ҰҚШҰ бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов Арменияның ұйымнан шығуына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: council.gov.ru

Бұл туралы Тасмағамбетов ресейлік ТАСС басылымына берген сұхбатында айтты. 

21 ақпанда Армения премьер-министрі Никол Пашинян ҰҚШҰ-ның өз міндеттемелерін орындамағандығын айтып, ұйымға мүшелігін тоқтатқанын мәлімдеген болатын.

Иманғали Тасмағамбетовтың айтуынша, Армения басшылығынан ұйымға мүшелікті уақытша тоқтату туралы ресми хабарлама келмеген. Сонымен қатар, ҰҚШҰ хатшылығы Армения билігін қабылданған шешімдер туралы хабардар етіп отырғанын айтты.  

"Ереван соңғы кездері ҰҚШҰ хатшылығының жұмысына қатысып жүрген жоқ. Бұл Арменияның шешімі және біз халықаралық ұйым ретінде егемен елдің кез келген шешімін құрметтейміз", – деді Тасмағамбетов.

Оның айтуынша, қазір ұйымның сарапшылары Армения төңірегіндегі жағдайды және оның ҰҚШҰ-мен қарым-қатынасын зерттеп жатыр.

"Кейбір кейбір оқиғалар мен армян элитасының әрекеттері алаңдаушылық тудыратынын жасырмаймын. Бірақ біз Армения басшылығының саяси байсалдылығына сенеміз", – деді бас хатшы.

Сонымен қатар Тасмағамбетов Арменияның ҰҚШҰ-ның одақтасы болып қала беретінін және барлық қолданыстағы міндеттемелер күшінде екенін атап өтті.


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.