Орындаған: Ануарбек Е. Е тобы: 7-016 жм тексерген: Мутайхан Ж. М



Дата24.11.2022
өлшемі21.68 Kb.
#179357
Байланысты:
Ануарбек Е.Е 7016 топ әдеби шолу


Қарағанды Медицина Университеті
Фтизиатрия және инфекциялық аурулар кафедрасы
СӨЖ

Тақырыбы: Шашыранды өкпе туберкулез диагностикасы
Орындаған: Ануарбек Е.Е
Тобы:7-016 ЖМ
Тексерген:Мутайхан Ж.М
м.ғ.д.,профессор ҚМУ,
Қарағанды 2022жыл
Өкпенің диссеминирленген туберкулезі- ТМБ-ның қан арқылы, лимфогенді немесе лимфогемотогенді жолдарымен таралуы салдарынан өкпеде, көбінесе қабынудың продуктивті түрінде өтетін көптеген туберкулезді ошақтардың пайда болуымен қатар, өкпе қабынуы дерттеріне тән әр түрлі клиникалық көріністердің айқындылығына байланысты сипатталады
Диссеминирлі туберкулездің клиникалық түрлері:
Өкпенің жедел (милиарлы)диссеминирлі туберкулезі
Өкпенің жеделдеу диссеминирлі туберкулезі
Өкпенің созылмалы диссеминирлі туберкулезі
Генерализацияланған (жайылған) гематогенді диссеминирлі туберкулезі
ПМСП денгейіндегі диагностика - шағымдарды, ауру тарихын және өмір анамнезін жинау;физикалық тексеру; жалпы қан анализі;жалпы зәр анализі;биохимиялық қан анализі (жалпы ақуыз және оның фракциялары, мочевина, креатинин, билирубин, ALT, AST, қандағы глюкоза); ҚД-да қақырықты бактериоскопиялау (УД – ГПП); молекулалық-генетикалық әдіспен (УД – ГПП) биологиялық материалдан ДНҚ-ны бөліп алу;қақырықты бактериологиялық зерттеу, туберкулез микобактериясына бронхиалды жуу (УД – ГПП);кеуде қуысы мүшелерінің шолу рентгенографиясы (2 проекция) (УД – ГПП);кеуде мүшелерінің бойлық томографиясы.
Шағымдары:әлсіздік,құрғақ жөтел,салмақ төмендеуі,әлсіздік,температура жоғарылауы ,ентігу
Физикалды қарау кезінде: туберкулезбен ауыратын науқасты тексеріп қарағанда және кеуде қуысына пальпация жасағанда ешқандай өзгеріс байқалмайды. Милиарлы диссеминациясы бар науқастың өкпесін тексергенде перкуторлы дыбыстың тұйықталуы, қорапты түрінде анықталынады, әлсіз тыныс алу, тұрақсыз құрғақ сырыл және аурудың кешеуілденген сатыларында аздаған ұсақ, майда көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі, бұл гранулема айналасында перифокальды қабынудың бар екенін көрсетеді.жеделдек түрінде - ошақтардың жиналған жерінде перкуторлы дыбысы қысқарған, тұрақты түрде ылғалды, ұсақ, майда көпіршікті сырылдар, ал өкпеде ыдырау қуысы пайда болғанда орташа көпіршікті сырылдар естіледі.
Лабораториялық және қақырықты зерттеп қарағанда- Жедел сатысымен ауыратын науқастардың қанында аздаған лейкоцитоз немесе лейкоциттердің саны қалыпты дағлайда болады, ал эозинофилдер мен лимфоциттердің саны азаяды, таяқша ядролы нейтрофилдердің саны көбейеді, ЭТЖ жоғарлайды.Жеделдеу сатысында лейкоцитоз орташа дәрежеде болады-(14-20)-10⁹ /л, лимфопения, моноцитоз, ЭТЖ едәуір жоғарлайды.Созылмалы сатысында лейкоуиттердің саны -(12-14)-10⁹ /л дейін, таяқша ядролы нейтрофилдердің саны көбейеді, лимфопения, моноцитоз байқалады, ЭТЖ жоғарлайды.
Бактериологиялық тексеру кезінде ақпараттың түріне байланысты өзгеруін көреміз.
Жедел түрінде-қақырықтағы туберкулез микобактериясы, әдетте, анықталмайды.Жеделдеу кезінде-микобактерия туберкулезі қақырықта жиі кездеседі.Созылмалы түрінде-қақырықтағы туберкулез микобактериясы бактериологиялық зерттеуде жиі кездеседі.
Туберкулин диагностикасы шашыранды туберкулезі бар науқастарда туберкулинді диагностикалау нәтижелері айтарлықтай өзгеруі мүмкін. Туберкулинге реакция жаңадан анықталған адамдарда айқынырақ болатыны жалпы дәлелденген
Жедел түрінде дерттің ең басында туберкулин реакциясы орташа немесе айқын гиперергиялық түрде болады да, ал үрдістің әрі қарай өршуі басталғанда басылып жойылды және көп кешікпей теріс болады.
Жеделдеу және созылмалы диссеминирлі туберкулезбен ауыратын науқастарда туберкулинге сезімталдық әлсіз оң реакциядан бастап орташа айқын реакцияға дейін болады. Туберкулездің өршуі жойылғанда туберкулинге сезімталдық төмендейді немесе норморгиялық реакцияға дейін көтеріледі.
Шашыранды туберкулезді анықтаудағы негізгі әдіс рентгенологиялық болып табылады.
Шашыранды туберкулез кезіндегі негізгі синдром Диссеминацияланған зақым болып табылады.Алайда шашыранды туберкулездегі рентгендік көріністер түрлік типі бойынша айтарлықтай айырмашылыққа ие.Өйткені - Өкпенің милиарлы туберкулезінде аурудың алғашқы 7-10 күндерінде ошақты өзгерістер рентгенологиялық әдіспен анықталмайды. Тек дерттің басталуынан 10-14 күн өткеннен кейін екі өкпенің барлық аймағында көптеген ұсақ, (2 мм-ден аспайтын) біртекті ошақтар анықталады. Ошақтардың бір – біріне қосылуға ыңғайы байқалмайды. Ошақтар дөңгелек тәріздес шеттері анық, олар 4-5 ошақтан тұратын тізбекбесіп ұсақ қан тамырларының бойында орналасады. Ошақтар екі өкпеде тепе-тең орналасады, олар ортаңғы және төменгі бөліктерінде көбірек болады.
Жеделдеу диссеминация кезінде -Ошақтардың көлемі 5-10 мм болып, бір-біріне қосылуға икемді, екі өкпенің барлық аймағында тепе-тең орналасады. Өкпенің жоғарғы бөлігінде ошақтар едәуір үлкендеу, ал төменгі бөліктерде олардың көлемі кішілеу және үдемелігі төмен болып келеді, ол – ошақтардың пайда болған кезеңін көрсетеді. Жедел диссеминация сияқты ошақтартізбек тәріздес қан тамырлары бойының көлеңкесінде орналасады.
Өкпе түбірінде және кеуде аралық ағзаларында томографиялық зерттеу арқылы тығыздалған, толық әктенбеген лимфа бездерін көруге болады.
Өкпенің созылмалы гемотогенді диссеминациясы-Өзгерістер рентгенологиялық көріністенде көрінеді. Дерттің көп жыл ағымында өтуіне байланысты зақымданудың симметриялдығы бұзылады. Ошақтардың жоғарғы бөлікте орналасуы сақталады, бірақ олардың саны бір өкпеде көбірек болады. Ошақтардың көлемі, пішіні, бояу қанықтылығы және кескіні әр түрлі болады. Өкпенің ұшындағы ошақты көлеңкелер ірілеу, бояу қанықтылығы жлғары және олардың саны төменгі бөліктерге қарағанда көбірек. Жоғарғы бөліктерде өкпе суреті күшейген және деформацияланған пішіні өзгерген, базальды бөлімде азайған, кедейленген.
Өкпенің созылмалы диссеминирлі туберкулезі-Өкпенің стромасы мен паренхимасының дәнекер тіндермен тығыздануы, рентгенологиялық көріністе тор-ұялы суретінің нәзік көлеңкелері және бронх қан тамырларының бойымен, бөлік аралық саңылауларда орналасқан тығыз тяж көлеңкесі түрінде байқалады. Өкпенің жоғары бөліктерінің дәнекер тінімен тығыздану салдарынан өкпе түбірі көлеңкелері тепе-тең жоғарға тартылады, жүрек ортаңғы жағдайда орналасады.

Қорытынды


Қорытындалай келе шашыранды туберкулез көбінесе жас адамдарда және кездесу жиілігі 3 пен 35 процент аралығын қамтитын көптеген ошақтармен көзрінетін аса қауіпті ауру. Қазіргі уақытта бұл патологияның таралуы 100 мың адамға шаққанда шамамен 585 жағдай. Қазіргі фтизиатрия жетістіктеріне қарамастан, өкпе ауруларының жиілігін арттыру, және шашыранды туберкулезі жалғасуда.Негізінде шашыранды туберкулезді ересектерде бақылау флюрографиясында анықтауға болады.Сол себептен халық арасында скринингтік бақылауды міндетті түрде жүргізілу қажет.Миллиарлы түрі балаларда көп кездесетіндіктен жаңа туылған балаларда БЦЖ вакцинациясын уакытылы салынуын қадағалау қажет.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. “Фтизиатрия” Гельберг И. С., Вольф С.Б., Алексо Е.Н., Шевчук Д.В. - 2007.




  1. Г.К. Гусейнов Фтизиатрия: Учебник для студентов медицинских вузов. - Махачкала: Издательство «Лотос», 2014 г. - 143 страница

  2. Перельман М. И., Корякин В. А., Богадельникова И. В. П27 Фтизиатрия: Учебник.— 3-е изд., перераб. и доп.— М.: ОАО «Издательство «Медицина», 2004.— 520 с: ил.— Учеб. лит. для студ. мед. вузов. ISBN 5-225-04082-9

  3. http://vokpd.ru/assets/docs/info/mil.pdf

  4. https://ru.essays.club/%D0%95%D1%81%D1%82%D0%B5%D1%81%D1%82%D0%B2%D0%B5%D0%BD%D0%BD%D1%8B%D0%B5-%D0%BD%D0%B0%D1%83%D0%BA%D0%B8/%D0%9C%D0%B5%D0%B4%D0%B8%D1%86%D0%B8%D0%BD%D0%B0

  5. https://online.zakon.kz/


Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет