына тауар қорларының көлемі: көтерме саудада – 20 904,6 млн. теңгені, бөлшек саудада – көрсетілген күніне 9 827,7 млн. теңге құрап отыр.

Тауар айналымының өсуі сауда кәсіпорындарының өсуімен, тұтыну тауарларының көбеюімен және халықтың табысының өсуімен қамтамасыз етіледі.

2017 жылдың 1 маусымына қалада 54 ірі сауда үйлері, 1643 дүкендер мен дүңгіршектер, 25 базар жұмыс істейді.

Халыққа қызмет көрсету саласы: қоғамдық тамақтандыру 483 объект, 247 шаштараз, киім тігу мен жөндеу бойынша 70 ателье, 245 авто шеберхана, 150 дәріхана, 39 автозаправкалық станциялар, аяқ киімді тігу мен жөндеу бойынша 57 шеберхана, 40 ірі монша мен сауналар (соның ішінде 7-уі ірі моншалар )бар.


Орал қаласының экономикасы



Тауарлар мен қызмет көрсету бағаларының индекстері

Б
Орал қаласының экономикасы
АҒАЛАР

Батыс Қазақстан облысы статистика департаментінің мәліметтеріне сәйкес барлық тауарлар мен қызметтердің жалпы тұтыну құн индексі 2017 жылдың мамырында ағымдағы жылдың өткен аймен салыстарғанда 100,4%, 2016 жылдың мамыр айымен салыстырғанда 106,2% құрады, оның ішінде азық-түлік тауарларына тұтыну құн индексі 100,5% сәйкесінше 108,4% құрап отыр.

2017 жылғы мамырында облыстың тұтыну рыногындағы тауарлар мен қызметтердің бағасы 2016 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 2,4%-ға өсті.

Үстіміздегі жылғы мамырда азық-түлік тауарларының баға индексі 100,5% құрады. Ет және ет өнімдерінің бағасы - 0,2%-ға, нан өнімдері және жармалар -0,2 %-ға, күріш 2,7%-ға, сүт өнімдері 0,2%-ға, көкөністер - 5,3%-ға, жемістер-1,2%-ға қымбаттады. Картоп бағасы 13%-ға, пияз бағасы 18,2%-ға өсті. Жұмыртқа бағасы - 13%-ға арзандады.

Үстіміздегі жылғы мамырында азық-түлік емес тауарлардың бағасы 0,5%-ға өсті, бұл киім және аяқ киім бағасы - 0,7%-ға, үйге қажетті заттар бағасы 0,3%-ға, тұрмыстық тоқыма бұйымдар бағасы – 0,5% және басқа да тауарлар мен қызметтер бағасы 0,7%-ға өсуімен белгіленген. Дизель отыны -1,6%-ға қымбаттады.

2017 жылғы мамырында ақылы қызметтерге бағалар мен тарифтер 0,1%-ға өсті, бұл көлік қызметтері бағасы – 0,3%-ға, әуе көлігі қызметтері бағасы-4,6%-ға өсуімен белгіленген.





Н
Орал қаласының экономикасы
ЕГІЗГІ КАПИТАЛҒА ИНВЕСТИЦИЯ


млн. теңге




И
Орал қаласының экономикасы
НВЕСТИЦИЯ

Есепті кезеңде негізгі капиталға тартылған қала инвестициясының көлемі 21616,8 млн. теңгені, алдыңғы жылдан 2,3 есеге асып отыр.

Соның ішінде: республикалық бюджет арқылы- 3078,1 млн.теңге құрады(қаңтар-мамыр 2016 жыл -234,2 млн теңге).

Жергілікті бюджет қаражат арқылы- 900,3 млн.теңге құрады (қаңтар-мамыр 2016 жыл -1162,6 млн теңге).

Шетел инвестициясың қоса ұйымдар мен кәсіпорындардың есебінен– 15226,3 млн.теңге (қаңтар-мамыр 2016 жыл -7464,2 млн теңге).

Басқа да қарыз қаражаты есебінен – 337,6 млн. теңге (қаңтар-мамыр 2016 жыл -2412 млн теңге).

Шетел инвестициясың қоса ұйымдар мен кәсіпорындардың 2 есеге көбейіп, жалпы инвестицияның 70% құрап отыр.

Жеке қаражаты есебінен жалпы құны 1435 млн. теңгені құрайтын 23 нысана іске қосылды, соның ішінде: 1 кеңсе, 8 шагынмаркет, 1 асхана, 2 кафе, 1 жеміс-жидек өндеу цехы, құс сойатын цех, 1 шаштараз, 2 қойма,1 гараж, 1 сауда үйі,1 жөндеу, сауда, қызмет көрсететін нысан т.б. нысандар.

Есепті кезеңге құрылыс жұмыстарының көлемі – 8611,9 млн. теңге құрады, былтырғы жылға 140% құрап отыр.




Орал қаласының экономикасы

Барлық қаржыландыру көздері есебінен алаңы 105517 шаршы метр құрайтын 1016 пәтер іске қосылды, былтырғы жылдан 2,1 есе артып отыр (қаңтар-мамыр 2016 жыл-50157 ш.м.).

Оның ішінде: жұртшылық есебінен – 644 пәтер немесе 72416 шаршы метр, былтырғы жылдан 3,5 есе артып отыр.

Республикалық бюджет есебінен жалпы ауматы 7,5 мың ш.м.құрайтын бір үй тапсырылды(Орал қаласының Орал-Атырау, Орал-Саратов тас жолдары аралығында орналасқан көп қабатты тұрғын үйлер ТЖЖ-сы жаңа шағынауданындағы Дақ№13 бес қабатты 90 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы).

Есепті кезеңде тұрғын үй құрылысына 10168 млн.теңге бағытталды (3,8 есе көп былтырғы жылдан) соның ішінде: бюджеттік қаражат есебінен 1150,7 млн. теңге, жеке меншік 7171,7 млн. теңге, қарыз қаражаты есебінен- 1845,7 млн теңге.

Тұрғын үйдің жалпы алаңының 1 шаршы метрінің орташа нақты құны 88,2 мың теңге құрады (былтырғы жылға 101,2%). Соның ішінде: жұртшылық есебінен – 86 мың теңге құрады (былтырғы жылға 97,5%).


Орал қаласының экономикасы

БЮДЖЕТ ТАБЫСТАРЫ млн.теңге


Б
Орал қаласының экономикасы

ЮДЖЕТ КІРІСТЕРІ

2017 жылдың 5 айының есебі бойынша қала контингентінен мемлекеттік бюджетке түскені – 36 158,6млн. теңге, оның ішінде қалалық бюджетке түскені – 9 103,4 млн.теңге, ол жалпы салық базасының 25,2% құрайды.

Былтырғы жылмен салыстырғанда бюджет кірістері контингентте 88,1% құрап отыр, соның ішінде, республикалық салықтар бойынша 78,7% және реттейтін салықтар бойынша – 104,4%.

Ағымдағы жылдың есебі бойынша қалалық бюджет түсімдерінің жиынтық жоспары 121,9% орындалып, немесе жоспардағы – 10000 млн.теңге, қала бюджетіне нақты түскені – 12191,5 млн.теңге, соның ішінде бюджеттің бос қалдықтар сомасы – 1 340,7 млн.теңге.

Меншікті салықтар мен жергілікті алымдарының түсімдері бойынша жоспар (ипотекалық кредит шеңберінде пәтер сатудан түскен түсімдерді есептемегенде) 112,3%-ға орындалды, немесе жоспардағы – 7580 млн.теңге, қала қазынасына нақты түскені – 8513,7 млн.теңге.

Реттейтін салықтар бойынша жоспар 111,1% орындалды, немесе жоспардағы – 5 614,6 млн.теңге, қалалық бюджетке нақты түскені – 6237 млн.теңге соның ішінде, жоспардың орындалуы жеке табыс салығы бойынша 109%, әлеуметтік салық бойынша –113,9% құрады.

Жергілікті салықтар мен алымдар бойынша есепті кезеңнің жоспары 117,4% орындалып немесе жоспардағы 1576 млн.теңге, қалалық бюджетке нақты түскені – 1850,3 млн.теңге.

Ағымдағы жылдың есепті кезеңінде қалалық бюджеттің кірістер түсімінің жалпы сомасы 12191,5 млн.теңгені құрады немесе былтырғы жылдың нақты деңгейінен 2412,2 млн.теңгеге жоғары ол негізінен бюджет қаражаты қалдықтарының есебінен құралған.

Сонымен бірге, былтырғы 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда реттейтін салықтар бойынша түсім 994,3 млн.теңге, 5242,7 млн.теңгеден 6237 млн.теңгеге дейін өсті, ол реттейтін салықтар бойынша норматив аударымдарының 8,5% өсуімен және еңбек ақы қорының өсуімен байланысты, атап айтқанда жеке табыс салығы бойынша өсу қарқыны – 124%, немесе түсімдер 678,9 млн.теңгеге өсті, әлеуметтік салықтар бойынша өсу қарқыны 113,1% құрап, немесе 315,5млн.теңгеге өсті.

Жергілікті салықтар мен алымдар бойынша өсу қарқыны ағымдағы 2017 жылы 2016 жылмен салыстырғанда -112% құрады.

Ағымдағы жылдың есепті кезеңінде шағын және орта кәсіпкерліктен мемлекеттік бюджетке қатынасы бойынша түсімдер үлесі -29,3% құрайды, немесе түсімдер – 10593,1 млн.теңге (36158,6 млн.теңге), соның ішінде жергілікті бюджет бойынша түсімдер үлесі- 40,7% құрады, немесе шағын және орта кәсіпкерліктен түскені – 3707,6 млн.теңге (9103,4 млн.теңге).

2017 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша толық алынбаған салықтың жалпы сомасы контингентте – 4,5 млрд. теңге, соның ішінде қалалық бюджет бойынша толық алынбаған салықтың сомасы – 857,1 млн, теңгені құрады.
Б
Орал қаласының экономикасы
ЮДЖЕТШЫҒЫНДАРЫ


Орал қаласының экономикасы


БЮДЖЕТ ШЫҒЫНДАРЫ
Есепті кезеңге қала бюджетінің шығыны 96,1% орындалды немесе жоспарланған 9 920 080,3 мың теңгеге нақты шығын төмендегі функционалдық шығындар бойынша 9 536 127,1 мың теңге құрады:

- жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерге 148 225 мың теңге жоспарланса, одан 141 210,7 мың теңге немесе 95,3% игерілді;

- қорғаныс саласына 23 973 мың теңге жоспарланып, 15 614 мың теңге немесе 65,1% орындалды;

- қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызмет саласына 44 745 мың теңге жоспарланып, жоспарланған сомадан 44 674,5 мың теңге орындалды;

- білім саласына есепті кезеңде жоспарланған 5 715 085 мың теңге сомадан 5 705 169,6 мың теңге игерілді;

- әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамту саласына 699 411 мың теңге жоспарланып, одан 97,7% немесе 696 197 мың теңге атқарылды;

- тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына бағытталған 2 500 855 мың теңгеден 2 164 346,5 мың теңге орындалды немесе 86,5%;

- мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістікке бағытталған


363 930,3 мың теңгеден 353 044,8 мың теңге орындалды немесе 97%;

- ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары саласына 32 651 мың теңге жоспарланып, оның 97,5%-ы игеріліп, 31 844,9 мың теңге құрады;

- өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіне бағытталған 27 239 мың теңгеден 75,1% игеріліп, атқарылған сома 20 445,9 мың теңге құрады;

- көлік және коммуникация саласына жоспарланған 114 082 мың теңгеден 113 891,3 мың теңге немесе 99,8% орындалды.

- басқалар функционалдық тобы бойынша 5 544 мың теңгеден атқарылған сома 5 349,1 мың теңге (96,5%) құрады.

- трансферттер функционалдық тобы бойынша жоспарланған 244 340 мың теңгеден атқарылған сома 244 338,9 немесе 100% құрады.


Орал қаласының экономикасы


ДЕМОГРАФИЯ

Қала халқының саны 290,5 мың адамды немесе Батыс Қазақстан облысы халқының 45,5% құрайды. Былтырғы кезеңмен салыстырғанда 2,3% өскені байқалады.

Соңғы оң жыл ішінде халықтың өсуінде тұрақты тенденциясы байқалады, тек 2005 жылдан 2015 жылға дейін Орал қаласының халық саны 24% өсті.

Бұл жағдай халықтың табиғи өсуімен және ішкі миграциясы арқылы қалыптасқан.

Ауыл тұрғындары көбінесе тұрғылықты тұратын жерін Орал қаласының облыс орталықтарын таңдайды. Орал қаласының негізгі миграциялық селдердің донорлары жақын аудандар болып саналады: Казталов, Сырым, Теректі.

Ең белсенді мен сыртқы миграциялық айырбас бұрынғыдай Ақтөбе, Атырау, Алматы, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облысы және Алматы мен Астана қалалары арқылы жүзеге асырылып жатыр.

Есепті кезеңге АХАЖ органдарында 2173 туылған нәресте тіркелген, былтырғы жылмен салыстырғанда- 10,1% артып отыр.

Өлгендер саны 906 адамды құрап отыр, былтырғы жылдан 3,1%, ал бір жасқа дейін өлгендер балалар саны 22% азайып, 14 адамды құрап отыр.

Нәресте өлімінің негізгі себебі перинаталдық кезеңде пайда болатын жағдайлар болып отыр.

Есепті кезеңге халықтың табиғи өсімі 1267 адамды құрады, былтырғы жылдың деңгейінен 22% көбейіп отыр.



Е
Орал қаласының экономикасы
ҢБЕК РЫНОГЫ


адам

Орал қаласының экономикасы

ЕҢБЕК РЫНОГЫ ЖӘНЕ ЕҢБЕК АҚЫ
Ағымдағы жылдың есепті кезеңінде қалалық жұмыспен қамту мәселелерімен уәкілетті органға жұмысқа орналастыру бойынша 3886 адам өтініш жасаған, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 121% құрайды.

Тіркелген жұмыссыздар саны 941 адамды құрайды, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 23% азайып отыр.

Есепті мерзімде 1688 жұмыссыз жұмысқа орналастырылды, былтырғы жылдан 2,1 есеге артып отыр.

Қоғамдық жұмыстарға -761 адам тартылды, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 3% азайып отыр.

Үстіміздегі жылдың есепті кезеңінде 1647 жаңа жұмыс орындары құрылды, немесе былтырғы жылға 198% құрап отыр. Оның ішінде: саудада - 178, ауыл шаруашылығында-27, өнеркәсіптікте-69, көлік және байланыста-11, білім саласында-92, деңсаулық саласында – 921, коммуналдық шаруашылық саласында –226, басқа салаларда-67 адам.

Бір жұмысшының есепті кезеңінде орташа еңбек ақысы 109715 теңге құрады, былтырғы жылға 108% құрап отыр.



Биылғы жылдың есепті кезеніне күнкөріс деңгейінің шамасы сәуір айына 20988 теңгені құрады, былтырғы жылмен салыстырғанда 12% өскені байқалады.

Орал қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі


Каталог: fileadmin -> user upload -> Grazhdanskij byudzhet -> kaz -> bjudzhet goroda 2017
user upload -> №251 (25221) 13 тамыз сәрсенбі 2008 жыл
user upload -> Жетісу №6(17132) 17 қаңтар 2009 жыл
user upload -> Бағдарламасы және "Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы"
user upload -> Бағалы ұсыныстар сұранысы арқылы тауар, жұмыс, қызмет көрсету түрлеріне мемлекеттік сатып алу байқауын өткізу туралы хабарландыру
user upload -> «Ќазаќстан Республикасыныѕ Азаматтыќ процестік Кодексі» Ќазаќстан Республикасыныѕ 2015 жылєы 31 ќазандаєы №377-v кодексі
user upload -> Ќазаќстан Республикасыныњ
user upload -> «Адам құқығы, бала құқығын қорғаудан басталады»
bjudzhet goroda 2017 -> Жылдарға арналған қалалық бюджеттің негізгі параметрлері бойынша ақпарат «2017-2019 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы»
bjudzhet goroda 2017 -> Бюджетный процесс в республике казахстан


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет