Оразбек Нұсқабаев



жүктеу 2.09 Mb.
бет7/12
Дата13.09.2017
өлшемі2.09 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

83

ретінде үлтаралық қатынас мәдениетінің өлшемі болып

табылады1.

Егемендік жағдайында қалыптастырылғалы отырған ұлтаралық қатынас мәдениеті, ең алдымен, ұлттардың бір-бірін қүрметтеуін алдыңғы қатарға қояды. Себебі, тоқырау кезеңінің жағымсыз құбылыстары сана, қоғамдық ой-пікірлер сферасын да шарпыды. Ұлтаралық қарым-қатынастар саласындағы кеселді көріністерді байқау қабілетінен мүлде айрылған адамдардың өркөкіректік, менмендік қылықтары бұл процесті одан әрі былықтыра түсті. Оны қазіргі жариялылық жағдайы айқындап отыр. Үлттар, әртүрлі ұлт өкілдері арасындағы теңдікті бұзудың кез-келгені, тіптен, оны бүзған адамның пікірінше, елеусіз-ақ болсын, екінші жақтың ренішін тудырады. ¥лттық сезімге тие беру оны ушықтырады, теріс сипатқа, мәнге айналдырады. Әрине, бұл мәселеде әрбір азаматтың жеке ерекшеліктері: мінез-қүлқы, саяси мәдениет деңгейі, ақыл-ой парасаты, адамгершілігі т. б. негізгі роль атқарады. Дегенмен, кезін-де қалыптасып қалған үлт араздығы, сенбеушілік, бір-біріне күдікпен қарау т. б. әлі де қалмай келеді. Осындай жағдайда еліміздегі ұлтаралық қарым-қатынас мәселелерін қайта қарап, тиянақты шешім қабылдауға меңзеп отыр.

Егемендік, дербестік талаптарына сәйкес республиканың көп ұлттық жағдайы, оның ішінде қазақ үлтының болашағы алаңдатушылық туғызады. Үлттық тіліміздің жойыла бастауы мен тарих дәстүрлеріміздің біржақты бағалануы сана-сезімімізге теріс әсер етіп, адамгершілік, қайырымдылық пен имандылық қасиеттерін төмендеткені белгілі. Тәрбие жұмыстарының жалпы ықпалы нашарлады. Осының барлығы экономика мен әлеуметтік-мәдени талаптардың жөн-жосықсыз бұрмаланып, халық көңілінің ортаюына әсер етті. Кейінгі жылдары осы жағдай бүкіл халықтың талқысынан өтіп, тиісті бағдарламалық қүжаттар қабылданды.

Соның арқасында көптеген құнды үсыныстар халықтар достығын нығайтуға, өзара қүрмет пен сыйластықты, ынтымақтастық пен татулықты орнықтыруга мүрындық болып ортақ түрағымыздың мерейін көтеруге үлес қосуда. Елімізде өмір сүріп отырған үлттар мен ұлыстар терең мән-



1 Қараңыз: Сыдыков Т. С. Тарих тағылымы (Үлтаралық қатынастар мәдениеті). Алматы, 1992. 136-бет.

1 Қараңыз: Межнациональные отношения в Казахстане. Теория практика рөгулирования. Алматы, 1993. 156-бет.

84

ді саяси-экономикалық, әлеуметтік және идеологиялық бірлік негізінде әрекет етуде. Осыған сәйкес, ондаған үлттардың рухани өмірінде біртекті адамгершілік қасиеттер ұштасуда. ¥лттардың жан-жақты жетілу процесінде интернационалдық қасиеттердің өрбуімен қатар ұлттық сипат та өмір сүруде. Сайьш келгендө осы екі процесс өзара үйлесімдік жағдайда көрінуде.



Осыған байланысты жалпы мемлекеттік және үлттық мүдделердің бірлігі, олардың үлтаралық қатынас мәдениетіндегі үйлесімдігі сабақтастығы Қазақстанда айрықша мәнге ие болып отыр. Әрине, бұл Қазақстанда үлтаралық қарым-қатынас мәселелері түбегейлі шешілді деген сөз емес. Қарама-қайшылық принципі дамудың қай-қайсысына да тән нәрсе. Бастысы өмір алға тартқан мәселелерге дер кезінде жауап таба білу. Қазіргі кезеңнің өткір проблемасы — азаматтық татулық пен үлтаралық келісім, халықтар достығы, өзара қүрмет пен сыйластық; ынтымақтастық пен бауырластық мәселелері, экономикада орын алып отырған дағдарысты жою, әлеуметтік өмірдегі, моральдағы жұғымсыз құбылыстардан, үлттық томаға-түйықтықтан арылу, ұлттық өмірді демократияландыру, әлеуметтік әділдік, сөз бен істің бірлігі принциптерін іс жүзіне асыру жолдарын іздестіру. Сондай-ақ, үлттық мақтаныш пен үлтжандылықтың мәнін дүрыс бағалау өзара түсіністік пен халықтар достғын нығайтуға зор үлес қосады. Адамдардың қызме-тінде, мінез-қүлқында жалпымемлекеттік (жалпыұлттық) және ұлттық факторлардың дұрыс түсінігін қалыптастыру, олардың сана-сезіміндегі адамгершілік қасиеттерінің терең орнығып, үлттық эгоизм т. б. кертартпа сарқыншақтармен ымырасыз болуына ықпал етеді. Демек, мемлекеттік тәрбиені жүйелеу әрбір үлттық сана-сезімін жетілдіру мен үлттық маңтанышын орнықтыру арқылы жүзеге асырылғаны дұрыс. Оған үлттық негізде өрбіген адамгершілік жанашырлық белгілері қажет. Бастысы — жалпымемлекеттік (жалпыұлттық) және үлттық мүдделерді үштастыру болып табылады.

Сондықтанда болар, жалпымемлекеттік және үлттық

мүддделерді ұштастыру, сондай-ақ республикамыздың бар-

лық түрғындарын толғандырып жүрген азаматтық тату-

лық пен ұлтаралық келісім және әрбір ұлттық өзіндік іш-

кі бірлігі туралы мәселелер ел басшысы — Қазақстан Рес-

публикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың “Қазақ-

станның болашағы — қоғампың идеялык, бірлігінде” атты

енбегінде жан-жаңты қарастырылды1. Мемлекеттік құры-

85

лымымызда орын алып отырған ұлтаралық қарым-қатынас мәселелерін дұрыс шешуде, республика тұрғындарының бойында ұлтаралық қатынас мәдениетін қалыптастыруда Н. Назарбаетың бұл еңбегінің терең мәнді методологиялық маңызы бар. Себебі Қазақстан дүниежүзінің басқа бірқатар мемлекеттері сияқты көп ұлт өкілдері мекендеген аймақ. Қазақстанда түрік және славян қауымдастықтарының ірі топтары тұрып жатыр. Миллиондаған өзге ұлт өкілдерінің Қазақстанды мекендеуі ұлтаралық қарым-қатынас мәселелерін үнемі басты назарда ұстап, реттеп отыруды талап етеді.



Ішкі саясатта басты орын алып отырған бүл мәселені шешу Қазақстан егемендік алысымен-ақ күн тәртібіне қойылды. “Көп ұлтты Қазақстанда жалпыұлттық мүдделерді жүзеге асырудың бір ғана жолы бар. Ол қазақ ұлтының біріктіруші ролі жағдайында барлық халықтардың теңдігін қамтамасыз ету. Кез-келген басқа жол апатты қаңтығыстарға, демократиялық реформалардың тежелуіне әкеліп соқтыруы мүмкін. Осыған байланысты біз үшін өзекті идеологиялық міндет ұлтаралық келісімді қамтамасыз ету болып табылады”2.

Сонымен қатар, ұлтаралық қарым-қатынасты реттеу мәселелерінің өткір қойылуы — Қазақстанды мекендейтін көптеген ұлттар мен ұлыстар көрші мемлекеттердің өкілдері болып табылады. Айталық, Қазақстанның солтүстігінде ұлы Ресей, оңтүстік-шығысында — алып Қытай мемлекеті, ал оңтүстігінде кіндік Азия мемлекеттері бар. Демек, Қазақстанда ұлтаралық қарым-қатынастардың шие-ленісуі көрші мемлекеттерде терең мәнді алаңдаушылық сезімдерін тудыруы мүмкін.

Үшіншіден,Қазаңстанда демократиялық зиялы қоғам құру мақсат тұтылуда. Ал демократиялық зиялы қоғам құру ұлтаралық бірліксіз, келісімсіз өмірге келмейді. Керісінше, кертартпа реакцияшыл күштергө сүйенген мемлекет құруға тырысушылық болса, онда, әрине, тек бір ұлтқа арналған қоғам құруға болады. Демек, демократиялық зиялы қоғам құру ұлтаралық келісімді қажет етеді.

Осы үш жағдаят, яғни Қазақстандағы ішкі ұлтаралық қатынастар, сыртқы геосаяси орта және мемлекеттің демократиялық зиялы қоғам құруга ұмтылысы — жалпы-



1 Қараңыз: Назарбаев Н. Ә. Казақстанның болашағы — қоғамның идеялың бірлігінде. Алматы, 1993. 22-24-беттер.

2 Бұл да сонда. 23-бет.

86

мемлекеттік және ұлттық мүдделерді үштастыруды, ұлтаралық келісім мәселесіне ерекше көңіл бөлуді талап



етеді.

Осыған байланысты қазіргі уақытта Қазақстанда өтпелі дәуірге арналған ұлттық саясаттың арнайы біртұтас тұжырымдамасы жасалуда. Онда республика тұргындарының бойына ұлтаралық қатынас мәдениетін қалыптастыру проблемасына да айрықша назар аударылған.

Әрбір қазақстандықтың бойында ұлтаралық қатынас мәдениетін қалыптастыру бұл қоғамның көп ұлттылығын тұрақты бірлестіруші факторға айналдыруға қызмет етеді. Бұл міндетті жүзеге асыруда білім беру жүйесі, отбасы, еңбек ұжымы сияқты дәстүрлі әлеуметтік институттармен қатар ұлттық-мәдени орталықтар да маңызды роль атқарып жүр. Олар тек ұлттық сана-сезімді сақтап қалу, өзіндік ерекшелігі бар руханилықты дамыту ошақтары ғана емес, сонымен қатар шынайы интернационализм мектептеріне айналған. Өздерінің адамдармен тікелей жұмыс жүргізу мүмкіндігін пайдалана отырып, олар ұлттық шектелу мен оқшаулануды, шовинизмнің, ұлтшылдық пен сепаратизмнің көріністерін жою үшін көп іс тындыруда. Олардың ықпалы айрықша тиіп отырған сала бар. Ол — адамдардың күнделікті тұрмыс ахуалы, өзара қарым-қатынасы, қоғамда орын алып отырған жетіспеушілік. Дәл осы салада елеусіз болып көрінгенімен, кәдімгідей қатерлі салдары бар ұлтаралық қақтығыстар шығып жатады.

¥ëттық-мәдени орталықтар мемлекеттік институттармен қатар халықтар, ұлттар мен ұлыстар арасындағы мәдени байланыстарды дамыту, пікір алуандылығын қамтамасыз ету, мәдениеттердің әрқайсысының еркін дамуы жағдайында олардың бірігуі үшін көп іс тындыруға қабілетті.

Осы тұрғыдан алғанда, халықтар арасындағы келісімді, бірігуді жүзеге асыратын қызметті өз мойнына алатын үкіметтік емес құрылым құру қажеттілігі де күн тәртібінде тұр. Мұндай құрылым Қазақстан халықтары форумының басшы органы бола алар еді. Оның құрамында барлық этникалық топтардың өкілдері, белгілі қоғамдық қайраткерлер, республикадағы неғұрлым беделді адамдар, әкімдер болуын да көздеген жөн. Қоғамдық ұйымдармен, ұлттық-мәдени орталықтармен бірлесіп, халықтың барлық жіктерінің күш-жігерін жасампаздық арнаға бағыттап, ол әртүрлі әлеуметтік және ұлттық топтардың, елдің кез-

87

келген аймағында ұлтаралық және әлеуметтік шиеленістерді терді болдырмауға бағытталған дәйекті саясат жүргізуі тиіс.



¥ëтаралық келісімді ныгайтумен қатар Қазақстан қоғамының бірлесуі идеясын жүзеге асыра отырып, ұлт ішіндегі бірлікті нығайту да маңызды. Кезінде қазақ қоғамы қазақтың тарихи, мәдени ортасы құрылымдық жағына жүзге, руларға бөлінгені белгілі. Бұндай құрылымдық ұйымдасудың белгілі тарихи кезең үшін оң рөл атқарғаны да сөзсіз.Қазақтардың туысқандық-қауымдық қатынастары сол кезеңнің экономикалық-әлеуметтік сипатына туындаған еді.

Қазақтардың рулық-туысқандық тарихы олардың тарихи-мәдени жадының құрамды бөлігі. Дәлірек айтсақ, өз руының, жүзінің, ата-бабасының тарихын білдіру, үйрету — белгілі дәрежеде қазақы тәрбиенің мәдени элементтерінің бірі. Әңгіме мәселенің бұл жағында емес. Осы бір күрделі түйіннің басқа қырынан келсек, қазақтың жершілдігі, яғни белгілі аумақтарға бөлінуге бағыт ұстауы түптеп келгенде ұлт тұтастырына,халық бірлігіне нұқсан келтіруі мүмкін.

Дәл осы мәселеде біз бүкіл ұлттың ішкі бірлігіне жетуіміз қажет. Бұның экономикалық, саяси алғышарттары қазірдің өзінде бар. Атап айтсақ, Қазақстан біртүтас унитарлық мемлекет. Біздің ұлттың біртұтас экономикалық ортақ мүддесі бар. Оның үстіне, бір мемлекеттік тіл — қазақ тілі өмір сүруде. ¥лттың кеңістігімізде біріыңғай қазақ мәдениеті қалыптасқан. Қазақтар екі миллионнан аса шаршы шақырым жерді иеленіп отырса да, олар тарихы солай дамыған, тілінде, тіпті, бәлендей диалектілер де жоқ. Сонымен қазақтар біртектес тіл, мәдениет, ұлттық психология бар. Мұны жоққа шығаруға, ыдыратуға болмайды. Бұған тағы ортақ мемлекетті, ортақ нарық кеңістігін, басқа да бірқатар кіріктіруші факторларды қоссақ, ұлттың ішкі бірлігі мәселесі айтарлықтай күрделі түйінге айналмайды Дегенмен, болуы мүмкін келеңсіздіктердің алдын алып мәселенің тиімсіз бағытта өрбуіне жол бермеу, рушылдықтың ұлтымыздың саяси психологиясына айналмау жағдаяттарын қарастыруымыз керек.

Оқушылардың бойында ұлтаралық қатынас мәдениетін қалыптастыру өзге ұлттың көп ғасырлық қалыптасу тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрлері мен әдет-ғүрыптарын, өзіндік шаруашылық жүргізу тәсілдерін, мінез-құлық ерек-

88

шеліктерін білуге, ең бастысы, олардың ана тілінде түсінісіп, ұгынысуға тікелей байланысты.



Тіл қатынас құралы ретінде кез-келген қоғамда орасан зор қызмет атқарады. Тілсіз адамдардың бір-бірімен түсінісуі” белгілі бір құндылықтарды, білімдерді, адамгершілік нормаларын, мінез-құлық мәдениетін меңгеруі мүмкін емес. Олай болса, өсіп келе жатқан жас ұрпақты әлеуметтендіру” яғни оларға ұрпақтан ұрпаққа мирас болып қалып, жинақталған құндылықтарды,ғылыми білімдерді, дағды-іскерліктерді, біліктілікті, адамгершілік нормаларын, мінез-құлық мәдениетін меңгерту тілдің көмегімен жүзеге асырылады. Тілдік қатынас — бұл тек хабардар ету немесе эмоциялық-сезімдік ахуалды білдіру құралы ғана емес, сонымен бірге күрделі әлеуметтік құбылыс. Өйткені тіл ең алдымен, ойды білдіреді. Тілдің көмегімен адамдар бір-бірімен пікір алмасады, түсініседі. Қоршаған орта — табиғат пен қоғамдық болмыста болып жатқан сан алуан құбылыстар, таптар, әлеуметтік топтар, ұлттар, ұлыстар, жеке адамдар арасындағы күрделі қарым-қатынастар, ма-териалдық өндіріс, рухани дүние т. с. с., бір сөзбен айтқанда, адамдардың өздерін қоса оның өмірі мен тіршілігіне қатысты нәрсенің барлық түрлері туралы ойлары тілде өзінің дүрыс, нақпа-нақ, дәлме-дәл бейнесін табады. Тіл затты, өмірді дәл суреттейді. Қарым-қатынас жасау міндеттеріне байланысты тіл сонымен бірге әртүрлі сезімдерді, тілектерді, көңіл-күйлерді, әстетикалық толқуларды т. с. с. білдіреді. Тіл тек қатынас құралы ғана емес, сонымен бірге ол әр халықтың тарихы, оның өмірі, тіршілігі, шаруашылығы мен мәдениетінің көрінісі, өткеннен қалған асыл мүрасын жаңа үрпаққа жеткізуші. Тарихы бай халықтың тілі де бай, материалдық және рухани мәліметі жоғары. Тіл дегеніміз — тәжірибе мен білімді жинақтап таратудың аса маңызды әдісі,күрес пен үлт дамуының айбынды құралы.

Қазір Қазақстанда 120-дан астам үлттық тілдер өзара қатынас құралы ретінде қызмет етеді, 10-даған тілде кітаптар шығады. Мектептерде сабақ 30-шақты тілде оқытылады. 20-дан астам тілде радио, теледидар хабарлары таратылады. Барлық ұлттар мен ұлыстар үшін ана тілін дамытуға толық жағдай тудырылған. Дегенмен, Қазақстанда әрқайсысының саны жағынан 10 мыңнан асатын тоқсанға тарта халық және бар. Олар тығыз орналасқан тұтас аудандар да баршылық. Сондықтан да болар, ана тілін сақтау жөніндегі мәселе — Қазақстандағы ең ірі екі этнос — қазақ

89

және орыс халықтары үшін соншалықты күрделі болмағанымен, республиканың әрбір бесінші тұрғыны, яғни елімізді мекендейтін басқа ұлттардың өкілдері үшін түйінді мәселелердің бірінен саналатындығы ақиқат шындық.



Тіл мәселесінің өткірлігі сонша, онымен тікелей айналысуға тура келіп отыр. Мысалы Павлодар облыстық басқару әкімшілігі облыс территориясында тұратын немістердің көптігін ескеріп, “Павлодар облыстық жалпы білім беретін мектептерде неміс тілін ана тілі ретінде оқытудын жағдайы туралы” мәселені талқылап, шешім қабылдады. Үстіміздегі жылы неміс тілін ана тілі ретінде облыста 1377 бала оқиды. Өкінішке қарай, сол балаларға әлі де болса тиісті жағдайлар жасалмай отыр.Қолда бар оқулықтар оқу бағдарламасын толық игеруге мүмкіндік бермейді, лингафонды аппараттар, тіл үйренуге қажетті басқа да құралдар жетіспейді.

Мемлекеттік тіл — қазақ тілінің оқытылып, үйретілуі де мәз емес. Барлық облыстарда әлі де болса қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімдері, оқулықтар мен методикалық оқу құралдары жетіспейді. Ал мұның өзі қазақ тілінің әлеуметтік қызмет өрісін кеңейтуге, кеңсе іс қағаздарын қазақша жүргізуге, бір сөзбен айтқанда, қазақ тілінің қолдану мәдениетін көтеруге кері әсерін тигізіп отыр.

Әрине, енді жұрттың бәрі тездетіп қазақ тілін үйрену керек деген қарадүрсін белсенділік танытқаннан еш нәрсе шықпайды. Сондықтан ендігі жерде халық тағдырына, оның болашағына байланысты әрбір мәселені ақылмен, сабырмен жүзеге асыру абзал. Бұл ретте кез-келген ұлттық мәселені көп болып, бірнеше халық болып ақылдаса, кеңесе отырып, ауызбіршілікпен, ынтымақтастықпен шешсе нұр үстіне нүр. Айталық, орыс халқының өкілі қазақ тілін өркендетуде, ал қазаңтар өз кезегінде басқа халық-тардың ұлттық мәселесіне жаны ашып, атсалысып жатса,қандай ғанибет. Өкінішке қарай, ұлтаралық қарым-қатынастар саласында мұндай деңгейге әлі де болса көтеріле алмай келеміз. ¥лтаралық қатынас мәдениетін қалыптастыруда мұндай деңгейге көтерілу үшін тәрбие, оқу-агарту және үгіт-насихат салаларында өте көп игі істер атқарылуы тиіс. Бұл ретте, әсіресе, орыс тіліндегі баспасөз орын дарының, радио, теледидар, хабар тарату органдарыныі ролі айрықша бөлек. Өйткені, орыс тіліндегі материалды бүкіл ұлттық өкілдері түсінеді. Сондықтан республикамыздағы бұқаралық ақпарат құралдары осы аймақты мекендейтін барық халықтардың ұлттық мәселесін көтеріп

90

ұлттық дәстүрлерін, мәдениетін, өнерін насихаттап отыруы қажет. Бірақ бұл мәселеге әлі күнге дейін жеткілікті көңіл бөлінбей келеді.



Тіл білу адамдарды түсіністікке, татулыққа, достыққа ұмтылдырады. Тілді сыйлау өзің ортасында жүрген халықтың тарихын, мәдениетін түсініп, үғыну, өзің ортасында жүрген елді сыйлау деген сөз. Мысалы, Қазақстанда тұратын басқа ұлт өкілдерінің ішінде 150 мың адам қазақ тілін жетік біледі. Оларды процентке шақсақ мынадай: орыстар — 0,9; украиндар — 0,6; белорустар — 0,4; өзбектер — 4,6; үйрғырлар — 9,1; татарлар — 3,2; әзірбайжандар — 5,7; түріктер — 4,6; тәжіктер — 4,3; курдтар — 11,1; қырғыздар — 11,9; болгарлар — 4,4; түркімендер — 3,6; балқарлар—6,0; парсылар—7,3; қарашайлар—10,5; қа-рақалпақтар—11,9; қалмақтар — 4,1 процент1. Қазақстанда 10 миллионнан астам өзге үлттар мен ұлыстар өкілдері тұратындырын ескерсек, әрине, бұл теңізге тамтан тамшыдай ғана. Дегенмен, өздері дүниеге келіп, өсіп-өрбіген өлкенің байырғы тұрғындары — қазақтардың тілін түсініп, ұғынуға талпынған, олардың жоғын жоқтап, мұңына ортақтасқан, қазақ халқы үшін қамқорлык, көрсетіп, адамгершіліктің биік өнегесін байқатқан мүндай азаматтар үлтаралық қатынас мәдениетінің жетілуіне нақты үлес қосып жүрген нағыз абзал жандар екендігі де ақиқат шындық.

Қазақстанның көп ұлттылығы өмірге қостілділік тұжырымдамасын алып келді. “Қазақ тілі мәдениетінің бір бөлігі ретінде, барлық қазақстандықтарды біріктірудің қосымша факторы болуға тиіс. Ол барлық үлттар мен үлыстарға қазақ халқының мәдениетін, дәстүрін, әдет-ғүрпын, тұрмыс-тіршілігін танытудың негізі болып табылады. Оны оқытып-үйрету мәжбүр ету арқылы емес, саналы түрде, жүрттың барлығы үшін бала жастан басталуы, үйымдық және әдістемелік жағынан қамтамасыз етілуге тиіс. Және де мұнда түратын әрбір адам осындай көзқарастың қажеттілігін айқын түсінуі керек”2.

Осы методологиялык, қағиданы басшылыққа ала отырып, біз екі тілді — мемлекеттік және ана тілін бірдей меңгерген азаматтарды даярлау мақсатында жалпы білім беретін мектептерде мәдениетаралық білім беруді енгізуді ұсынамыз,— дейді Қазақстан Республикасы Президенті-

1 Елікбаев Н. ¥ëттық психология. Алматы, 1993. 83—84-беттер.

2 Назарбаев Н. Ә. Қазақстанның болашағы — қоғамның идеялық бірлігінде. Алматы, 1993. 25-бет.

91

нің жанындағы мемлекеттік саясат жөніндегі ¥лттық кеңестің жауапты хатшысы Жүмағали Наурызбаев.— Бұл оқушыларға өз халқының мәдениетімен қатар қазақ халқының тарихын, мәдениетін тынғылықты оқып үйренугі мүмкіндік береді. Мұның өзі олардың өздерін қоғамның төл баласындай сезініп, оның дамып гүлденуіне барынша күш-жігер жұмсауына бірден-бір негіз болмақ. Мұндай тәжірибе,яғни мәдениетаралық қостілділік білім беру тәжірибесі дүниежүзілік практикада бұрыннан бар нәрсе Айталық, көптеген елдерде, әсіресе, Латын Америкасы елдерінде, сондай-ақ батыстың бірқатар дамыған елдерінде, мәселен, Швейцарияда, Канадада мәдениетаралық қостілділік білім беру бағдарламасы жасалынып, ойдагыдай жүзеге асырылып келеді. Әрине, мәдениетаралық қостіл-ділік білім беруді іс жүзіне асыру үшін мемлекеттік қүрылымдар тарапынан айтарлықтай күш-жігер жұмсалуы оның ішінде ұйымдастырушылық және қаржылай көмектің қажеттігі сөзсіз. Дегенмен, ең алдымен этнопсихология, этнопедагогика, этнология, диаспорология сияқты ғылымдардың қалыптасуы үшін жағдай тудырылуы қажет .Бірі — ұлттық психологияны, екіншісі — ғасырлар бойы қалыптасқан тәрбие тағлымдарын, үшіншісі — әрбір халықты өзіндік болмыс-бітімі бар әтнос ретінде жан-жақты қарастыратын, ал төртіншісі — халықтың тарихи отанынан тыс тұратын бөлігінің диаспораның проблемаларың зерттеумен айналысатын осынау ғылыми жүйелердің аяғынан тік тұруы үшін Білім беру министрлігі жанынан этнопедагогика және этнопсихология ғылыми-зерттеу институтын құру жөн. Себебі, Қазақстан сияқты көп ұлтты мемлекетте өскелең ұрпақты өзара сыйластық пен татулық, достық пен ынтымақтастық рухында тәрбиелеу міндеті қаншалықты салмақты екенін түсіндіріп жатудың өзі артық. Мәселен, сізге неміс ұлты басым тұратын ауданда жұмыс істеуге тура келді делік. Ал сіз бұл халықтың тілін айтпағанда, психологиясы мен әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерінен, адамгершілік үлгілерінен бейхабарсыз. Мұндай жағдайда олармен ортақ тіл табысып, тасыңыз өрге домалай қоюы қиын.



Ал, енді мамандар даярлау мәселесін сөз етер болсақ, ол бірқатар шет елдермен мәдени-ағартушылық байланыс орнатудың негізінде жүзеге асырылады. Ресей, Украина, Германия, Корея және басқа да бірқатар елдермен студенттер мен оқытушылар алмасуға болады. Мысалы, Ресеймен екі жақ үшін де өзара тиімді шарт жасау негізінде

92

Қазақстанда Ресей территориясында тұратын қазақ диаспорасы үшін қазақ тілінің мамандарын даярлауға болады, Осылайша басқа елдермен де өзара тиімді шарттар жасаудың мүмкіндігі баршылық.

Сонымен қатар, ЮНЕСКО-мен аз халықтардың тілдері жөніндегі Еуропалық бюро және Квебектегі (Канада) қос тілділік проблемаларын зерттеудің халықаралық орталығымен байланыстарды қалыптастырып, жолға қою да артықтық етпейді. Қос тілділік білім беруді енгізудегі бүгінге дейін әлем елдерінде жинақталған жақсы тәжірибені өз жағдайымызға сай тиімді пайдалана білүіміз керек. Мәселен, Америка Құрама Штаттарында “Қос тілділік білім беру туралы” қабылданған федеральды Заң бар, Еуропада Еуропалық Экономикалық Қауымдастық құрган алты қос тілді мектеп, сондай-ақ, Дж. Ф. Кеннедидің халықаралық Берлин мектебі табысты жұмыс істейді.

Мәдениетаралық қостілділік білім беру жүйесіне көшу мәдени бостандықтар мен хүқықтарды қамтамасыз ету. Қазақстан этностарының мәдени-тарихи құралдарын қорғау жөніндегі заң актілерін жасау, үлттық тілдердің сақталуы мен дамуы жөнінде арнайы бағдарламалар қабылдау, этномәдениеттік білім беру мәселелеріне байланысты екі және көп жақты мемлекеттік келісімдер мен халықаралық актілерді дайындау құжаттары жасалып, оларға қол қойылысымен қолға алынады. Ал осынау үлкен істі жүзеге асырудағы мұнан кейінгі екінші — негізгі кезең мектептерде қостілділік білім беруді енгізу болып табылады. Бұл педагогикалық колледждер мен университеттерде қос тілділік білім беру жөнінде мамандарды даярлау ісін үйымдастырып, қолға алуды қажет етеді. Бұл арада мәдениетаралық білім беру ісінің негізі, оның дамуындағы басты күш қазақ және орыс тілдерін бірдей меңгерген, екі тілде де сабақ бере алатын мамандар боларына маңыз берілуге тиіс.

Ал, мектеп жасына дейінгі тәрбие орындары үшін ана тілін оқытып-үйрету оқу-методикалық нүсқаулар мен фильмдер, ана тіліндегі компьютерлік ойындар жөніндегі арнайы бағдарламалар жасауды қажетсінеді. Ересек адамдардың ана тілін оқып-үйренуі үшін ұлттық-мәдени орталықтардың жанынан жексенбілік мектептер, үйірмелер, фольклорлық-этнографиялық ансамбльдер, ұлт тіліндегі оқулықтар,ғылыми-көпшілік және көркем әдебиет топтастырылған кітапханалар жүмысының басын біріктіретін “Ана тілі” мәдени-ағарту бірлестігін құруды неге ойлас-

93

тырмасқа? Меніңше, дұрыс ұйымдастырып, пайдалана білгенде мұндай бірлестіктің тілді дамытуға көмегі аз болмас. Келесі, қорытындылаушы, кезеңде болашақта Қазақстан халқының басым бөлігі қос тілді болуы үшін қажетті барлық жағдайлар жасалатын болады. Бұл ең алдымен, ұлттық мемлекет қалыптасуының, мемлекеттік тұрақтылықты нытайтудың басты негізі болмақ. Осы кезеңде ұлттық тілдердегі оқулықтар, оқулық құралдары мен анық-тамалар, терминдер сөздігін дайындау жұмысы аяқталатын болады. Халықтық педагогиканың қазаңстандық энциклопедиясы,ауыз әдебиетінің нұсқалары республика әтностарының әдеби ескерткіштері жарық көреді, оқулықтар, көрнекіліктер мен анықтамалық құралдар, балаларға арналған ертегілер мен аңыздар, екі және көп тілді сөздіктер, тілашарлар шығару көлемі жыл сайын арта тусетін болады. Этникалық топтардың тілдерінде мерзімдік басылымдар шығару (“Қазақстан этностары”, “¥лттық тағамдар” және т. б.) жолға қойылмақ. Сонымен қатар Қазақстан этностарының тілдерінде хабар таратуға радио, теледидар каналдарында уақыт бөлінеді1.

Иә, мұның бәрі естір құлақңа жайлы, жүрекке жылы тиері сөзсіз. Айтқанға әдемі де жеңіл осынау шаруаны жүзеге асыра қою әсте де оңай емес. Дегенмен, іс жүзіне аса қалса, оқушылардың бойына ұлтаралық қатынас мәдениетін қалыптастыруға кадімгідей ықпал жасайтындыгы анық.

Айқын әлеуметтік бағыты бар, бәріне бірдей өзінің қабілетін жүмсауға әрі материалдық жағынан игілікті өмір сүруіне тең жағдай жасап, мүмкіндік туғызатын, әр халықтың өзіндік ұлттық ерекшелігін сақтап, дамытатын түрақты дамудың негізі ретінде ұлттык, келісім саясатын жүргізетін мемлекет құру — бүгінгі таңдағы басты міндет. Мұндай мемлекеттің қалыптасып, орнығуы үшін әрбір қазақстандықтың, оның үлтына, діни сеніміне, саяси көзқарасы мен жақтырмайтындығына қарамастан, экономикада терең түбегейлі өзгерістер жасамайынша,Қазақстанның болашағы жоқ екенін айқын түсінуі талап етіледі. Гүлденген қоғамға нарық, ашық экономика, кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау арқылы жетуге болады. Демек, оқушылардың бойына ұлтаралық қатынас мәдениетін қалыптастыруды республиканың әлеуметтік-экономикалық тұр-



Каталог: Книги
Книги -> Таќырып: Деректану пјні
Книги -> Кәсіби өсудің жоғАРҒы мектебі
Книги -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
Книги -> Мұхтар Әуезовтің «Абай», «Абай жолы» романдарының әдеби сында танылу және бағалану тарихы.
Книги -> Қазақстан республикасы
Книги -> Н. ТҰЯҚ баев т к. Арыстанов б. ӘБішев жалпы геология курсы
Книги -> А. Ж. Сейтембетова
Книги -> С. П. Наумов омыртқалылар зоологиясы
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Бағдарламасы (силлабус) Пән : Педагогика тарихы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет