Орындалды – 12), 10 іс-шара– 2018 жылдың екінші жартыжылдығында



жүктеу 0.49 Mb.
бет3/3
Дата21.04.2019
өлшемі0.49 Mb.
1   2   3

Спорт

70

Дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысатын тұрғындардың үлесін арттыру

Орындалды

Дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысатын тұрғындардың саны 10004 адам, немесе 28%.



“Жалағаш аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі” КММ

Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары Ж.Тажмаханов



71

Аудан тұрғындарын бұқаралық спортпен қамту көлемін арттыру бойынша шаралар ұйымдастыру

Орындалды

Аудан тұрғындарын бұқаралық спортпен қамту көлемін арттыру бойынша шаралар саны 90, қамтылған спортшылар саны 19580.



“Жалағаш аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі” КММ

Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары Ж.Тажмаханов



Мәдениет

72

Мемлекеттік қызметшілерді Казтест жүйесі бойынша “Мемлекеттік тілді жеделдете деңгейлік оқыту” курсынан өткізу

Орындалды

Курс Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының «Қызылорда облыстық тілдерді оқыту орталығы» КММ-і арқылы 2018 жылдың ақпан айынан бастап жүргізілді. Қазіргі уақытта 50 мемлекеттік қызметшілер мен бюджеттік сала қызметкерлері оқыту курсынан өткізіліп, арнайы сертификаттар тапсырылды.



“Жалағаш аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” КММ

Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары Ж.Тажмаханов



73

Мемлекеттік қызметшілер мен мемлекеттік қызмет көрсететін ұйым қызметкерлерін қазақ тілін белгілі деңгейде меңгеруі тиіс мамандықтар мен лауазымдардың тізбесіне сәйкес сертификациялық тестілеуден өткізу

Орындалды

Сертификаттық тестілеу 2018 жылдың қазан айында жүргізілді.



“Жалағаш аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” КММ

Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары Ж.Тажмаханов



74

“Тілдердің үш тұғырлығы” мәдени жобасын іске асыру мақсатында ағылшын тілі, орыс тілі курстарынан өткізу

Орындалды

Курс Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының «Қызылорда облыстық тілдерді оқыту орталығы» КММ-і арқылы 2018 жылдың ақпан айынан бастап жүргізілді. Қазіргі уақытта орыс тілі курсы бойынша 38, ағылшын тілі курсы бойынша 107 тыңдаушылар курстан өтіп, сертификаттар тапсырылды.



“Жалағаш аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” КММ

Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары ЖТажмаханов



75

Латын әліпбиіне көшу бағытындағы іс-шараларды жүзеге асыру

Орындалды

Қазақ әліпбиін латын графикасына ауыстыруды насихаттауға бағытталған ақпараттық-насихаттық топ мүшелерінің қатысуымен «Латын әліпбиіне көшу – рухани жаңғырудың негізі» тақырыбында семинарлар өткізілді. Қазақ әліпбиін латын графикасына ауыстырудың негізгі қағидаларын түсіндіру мақсатында ұйымдастырылатын облыстық іс-шаралар жоспарына сәйкес «Қазақстандағы жазу тарихы және жаңа латын графикасын қабылдаудың ғылыми-практикалық негіздері» тақырыбында аудандық конференция, «Латын әліпбиі - рухани Тәуелсіздігіміздің тұғыры» атты дөңгелек үстел отырысы, «Латын әліпбиіне көшудің тиімділігі қандай» тақырыбында пікір-алмасу кеші өткізілді.



“Жалағаш аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” КММ

Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары ЖТажмаханов



76

Шығармашылық ұжымдардың жұмысын ынталандыру, шығармашылық қызметті жоғары деңгейде қамтамасыз ету, әр топтағы дарынды адамдардың одан әрі кәсіби қалыптасуы үшін талантты өнерпаз орындаушыларды қолдау бағытында жұмыстарды ұйымдастыру

Орындалды

Жыл басынан бері Қ.Қазантаев атындағы мәдениет үйінің «Алтын-Арай» халық ән-би ансамблі, «Арай» халықтық мәдени үгіт бригадасы және демалыс кешендері Елбасы Жолдауын насихаттау мақсатында Мырзабай ахун, Далдабай елді мекендерінде, «Халық театры» Ә.Тәжібаевтың «Той боларда» атты қойылымымен Сырдария және Қармақшы аудандарында гастрольдік сапарда болды.

Аудан халқына мәдени қызмет көрсету деңгейін көтеру, ұлттық салт-дәстүр мен әдет-ғұрып, ұлттық фольклордың дәстүрлі жанрларын дамыту, насихаттау, жастардың мәдени демалысын ұйымдастыру бағытында мәдениет саласы бойынша 74 үйірме жұмыс жасайды. Оған қамтылған мүшелер саны 874.


“Жалағаш аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” КММ

Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары ЖТажмаханов



77

Аудандық және ауылдық мәдениет үйлері мен клубтары жанынан дәстүрлі жыр өнерін насихаттау, қобыз және баян үйірмелерін ашу

Орындалды

Аудандық мәдениет және өнерді дамыту орталығы жанынан жыршылар үйірмесі ашылып, жұмыс жасауда. Үйірме мүшесі Сисенбай Индира Қызылорда қаласында өткізілген «Ұлы дала сазы» атты республикалық байқауда жеңімпаз атанып, Сочи қаласында өтетін Халықаралық байқауға жолдамаға ие болды.



“Жалағаш аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” КММ

Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары ЖТажмаханов



78

Елбасының “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” бағдарламалық мақаласының “Рухани қазына” кіші бағдарламасы аясында қабылданған жобаларды іске асыру

Орындалды

Елбасының “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” бағдарламалық мақаласының “Рухани қазына” кіші бағдарламасы аясында «Туған жерге саяхат» кіші музейлік туризм жобасы іске асырылды. Бұл бағытта аудан көлемінде орналасқан тарихи-мәдени орындардың экскурсиялық жол картасы әзірленіп, жастарды туған өлкеміздің көрікті жерлері мен бірқатар тарих және мәдениет ескерткіштерімен таныстыру, әр ғасырларда аудан өңірінде өмір сүрген тарихи тұлғалардың өмірі мен ерлік жолдарын өскелең ұрпаққа өнеге, рухтарына тағзым ету мақсатында экскурсиялар ұйымдастырылды.

Кітапхана саласы бойынша жүзеге асырылып жатқан «Оқитын өлке», «Мобильді кітапхана» жобалары бойынша жалпы пайдаланушылар саны 735-ті құрады.

Сонымен қатар аудандық мәдениет және өнерді дамыту орталығы жанынан «Әбілда Жүргенбаев атындағы айтыскер ақындар» үйірмесі құрылды.



“Жалағаш аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” КММ

Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары ЖТажмаханов



Ішкі саясат

79

Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20 жылдығына орай іс-шаралар өткізу

Орындалды

Астана қаласының 20 жылдығына орай іс-шаралар өткізу үшін желілік кесте бекітіліп, қазіргі күнге 56 іс-шара өткізілді. Оның ішінде 28 кездесу, 24 дөңгелек үстел, 5 көрме, 3 суретшілер байқауы, 9 спорттық жарыстар. Аталған шараларға 9550 тұрғын қатысты, қалған 23 шара - алдағы уақытта аудан көлемінде кітап көрмелері, тәрбие сағаттар, спорттық сайыстар, тақырыптық кештер, акциялар өткізілді. Оған 2830 аудан тұрғындары қамтылды.



“Жалағаш аудандық ішкі

саясат бөлімі” КММ

Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары Ж.Тажмаханов


80

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы “Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері” атты Жолдауын насихаттау мен түсіндіру жұмыстарын жүргізу

Орындалды

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мен түсіндіру жөнінде аудан әкімінің өкімімен ақпараттық-насихаттық топ құрылып, 9 бағытта түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Кент орталығында 7 билборд, ауылдық округтерде 15 билборд жасалынып, ілінді. Елбасы Жолдауын тұрғындарға насихаттау бағытында тиісті жұмыстар атқарылуда. Жергілікті «Жалағаш жаршысы» газетіне 36 мақала жарияланды.  Жалағаш ауданы бойынша осы уақытқа дейін республикалық, облыстық және аудандық ақпараттық топ өкілдерінің қатысуымен 58 шара ұйымдастырылып, оған 4958 адам қамтылды.



“Жалағаш аудандық ішкі

саясат бөлімі” КММ

Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары Ж.Тажмаханов


81

Темірбек Жүргеновтің туғанына 120 жыл толуына және Социалистік Еңбек Ері Ұзақ Еспановтың 90 жыл толуына арналған шараларды атқару

Орындалды

2018 жылғы 20 қазан күні Жалағаш ауданында «Алтын дән 2018» мерекесі аясында мемлекет және қоғам қайраткерлері Темірбек Қараұлы Жүргеновтің 120 жылдық, Ілияс Жүсіпұлы Қабыловтың 115 жылдық, Социалистік Еңбек Ері Ұзақ Еспанұлы Еспановтың 90 жылдық мерейтойларын кең көлемде өткізілді.



“Жалағаш аудандық ішкі

саясат бөлімі” КММ

Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары Ж.Тажмаханов


82

Жастардың арасындағы жұмыссыздықты азайту мақсатында жастарды “Нұрлы Жол” жаңа экономикалық саясатын жүзеге асыруға барынша жұмылдыру

Орындалды

Жалағаш ауданы бойынша 14 пен 29 жас аралығындағы 8865 азамат тіркелген. Оның ішінде, кент жастары - 3923 (44,2%), ауыл жастары 4942 (55,8%) құрайды. Жастар өңірдегі жалпы халықтың 24,7% құрайды. Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 4,5% құрап отыр. NEET санатына жататын жастардың саны 256, жалпы жастардың 2,8%-ын құрайды. Өз бетінше еңбекпен қамтылған жастар саны 3346, олар жалпы жастардың 37,7%-ын құрайды. Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында аудандық жастар ресурстық орталығы 2018 жылдың І-жартыжылдығында бірқатар шаралар жүргізді. Атап айтқанда, кент және ауылдық округтерде жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларды насихаттау, діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алу мақсатында жастармен адрестік жұмыстар және Жалағаш кентінің халық көп шоғырланатын орындарында кеңес беру шаралары өткізілді. Жүргізілген адрестік жұмыстар саны – 2, кеңес беру жұмыстарының саны – 12. Жалпы қамтылған жастар саны 2850.

Жұмыссыз жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында кент және ауылдық округтерде 5 рет арқан тарту, гір тасын көтеру, қол күрес т.б спорт түрлерінен шаралар өткізілді. Жалпы қатысқан жастар саны – 210. «Жасыл ел» жобасы бойынша 2018 жылдың жаз айларында 100 жасқа квота берілген.


“Жалағаш аудандық ішкі

саясат бөлімі” КММ

Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары Ж.Тажмаханов


83




Орындалды

Президенттің бағдарламалық мақаласынан бастау алатын «Туған жер» бағдарламасын ілгерілету және үйлестіру бойынша аудандық жұмыс тобы, Сарапшылар кеңесі, Жобалық кеңсе құрылып, Елбасы жолдаған мақаланы ілгерілету және ұйымдастыру жөніндегі аудандық іс-шаралар жоспары бекітілді.

2017 жылдың 9 желтоқсан күні ауданда жалпы республикалық «Туған жерге тағзым» акциясы өткізілді. Акцияға республиканың әр аймағынан кәсіпкерлер, ғалымдар, мәдениет, өнер саласының өкілдері қатысты. Акция аясында 7 азаматпен 230 млн теңге қаржы көлемінде меморандумдарға қол қойылды.

Аудан тумасы кәсіпкер Е.Сағынбаев «Туған жерге тағзым» акциясы аясында өз қаражаты есебінен аудан орталығынан 300 орындық мешіт ғимаратының құрылысы 2019 жылдың наурыз айында пайдалауға беріледі. Мешіт жанынан 250 орындық асхана құрылысы салынды.

Білім беру ұйымдарында «Туған жер» бағдарламасын іске асыру бағытында барлық мектептерде Сыр өңірінің ақын жазушы шығармаларынан «Көп оқы, көп білуге ұмтыл!», «Оқуға міндетті 30 кітап» акциясы ұйымдастырылды.

Барлық мектептерде «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.

Акция аясында мектеп түлектері оқу кабинеттеріне қажетті құрал жабдықтар, жаңа технологиялық музыкалық аппаратура алуға, ойын алаңдарын жөндеуге қаржылай көмектер көрсетті.

«Рухани қазына» кіші бағдарламасы «Туған жер-Туған ел» базалық бағыты бойынша аудандық кітапханада «Отаным-өз үйім, отбасым-мерейім» тақырыбындағы «дөңгелек-үстел» кеші өтті.

Осы бағыт бойынша аудандық музейде аудандық оқушылар үйінің түрлі үйірмелері оқушыларының қатысуымен «Музей-өлке тарихының айнасы» атты тақырыптық экскурсия-сабақ ұйымдастырылды.





84

Ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайту

Орындалды

Жалағаш ауданы бойынша қоғамдық-саяси ахуал тұрақты. Есепті күндер аралығында аудан көлемінде шиеленісуі мүмкін жағдайлар, ішкі саяси жағдайдың тұрақтылығына кері әсерін тигізуі мүмкін болжамдар, іс-шаралар, түрлі саяси партиялардың іс-қимылдары, бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізілгендігі және өткізуге арыздар тіркелген жоқ.

Әлеуметтік тапсырыс негізінде қоғамдық-саяси жағдайға әлеуметтік зерттеулер жүргізу бағыты бойынша 500 мың теңгеге «Регион Юг-Запад» қоғамдық бірлестігімен келісім шарт жасалып, аудан көлемінде қоғамдық-саяси жағдайға тоқсан сайын әлеуметтік зерттеулер жүргізілді.

Ауданда ұлтаралық, конфессияаралық қатынастарды нығайту бағытындағы жұмыстарға 1 000,0 мың теңгеге «Жалағаш достық мекені» қоғамдық бірлестігімен келісім шарт жасалған. Қоғамдық бірлестіктің ұйымдастыруымен 2018 жылдың 1 наурызында алғыс айту күніне орай мерекелік шара өткізілді.



“Жалағаш аудандық ішкі

саясат бөлімі” КММ

Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары Ж.Тажмаханов


85

Ауданда тиімді жастар саясатын жүзеге асыру, жастар қозғалысын дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау

Орындалды

Жастар саясаты саласында іс-шараларды іске асыру шараларына 4 580,0 мың теңге қаржы қаралып, «Жастар арасында еріктілер корпусын дамыту бойынша іс-шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік қызметі аясында «Темірқазық» қоғамдық бірлестігі жұмыс жасайды. Бірлестіктің ұйымдастыруымен жастарды патриотизмге, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу, жастар белсенділігін арттыру, бос уақытын тиімді өткізу мақсаттарында әртүрлі тақырыпта 12 шара - кездесулер, байқаулар, акциялар, ойындар ұйымдастырылды. Сондай-ақ, «Жалағаш ауданындағы жұмыссыз (NEET) санатындағы жастарға бағытталған шараларды ұйымдастыру және жастар шығармашылығын дамыту» әлеуметтік қызметі аясында қоғамдық қабылдаулар, семинар-тренинг, жастармен кездесулер және спорттық шаралар өткізілді.

Жалағаш ауданы, Ақтерек сауықтыру лагерінде «Zhalagash life» жастар лагері өткізілді. Бағдарламада топқа бөлініп жұмыс жасау, спорттық сайыс және интелектуалдық сайыстар өткізілді. Сонымен қатар, бизнес жоспар құрып үйрену үшін семинар-тренинг жүргізілді оқытушы тренерлер Оразмаханов Жандос, Құлмырзаев Нұрлан. Жалағаш ауданынан шыққан Қызылорда телеарнасының жүргізушісі Талант Айымбетов, ақын, термеші Айдос Рахметовпен кездесу өткізілді. Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қ.Жанұзақов, аудан әкімінің орынбасары Ж.Тажмаханов қатысуымен жастармен еркін форматта кездесу жүргізді. 15 тамыз күні Жалағаш ауданы әкімнің Жалын жастар сыйлығы табысталды.


“Жалағаш аудандық ішкі

саясат бөлімі” КММ

Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары Ж.Тажмаханов


86

Аудан бойынша діни бірлестіктермен жұмыс жасау

Орындалды

Жалағаш ауданында діни ахуал тұрақты. Ауданда діни ахуал тұрақтылығын сақтау мақсатында аудан әкімі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңес, аудандық ақпараттық түсіндірме тобы, Жалағаш ауданының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссия және ҚМДБ қарасты аудан көлемінде 12 мешіт жұмыс атқаруда.

Дін саласындағы мемлекеттік саясатты ақпараттандыру, деструктивті діни ағымдарды әшкерелеу және ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында БАҚ-да және әлеуметтік желілерде барлығы 18 материал жарық көрді. Оның ішінде, жергілікті "Жалағаш жаршысы" газетіне – 17, интернет ресурстар және әлеуметтік желілерге – 9 ақпарат жарияланды. Жоспарға сәйкес жыл басынан бастап аудандық ақпараттық түсіндірме тобының мүшелерімен түрлі бағытта 69 шара ұйымдастырылып (39 кездесу, 6 семинар-тренинг, 6 "дөңгелек-үстел", 13 акция, 5 мәрте жеке кездесу), оларға 1950 аудан тұрғындары қамтылды.


“Жалағаш аудандық ішкі

саясат бөлімі” КММ

Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары Ж.Тажмаханов


87

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асыруды қамтамасыз ету

Орындалды

Ауданда бұқаралық ақпарат құралдарының саны біреу, ол аудандық “Жалағаш жаршысы” газеті. Басылым мемлекеттік тілде аптасына 2 рет шығарылады, 2 бетіне мемлекеттік  тапсырыс орналастырылуда. 2 беттің көлемі 3700 см2.  Газет арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізуге әлеуметтік қызметі бойынша жергілікті бюджеттен қаржы қаралмаған. 2016 жылдан бастап бұл мақсатқа облыстық бюджеттен қаржы бөлінді.

Телерадиохабарлар арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу әлеуметтік қызмет бойынша 2018 жылы жергілікті бюджеттен 9 млн.теңге қаржы бөлініп, толық игерілді.


“Жалағаш аудандық ішкі

саясат бөлімі” КММ

Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары Ж.Тажмаханов


88

Әлеуметтік тапсырыс арқылы мемлекеттік саясатты жүргізу

Орындалды

2018 жылы аудандық ішкі саясат бөлімі арқылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жергілікті бюджеттен 7 407,0 мың теңге қаржы бөлініп, 6 әлеуметтік қызмет жүзеге асырылды. 2018 жылы түрлі форматтағы 95 шара ұйымдастырылып (кездесу, дөңгелек үстел, семинар, конференция), 7 500 аудан тұрғыны қамтылды.



“Жалағаш аудандық ішкі

саясат бөлімі” КММ

Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары Ж.Тажмаханов


Қоғамдық тәртіп

89

Жасөспірімдер қылмыстығының алдын алу және ескерту бойынша кешенді шараларды іске асыру

Орындалды

Аудандық білім бөлімімен, денсаулық сақтау бөлімімен бірлескен іс-жоспарды жүзеге асыру барысында аудандық ішкі істер бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі тобы бөлімнің тергеу бөлімімен, қылмысты іздестіру бөлімшесімен бірлесіп, кәмелетке толмаған топтарды анықтау және профилактикалық есепке қою, олармен тығыз жұмыс жасап, әр ай сайын жоспар бойынша есеп айырысу актісі жасалынып, криминалды полициямен кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында жедел жұмыстарды жүргізуге бөлінген оперативтік уәкілдермен тығыз байланыс жасап, әсіресе кәмелетке толмағандар істері жөніндегі топта есепте тұратын жасөспірімдердің қажеттілеріне бақылау істерін дер кезінде ашып, оларға есепте тұратын жасөспірімге анықтама шолу толтырылып, дер кезінде жолданып, олармен жедел жұмыстар жүргізілді.

Кент орталығында патрульді бекет нарядтарының бөлінген бағыттарында жастар мен жасөспірімдердің қандай да болмасын топтарының шоғырланып, көзге түсіп, топтасып төбелесуге бейімділігі байқалатын жағдайды анықтау, ыдырату мақсатында жұмыстар атқарылуда, алайда аудан көлемінде ондай келеңсіз оқиғаларға жол берілген жоқ. Жоспарға сәйкес ҮЕҰ-мен бірлесіп түнгі рейдтер ұйымдастырылып, өткізілді, оның барысында кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болмауларын, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға алкогольдік және темекі өнімдерін сатуды болдырмау бойынша кент орталығындағы барлық дүкендер мен ойын-сауық орындары араланып, түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, БАҚ көздеріне мақалалар жарияланды.


ҚР Ішкі істер министрлігі Қызылорда облысының ішкі істер департаменті “Жалағаш ауданының ішкі істер бөлімі” ММ (келісім бойынша)

Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары Ж.Тажмаханов



90

Қылмыстың алдын алу бағытында мал ұрлығы мен пәтер ұрлығын болдырмауға нақты профилактикалық шаралар жүргізу

Орындалды

Бөтеннің мүлкін ұрлаудың профилактикасына бағытталған іс-шараларды іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бөтеннің мүлкін ұрлауға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру бойынша, ағымдағы жылдың қаңтар, наурыз, сәуір айларында «Мал ұрлаушы» жедел профилактикалық іс-шарасына байланысты мал ұрлығына қатысы бар адамдарды анықтау, оларды ұстау және қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында, бөлімнің барлық сала қызметкерлерінен 4-топ құрылып, бұйрық шығарылып, жедел іздестіру тексеру жұмыстары жүргізілді. Қазақстан Республикасы ІІМ-нің бөтен мүлікті ұрлауға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру бағытында аудан көлемінде бөтен мүлік ұрлықтарының болдырмау мақсатында, тұрғындарға үгіт насихат парақшалары таратылып, БАҚ көздеріне жарияланды. Сонымен қатар аудан көлемідегі кент және 14 елді мекен УПИ-рі тұрғындарды ауыл клубтарына, мектептеріне оқушылармен бірге жинап мүліктік қылмыстардың алдын алу және болдырмау қауіпсіздік шараларын түсіндіріп, жиналыс хаттамалары рәсімделді. Сонымен қатар тұрғындарға, ауыл шаруашылығы жануарларын бей-берекет, қараусыз жайылымға жіберу мал ұрлығының орын алуына ықпал ететіндігі жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында және мал ұрлығының алдын-алу барысында бөлімнің жергілікті полиция қызметі бастамасымен 2018 жылдың қаңтар айының 15-30 аралығында «Ұрлық түбі қорлық» акциясы өткізілді.

Акция барысында аудан тұрғындарына жиналыстар өткізіліп, түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылып, тиісті хаттамалар жасалды.

Бөтен мүлік ұрлықтарын болдырмау мақсатында тұрғындарға үгіт насихат парақшалары таратылып, БАҚ-тарда “Ұрлық түбі қорлық” (қаңтар айы), “Өз-өзіңе берік бол” (маусым айы), “Мал ұрлаушы” (ақпан, наурыз), “Ұры” (тамыз), “Соғым” (шілде айы), “Бөтен мүлік ұрлығы” (тамыз), тақырыбында мақалалар жарияланды. Сонымен қатар кент, ауылдық округтерде УПИ-рі тұрғындармен кездесулер ұйымдастырып, қылмыстардың алдын алу және болдырмау қауіпсіздік шаралары түсіндірілді.



ҚР Ішкі істер министрлігі Қызылорда облысының ішкі істер департаменті “Жалағаш ауданының ішкі істер бөлімі” ММ (келісім бойынша)

Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары Ж.Тажмаханов



91

Қоғамдық тәртіп бұзушылықтың кез-келген түрлеріне “мүлдем төзбеушілікті” насихаттау

Орындалды

Аудан көлемінде қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында есепті мерзімде 10 рет жергілікті газетке мақала жарияланып, онда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің құқық бұзушылыққа «Мүлдем төзбеушілік», «Қоғамдық орынды ластаушы», «Тұрмыс», «Құқық тәртібі», «Тәртіпсіздік пен құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік» қағидатын жүзеге асыру, отбасы тұрмыс саласында, жасөспірімдер қылмысының алдын алу бағытындағы профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сонымен бірге, әр аптаның сенбі, жексенбі күндері аудандық білім бөлімінің кент орталығында орналасқан мектеп мұғалімдермен бірлескен түнгі кезекшіліктер, рейдтер ұйымдастырылуда. Білім беру ұйымдарында ата-аналарына кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың және қылмыстардың алдын алу мақсатында «Түнгі Жалағаш» жедел профилактикалық іс шарасы өткізілді. Жасөспірімдерді жыныстық зорлық-зомбылықтан қорғау және жыныстық қол сұғушылықтың алдын алу бағытында, алаяқтыққа жол бермеу мақсатында лекциялар оқылып, жиналыстар өткізіліп, аудандық «Жалағаш жаршысы» газетіне осы тақырыптар бойынша мақалалары жарияланды.


ҚР Ішкі істер министрлігі Қызылорда облысының ішкі істер департаменті “Жалағаш ауданының ішкі істер бөлімі” ММ (келісім бойынша)

Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары Ж.Тажмаханов



Мемлекеттік-жекешелік әріптестік

92

Жеке кәсіпкер “A&L” А.Сексенбаевпен кенттегі “Дене шынықтыру-сауықтыру кешенін” және “Таң ЛТД” ЖШС-мен Таң елді мекеніндегі спорт ғимаратын мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жалға беру туралы келісім-шарттарға отыруды қамтамасыз ету

Орындалды

Таң елді мекенінен “Таң ЛТД” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі дене шынықтыру-сауықтыру кешенін жалға беру жобасына 1 спорт ғимаратын әзірленді.

2019 жылы қаңтар айында халық игілігіне беріледі. Екінші ғимараттың техникалық құжаты және қосымша қосылған бөлмелердің жер телімдерінің құжаттары уақытылы рәсімделмегендіктен жоба 2019 жылға ұсынылды.


“Жалағаш аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі” КММ

Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары Р.Ержанов



93

Ақсу, Мырзабай ахун, Таң елді мекендерінде дәрігерлік амбулатория құрылысын салуды мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында ұйымдастыру

Орындалды

Таң, Ақсу елді мекендеріне дәрігерлік амбулатория құрылыстарын салуға жекеше әріптес АХАТ ГС ЖШС айқындалып, ағымдағы жылдың 23 шілдесінде келісім-шарт жасалды. Құрылыс жұмыстарын жүргізуге жер телімдері рәсімделді. Таң ауылдық округінде дәрігерлік амбулатория құрылысының құны 129,3 млн теңге, Ақсу 126,6 млн теңге. Ғимараттардың құрылысы 2019 жылы жүргізілетін болады. Мырзабай Ахун елді мекеніндегі дәрігерлік амбулатория құрылысын салуға жекеше әріптес Гран Коструксон сервис Ж.Үмбетов келісім-шарт жобасына қол қоюдан бас тартқандықтан, конкурс өтпеді деп танылды. 2019 жылы конкурс қайта жарияланады.




ҚО ДСБ “Амбулаториялық-емханалық қызметі бар Жалағаш аудандық орталық ауруханасы” ШЖҚКК

(келісім бойынша)

Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары Ж.Тажмаханов

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

КММ – коммуналдық мемлекеттік мекеме

ММ – мемлекеттік мекеме

ТКШ,ЖК және АЖ – Жалағаш аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық,

жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

ЖШС – жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

ҚР – Қазақстан Республикасы



ҚО ДСБ – Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы

ИДЖЖЖ-2 - “Ирригация және дренаж жүйелерін жетілдіру” жобасының 2-кезеңі
Каталог: zhalagash -> public -> admin
admin -> Об утверждении Дорожной
admin -> Бағдарламасы қаракеткен ауылы 2018 жыл
admin -> Аққұм ауылдық округінің әкімі А. Ибраевтың 2017 жылы атқарған жұмыстары туралы есебі
admin -> М. Шәменов атындағы ауылдық округінің 2018-2020 жылдарға арналған жергілікті қОҒамдастықты дамыту бағдарламасы
admin -> Жаңадария ауылдық округінің әкімі Р. Ақпанбетовтың 2017 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі
admin -> Жалаєаш ауданыныѕ 013 жылдыѕ аќпанына
admin -> Аққұм ауылдық округінің әкімі А. Ибраевтың 2017 жылы атқарған жұмыстары туралы есебі
admin -> Аққыр ауылдық округінің әкімі Ж. Матаевтың 018 жылдың айында атқарған жұмыстарының есебі Ауылдың әлеуметтік жағдайы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет