Өрт қaуiпciздiгi қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы №1682 Қаулысы «Өрт қayiпciздiгi туралы»


-тарау. Құрама жем зауыттарының жабдықтарын пайдалану тәртібі



жүктеу 4.71 Mb.
бет11/22
Дата19.09.2017
өлшемі4.71 Mb.
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22

3-тарау. Құрама жем зауыттарының жабдықтарын пайдалану тәртібі
      1076. Ұнтағыштарда жүктемені автоматты түрде реттеуге арналған құрылғы қарастырылған жағдайларда ол құрылғы ұнтағыштың электр қозғалтқышымен бұғатталады.
      1077. Ұнтағыштардың балғаларында сызаттар мен басқа да ақаулықтардың болмауына жол берілмейді.
      1078. Ұнтағыштардың балғалары ұшқындауды болдыртпау үшін дека мен елеуішке тиюіне жол берілмейді.
      1079. Ұнтағыштарды іске қосу, іші бөгде заттар мен ұнтақтау өнімдерінен ұқыпты тазартылғаннан кейін ғана жүзеге асырылады. Ұнтақтағышты іске қосар алдында жиынтығын, ротор балғаларының бекіткіші мен қосылуын және елеуіштердің тұтастығы тексеріледі.
      1080. Ақаулықтар анықталғанда ұнтақтағыш ақаулық себептерін орындау және жою үшін дереу тоқтатылады. Іске қосылғанда ұнтақтағыш алдымен бос қосылады, ал содан кейін оның қосылуы талап етілетінге дейін жеткізіледі.
      1081. Ұсақтатқышты іске қосар алдында:
      1) ұсақтағышқа металлды заттарды түсіп кетуін болдырмау үшін магнитті қорғауының болуы мен жағдайын тексеру;
      2) машинада бөгде заттардың болмауын, механизмдер мен құралдардың дұрыстығын тексеру қажет.
      1082. Ұсақтатқыштар үшін тек зауытта шығарылған сақтандырғыш шрифттері қолданылады.
      Оларды көлемдері және механикалық сипаттамалары белгісіз металлды стерженьдермен ауыстыруға қатаң жол берілмейді.
4-тарау. Ұн және жарма зауыттарын пайдалану тәртібі
      1083. Білікті станоктармен жұмыс істегенде:
      1) механизмнің жұмысының бір қалыптылығын (автоматы түрде басқарылатын білікті станоктары үшін), сондай-ақ жарық сигнализациясының дұрыс жағдай болуы;
      2) біліктердің барлық ұзындығы бойынша дәнді немесе өнімді жеткізудің үздіксіздігі мен бір қалыптылығы қамтамасыз етіледі.
      1084. Өнімі жоқ, біліктері қысылған, белағаштары бойымен ауытқып және жылжып кеткен станоктармен жұмыс істеуге жол берілмейді.
      1085. Елек-суырғы машиналарының себу шанақтарының, тас іріктегіштердің, сепараторлардың барлық иілмелі қосулары тозаң, өткізбейтін материалдан жасалуы және олардың сыртқа шығаратын келте құбырлары бар иілгіш қосқыштар қолданылады.
      1086. Үгіту, қамшылау және щетка машиналарындағы тарамдалғыш және ұзына бойына қамшыларды біліктер мен розеткаларға бекіту берік, олардың үзілуін болдырмайтындай болуы тиіс.
      1087. Бастиегі түсіріліп тұрғанда, тарту құрылғылары дұрыс болмаған, қажақ дискілері нашар бекітілген немесе кептіргіш дөңгелектері болмаған жағдайларда аршу машиналарын іске қосуға жол берілмейді.
      1088. Аршу машиналары мен ажарлау машиналарының дискілерінде, пішімбіліктерінде және декаларында сызаттар мен ақаулықтардың болуына жол берілмейді. Олар болған жағдайда, сондай-ақ үйлесімсіздік болғанда аршу машиналарын пайдалануға жол берілмейді.
      1089. Иілткіш дека станогының жұмыс саңылауын және барабанының орнатылуы тексеріледі.
      1090. Электр магнитті сепараторларының бұғаттағышы электр энергиясы тоқтаған кезде электр магниттеріне өнімнің жетуін болдырмайтындай етіп орындалады.
5-тарау. Нан пісіру кәсіпорындарын ұстау тәртібі
      1091. Сұйық отынмен жұмыс істейтін пештерге отын беру от жағу бөлімшесінен тыс, бөлек үй-жайларда орналасқан жұмсау бактарынан жүргізіледі.
      1092. Пештерді тұтату және пайдалану қатаң түрде кәсіпорынның техникалық директоры бекіткен нұсқаулыққа сәйкес жүргізіледі.
      1093. Каналдық пештердің газ құбырлары мен жоғарғы от жағу бөліктерінде жарылыстан сақтандыратын клапандар орнатылуы тиіс, бір жарылыс клапанының ең кем алаңы 0,05 м2 .
      1094. Пештер жылу мен газ тәрізді заттарды шығаруға арналған желдеткіш құрылғыларымен жабдықталады. Тарту желдеткіш шахталарының тазарту кәсіпорынның техникалы директорымен бекітілген кесте бойынша жүргізіледі.
      1095. Газ тәрізді және сұйық отындарда жұмыс істейтін пештерде авариялық жағдайларда отын жеткізуді автоматты түрде тоқтататын:
      1) пештің оттығына сұйық отын және жандыруға арналған құрылғыларға ауа жеткізуді тоқтату (сұйық отында жұмыс істейтін пештер үшін);
      2) жылыту жүйесінде жылытатын газдардың шектеулі температурасынан асуы;
      3) конвейерді тоқтату құрылғылары қарастырылады.
      1096. Пештер авариялық жағдайларда пісірілген өнімдерді шығаруға арналған резервті механизмі бар қол жетегімен қамтамасыз етілуі қажет.
      1097. Пеш толық жүктелмегенде қатты қызып кетуіне жол бермей, температуралық режимін қатаң байқап тұру керек, барлық өнім шығарылғанша пешті байқаусыз қалдыруға жол берілмейді.
      1098. Қауіпсіздік ережелерін сақтағанда түсіп қалған қамыр дайындамаларын немесе дайын өнімдерді пештен дереу алып тасталуы тиіс.
      Ауысым сайын пеш конвейерін (бесікшелерін) қоқымдардан тазартып тұру керек.
      1099. Нан пісіру формалары мен табақтары қызудан механикалық жолмен тазартылуы тиіс, ал содан кейін нан пісіру өнеркәсібінің санитарлық ережелеріне сәйкес шайылуы тиіс.
      Тазарту машинасының шаң бөлшектерін жинауға арналған құрылғысы болуы тиіс.
      Майлау құрылғысының тоң майдың шашырауын болдырмайтын құрылғысы болуы тиіс.
      Металл формалары мен табақтарын күйдіруге (босаңдату) тек арнайы сол үшін арналған пештерде ғана жол беріледі. Өндірістік пештерде формаларды босаңдатуға (күйдіруге) жол берілмейді.
6-тарау. Технологиялық үдерістерді ұстау тәртібі
      1100. Жабдық өндірілімі мен мақсаты бойынша технологиялық сызбаның талаптарына сәйкес қолданылады.
      1101. Цехтің ішіндегі пневматикалық көліктен шлюз бекітпелерінің немесе жүк түсіргіштерінің бекітпе топтарының шеткі білікшелерінде жылдамдықты бақылау релесі орнатылуы тиіс (бұл талап өндірілімі жоғары жабдық жиынтығының шлюз бекітпелеріне қолданылмайды).
      1102. Дәнді емес өнімдерді (шрот, күнжара, түйіршіктелген шөп ұнын) астықты элеваторлардың сүрлемдері мен бункерлерінде қабылдауға және сақтауға жол берілмейді.
      1103. Дәнді жүгеріні тек ғимараттан тыс орнатылған шахта түзу ағынды кептіргіштерде ғана кептіру керек.
      1104. Жүгері дәнін сақтағанда оның ең аз алмасып тұруын қарастыру керек.
      1105. Күріш, тары, қарақұмық қабықтары жарма зауыты жұмысының 1-2 тәулікке сыйымдылығы бар бункерлік типті қоймаларда сақталуы тиіс.
       Қабықтарды ашық алаңдарда, төбе астында сақтауға жол берілмейді.
      1106. Кәсіпорынға келіп түскен шрот партияларынан белгіленген ережелері бойынша зертхана үлгі түрлерін іріктеу жүргізеді және іріктеліп, қалдық бензинді бақылау жүргізіледі.
      Бензин иісі бар шроттарды тиеуге жол берілмейді.
      1107. Дән, күнжара және шроттарды сақтау жүзеге асырылатын барлық сүрлемдер міндетті түрде температурасын қашықтықтан бақылау қондырғыларымен (тұрақты термометр жүйелерімен) жабдықталады.
      1108. Күнжара мен шроттарды сақтау температурасын тәулік сайын анықталады.
      1109. Сақтауға салғанда күнжара мен шроттардың температурасы сыртқы ауа температурасынан 50C аса аспайтындай етіп қарастырылады.
      1110. Сақтауға қабылданатын және сақталудағы шроттардың ылғалдығы құрама жем кәсіпорындарында күнжара мен шроттарды сақтау жөніндегі уақытша нұсқаулығымен белгіленген шектерде орындалады.
      1111. Температурасы мен ылғалдығы аса жоғары күнжара мен шроттарды ең алдымен, ал басқа жағдайларда күнжара мен шроттарды өңдеу кезектігін кәсіпорынға келіп түсуіне байланысты өңделеді.
      1112. Өз бетімен тұтануға икемді күнжара, шрот және басқа да ұнтақты шикізатты олар тұрған ыдыстардан бос ыдыстарға үнемі ауыстырып тұру керек. Аталған ауыстыруларды шикізатты бункерлер мен сүрлемдерде үздіксіз сақтаудың рұқсат етілген мерзімдері негізінде зауыттың бас технологымен немесе технологиялық зертхананың меңгерушісі әзірлеген жоспар-кестелер бойынша жүзеге асырылады.
      1113. Үйменің астында сақталудағы, түйіршіктелген шөп немесе азықтық ұнның өздігінен тұтану белгілерімен байланысты температураның көтерілуі анықталған жағдайда бұл партияны тексерісін күн сайын жүргізеді. Ұнның бұл партиясын бірінші өткізеді.
      1114. Өндірістің қалдықтарын тасымалдау үшін үй-жайға шаң шығуды болдырмайтын бағытсыз, механикалық көлік пен пневмокөлік (норийлер, шынжырлы транспортерлер, жабық қаптамалардағы ленталы және роликтері жоқ конвейерлер) қолданылады.
      1115. Жатып қалған өнімді шығаруды қамтамасыз ету үшін және оны сақтау үшін силостардың (бункерлердің) арнайы конструкциялық шешімдерін және оны шығаруды жеңілдететін жүк түсіретін механизмдерді қолдану керек.
      1116. В1-В4 санатындағы өрт қауіпті үй-жайларда өндіріс қалдықтарын ыдысқа шығаруды орналастыруға жол берілмейді.
7-тарау. Дәнді дақылдарды жинау және азық дайындау тәртібі
      1117. Астық жинау кезеңі басталмас бұрын, оған қатыстырылған барлық тұлғаларға өртке қарсы нұсқаулықтан өту қажет, ал жинау агрегаттары мен автомобильдерін алғашқы өрт сөндіру құралдарымен (комбайндардың барлық типтері – екі өрт сөндіргіштермен, екі істік күрекпен және екі сыпырғышпен, тракторлар – бір өрт сөндіргішпен, бір істік күрекпен), дұрыс ұшқыш өшіргіштерімен жабдықтау және қоректендіру, оталдыру және майлау жүйелері реттеледі.
      1118. Масақты егістер пісер алдында олардың орман және шымтезек алқаптарына, дала жолағына, автомобиль және темір жолдарына іргелес жерлерінде ені кемінде 4 метр жолақ шабылады және жыртылады.
      1119. Дәнді дақылдарды жинауды астықты алқаптарды алаңы 50 гектардан кем емес учаскелерге бөлуден бастау қажет. Учаскелер арасына кендігі 8 метрден кем емес шалғы жолы жасалады. Шалғы жолынан шабылған астық дереу жиналады. Шалғы жол ортасында ені кемінде 4 метр жер жыртылады.
      1120. Уақытша қыр орындарын астықты алқаптар мен токтардан 100 метр жақын емес жерге орналастырылады. Қыр орындарының, жем тогы алаңшаларының ені кемінде 4 метр жолақпен жыртылады.
      1121. Көлемі 25 гектардан астам жиналып жатқан астық алқаптарына тура жақын жерлерде өрт шыққан жағдайда өртенген зонаны жыртуға арналған соқасы бар трактор дайын болып тұру керек.
      1122. Астық токтарын ғимараттар мен құрылыстарға 50 метр, ал астық алқаптарына – кемінде 100 метр етіп орналастыру керек.
      1123. Қыр жағдайларында сақтау және мұнай өнімдерін құю кеуіп қалған шөптен, жанғыш қоқыстан тазартылған және ені 4 метр кем емес жолағы жыртылған, немесе токтардан, мая шөп пен сабандардан, астық алқаптарын 100 метр қашықтықта және құрылыстардан 50 метр кем емес қашықтықта жыртылған жерде арнайы бөлінген аудандарда жүзеге асырылады.
      1124. Дән дақылдарын жинау және азық дайындау кезеңде:
      1) тракторлардың, қақпақтары жоқ немесе қақпақтары ашық автомобильдер мен өзі жүретін шассилердің жұмыс істеуіне;
      2) қозғалтқыштардың радиаторларындағы шаңды күйдіру үшін дәнекерлейтін лампаларды қолдануға;
      3) далада түнгі уақытта автомашиналарға жанар-жағар май құюға жол берілмейді.
      1125. Қозғалтқыштардың радиаторлары, битерлердің, сабан толтырғыштардың, транспортерлер мен жинағыштардың біліктері, шнектер мен басқа да тораптар және жинау машиналардың бөлшектері шаңнан, сабаннан және дәндерден тазартылады.
8-тарау. Дәруменді шөп ұнын дайындау және сақтау тәртібі
      1126. Шөпті ұнды жасауға арналған агрегаттар төбенің астына немесе үй-жайға орнатылады. Жанғыш материалдан жасалған төбелер мен үй-жайлар оттан қорғайтын құраммен өңделеді.
      1127. Шөпті ұнды дайындау бекетінен бастап құрылыстар мен жанар-жағармай материалдары бар цистерналарға дейінгі өртке қарсы аралықтар кемінде 50 метр, ал құнарсыз азықтар сақталын ашық қоймаларға дейін – кемінде 150 метр етіп орындалады.
      1128. Жұмсалатын отын багын агрегат үй-жайынан тыс орнату керек. Отын құбырлары кемінде екі вентилмен (біреуі – агрегатта, екіншісі – отын багында) жабдықталады.
      1129. Агрегаттар мен үй-жайлардың (алаңшалардың) электр жабдығы мен электр өткізгішін орнатылған жерлерінде электр құрылғыларын орнату ережелері бойынша ІІ – ІІа классты өрт қауіпті аймақтарға арналғандай етіп орындалады.
      1130. Кептіру барабанында өнімнің жануы анықталғанда, мөлшері кемінде 150 килограмм өртке дейін дайындалған өнімді және өрт жойылғаннан кейін, мөлшері 20 килограммнан кем емес бірінші алынған өнімді жалпы қоймаға толтырмай, бөлек қауіпсіз жерге орналастыру және 48 сағаттан кем емес байқалады.
      1131. Дайындалған және қаптарға толтырылған ұнды оның температурасын төмендету үшін жабын астында кемінде 48 сағат ұсталады.
      1132. Ұнды бөлек тұрған қоймада немесе өртке қарсы қабырғалар мен жабындыларымен бөлінген бөлікте және берік желдеткіші бар, басқа заттар мен материалдардан бөлек сақтау керек.
      1133. Қоймаға ылғал түсіруге жол берілмейді. Ұнды үйіп сақтауға болмайды.
      1134. Ұны бар қаптар бір қатарға екі қаптан биіктігі 2 метр аспайтын қатарларға жиналады. Қатарлар арасындағы өту жолдарының кеңдігі кемінде 1 метр, ал қабырғалар бойында – кемінде 0,8 метр етіп орындалады.
      1135. Сақталып жатқан ұнның өз бетінше тұтануын болдырмау үшін мерзім сайын оның температурасы бақыланады.
9-тарау. Зығырды, сораны және өзге де техникалық дақылдарды алғашқы өңдеуі тәртібі
      1136. Зығыр, сора және басқа техникалық дақылдар (бұдан әрі – зығыр) машина бөлімшесінен оқшауланады.
      1137. Іштен жану қозғалтқышының шығару құбырларын ұшқын өшіргіштермен жабдықтау керек. Құбырдың шығу жерінде жанғыш құрылғылар арқылы өртке қарсы аралық орнатылады.
      1138. Зығыр шикізаты (сабандар, трестер) маяларда, шохаларда (жабын астынан), жабық қоймаларда сақталады, ал талшықтар мен қалдық талшықтар – тек жабық қоймаларда сақталады.
      1139. Техникалық дақылдарды алғашқы өңдегенде:
      1) фермалар, жөндеу шеберханалар, гараж аумағында зығырды сақтауға және жармалауға жол берілмейді.
      2) автомашиналарға, тракторларға өндірістік үй-жайларына, дайын өнімдер мен шоха қоймаларына кіруге жол берілмейді. Автомашиналардың кемінде 5 метр, ал тракторлардың көрсетілген ғимараттардан, маялардан және шохалардан кемінде 10 метр қашықтықта тоқтаулары қарастырылады.
      3) илеу-ұйпалақтау цехінде пешпен жылыту жүйесін орнатуға жол берілмейді.
      1140. Зығыр өңдеу бекетінің аумағына кіретін автомобильдерді, тракторларды және басқа да өзі жүретін машиналарды дұрыс ұшқын өшіргіштерімен жабдықталады.
      1141. Маяларға (шохаларға) жақындағанда көлік құралдары қозғалтқыштың шығу жүйелерінен пайдаланылған газдардың шығу бағытына қарама қарсы жағымен қарап тұрады.
      1142. Зығыр өңдеу бекетінің аумағында темекі шегуге арналған орындар өндірістік ғимараттар мен дайын өнімді жинап қою орындарынан 30 метрден кем емес қашықтықта орналастырылады.
      1143. Зығырды алғашқы өңдеу ғимараттарының төбелері өртенбейтін етіп қарастырылады.
      1144. Тресталарды табиғи түрде кептіру арнайы бөлінген учаскелерде жүргізіледі.
      Трестаны жасанды түрде кептіруді тек арнайы кептіргіштерде, ригаларда (дегдітпелерде) ғана жүргізіледі.
      1145. Өндірістік ғимараттарда орналастырылған кептіргіштер басқа үй-жайлардан 1-типтік өртке қарсы бөгеттермен бөлінеді.
      Кептіргіштер мен кептіргіш камералардың бөлек тұрған ғимараттарының жанғыш конструкцияларын екі жағынан сыланады.
      1146. Тресталарды кептіруге тұрақты кептіргіштерді тек мынадай:
      1) пеш оттығы мен циклонның күмбездері және ішкі беттері күйдірілген кірпіштен орындалған, ал сыртқы жағынан пеш сыланып, ізбеспен ағартылғанда;
      2) ауа арналары сыртқы жағынан 50 миллиметр қабатымен өртенбейтін жылылықты өткізбейтін материалмен қорғалған, ал қосылған жерлерінде асбест төсемдері орнатылған;
      3) желдеткіштің сыртына жылылық тасығыштың температурасын бақылау металлды термометр арқылы жүзеге асырылады;
      4) жер астындағы таратқыш каналының басында ұшқын өшіргіш орнатылған;
      5) каналдың қабырғалары кірпіштен орындалған, үстінен темір бетонды плиталармен және басқа да өртенбейтін құрылғылармен жабылған;
      6) түтін құбыры өтетін жерде шатырдың торлауы арқылы кемінде 50 сантиметр көлемді өңдеу орнатылған жағдайларда ғана қолдануға болады.
      1147. Трестаны кептіруге арналған ригаларда орнатылатын пештердің құрылымы үй-жайдың ішіне ұшқын түсу ықтималын болдырмайтындай орындалады.
      Ригалар мен кептіргіштерде пештердің үстіне зығырды төсеу үшін жел тартқыш орнатуға рұқсат берілмейді. Пештен жанғыш құрылғыларға дейінгі қашықтық 1 метрден кем емес болуы тиіс. Пеш жағынан жел тартқыштардың биіктігі жабындыға дейін қоршауы болады.
      1148. Кептіргіштер мен ригаларда мынадай талаптарды сақтау керек:
      1) трестаны кептіргенде жылу тасығыштың температурасы 800С аспауы, ал бастиектерін кептіргенде - 500C аспауы тиіс;
      2) пештің оттығында отынның толық жануы қамтамасыз етілуі тиіс, ал түтін газдарында ұшқындар және отынның жанып кетпеген бөлшектері болмауы тиіс;
      3) желдеткішті от жағуды бастағаннан кейін бір сағаттан бұрын қосуға болмайды. Кептіргіш камераларында түтін белгілері бар жылу тасығыштың болуына жол беруге болмайды;
      4) кептіргіштің бір ауысымдық жұмысынан кейін от жағу кеңістігін, тұнба камераларын, ұшқын өшіргіш циклондардан және араластыру камераларын күлден тазарту қажет. Түтін құбырларын кептіргіш жұмыс істегеннен 10 күннен кейін тазарту керек;
      5) жаңа трестаны кептіруге жүктер алдында арнашықтар мен кептіргіш камераларды үнемі ішіне түскен тресталардан және әр түрлі қалдықтардан тазартуды керек. Треста және химиялық талшықтар қорын кептіргіш үй-жайында сақтауға жол берілмейді;
      6) трестаны ригаға жүктегеннен кейін түсіп қалған және жел тартқыштардан салбырап тұрған өсімдік сабақтарын жинап, пешті, қабырғаларды, еденді ұқыпты түрде трестадан тазарту керек. Трестаны кептіргіш ғимаратына тақап жинауға жол берілмейді.
      1149. Илеу-ұйпалақтау агрегаты тұратын үй-жайдың желдеткіші болуы тиіс, ал ұйпалақтау агрегатының әрқайсысында шатыр орнатылуы тиіс. Станоктарды барлық жағынан үй-жайда шанның таралуына жол бермейтін алмалы салмалы және қайырмалы қалқандарымен жабу керек.
      1150. Желдеткіш құбырлары желдеткіштердің алдында және олардан кейін орнатылатын ысырмалармен (шиберлермен) жабдықталады. Оларға еркін өтетін жол қамтамасыз етілуі тиіс.
      1151. Өндірістік үй-жайдағы тресталар санының ауысымдық қажеттіліктен артуына жол берілмейді. Оны машиналардан кемінде 3 метр қатарлап жиналады.
      Дайын өнім үй-жайлардан қоймаға бір ауысымда екі реттен кем емес жиналады.
      1152. Күн сайын жұмыс аяқталғаннан кейін илеу-ұйпалақтау цехін талшық, шан және тал жіптерден ұқыпты түрде жиналады. Станоктарды, қабырғаларды және цех жабындысының ішкі беттерін торлау, ал талшық жинағыштар тазартылады.
      1153. Темекі кептіргіштердегі сөрелер мен этажеркалар өртенбейтін материалдардан қарастырылады. Қыздыру құбырларының үстіндегі отты кептіргіштерде, оларға темекі түсуден қорғайтын металлдан жасалған күнқағар орнатылады.
      Темекі сарайлары мен кептіргіштердің сыртқы жарық беру прожекторларының тіреуіштері үй-жайлардан тыс орнатылады.
10-тарау. Өңделмеген мақтаны жинау, тасымалдау, кептіру, сақтау және алғашқы өңдеу тәртібі
      1154. Мақта жинау науқаны басталғанға дейін оған қатысты барлық тұлғалар өртке қарсы нұсқаулықтан өтуі керек, ал мақта жинау машиналары, тракторлар, мақта тасуға арналған автомобильдер алғашқы өрт сөндіру құралдарымен (мақта жинау машиналары - екі өрт сөндіргішпен, екі найза күрекпен өлшемі 2х2 метр бір киізбен, тракторлар мен автомобильдер - бір өрт сөндіргішпен, бір найза күректен) жарақталып, жарамды ұшқын өшіргіштермен жабдықталуы және реттелген тамақтану, тұтандыру мен майлау жүйесі қарастырылады.
      Гидро жүйеден май, отын және эмульсия аққан кезде, сондай-ақ ұшқын өшіргіштер болмаса, ауыл шаруашылығы машиналары мақта жинауға және тасымалдауға жіберілмейді.
      1155. Өңделмеген мақта піскен бұрын олардың ормандарға, далаларға, тоғай алқаптарына, автомобиль және теміржол жолдарына іргелес жерлердегі егістіктер ені кемінде 4 метр жолақтармен жыртылады және шабылады.
      1156. Мақта жинау кезінде:
      1) мақта егістігінде темекі шегуге және ашық отты пайдалануға;
      2) бункеріне өңделмеген мақта толтырылған мақта жинайтын машинаны егістікте қалдыруға, отын құюға;
      3) гидро жүйесі мен электр жабдығы ақаулы мақта жинайтын машиналарды пайдалануға;
      4) мақта кептіруге арналған алаңдарда мақта жинайтын машиналардың тұруына жол берілмейді.
      1157. Өңделмеген мақтаны ыдыссыз тасымалдау кезінде брезентпен жабу қажет. Автомашина шанағының немесе тіркеменің еденінде саңылаулардың болуына жол берілмейді.
      1158. Тракторлардың, автомобильдердің, мақта жинайтын машиналардың тұрағы, оларды майлау және жанармаймен толтыру өңделмеген мақтаны табиғи кептіруге арналған алаңдардан кемінде 50 метр қашықтықта жүргізіледі.
      1159. Өңделмеген мақтаны табиғи кептіруге арналған алаңдарды тұрғын үйлерден, қоғамдық ғимараттардан, жөндеу шеберханаларынан кемінде 150 метр, ал жоғары вольтты және төменгі вольтты электр беру желілерінен 1,5 тірек биіктігінен кем болмауы керек.
      1160. Өңделмеген мақтаны табиғи кептіруге арналған алаңдар сыртқы өрт сөндіру мақсаттары үшін кемінде 50 текше метр есептік мөлшермен қамтамасыз етілуі қажет.
      1161. Өңделмеген мақтаны табиғи кептіруге арналған алаңдар асфальтталған немесе қалыңдығы кемінде 5 сантиметр сазды топырақпен тегістелген болуы керек. Мақтаны жолдың жүретін бөлігінде кептіруге болмайды.
      1162. Технологиялық жабдықтан тозаңның бөлінуіне жол бермеуді қамтамасыз ететін құрылғылар (герметизациялау тораптары, жергілікті сорғыштар) жарамды күйде болуы керек.
      1163. Жабдық пен құрылыс құрылымдарына қонған мақта тозаңын, сондай-ақ жиналған өңделмеген мақтаны қонған тозаңнан қажеттілігінше, бірақ ауысымына кемінде бір рет тазалап тұру керек.
      1164. Тастарды, металды және басқа да бөгде заттарды ұстап қалуды қамтамасыз ететін құрылғыларды жарамды күйде ұстау қажет.
      1165. Агрегаттарды олар авариялық тоқтағаннан кейін тек ақаулықтарды жойғанда ғана іске қосуға болады.
      1166. Таспалы транспортерлердің иінді біліктері мен сына белдікті бергіштер айналатын бөлшектерге мақтаның түсуін болдырмайтын жарамды қаптамалармен жабылуы тиіс.
      1167. Мақта жинайтын машиналардың біліктерінің жылжымалы құрамдары мен мойындарын мақта тозаңы мен талшықтарынан тазарту қажет. Тазалау мерзімділігі ауыл шаруашылығы кәсіпорнының басшысы бекіткен нұсқаумен белгіленеді.
      1168. Элеваторларда сатылары бар тұрақты алаңдар болуы керек. Алаң төменнен жоғары қарай 0,1 метр тұтас жапсырмалы биіктігі кемінде 0,9 метр болатын сүйенішпен қоршалады.
      1169. Элеватор жетегінде таспа үзілген жағдайда жарамды автоматты қорғағышының ақаулығының болуына, сондай-ақ жұмыс органдарының элеватор қорабының қабырғасына тиіп тұруына жол берілмейді.
      1170. Элеватордың қаптамасын мықты тиектері мен тұтас периметрі бойынша жабынның тығыздығын (герметикалығын) қамтамасыз ететін жеңіл ашылатын люктермен жабдықталады.
      1171. Транспортерлер төменгі таспадан өңделмеген мақтаны шығаруға арналған жарамды арнайы қондырғымен жабдықталуы керек.
      1172. Таспалы транспортерлерді (ауыстырып тиегіштерді) ауыстыру электр қорегі ажыратылған кезде жүзеге асырылады.
      1173. Пневмокөлік жүйесіне кіретін аппараттар мен машиналардың жерге қосқышы жарамды күйде ұсталады. Өңделмеген мақтаны желдеткіш арқылы механикалық түрде қайта өңдеуге жол берілмейді.
      1174. Топтағы бунттардың саны бір бунтқа алаң мөлшері 65х14 метр болғанда екеуден, алаң мөлшері 25х14 метр болғанда төртеуден немесе бір бунтқа алаң мөлшері 25х11 метр болғанда алты бунттан артық болуына жол берілмейді. Бұл ретте бунттың биіктігі 8 метрден аспауы қажет.
      1175. Топтағы бунттар арасындағы өртке қарсы бөліктер кемінде 1,5 метр, бунттардың топтары арасында кемінде 30 метр болуы керек.
      1176. Бунттарды бөлшектеу кезінде машиналарды, тетіктер мен автопоезд мақта тасығыштарды 30 метр аралықта орнатылады.
      1177. Бунт бөлшектегіш қозғалған кезде ток өткізу кабелімен өтуге болмайды.
      1178. Машиналар мен агрегаттарда болған ақауды қалпына келтіруді тек оларды өшіріп, бунттан кемінде 5 метр қашықтықта алыстатылған кезде ғана жүзеге асырылады.
      1179. Кескіш құралдардың ұштары ұшқынға қауіпсіз етіп жасалады.
      1180. Кескіш құралдардың ұштарын жабық қойманың металл (бетон) құрылысына тигізбес үшін жебенің төмен, жоғары түсіп тұруын шектейтін қондырғылар орнатылады.
      1181. Кептіру қондырғысын пайдалану кезінде:
      1) жылумен жабдықтау (жылу генераторлары) құралдарының жарамдылығы;
      2) бақылау-өлшеу аспаптарының жылу өткізу қондырғыларында қауіпсіздік автоматикасының үздіксіз жұмыс істеуі;
      3) шнек тоқтаған кезде барабан жетегін өшіруді қамтамасыз ететін барабан мен шнектің электр қозғалтқышының жұмысының бұғаттау;
      4) кептіру камерасы мен қоректендіргіш есіктерінің герметикалығы;
      5) барабан мен шнек секциясын өңделмеген мақтадан жүйелі тазалау қамтамасыз етіледі.
      1182. Өңделмеген мақтаны кептіру үшін қолданылатын жылу өндіргіш қондырғылар жанбайтын құрылымдардан жасалған оқшау үй-жайларда орнатылады.
      1183. Кептіретін қондырғының жұмысы тұрақты бақыланады. Шығу жолындағы өңделмеген мақтаның температурасы 700С аспауы қажет. Кептіру барабанынан сарғайған өңделмеген мақта шыққанда, өңделмеген мақта мен жылу тасығышты дереу тоқтатып, тетіктердің жұмысын тоқтату қажет, ал кептіру барабанынан келіп түсетін мақта жанған жағдайда кептіргішті дереу тоқтатып, бықсыған мақтаны сөндіріп жою керек.
      Кептіргіштің жұмысын мұқият тексергеннен және мақтаның қызу немесе жану себебін анықтағаннан кейін ғана қайта келтіруге болады.
      1184. Өңделмеген мақта тазалағышты орнынан аустырған кезде шыбықтар арасындағы саңылаулар ауысып кетпес үшін және перфорир тордың үсті қоқыс қоспалармен толып қалмас үшін жел тартқыш тордың жағдайы қадағаланады.
      Жел тартқышты тазалау мен талшық тазалағыштардың тіреуіш камерасындағы кенжарды қалпына келтіруді тек ағаш заттармен (таяқшамен) ғана орындалады.
      1185. Мақта талшығын тек бумамен ғана сақтауға рұқсат етіледі. Барлық сынған бумаларды әр ауысым соңында (бумалап) қайта өңделеді.
      1186. Мақта талшығы бумасын ашық алаңдарда қатарлап сақтау кезінде мақтаның стандартты қатарының өлшемі: ұзындығы - 22 метрден, ені - 11 метрден, биіктігі - 8 метрден аспайтын болуы тиіс.
      Қатарлардың мөлшері қысқарғанда көршілес қатарлар арасындағы бөліктер қарама-қарсы жатқан қатарлардың жартысынан кем болуына жол берілмейді, бірақ ең жоғарғы қатардың екі есе биіктігінен кем болмауы тиіс.
      1187. Ашық алаңдарда жиналған барлық мақта талшығының қатары брезентпен жабылады.
      1188. Бума шатырының астында талшықты мақталар көлденеңінен ені кемінде 2 м қалдырылып бірдей қашықтық арқылы, бір өткелдің алаңы еденнен - 300-ден - 600 м 2 ; екі өткел - еденнен 1200 м 2 ; төрт өткел - 1800 м 2 көлемінде жиналуы тиіс. Мақта талшығының биіктігі мен шатырдың арасы 1 метрден кем болмауы тиіс.
      1189. Жабық қоймаларда мақта талшығының бумасы ені кемінде 2 метр бір бойлық өту жолын және ені дәл сондай көлденең өту жолдарын әрбір есікке қарама-қарсы қалдыра отырып, тауар орындарында орналастырылады. Периметрі бойынша қабырға бойымен ені кемінде 1 метр өту жолын қалдыру қажет.
      Қойма үй-жайларының ішінде қандай да бір қалқалар мен шағын кеңселерді орналастыруға болмайды.
      1190. Жабық қоймалардағы және бастырмалардың астындағы едендер, сондай-ақ ашық алаңдардағы қатарлардың негізі жанбайтын материалдардан жасалады.
      1191. Автомашиналар мен тракторлар жабық қоймаларға, бастырмаларға және мақта талшығы қатарларына пайдаланылған газды шығару құбырлары міндетті түрде ұшқын өшіргішпен жабдықталған жағдайда бәсеңдеткіштің пайдаланылған газды шығару құбырына қарама-қарсы жағымен келуі тиіс.
      Барлық жағдайда автомашиналардың, мотовоздардың, автодрезиндердің, автокрандар мен мотоциклдердің бастырмалар мен мақта талшығы қатарларына 3 метр жақын өтуіне рұқсат етілмейді.
      1192. Мақта зауыттары мен мақта бекеттерінде 2400 тоннадан артық өңделмеген мақтаны сақтау кезінде жоғары қысымды өртке қарсы су құбыры қарастырылады.
      1193. Мақта зауыттары мен мақта бекеттерінде 2400 тоннаға дейін өңделмеген мақтаны сақтау кезінде өрт сөндіруді жұмыстары су айдындарынан жүзеге асыруға болады.
      1194. Мақта тазалайтын зауыттарда, мақта дайындаушы бекеттерде өрт сөндіру бөлімшелері күзететін жақын маңдағы қаламен немесе аудан орталығымен телефон байланысы болуы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет