Орындалды – 12), 10 іс-шара– 2018 жылдың екінші жартыжылдығында



жүктеу 0.49 Mb.
бет1/3
Дата21.04.2019
өлшемі0.49 Mb.
  1   2   3


Жалағаш ауданы әкімінің 2018 жылға арналған іс-қимыл

жоспарын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы

Барлығы93 іс-шараның орындалу бөлінісі төмендегідей болды:

- 12 іс-шара - 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында (орындалды – 12),

- 10 іс-шара– 2018 жылдың екінші жартыжылдығында (орындалды - 10),

- 62 іс-шара – 2018 жыл көлемінде (орындалды - 62),

- 8 іс-шара – тоқсан сайын (орындалды - 8),

- 1 іс-шара - 2018-2019 жылдар аралығында (орындалды - 1).





Іс-шараның атауы

Іс-шараның орындалуы

Жауапты

орындаушылар



Шағын және орта бизнесті дамыту

1

“Бизнестің жол картасы-2020”, “Еңбек” нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламаларын жүзеге асыру аясында көрсетіліп жатқан мемлекеттік қолдау шараларын аудан кәсіпкерлерінің алуына көмектесуді қамтамасыз ету

Орындалды

Аудан бойынша 2018 жылдың 12 айында мемлекеттік және өңірлік бағдарламар аясында 280 жоба 3 млрд 101,8 млн теңгеге қаржыландырылды. Оның ішінен «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарлама аясында 9 жоба 459,6 млн теңгеге және «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламаламасы аясында 162 жоба 510,5 млн теңгеге қаржыландырылды. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының мемлекеттік гранттар беру бағыты бойынша 26 жоба 21,5 млн теңге қайтарымсыз грантқа ие болды.



“Жалағаш аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі” КММ

“Жалағаш аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарла-малар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” КММ

Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары Р.Ержанов


2

“Серпін” индустриялды аймаққа кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын орналастыру

Орындалды

«Серпін» аграрлы-индустриялды аймағына тиесілі 22,0 гектар жер телімінің 5,0 гектары инженерлік инфрақұрылым жүйесіне тиесілі, 12,7 гектары кәсіпкерлерге табысталды. Бүгінгі күнге индустриялды аймақтың жалпы жер телімінің 19,5% немесе 4,3 гектары пайдаланылмауда.

Аграрлы-индустриялды аймақтың 2,0 гектар жерінде жалпы құны 91,0 млн.теңгені құрайтын 4 өндіріс кәсіпорындары іске қосылып, 40 адам жұмыспен қамтылған.

«Серпін» индустриялды аймағының 10,7 гектар жеріне жалпы құны 557,0 млн.теңгені құрайтын 12 жоба іске асыру жоспарлануда. Аталған жобаларды жүзеге асыру үшін қажетті жер телімдері толық табысталды. Қосымша 93 жаңа жұмыс орны ашылатын болады.

Бұл жобалардың ішінен құны 256,0 млн.теңгені құрайтын 6 жобаның құрылыс жұмыстары басталды. Қалған 6 жобаның құрылысы 2019 жылдың бірінші жарты жылдығында басталатын болады.


“Жалағаш аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі” КММ

Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары Р.Ержанов



3

Өңдеу өнеркәсібін дамыту мақсатында өнім өндіруші кәсіпорындарын ашу және заманауи әдістерді пайдалана отырып, әлсіреп бара жатқан кәсіпорындардың жұмысын жандандыру

Орындалды

2018 жылы өңдеу өнеркәсібі саласында «Таң ЛТД» ЖШС-нің тәулігіне 100 тонна күріш ақтау цехы, «Манақ Баба» ШҚ-ның оазистік суару және энергия өндіру фермасы, «Нұр» ШҚ-ның күріш ақтау цехы, «Сержан Газ Строй» ЖШС-нің темір бұйымдарды және тұрмысқа қажетті заттарды дайындау цехы, жеке кәсіпкер Н.Серікұлының сүт қабылдау және өңдеу пункті іске қосылып, 37 жаңа жұмыс орны ашылды.



“Жалағаш аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі” КММ

Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары Р.Ержанов



4

Жалағаш ауданында 2018 жылға арналған кәсіпкерлікті дамытудың Жол картасын жүзеге асыруды қамтамасыз ету

Орындалды

Жалағаш ауданында 2018 жылға арналған кәсіпкерлікті дамытудың Жол картасының жүзеге асырылуы бөлім тарапынан бақылауға алынып, орындалуы туралы ақпарат облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасына ұсынылды. Сондай-ақ, жол картаның орындалуы аудан әкімінің мәжілісінде уақытылы қаралды.



“Жалағаш аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі” КММ

Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары Р.Ержанов



5

Жастар және мүмкінділігі шектеулі азаматтарды кәсіпкерлік қолдау бастамасымен қамтамасыз ету

Орындалды

2018 жылы жұмыспен қамту орталығына жұмыс іздеуші ретінде 16-29 жас аралығында 923 жастар хабарласқан. Олардың 367-і тұрақты жұмысқа орналастырылды, 112-і қоғамдық жұмыстарға жіберілді.

Жастардан 26 адамға 83,5 млн.теңге шағын несие берілді.


“Жалағаш аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарла-малар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” КММ

Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары Р.Ержанов



6

Кәсіпкерлерді қолдау орталығы арқылы кеңес беру қызметін көрсетуге ықпал ету

Орындалды

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының менеджері арқылы жыл басынан ауданнан 128 кәсіпкер кеңес және 148 кәсіпкер көмек алған.



Оның ішінен техникалық шарт алуға 26 көмек,1 кеңес, жер мәселесі бойынша 47 көмек, 75 кеңес, сәулет және қала құрылыс мәселесіне байланысты 45 кеңес, 36 көмек, несие алуға жобаларды сүйемелдеу бойынша 35 кеңес, 11 көмек алынған.

“Жалағаш аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі” КММ

Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары Р.Ержанов



Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау

7

Ауданда жұмыссыздық деңгейін 5,0 пайызға дейін төмендетуге шаралар қабылдау

Орындалды

Экономикалық белсенді халық саны - 17770, жұмыспен қамтылған - 16862, оның ішінде жалдамалы қызметкер - 8496, өзін-өзі қамтығандар - 8366, жұмыссыздар - 908, жұмыссыздық деңгейі 5,1 пайыз.

Жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламалар аясында 278 жоба 3,7 млрд теңгеге қаржыландырылды. Нәтижесінде 415 жаңа жұмыс орыны ашылды.


“Жалағаш аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарла-малар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” КММ

Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары Р.Ержанов



8

2018 жылы экономика салаларында 695 жаңа жұмыс орнын ашуды қамтамасыз ету

Орындалды

2018 жылға 695 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланған. 2019 жылдың 1 қаңтарына 733 жұмыс орны ашылды, оның ішінде ауыл шаруашылығы саласы-161, өнеркәсіп-28, көлік және қоймалау-35, құрылыс-4, көтерме және бөлшек сауда, авто және мотоцикл жөндеу-44, білім беру-4, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер-2, экономикалық қызметтің басқа түрлері-417, уақытша және маусымдық орындар-38.



“Жалағаш аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарла-малар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” КММ

Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары Р.Ержанов



9

Ауданда белгіленген кестеге сәйкес жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекті есептеуді, әлеуметтік келісім шарттарды орындау арқылы еңбекке жарамды жанұя мүшелерінің жұмыспен қамтылуына жәрдемдесудің белсенді шараларын қабылдау

Орындалды

Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекке 491 отбасынан құжаттар қабылданып, дерекқорға енгізілді. Оның ішінде 8 отбасының кедейлік шегінің табысының асып кетуіне, 2 отбасының табысын жасыруына байланысты бас тартылды.



“Жалағаш аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарла-малар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” КММ

Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары Р.Ержанов



10

Мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп еңбек заңдылықтарының бұзылу фактілеріне, әсіресе ауданның кәсіпорындары мен ұйымдарында жалақының уақытылы төленбеу жағдайына тездетіп әрекет ету

Орындалды

2018 жылы меморандумға отырған шаруашылықтар мен ұйымдарда жұмысшыларды қысқарту орын алған жоқ.

Жалағаш ауданы бойынша жұмыс берушілердің есепті мерзімге жұмысшы,қызметкерлерге еңбек ақыдан қарызы жоқ.


“Жалағаш аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарла-малар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” КММ

Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары Р.Ержанов



11

Халықтың әлеуметтік осал тобынан шыққан студенттерге аймаққа қажет мамандықтар бойынша оқуына әлеуметтік көмек көрсету

Орындалды

Қазақстан Республикасының білім беру мекемелерінде, өңірге қажет мамандықтар бойынша аз қамтылған (нысаналы) отбасылардан шыққан 24 студентке білім беру қызметіне 13191,8 мың теңге әлеуметтік көмек төленді.




“Жалағаш аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарла-малар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” КММ

Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары Р.Ержанов



12

2018 жылдың 1 шілдесінен бастап кәмелетке толған 1 топтағы бала жасынан мүгедектерді күтуші ата-аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақының енгізілуіне байланысты қажетті жұмыстарды атқару

Орындалды

2018 жылдың 1 шілдесінен бастап кәмелетке толған, бала кезінен бірінші топ мүгедек азаматтарға күтім жасағаны үшін төленетін жәрдемақыларды тағайындауға байланысты 31 азаматтардан тиісті өтініштер қабылданды. Қамқоршы тағайындалған адамдарға есеп шоттары ашылып, толық құжаттары рәсімделді.



“Жалағаш аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарла-малар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” КММ

Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары Р.Ержанов



13

Жұмыспен қамту орталығының жұмыстарына өзгерістер енгізу және “Электронды еңбек биржасы” интернет-ресурсына өтуді қамтамасыз ету

Орындалды

Аудандық жұмыспен қамту орталығы “Электронды еңбек биржасы” интернет-ресурсымен жұмыс жасауда.



“Жалағаш аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарла-малар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” КММ

Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары Р.Ержанов



14

Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, соғыс кезінде қайтыс болған немесе хабарсыз кеткен әскери қызметшілердің жесірлеріне, сондай-ақ тылда кемінде алты ай жұмыс істеген еңбек ардагерлеріне әлеуметтік қолдау көрсетуді жалғастыру

Орындалды

Тылда кемінде алты ай жұмыс істеген 230 еңбек ардагерлеріне 2018 жылға коммуналдық қызметтерге 16594,5 мың теңге төленді.



“Жалағаш аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарла-малар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” КММ

Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары Р.Ержанов



15

Қызылорда облысында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2017-2018 жылдарға арналған Жол картасының орындалуын қамтамасыз ету

Орындалды

2019 жылдың 1 қаңтарына 888 жеке оңалту бағдарламасы даярланып, 593-і немесе 67% орындалды. 2017 жылдың ауыспалы ЖОБ қоса есептегенде 1161-і орындалды.

Жыл басынан 268 мүгедек міндетті гигиеналық құралдармен, 58 мүгедек санаторлы-курорттық емдеу жолдамасымен, 71 мүгедек тифлотехникалық құралдармен, 37 мүгедек сурдотехникалық құралдармен, 65 мүгедек таяқпен, 11 мүгедек балдақпен, 8 мүгедек жетек арбамен, 41 мүгедек кресло арбамен, 109 мүгедек протездік-ортопедиялық бұйымдармен қамтамасыз етілді. Есту кемістігі бар 3 мүгедекке 1 ымдау тілі маманы, жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы 81 мүгедекке 79 жеке көмекші «Сыр шарапаты» қоғамдық қоры арқылы қызмет көрсетілді. «Инва такси» қызметі ұйымдастырылды. 2018 жылға әлеуметтік такси қызметіне республикалық бюджеттен 249,1 мың теңге, жергілікті бюджеттен 2470,0 мың теңге қаржы қаралып толық игерілді.

Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу бойынша 51 мүгедек баланың ата-анасына 2469,4 мың теңге төленді.

Облыстық мүгедектерді оңалту орталығына 50 мүмкіндігі шектеулі азаматтар жолдамамен жіберілді. 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балалардың 15-і «Альтаир-Бөбек» қоғамдық қоры арқылы қызметпен қамтылды.

Аудан бойынша 2019 жылдың 1 қаңтарына 118 мүмкіндігі шектеулі адамдарға, оның ішінде 18 жасқа дейінгі 63 балаға үйден әлеуметтік қызмет көрсетілді.



“Жалағаш аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарла-малар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” КММ

Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары Р.Ержанов



16

Қазақстан Республикасының “Халықты жұмыспен қамту туралы” Заңымен белгіленген жалпы жұмыс орындарының 2-4 пайыз шеңберінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квотаның орындалуын бақылау

Орындалды

2018 жылы жұмыс іздеуші ретінде тіркелген мүмкіндігі шектеулі азаматтар 56 адам, оның 43 адам тұрақты жұмысқа орналасқан, 21 адам қоғамдық жұмысқа тартылды, 4 адам жастар тәжірибесіне, 4 адам қысқа мерзімді кәсіптік оқуға жолданды, 1 адам шағын несие алған. Квота бойынша 5 адам тұрақты жұмысқа орналасты.



“Жалағаш аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарла-малар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” КММ

Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары Р.Ержанов



Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жолымен өзін-өзі қамтыған азаматтар санын азайту

17

Бейресми жұмыспен қамтылған халықты заңдастыру

Орындалды

2018 жылдың 1 қаңтарына аудан бойынша мәртебесі анықталмаған 4416 адамның 2019 жылдың 1 қаңтарына 3444 немесе 78 пайызы өзектендірілді. Есепті мерзімге қалып отырғаны 972 адам.




“Жалағаш аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарла-малар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” КММ, кент, ауылдық округі әкімдері

Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары Р.Ержанов



18


“Бизнестің жол картасы-2020” және “Еңбек” нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламалары аясында кәсіпкерлік негіздеріне оқыту ұйымдастыру

Орындалды

Екінші бағыт: жаппай кәсіпкерлікті дамыту.

2018 жылы 168 өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамға 527,8 млн.тг. микрокредит берілді.

Микрокредит алғандардың ішінен 142 адам немесе 85%-ы кәсіпкер атанып, жеке ісін ашты.

2018 жылы ауданда алғаш рет бағдарламаға қатысушыларды кәсіпкерлік дағдыларына оқыту, сондай-ақ олардың бизнес жобаларын сүйемелдеу бойынша «Бастау Бизнес» жобасы іске асырылды.

Жоба аясында кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен 170 адамды қамту жоспарланса, 183 адам жолданды. Соның ішінде 170 оқытуды аяқтап, сертификаттарын алды, 13-і оқудан шығарылды.

Жоба аясында оқуды аяқтаған 170 адамның 35-і (20,6%) шағын несие алып өз кәсіптерін ашты.

2018 жылдан бастап жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беруге аудан бойынша 70 жобаға 16,8 млн.теңге қаржы бөлініп, толық қаржыландырылды.


“Жалағаш аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарла-малар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” КММ, кент, ауылдық округі әкімдері

Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары Р.Ержанов



Көлік және тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту

Сумен қамтамасыз ету

19

М.Шәменов және Мырзабай ахун елді мекендерінің сумен жабдықтау жүйелерін қайта жаңғырту және кеңейту жұмыстарын аяқтау

Орындалды

М.Шәменов және Мырзабай ахун елді мекендерінің сумен жабдықтау жүйелерін қайта жаңғырту және кеңейту жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді.



“Жалағаш ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі” КММ

Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары А.Дәрібаев



20

Жаңадария, Аққыр, Т.Жүргенов елді мекендерінің ауыз су жүйесін қайта жаңғыртуға республикалық бюджеттен қаржыландыру үшін жоба-сметалық құжаттарын облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына ұсыну

Орындалды

Жаңадария, Аққыр, Т.Жүргенов елді мекендерінің ауыз су жүйесін қайта жаңғыртуға республикалық бюджеттен 298,0 млн.теңге бөлініп, жұмыстары басталды. 2019 жылы жобаларды аяқтауға республикалық бюджеттен 722,1 млн.теңге бөлінді.




“Жалағаш ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі” КММ

Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары А.Дәрібаев



21

Жаңақоныс және Далдабай елді мекендерінің ауыз су жүйесін жаңадан салуға жобалау-сметалық құжаттар әзірлеу

Орындалды

Жаңақоныс және Далдабай елді мекендерінің ауыз су жүйесін жаңадан салуға жоба-сметалық құжаттар әзірленіп, сараптамадан өткізілді. Облыстық энергетика басқармасына бюджеттік өтінім тапсырылды. Жоба құны 722,3 млн.теңге.



“Жалағаш ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі” КММ

Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары А.Дәрібаев



Электр қуатымен қамтамасыз ету

22

Аққұм, Мәдениет, Бұқарбай батыр, Аққыр, Жаңаталап, Жаңадария елді мекендерінің электр жүйелеріне қайта жаңғырту жұмыстарына жобалау-сметалық құжаттар әзірлеу

Орындалды

Аққұм, Мәдениет, Бұқарбай батыр, Аққыр, Жаңаталап, Жаңадария елді мекендерінің электр жүйесін қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу үшін 2019 жылға облыстық бюджеттен 300 млн.теңге қаржы қаралды. Бұл жұмыстарды тікелей «ҚЭТТК» АҚ-мы жүргізеді.



“Жалағаш аудандық ТКШ,ЖК және АЖ бөлімі” КММ

Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары А.Дәрібаев



Абаттандыру

23

Жалағаш кентіндегі Абай, Бұқарбай батыр, Желтоқсан, Әйтеке би көшелеріне абаттандыру жұмыстарын жүргізуге жобалау-сметалық құжаттар әзірлеу

Орындалды

2018 жылы аудандық бюджеттен бөлінген 2 250,0 мың теңгеге Абай, Бұқарбай батыр, Желтоқсан, Әйтеке би көшелеріне абаттандыру жұмыстарына ЖСҚ әзірленіп, ведомстводан тыс кешенді сараптамадан өткізілді. Жоба құны 133,3 млн.теңге. Облыстық энергетика басқармасына қаржыландыру үшін бюджеттік өтінім тапсырылды.



“Жалағаш аудандық ТКШ,ЖК және АЖ бөлімі” КММ

Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары А.Дәрібаев



24

Мақпалкөл, Еңбек ауылдық округтеріне абаттандыру жұмыстарына жобалау-сметалық құжаттар әзірлеу

Орындалды

Еңбек ауылдық округіне абаттандыру жұмыстарына 704 мың теңге қаржы бөлініп, 504 мың теңге бір көзден келісім шарт жасау арқылы игерілді.



Мақпалкөл және Еңбек ауылдық округі әкімдері

Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары А.Дәрібаев



Көлік

25

Аудандық маңызы бар “Самара-Шымкент-Еңбек-Есет батыр-Жаңадария” автомобиль жолының 0-8,0 шақырым аралығын орташа жөндеу

Орындалды

“Нұрлы жол” бағдарламасы аясында 2018 жылы республикалық бюджеттен 90,1 млн.теңге бөлініп, Еңбек ауылы бағытындағы 4 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.



“Жалағаш аудандық ТКШ,ЖК және АЖ бөлімі” КММ

Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары А.Дәрібаев



26

Аудандық маңызы бар “Самара-Шымкент-Еңбек-Есет батыр-Жаңадария” автомобиль жолының 8,0-37,4 шақырымдар аралығын орташа жөндеу жұмыстарына жобалау-сметалық құжаттар әзірлеу

Орындалды

Аудандық маңызы бар “Самара-Шымкент-Еңбек-Есет батыр-Жаңадария” автомобиль жолының 8,0-37,4 шақырымдар аралығын күрделі жөндеу жұмыстарына жоба-сметалық құжаттар әзірленді. Ведомстводан тыс кешенді сараптамадан өткізу жұмыстары жүруде.



“Жалағаш аудандық ТКШ,ЖК және АЖ бөлімі” КММ

Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары А.Дәрібаев



27

Кенттегі Нысанбай жырау, Бұқарбай батыр, Абай көшелерін орташа жөндеу

Орындалды

Кенттегі Нысанбай жырау көшесіне 50 млн.теңге, Бұқарбай батыр көшесіне 100 млн.теңге, Абай көшесіне 50 млн.теңге орташа жөндеу жұмыстарын бастауға қаржы бөлінді. Орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстарды аяқтауға 2019 жылы облыстық бюджеттен 532,9 млн.теңге бөлінді.



Жалағаш кент әкімі

Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары А.Дәрібаев



28

Аудандық маңызы бар “Мәдениет-Жүргенов-Жаңаталап-Аққыр” автомобиль жолының 0-9,4 шақырым аралығын күрделі жөндеу жұмыстарына жобалау-сметалық құжат әзірлеу

Орындалды

Аудандық маңызы бар “Мәдениет-Жүргенов-Жаңаталап-Аққыр” автомобиль жолының 0-9,4 шақырым аралығын күрделі жөндеу жұмыстарына жоба-сметалық құжаттар әзірленді. Ведомстводан тыс кешенді сараптамадан өткізу жұмыстары жүруде.



“Жалағаш аудандық ТКШ,ЖК және АЖ бөлімі” КММ

Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары А.Дәрібаев



29

Жалағаш кентіндегі “Жеңіс”, “Астана” паркін абаттандыруға жобалау-сметалық құжат әзірлеу

Орындалды

Жалағаш кентіндегі “Жеңіс”, “Астана” саябақтарын абаттандыруға жобалау-сметалық құжаттар әзірленіп, абаттандыру жұмыстары жүргізілді.



Жалағаш кент әкімі

Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары А.Дәрібаев



Каталог: zhalagash -> public -> admin
admin -> Об утверждении Дорожной
admin -> Бағдарламасы қаракеткен ауылы 2018 жыл
admin -> Аққұм ауылдық округінің әкімі А. Ибраевтың 2017 жылы атқарған жұмыстары туралы есебі
admin -> М. Шәменов атындағы ауылдық округінің 2018-2020 жылдарға арналған жергілікті қОҒамдастықты дамыту бағдарламасы
admin -> Жаңадария ауылдық округінің әкімі Р. Ақпанбетовтың 2017 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі
admin -> Жалаєаш ауданыныѕ 013 жылдыѕ аќпанына
admin -> Аққұм ауылдық округінің әкімі А. Ибраевтың 2017 жылы атқарған жұмыстары туралы есебі
admin -> Аққыр ауылдық округінің әкімі Ж. Матаевтың 018 жылдың айында атқарған жұмыстарының есебі Ауылдың әлеуметтік жағдайы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет