Орындаған: Кемелова Батима 2 курс



жүктеу 207.19 Kb.
Дата24.09.2017
өлшемі207.19 Kb.

Қазақ Технология және Бизнес университеті
Орындаған: Кемелова Батима 2 курс

Экология мамандығы

Әр түрлі дыбыстардың адам ағзасына әсері.


Бағыты: Қоршаған орта.

Жетекшісі:Ахаева Айнұр Акимханқызы.


Астана 2017 жыл
Мазмұны.



  1. Кіріспе ............................................................................................ 2-3 бет

  2. Негізгі бөлім

  1. Зерттеу объектілеріне жалпы сипаттама......4-8 бет

  2. Қазіргі кезде есту жүйесінің зерттелуі.............

  3. Шудың адам ағзасына әсері.............................

  1. Қорытынды..................................................................

  2. Ұсыныс .......................................................................................

  3. Пайдаланылған әдебиеттер..............................................................

  4. Көрнекілік материалдар................................................................


Аннотация

Мақсаты: Әр түрлі дыбыстардың құлақ арқылы адам ағзасына әсерін байқау. Дыбыстардың құлаққа ғана емес, адам ағзасына зиян екенін білу.

Гипотеза: Адам денсаулығын сақтау елдің экономикалық дамуы мен азаматтардың материалдық әл-ауқатына байланысты екені көрсетілді.

Зерттеу әрекетінің кезеңдері:

Дайындық: тақырыптың таңдалуы, мақсат пен міндеттердің алға қойылуы.



- зерттеу: тақырыптың қаншалықты зерттелгенін анықтау; Қазақстан Республикасының заңдарының және статистикалық мәліметтерінің адам денсаулығына қатысты анализі.

- Практикалық дыбысқағардың тірі организмдерге әсері анықталды, дыбысқағарды қолдану аясы анықталды және диаграммалар мен кестелер құрылды.

Зерттеудің жаңалығы және өзектілік деңгейі

- Дыбысқағардың адам ағзасына зиян екенін анықтау үшін тәжірбиелер жүргізілді.

- Дыбысқағармен тыңдағанда қысымның түсетінін бақылау үшін тәжірбие жасалды.

- Әулиекөл оқушыларының арасында сауалнама жүргізілді.

Жұмыстың нәтижесі мен қорытындысы.

- Кесте мен фото-суреттер арқылы дыбысқағармен тыңдағанда қысым түсетін жақтары көрсетілді.

- Дыбысқағарды күніне 1.5 сағаттан кем тыңдау, көп тыңдаса, әр сағат сайын 10 минут үзіліс жасау.

- Максималды қаттылығы 100 Дб алатын дыбыстарды пайдаланбау туралы заң шығару.

Нәтижені практикалық қолдану аясы:

Бұл жұмысты Қазақстанның адам денсаулығы туралы оқығанда, зерттегенде қолдануға болады.

Аннотация

Цель исследования: Определить воздействие различных звуков на организм человека и определить вредные воздействия не только на слух, но и на целый организм.

Гипотеза:

Показана зависимость сохранения здоровья от экономического развития страны и материального благосостояния граждан



Этапы, процедура исследования:

- Подготовительный: выбор темы, постановка цели и задач.

- Исследовательский: определение степени изученности темы; анализ законов Республики Казахстан и статистических данных, касающихся здоровья населения .

- Практический: определение воздействия наушников на живые организмы, определение степени потребления жителей наушниками, составление диаграмм и графиков

Новизна исследования и степень самостоятельности:

-проведены опыты для определения воздействия наушников на живые организмы

- проведены опыты для наблюдения снижения артериального давления человека после применения наушников

- проведен опрос среди учеников школ села Аулиеколь

Результаты работы и выводы:

-Показаны вредоносные стороны использовании наушников графиками и фотографиями

-Пользоваться наушниками нужно менее чем полтары часов в день, в иной ситуации делать перерыв каждый час по 10 минут

- Вынести закон о запрещении использовании наушников, громкость которых превышает 100 Дб



Область практического применения работы:

Работа может быть использована при изучении и исследовании о здоровье человека



Abstract

Objective: To determine the effects of different sounds on the human body and determine the adverse effects not only on the rumor, but on the whole organism.
Hypothesis:
The dependence on the health of economic development and material well-being of citizens

Stages of the procedure of study:
- Preparation: the choice of theme, setting goals and objectives.
- Research: determination of the degree of scrutiny topics, analysis of the laws of the Republic of Kazakhstan and the statistics relating to public health.
- Practical: Determine the impact of headphones on living organisms, determination of the degree of consumption of the inhabitants of headphones, drawing charts and graphs

The novelty of the study and the degree of independence:
-Conducted experiments to determine the effects on living organisms headphones
- Conducted experiments to monitor blood pressure after human use

headphones, A survey was conducted among school students sat Auliekol


   

 Results and conclusions:


Recently, malicious parties using headphones graphics and photos
-Use headphones need at least оne hour a day, in a situation to make a break each hour to 10 minutes
 - Remove a law banning the use of headphones, the volume of which exceeds

100 dB


The area of ​​practical application of:
The work can be used in the study and the study of human health

Кіріспе.
Өзектілігі:

Адам туылғаннан бастап, дыбыс әлемін қабылдай бастайды. Есту мен сөйлеу адамдар арасындағы қарым-қатынастың маңызды құралы, қоғамдағы адамдардың өзара қатынасының негізі болып саналады. Жаңа ғасыр–жаңа туындылар, жаңа идеялар, жаңа қиындықтар. Қазір болса, машиналар мен жабдықтардың саны өсіп, мөлшері үлкеюіне байланысты қоршаған ортада дыбыс көп тарап жатыр және жағымсыз факторлардың біріне айналуда. Өнеркәсіптік пен автомобиль шуы кеңінен зерттелсе де, қазіргі таңда дыбысқағардың зиянды жақтарын айтып, БАҚ шулауда. Ол қаншалықты зиянды? Ол адам ағзасына қалай әсер етеді? Міне, негізгі сұрақтар осында. Ал, енді өзектілігіне келсек:





  • Дүние жүзінде әрбір 10-шы адам есту аппаратының көмегінсіз ести алмайтындай халге жеткен.

  • Америкалық зерттеушілер жүргізген зерттеу бойынша 18 жасқа дейінгі балалардың 8%-ның есту қабілеті қалыпты жағдайдан төмен болып шықты.

  • Есту мүшесінің нашарлауы әдетте адамға білінбей, өте баяу жүреді.

  • Құлақ ауруларына душар болған адамдардың 90%-ның ішкі құлақтың құрылысы қайта қалпына келместей зақымданған.

  • Құлақ мүкістігі қалыпты жағдайда 60 жастан асқанда ғана байқалса, шулы ортада өмір сүретіндерде құлақ мүкістігі 40 жастан асқанда байқалған.

  • Құлақтағы шу мен ызыңды төмендетуге болады, бірақ толықтай одан айыға алмайсың.

  • Африканың бір тайпасын зерттеген американдық зерттеушілер қарт адамдарда құлақ мүкістігінің АҚШ қарттарына қарағанда кеш пайда болатыны байқаған.

  • Тыныш жерде өмір сүретін 1300 90-150 жастағы қарт адамдардың есту қабілетін зерттеген Г.З. Пицхелаури тек 7% ғана құлақ мүкістігі байқалғанын айтып өткен.

Бұл келтірілген фактілердің себебі, әрине, шу. Бұл шудың біз ағзаға кесірін тигізетінін білсек те, оның нақты қалай әсер ететінін білмейміз. Соңғы фактіде біз көп жасаған адамдардың құлақ естуінің жақсы екенін байқадық. Сонда шудың өмір ұзақтығына қандай байланысы бар екен деген сұрақ туындайды. Және де қатты шудан, би кештерінен кейін бастарыңыздың ауыратынын сезген шығарсыздар. Бұның себебі неде? Осындай түсініксіз сұрақтарға ғылыми тұрғыдан жауап беру осы ғылыми жұмыстың еншісінде.
Мақсаты: Әртүрлі дыбыстардың құлақ арқылы адам ағзасына әсерін байқау. Яғни, біз дыбысқағардың құлаққ зиян екекнін білеміз, оның есту мүшесіне ғана емес адам ағзасына зиянды екенін білу.

Міндеті: Осы мәселені шешу үшін салыстыру, талдау, сараптау, нәтижелеу. Ол үшін:

  • Зерттелуші обьектіні зерделеп, қарастыру. Құлақтың құрылысы, физиологиясы, дыбыс, дыбысқағар және оның құрылысы.

  • Қазіргі кездегі шудың зерттелуі, статистика мәліметтері және оның алдында жүргізілген тәжірибелер.

  • Шудың адам ағзасына әсерін бақылап, зерттеу жүргізу.

  • Алынған нәтижелерден ой қорыту.


Мәселе: Қатты шудың себепшісі дыбысқағардың тек құлаққа емес, құлақ арқылы адамның физиологиялық, психикалық әсер етуінің мүмкіндігі. М-лы: қысым, жүрек соғысы, температура ж/е т.б.

Зерттеу объектілеріне жалпы сипаттама.

Зерттелу объектілеріне құлақ: құлақтың анатомиясы,құлақ аурулары, физиологиясы; дыбыс: дыбыстың таралуы, сипаттамалары; дыбысқағар жатады.



Құлақ - есту және тепе-теңдікті сақтау мүшесі болып табылады. Ол самай сүйегінде орналасқан және үш бөліктен тұрады: сыртқы (auris externa) , ортаңғы (auris media) және ішкі (auris interna) құлақ. Құрылысы мен қызметіне қарай құлақта дыбыс өткізгіш және дыбыс қабылдағыш жүйелері анықталады. Дыбыс өткізгіш жүйеге сыртқы, ортаңғы құлақты, сонымен қатар ішкі құлақтағы жарғақты құрылымдармен перилимфалық және эндолимфалық кеңістіктерді жатқызамыз. Дыбыс қабылдағыш жүйеге ішкі құлақтағы Кортий мүшесі, мидағы есту жолдары мен ядролары, Гешля қыртысы жатады. Сондай-ақ ішкі құлақта тепе-теңдікті сақтайтын аппарат орналасқан. Сыртқы құлақ құлақ қалқаншасынан және сыртқы есту жолынан тұрады. Құлақ қалқаншасы есту жеделдігіне айқын әсер етпейді, сондықтан нашар еститіндер алақандарын құлағына апарып, дыбыс толқындарын сыртқы есту жолына бағыттайды. Сыртқы есту жолы дабылды-шеміршекті және сүйекті болып келеді. Дабылды-шеміршекті бөлігі 1-2 мм болады, онда түк, май және құлық бездері бар. Сыртқы есту жолы қисық орналасқандықтан сүйекті бөлігі мен дабыл жарғағын қарау үшін ересектерде артқа және жоғары, балаларда артқа және төмен тартып қарау қажет. Ортаңғы құлақ самай сүйегінде орналасқан және ол есту сүйекшелері бар тар қуыс .Ортаңғы құлақ үш бөліктен тұрады: дабыл қуысы, есту немесе евстахий түтікшесі, самай сүйегінің емізік тәрізді өсіндісі өзінің үңгірімен және ұяшықтарымен. Дабыл қуысы кілегей қабатпен қапталған, іші ауаға толы, ол есту түтікшесі арқылы енеді. Дабыл қуысының ішінде ауа толқындарын өткізуге қатысатын есту сүйекшелері бар: балғашық, төсше мен үзеңгі. Есту түтікшесі дабыл қуысын жұтқыншақтың мұрын-жұтқыншақ бөлігімен байланыстырады. Евстахий түтікшесі сүйекті және шеміршекті бөліктерден тұрады. Ол дабыл жарғағы мен мен ортаңғы құлақ қуысында қысымды атмосфералық қысыммен теңестіруге мүмкіндік береді. Осыған байланысты дабыл жарғағы дыбыс тербелістерін бұрмаламайды.

Ішкі құлақ самай сүйегінде тереңірек орналасқан жіңішке иірім өзек жүйесі (шытырман) болып табылады. Сүйек шытырманының (лабиринт) ішінде оның пішінін қайталайтын жарғақты шытырман орналасқан. Ішкі құлақ есту иірімінен, жартылай иірім өзектен, сопақтау және домалақ қапшық – вестибула аппаратынан тұрады. Иірім кі жарым орам құрайды. Иірімнің жарғақты бөлігінің қабырғаларының бірі ұзындығы әр түрлі 24 мың талшықтан тұрады. Әрбір талшық өз дыбысына жауап береді. Талшықтарда ұшында түкшелері бар жасушалар орналасады. Бұл – есту рецепторлары. Әрбір рецепторға есту жүйкесінің ұшы келеді.

Құлақ қалқаны дыбыс толқындарын қабылдап, есту жолына бағыттайды. Ол бойынша дыбыс толқындары дабыл жарғағына жетіп, механикалық тербеліске ұшырайды. Есту сүйекшелері жүйесі (балғашық-төстік-үзеңгі) арқылы тербеліс ішкі құлаққа жарғақты шытырманның сопақша кіреберісі арқылы беріледі, себебі оған үзеңгі тіреледі. Бұл тербелістер иірімдегі сұйықтың жылжуына әсер етіп, ол түкшелерді тербетеді. Осы кезде рецептор жасушаларының түкшелері жамылғы мембранасына жанасады. Рецепторларда қозу пайда болып, есту жүйкесі арқылы есту анализаторларының орталық бөлігіне-самай бөлігіне, үлкен ми сыңарларының есту аймағына беріледі. Осы жерде дыбыстың әр түрлі сипаты:оның үні, ырғағы, күші, жіңішкелігі, мағынасы талданады.

Адамның дыбыс өткізгіш аппараты өте күрделі механикалық жүйе. Ол ауаның аздаған тербелістеріне жауап беріп, оны дыбыс қабылдағыш жүйеге (кортий мүшесіне) жеткізеді, ал ол жерде дыбыс толқындары біріншілік талдаудан өтеді.

Дабыл жарғағы мен есту сүйекшелерінің негізгі қызметі ауадағы аз күшті көп амплитудағы дыбыс толқындарын сопақша терезелер арқылы барынша аз амплитудасымен, бірақ жоғары қысымда құлақ лимфаларына жіберу болып саналады. Дыбыс толқындарының әсер ету салдарынан ұлу сұйықтарында және мембраналарында күрделі қозғалыс болады. Ұлуда механикалық резонанс дамиды, соның салдарынан өте күрделі дыбыс қарапайым немесе жай дыбысқа ауысып, бөлінеді. Әрбір жиілік тонының негізгі мембранада өзінің шектелген орны болады және ол жүйке талшығын тітіркендіреді: төменгі дыбыс негізі мембрананың тербелісін ұлудың төбесінде тербеліске ұшыратса, Ал ортаңғы дыбыс ортасында ұшырайды.

Құлақ өте сезімтал мүше. Оның сезімталдғы сонша, біз дыбыс толқынының қысымы 0,000001 Па болған кездегі дыбысты қабылдай аламыз. Әр түрлі жиіліктегі дыбыс тербелістерін қабылдаудағы құлақтың сезімталдағы бірдей емес.



Шу (дыбыс) деген не? Шу деп түрлі жиіліктегі және қуатты дыбыстардың шым-шытырық қозғалысын айтады. Дабыл жарғағы мен есту сүйекшелерінің негізгі қызметі ауадағы аз күшті көп амплитудағы дыбыс толқындарын сопақша терезелер арқылы барынша аз амплитудасымен, бірақ жоғары қысымда құлақ лимфаларына жіберу болып саналады. Дыбыс толқындарының әсер ету салдарынан ұлу сұйықтарында және мембраналарында күрделі қозғалыс болады. Ұлуда механикалық резонанс дамиды, соның салдарынан өте күрделі дыбыс қарапайым немесе жай дыбысқа ауысып, бөлінеді. Әрбір жиілік тонының негізгі мембранада өзінің шектелген орны болады және ол жүйке талшығын тітіркендіреді: төменгі дыбыс негізі мембрананың тербелісін ұлудың төбесінде тербеліске ұшыратса, Ал ортаңғы дыбыс ортасында ұшырайды. Адамның дыбысты қабуылдауы субъективті болып есетеледі. Дыбыстың субъективтілік сипаттамамасы – оның қаттылығы, жоғарылығы және тембрі. Дыбыстың қаттылығы дыбыс толқынына, құлақтың сезімталдығына байланысты. Ол децибелмен (дБ) өлшенеді. Құлаққа қабылдайтын дыбыс толқындарының толық диапазоны 0-ден 130 дБ-ге дейінгі қаттылыққа сәйкес келеді. Дыбыс толқындарының биіктігі секундына қанша тербеліс жасағанына байланысты және ол герцпен (Гц) өлшенеді. Адамның есту талдағышы 16-дан 20000 Гц немесе 10,5 октаваға тең дыбыс толқындарын қабылдайды. Дыбыс тербелімінің жиілігі 16 гц-тен төмен болса, оны инфрадыбыс деп атайды. Олар құлаққа естілмегенімен адамдардың ішкі мүшелеріне күшті әсер етіп, жұмыс ырғағын өзгертеді. Тәжірибе жүзінде инфрадыбыстың жиілілік аймағы төменгі (16 гц төмен) жағынан шектелмеген. Табиғатта 1 гц-тың 10-дық тіпті 100-дік үлесіндей инфрадыбыстық тербелістер кездесе береді. 20000 Гц-тен жоғарғы жиіліктегі дыбыс толқындары ультрадыбыстарға жатады. Тембр-дыбыс көзіне байланысты оның құбылуы. 5-9 гц аралығындағы дыбыс тербелістері бауырдың, қарынның, талақтың тербелімін көбейтіп кеуде клеткаларын ауыртады. Тербелімі 12-14 гц дыбыстар құлақтың зыңғылын көбейтеді. Американдық ғалым Роберт Вуд спектакль жүріп-жатқан залда жиілігі секундына 13 гц дыбыс таратқанда көрушілердің бәрі түсініксіз үрей сезінгендерін айтқан.

Сен, әртүрлі дыбыс көздерінің дыбыс деңгейін білесің бе?

Кесте 1


Дыбыс көзі


Қаттылығы, Дб

Сыбырласу


20

Әңгімелесу


50

Тігін машинасының шуы


70

Сынып шуы


70

Автомобиль шуы


70-80

Поезд, мотоцикл шуы


80-90

Рок-концерт

110

Орталық көшедегі қала шуы


110

Ұшақ шуы


130


Дыбысқағар (ағыл. headphone) әуен, дыбыстық сигналды тыңдауға арналған құрылғы. Электрсигналдарды жіберу бойынша сымды және сымсыз болып бөлінеді. Сондай-ақ стереофондық, монофондық болып бөлінеді. Акустикалық жарақтандыруы бойынша 3 типке бөлінеді. Ашық типті дыбысқағар ішкі құлаққа қысым жасамайды, қоршаған ортасына үлкен қаттылықпен қоймаса, кедергі келтірмейді. Жартылай ашық типті дыбысқағар ашық және жабық типті дыбысқағарлардың ерекшеліктеріне ие. Жабық типті дыбысқағар сыртқы дыбыстарды естіртпейді, яғни дыбыстек дыбысқағардан ғана келеді. Дыбысқағарлардың орташа жиілік интервалы 18- 20000 Гц, қазіргі кезде 5-60000 Гц жиілікті қабылдайтын дыбысқағарлар шығуда. Дыбысқағардың кемшілік тұстары: дыбыс тек құлаққа кіргендіетен, ол дыбыстың жасандығына әкеліп, адамды тез шаршатады. Ал, ең негізгі кемшілік дыбысқағар тікелей дабыл жарғағына емес, дабыл қуысына өтетіндіктен қатты шу кішкентай қаттылықтың өзінде құлаққа ауырлық тигізеді. Яғни, сыртқы ортадан шыққан қатты дыбысқа қарағанда, тікелей

дабыл қуысына жететін аз жиіліктегі шудың салдары құлақ мүкістігіне, тіпті саңыраулыққа әкелуі мүмкін. Сондай-ақ дыбысқағарды тыңдау келеңсіз жағдайларға әкелуі мүмін. Мысалы, жолда келе жатқан автомобильді , қажет дыбыстарды естімеу, апаттарға әкеліп соғады.



Шудың адам ағзасына әсері.

Алда келтірілген зерттеу обьектілерін пайдаланып, ғылыми жұмыстың негізгі мақсатына жету үшін практикалық жұмыстарға келейік. Алдымен, кімнің және қанша уақыт дыбысқағарды тыңдайтынын білу үшін сауалнама (опрос) жүргізгенде: 15-17 жастағы 20 азаматың 18-і дыбысқағарды күнделікті тыңдайтынын айтқан. Уақытқа келер болсақ бір күндегі дыбысқағарды тыңдау: 10 азаматта- 1-2 сағат, 3азаматта- 3-5 сағат, 1 азаматта- 5-7 сағат, 2 азаматта-7-9 сағат. Ал 3 оқушы 1-1,5 сағаттық үзіліспен күні бойы тыңдайтынын айтты. Тек бір ғана оқушы дыбысқағарды 1 сағаттан кем тыңдаймын деп жауап берген.



Қатты және ұзақ шу жүйке энергиясының біршама жоғалуына әкеліп соғады, жүрек-тамыр жүйесіне зақым тигізіп, ұмытшақтық пайда болып, құлақтың естуі, жұмысқа қабілеттілік нашарлайды. Ақыл-естің дамуы тежеледі.1 Осыған дәлел болатындай шынында да қатты шудың адам ағзасына қалай әсер ететінін байқап көрейік.Ол үшін дыбысқағардың артериалды қысымға, теператураға, жүрек соғысының жиілігіне қатысы бар ма екенін тексеру жүргіздім.

  • Артериалды қысым. Тексеріс үшін жиырма бес оқушыны алып, олардың артериалды қысымын өлшедім. Сондағы орташа қысым 110\70 болды. Яғни, оқушы үшін қанағаттандырлықтай қысым. Ал, 45 минут дыбысқағарды тыңдағаннан кейінгі артериалды қысым көбісінде 90\60 болып түсті. Бұдан біз дыбысқағарды тыңдағаннан немесе қатты шудан кейін неліктен басымыздың ауырып, айналатынын білген сияқтымыз. Бұның себебі: қатты шудың құлақ арқылы артериалды қысымға әсер етуі. Қатты шу 10 минуттан кейін мида жүйке ауруы-эпилепсиямен ауыратындарда болатын өзгерістерге әкеледі. Шу жүйке жүйесін күштірек, көбірек нашарлауына әкелетіндей қасиетке ие.2 Төмен артериалды қысымның белгілері жоғары деңгейдегі жарық, шу, айғайдан бас айналуынан болады.3


Зерттелген объектілерге жалпы сипаттама
Кесте 2

Жасы

Қатысушылар саны

Тәжірибе кезіндегі уақыт

13-17

25

30 минут




Кесте 3

Тыңдаушылар саны

Қысымның төмендеу деңгейі


Бастапқы

Кейінгі

1

Өзгеріссіз




6

110-80

90-70

7

120-80

90-60

5

110-70

90-60

4

110-70

100-60

2

114-67

90-60



1 Крутецкий В.А., «Психология», Москва, Просвещение, 1986
2 Анисимова В.С., Бруновт Е.П., Реброва Л.В., «Самостоятельные работы учащихся по анатомии физиологии и гигиене человека» Москва, Просвещение, 1987
3 www.onegagipertonic.ru\a\8


  • Жүрек соғысының жиілігі. Тыныш жерде өмір сүретін 1300 90-150 жастағы қарт адамдардың есту қабілетін зерттеген Г.З. Пицхелаури тек 7% ғана құлақ мүкістігі байқалғанын айтып өткен.Бұл келтірілген фактілердің себебі, әрине, шу. Бұл шудың біз ағзаға кесірін тигізетінін білсек те, оның нақты қалай әсер ететінін білмейміз. Соңғы фактіде біз көп жасаған адамдардың құлақ естуінің жақсы екенін байқадық. Сонда шудың өмір ұзақтығына қандай байланысы бар екен деген сұрақ туындайды. Оған қоса, мынаны қараңыз. Көрнекті ғалымдардың айтуы бойынша:

  • Шу ерте кәрілікке себепші болады. Жүз жағдайдың отызында үлкен қалалардағы адамдардың өмірі 8-12 жасқа қысқарған.4 Сондағы себепті мына тексерістен көруге болады. Ол үшін мен 5 ұл және 5 қыз баланы зерттеуге алдым. Мұндағы мақсат: дыбысқағарға дейінгі және дыбысқағардан кейінгі жүрек соғысының жиілігін тексеріп, салыстыру, қорытындылау.


Қалыпты жағдайдағы жүрек соғысының жиілігі

Кесте 4

Ұл балалардағы қалыпты жүрек соғысының жиілігі.

Қыз балалардағы қалыпты жүрек соғысының жиілігі.

60-80

65-85 немесе 70-90



Уақыт

Жынысы


Қалыпты жағдайда

5 минуттан соң

10 минуттан соң

15 минуттан соң

20 минуттан соң

Ұл бала

69

74

75

76

77

Қыз бала

76

80

81

82

83

Көріп отырғанымыздай, бастапқы ұл баланың соғу жиілігі- 69, қыз балада- 76. Бұл жақсы көрсеткіш. Себебі, тамыр соғысының жиілігі қалыпты жағдайда 60-80 рет. Бірақ әйелдерде еркек адамдардан қарағанда 5-10 соққыға жиірек келеді. Енді дыбысқағарды 5 минут тыңдағаннан соң тамыр соғысының жиілігін байқайық. Сонда оның жиілігенін байқаймыз. Ұл баланыкі 5 соққыға, қыз баланыкі 4 соққыға жиі.



  • Ұл баланың көрсеткіші: 10мин.-75-ке, 15мин.-76, 20мин.-77 соққыға жиілеген. Яғни, алғашқы 5 минуттан соң, әрбір 5 минутқа 1 соққыдан тиесілі екенін байқаймыз.

  • Қыз баланың көрсеткіші: 10 мин.-81, 15мин.-82, 20 мин.-83 соққы. минутқа 1 соққы келіп тұр.

Сонда алғашқы 5 минуттан соң, әрбір 5 минутқа 1 соққы келіп тұрса, біз жүрек соғысы қанағаттандырылмаған жағдайда 19 және одан да жоғары жиілік екенін қарастырсақ, мынаған көз жеткіземіз.

Ол үшін, ұл балаға: 69+19=88. Бұл қанағаттандырмайтын көрсеткіш. Яғни,88 соққы адам ағзасына зиянды. 88-74=14, 14*5=70. 70мин.=1 сағ. 10 мин+ 5мин.1 сағ. 15 мин. Бұдан ұл баланың 1 сағ. 15 минут дыбысқағарды тыңдаса, оның адам ағзасына әсерін байқаймыз.

Қыз балаға: 76+19=95. Яғни, қыздар үшін 95 соққы зиянды. 95-80=15, 15*5=75. Бұл қыз баланың 1 сағ. 20 минут дыбысқағарды тыңдау зиянды екенін көрсетеді.




4 Анисимова В.С., Бруновт Е.П., Реброва Л.В., «Самостоятельные работы учащихся по анатомии физиологии и гигиене человека» Москва, Просвещение, 1987

Бірақ бұл неге әсер етеді деген сұрақ туындайды. Бұл ғылыми жұмыстың ең басында айтылып кеткен өмір сүру ұзақтығына байланысты. Өзектілігіндегі ең соңғы мәліметтегі қарт адамдардың есту мүшесінің жақсы екенін байқағанбыз.

Сонда қатты шудың әсерінен жүрек соғысы жылдамдайды. Ал, ғалымдардың пайымдауынша, адам ағзасы, яғни жүрек жұмысы 150-160 жасқа дейін өмір сүре алады. Ал, жүрек соғысының тым тез жұмыс істеуі адам өмірін қысқартады. Яғни, қатты дыбыс адамның өмірін қысқартады деген гипотеза туады.
Температура. Зерттеу барысында дыбысқағардың температураға қатысы жоқ екені анықталды.

Қорытынды.
21 ғасыр технологияның дамуымен қатар адам денсаулығының , өмірінің, психикасының өзгеруіне, жаңа сипат алуына жағдай жасап отыр. Сол жағымсыз әсерлердің ішіне біз қатты шуды да жатқызамыз. Тек өнеркәсіптік шу ғана емес, автомобиль, дискотекадағы қатты әуендер, дыбысқағардың шуы да бұл мәселеге өз септігін тигізуде. Қатты дыбыстар жұмыс жасауға, ойлауға, демалуға кеселін тигізеді.Бұрын дыбысқа (шуға) көп көңіл бөлмей оның мәдениетпен техниканың айырылмас жолсерігі, одан құтылудың жолы жоқ деп есептейтінбіз. Ал, ендігі кезде шудың жағымсыз әсер беретінін білдік.

Зерттеу жұмысының мақсатына жету үшін, яғни, дыбысқағардың адам ағзасына әсерін білу үшін: қысым, температура, тамыр соғысының жиілігі сияқты параметрлер алынды. Сондағы екі параметр (қысым, тамыр соғысының жиілігі) адам ағзасына әсер етті. Ал, температура ешқандай әсер берген жоқ. Сондай-ақ, біз қатты шудың тек есту жүйесіне ғана емес, өмір жас ұзақтығына, артериалды қысымға тәуелді екенін байқадық.

Алдағы уақытта би кешінен кейін осы параметрлерге қоса, демалу жиілігі және басқа да параметрлерді қосып толықтыра зерттеу ойда бар.

Ұсыныс.


  • Әуенді ақырын қойып тыңдаңыздар. Яғни, 80%-дан қатты дыбыстан аспауы тиіс және сіз дыбысқағар тыңдағаңызда, маңызды дыбыстарды естімей қалуыңыз мүмкін.

( Мысалы:машина сигналы)

  • Дыбысқағарды күніне 1,5 сағаттан кем тыңдауға тырысыңыз.

  • Одан көп тыңдасаңыз, әр сағат сайын 10 минут үзіліс жасағаныңыз дұрыс. Немесе, 2-3 сағатта 30-40 минут үзіліс жасау. Және де шаршап, басыңыз ауырса, дем алған дұрыс.

  • Максималды қаттылығы 100 Дб асатын дыбысқағарды пайдаланбау туралы заң шығару. Мұндай заң Еуропа елдерінде жүзеге асырылуда.

Пайдаланылған әдебиет


  1. Крутецкий В.А. Психология .- Москва: Просвещение, 1986 жыл.

  2. Анисимова В.С., Бруновт Е.П., Реброва Л.В. Самостоятельные работы учащихся по анатомии физиологии и гигиене человека. Москва: Просвещение, 1987 жыл.

3.Жандар Керімбектің Ермаханы. Тәнтану. Адам анатомиясы.

-Алматы: Білім, 2004 жыл.

4.Амангелді Күлімбетов.Балалардағы құлақ аурулары. -Алматы:

Алаш,2007 жыл.

5.Плужников М., Рязанцев С.Среди запахов и звуков», -Москва:

Молодая гвардия,1991 жыл.

6.- Алматы: Мектеп,Биология: Жалпы білім беретін мектептің 8

сыныбына арналған оқулық. 2008 жыл.

7.www.google.ru

8.www.google.kz

9.www.onegagipertonic.ru\a\8



Түсіндірме

Ғылыми жұмыстың тақырыбы ретінде қазіргі уақыттағы өзекті мәселелердің бірі болып табылатын адам денсаулығын қорғауға байланысты таңдап алынған . Ғылыми жұмыста осы мәселенің еліміздегі жағдайы қарастырылған. Соған сәйкес осы мәселені шешу үшін ұсыныстар келтірілген.


Темой научной работы выбрана одна из актуальных проблем связанной с защитой здоровья человека . Научная работа рассматривает ситуацию в нашей стране относительно данной проблемы. Так же представлены предложении для решении этой проблемы.
The topic of research chosen one of the most pressing issues related to human health. Science paper examines the situation in our country regarding this issue. Just submitted the proposal for solving this problem.

Ғылыми зерттеу журналы
Тақырыбы: « Әр түрлі дыбыстардың адам ағзасына әсері »

Мақсаты:Әртүрлі дыбыстардың құлақ арқылы адам ағзасына әсерін байқау. Яғни, біз дыбысқағардың құлаққ зиян екекнін білеміз, оның есту мүшесіне ғана емес адам ағзасына зиянды екенін білу.
Зерттеудің міндеттері. Алдыға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін келесі міндеттерді орындау қажет болды:

- Дыбысқағардың адам ағзасына қалай әсер ететінін анықтау

- Дыбысқағардың адам ағзасына әсер ету ерекшеліктерін анықтау

- Әулиекөл ауылындағы оқушылардың дыбысқағарды қандай деңгейде қолданатынын анықтау






Зерттеу объекті

Жұмыстың мазмұны

Мерзімі

1.

Тақырыптың таңдалуы

Ғылыми жоба тақырыбының талдауы және мақсаттың қойылуы

Қыркүйек

2011ж


2.

Материалдарды өңдеу

Тақырыпқа сәйкес материал жинау; мақсат пен міндеттерді нақтылау; жұмыстың құрылымын құру.

қыркүйек

3.

Деректемелермен жұмыс

Жиналған материалдарды зерттеу

Жыл бойы

4.

Практикалық жұмыс

Тәжірибелер жасау; сауалнамалар жүргізу

Жыл бойы

5.

Жұмыстың жазылуы мен безендірілуі

Ғылыми жұмыстың мәтінінің жазылуы және талаптарға сай безендірілуі

Қараша айынан бастап




Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Беткі сулардың сапасын талдау: НҰра өзені алабының мысалында
publications -> Этносаралық Үйлесімділік жүйесіндегі саяси-мәдени механизмдердің орны әлеуметтік ғылым магистрі, аға оқытушы Сыздықова С. М
publications -> Қазақ әдебиетін дәуірлеу мәселесі Темірбай Мұқашев
publications -> Спортшылардың интеллектуалдық ой өрісі және оның спорттық Қызметтегі маңыздылығы абусейтов Бекахмет Зайнидинович
publications -> Ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа бағыттары түйін Мақалада ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа жолы «Агробизнес 2020»
publications -> Қазақстандағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік: құқықтық реттеу
publications -> 1 қаңтар 2012, 12: 09 Бұл дағдарысты әлем экономикасының уақытша тежелуі деп түсіну қажет 49
publications -> Қазақстандағы корей тілін оқытуда интерактивті құралдарды қолдану әдісі
publications -> Әож 378-1а оқУ Үрдісінде мультимедиялық ҚҰрылғыларды қолданудың Қажеттілігі
publications -> Үндістан-Бангладеш қарым-қатынастарының кейбір астарлары


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет