Өрт қaуiпciздiгi қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы №1682 Қаулысы «Өрт қayiпciздiгi туралы»


-тарау. Ат қоралардың үй-жайларын ұстау және мал азығын сақтау тәртібі



жүктеу 4.71 Mb.
бет12/22
Дата19.09.2017
өлшемі4.71 Mb.
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22

11-тарау. Ат қоралардың үй-жайларын ұстау және мал азығын сақтау тәртібі
      1195. Ат қоралардың үй-жайларында кемінде екі дербес қақпасы болуы қажет, олардың алдынан табалдырықтарды, сатыларды, қақпа асты саңылауын орнатуға жол берілмейді.
      Жылқыларды шығаруға арналған үй-жайлардың барлық қақпалары мен есіктерінің тек сыртқа қарай ашылуы қарастырылады. Қақпаны тек жеңіл ашылатын тиектермен ғана жабуға рұқсат етіледі. Жылдың қысқы мезгілінде ат қоралардың қақпалары мен есіктерінің алды қардан жүйелі түрде тазалап отырады.
      1196. Ат қоралардың үй-жайларында өрт болған жағдайда жылқыларды жылқы тұратын орындардан бір мезгілде босатып шығаруға мүмкіндік беретін құрылғылар қарастырылады.
      1197. Ат қоралардың үй-жайлары тізгіндермен, жүгендермен, жапқыштармен және жануарларды шығару мен байлау үшін қажетті басқа да құрал-саймандармен қамтамасыз етіледі.
      1198. Жануарларға жем дайындауға арналған үй-жайлар ат қоралардың басқа үй-жайларынан отқа төзімділік шегі ЕІ-45 кем емес, жанбайтын материалдардан жасалған құрылымдармен (қабырғалармен және далдалармен) бөлінеді.
      1199. Ат қораларда электр желілері оқшаулағыштарға, арқандарға, болат құбырларға немесе кабельдерге ашық төселеді. Тек тозаң-су өткізбейтін немесе ылғал өткізбейтін электр шамшырақтарын ғана пайдалануға жол беріледі.
      Бөлу қалқандары, ажыратқыштар, сақтандырғыштар тамбурларда немесе ат қоралардың сыртқы қабырғаларында жанбайтын материалдардан жасалған шкафтарда орналастырылады.
      1200. Ат қорада тәуліктік жемшөп қоры бар жемшөп орнын, сондай-ақ төсемдерді сақтауға арналған үй-жайларды орнатуға болады.
      Жемшөптің негізгі қорлары арнайы қойма үй-жайларында сақталады.
      1201. Жемшөп үй-жайы, сондай-ақ төсемдерді сақтауға арналған үй-жай басқа үй-жайлардан өртке қарсы қалқалармен және жабындармен бөлінеді және сыртқа дербес шығу жолымен қамтамасыз етіледі.
      1202. Ат қоралардан жылқыларды ойдағыдай эвакуациялау үшін өрт болған жағдайда жануарларды эвакуациялаудың жоспары жасалады.
      1203. Ат қораларда электр желілерін пайдалану кезінде:
      1) электр желілерін жануарлар тұратын орындардың үстінен орналастыруға;
      2) электр желілерінің астынан шөп, сабан жинауға;
      3) электр желілері мен кабельдерін ат қоралардың бөлмелері арқылы транзитпен төсеуге;
      4) қуаты осы шамшырақ түрі үшін шекті рұқсат етілгеннен артық болатын лампаларды пайдалануға;
      5) шамшырақтарды тікелей желілерге ілуге жол берілмейді.
      1204. Ат қоралардың үй-жайларында:
      1) шеберханалар, қоймалар, автокөлік тұрақтарын орналастыруға, сондай-ақ жануарларға қызмет көрсетумен байланысты емес қандай да бір жұмыс жүргізуге;
      2) осы үй-жайларға іштен жану қозғалтқыштары бар, пайдаланылған газ шығатын құбырлары ұшқын өшіргіштермен жабдықталмаған көлік құралдарының өтуіне;
      3) қақпаларда олардың автоматты түрде ашылуы үшін серіппелер мен блоктар орнатуға;
      4) үй-жайларды жарықтандыру үшін керосин лампаларын, шырақтарды және ақаулы электр фонарларын қолдануға;
      5) уақытша пештерді орнатуға;
      6) тамбурлар мен өту жолдарында, ат қора шатырларында шөп, жемшөп, төсем сақтауға;
      7) темекі шегуге және ашық отты пайдалануға жол берілмейді.
9-бөлім. Көлік объектілерін ұстау тәртібі
10-тарау. Автомобиль көлігі объектілерін ұстау тәртібі
1-параграф. Гараждар мен ашық тұрақтарды ұстау тәртібі
      1205. Жылжымалы құрамды сақтау үй-жайларын басқа үй-жайлардан 2-типті өртке қарсы қабырғалармен және 3-типті жабындармен бөлінеді.
      1206. Сақтау үй-жайлары мен өндірістік және басқа да кәсіпорындар мен ұйымдарға қызмет көрсететін жылжымалы құрамының ағымдағы жөндеуі мен техникалық қызмет көрсету посттарының өндірістік қойма үй-жайларын аталған үй-жайларды ғимараттың басқа бөліктерінен 2-типті бітеу өртке қарсы қабырғалармен және 3-типті жабындармен бөлінген жағдайда В1-В4, Г және Д санатты ұйымдар мен осы кәсіпорындардың отқа төзімділігі ІІ-дәрежелі өндірістік ғимараттарда орналастыруға жол беріледі.
      1207. Сұйылтылған көмірсутекті газ бен қысымды табиғи газда жұмыс істейтін қозғалтқыштары бар автомобильдерден басқа жылжымалы құрамды сақтау үй-жайларын жалпы білім беру мектептерін, мектепке дейінгі балалар мекемелерін және стационарлары бар емдеу мекемелерін қоспағанда, қоғамдық ғимараттардың жанында салынған құрылыстарда орналастыруға жол беріледі.
      1208. Жанында салынған және қоса салынған жылжымалы құрамды сақтау үй-жайлары арқылы инженерлік коммуникациялары (су құбыры мен электрмен қамтамасыз етуді қоспағанда) транзитті төселген жағдайда олар, отқа төзімділік шегі ЕІ-150 бітеу құрылыс конструкцияларына бекітіледі.
      1209. Құрылған және құрылып жатқан жылжымалы құрамды сақтау үй-жайларының қақпасы ойығының отқа төзімділігі ЕІ-45, ені кемінде 1 метр болатын көлемдегі күнқағарлар қарастырылуы тиіс, күнқағар шетінен бастап қоғамдық ғимарат терезелері ойығының шетіне дейінгі арақашықтық 4 метр, құрылған және құрылып жатқан жылжымалы құрамды сақтау ғимаратының үстіңгі терезесінен бастап қоғамдық ғимаратының астыңғы терезелері ойығының шетіне дейінгі арақашықтық 4 метрден кем болмауы тиіс.
      1210. Сыртқы қақпалар эвакуациялық шығу жолдары ретінде:
      1) босағасы жоқ немесе биіктігі 0,1 метрден аспайтын босағасы бар қақпалар болғанда кез келген үлгідегі қақпаларды орналастырған жағдайда пайдаланылуы мүмкін;
      2) қақпалар сақтау, техникалық қызмет көрсету және ағымдық жөндеу бекеттерінің (қақпа саны бір бірліктен көп болғанда) үй-жайларында орналасқан жағдайда пайдаланылуы мүмкін.
      1211. Майлауға арналған материалдарды сақтау үй-жайларында таза және пайдаланылған майларға арналған ыдыстар және оларды тасымалдауға арналған сорғыш жабдықтар үй-жайдың сыртқы қабырғасында орналастырылуы және тікелей сыртқа шығатын есігі болуы тиіс.
      Жылжымалы құрамның техникалық қызмет көрсету және техникалық жөндеу бекеттерінің үй-жайларында егер көлемі 5 текше метрден аспаса таза және пайдаланылған майларды сақтауға, сондай-ақ майлау материалдарын тасымалдауға арналған сорғыш жабдықтарды орнатуға рұқсат етіледі.
      1212. Көлік құралдарының барынша төмен өту ені:
      1) 6,5 метр сақтау орындарының қабырғалары мен дарбазаларына перпендикулярлы орналасқан кезде – ені 2,3 метр;
      2) 5,5 метр сақтау орындары үшін дәл солай – ені 3,5 метр;
      3) 600 бұрышында автомобильдерді орналастырған кезде дәл солай – 4,5 метр;
      4) 450 бұрышында автомобильдерді орналастырған кезде – 3,0 метр қабылданады.
      1213. 10 және одан астам техникалық қызмет көрсету мен ағымдық жөндеу бекеттері немесе 50 және одан астам автомобильдер қарастырылған кәсіпорын аумағының қоршауында кемінде екі кіру (шығу) жолы болуы тиіс. Бекеттері немесе автомобильдерді сақтау орындарының саны аз кәсіпорындар үшін аумақта бір кіру жолын орнатуға болады. Қоршаудағы қақпалардың ойығы 4,5х4,5 метрден кем емес етіп орындалады.
      1214. 10 және одан астам техникалық қызмет көрсету және ағымдық жөндеу бекеттері немесе 25 астам автомобильдерді сақтау қарастырылатын автомобильдерге қызмет көрсетуге арналған үй-жайларда кемінде екі қақпа болуы қажет.
      1215. 25 бірліктен астам мөлшерде көлік сақтау үй-жайлары үшін өрт болған жағдайда көлік құралдарын эвакуациялау реті мен тәртібі көрсетілген оларды орналастыру жоспары болады.
      1216. Жер астындағы гараж тұрақтарда машина орындары бөліп қою үшін өртенбейтін материалдардан жасалған тор көзді қоршаулар қолдануға жол беріледі.
      1217. Гараждардың төбелерін орнатып жөндеген кезде мемлекетаралық стандарт бойынша 1-РП төмен емес қабат бойымен оттың таралу топты жылытқыш пен гидро оқшаулағыш материалдар қолданылады.
      1218. Ашық тұрақ аумақтарында көлік құралдарының шағын жөндеуі мен ағымды техникалық қызмет көрсету беті қатты алаңшаларда жүзеге асырылады.
      1219. Көлік құралдарының шағын жөндеуі мен ағымды қызмет көрсетуін жүзеге асыруға арналған әрбір алаңшада «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентінің 17-қосымшасына сәйкес өртке қарсы құрал-сайман жиынтығы бар өрт сөндіру қалқаны орнатылуы тиіс.
      1220. Көлік құралдарын ашық сақтау гараждарының үй-жайлары мен алаңшаларын өрт немесе басқа да төтенше жағдайлар болған кезде көшіруге кедергі жасауы мүмкін заттар мен жабдықтармен ыбырсытуға жол берілмейді.
      1221. Көлік құралдарын ашық сақтау гараждарының үй-жайлары мен алаңшалары таза ұсталады. Төгілген жанар-жағармай материалдарына құм сеуіп, дереу жиналады.
      1222. Көп пәтерлі тұрғын ғимараттарға, қоғамдық ғимараттарға қоса салынған гараж тұрақтарының үй-жайларында көліктік құралдарға құрастырылған бактардағы отынды қоспағанда, жанар жағармайды сақтауға жол берілмейді. Кейбір гараждарда бензин және дизельді отын – 20 килограмм, майлар – 5 килограмнан аспайтын жанаржағар майдың қосымша мөлшерін сақтауға жол беріледі. Бензин, дизельді отын және майлардың аталған көлемін тек металдан жасалған тығыз жабылатын ыдыста ғана сақтауға жол беріледі.
      1223. Гараждар мен ашық тұрақтарды олардың тура мақсаттарынан тыс (жанғыш материалдарды, газ баллондарын жинау, жөндеу шеберханаларын, сырлау камералары және т.б.) қолдануға жол бер.
      1224. Автомобильдерді сақтау үй-жайларын жылыту құйылу желдеткіші бар сулы немесе ауалы болып көзделуі тиіс. Күзет үй-жайларында иректелусіз беті тегіс зауыттан шыққан жергілікті жылыту құралдарын пайдалануға жол беріледі. Бұл ретте бетінің температурасы 100ғC асуы мүмкін жылыту құралдары жанбайтын материалдардан жасалған экрандармен қоршалады.
      1225. Үй-жайларда, шатыр астында және ашық алаңшаларда көлік сақтауға:
      1) норма сақталмаған көлемде көлік құралдарын орнатуға, оларды орналастыру жоспарын бұзуға, автомобильдер арасындағы қашықтықты төмендетуге; олардың және ғимараттардың (құрылыстардың) арасындағы қашықтықты азайтуға;
      2) шығу қақпалары мен өту жолдарын ыбырсытуға; ұста, термиялық, дәнекерлеу, сырлау және ағашпен өңдеу жұмыстарын жүргізуге, сондай-ақ тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды қолданып бөлшектерді шаюға;
      3) көлік құралдарын отын бактарынан, отын өткізгіштері мен карбюраторлардан ағу болғанда, сондай-ақ электр жабдығы бұзылған жағдайда отын бактарының қылталарын ашық қалдыруға;
      4) көлік құралдарына жанар-жағар майларын құюға, сондай-ақ оларды канализацияға немесе жақын аумаққа төгуге. Істен шыққан жанар-жағар май материалдарын, сүзгілерді, ескі-құсқы нәрселер және басқа да материалдар жинауды жанбайтын материалдардан жасалған, жабылатын қақпақтармен жабдықталған сыйымдылықтарға қарастыру керек;
      5) аккумуляторларды тура көлік құралдарында, сондай-ақ осы мақсатқа икемделмеген үй-жайларда оталдыруға;
      6) қозғалтқыштарды ашық отпен жылытуға (алау, шамшырақтар, дәнекерлеу шамдары), жарықтандыру үшін ашық от көздерін пайдалануға;
      7) жалпы тұрақтарда тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды, сондай-ақ жанғыш газдарды тасымалдау үшін көлік құралдарын пайдалануға;
      8) тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтардың сыйымдылықтарын сақтауға;
      9) көлік құралдарын сырлауға, бөлшектерін тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтармен жууға;
      10) қозғалтқыштарын жылытуға, ашық отты қолданып, жөндеу жұмыстарын жүргізуге (шамшырақтар, дәнекерлеу шамдары және басқа да от көздері), сондай-ақ жөндеу және басқа да жұмыстар жүргізген кезде жарықтандыру үшін ашық отты көздерін пайдалануға жол берілмейді.
      1226. Газ тәрізді отында жұмыс істейтін көлік құралдарын пайдалану кезінде:
      1) газды қоректену жүйесі техникалық бұзылған (герметикалық емес) көлік құралдарын жабық үй-жайға тұраққа қоюға жол берілмейді;
      2) көлік құралын түнгі немесе ұзақ тұраққа қойған кезде шығын вентильдерін жабу, магистралды газ құбырындағы барлық газды істен шығару қажет, одан кейін іске қосуды өшіріп, магистралды вентильді жауып, аккумуляторда «масса» ажыратылады;
      3) жабық үй-жайда көлік құралының «өзіндік жүру» қозғалысын тек сұйық отында жүзеге асырылады (бензин, дизельді отын);
      4) көлік құралдарын сақтауға арналған үй-жайларда сұйылтылған көмірсутекті газ өшіктіруді (КГӨ) жүзеге асыруға жол берілмейді;
      5) үй-жайларды олардың ішінен көлік құралдары шыққаннан кейін мұқият желдетіледі;
      6) қыстың күні көлік құралдарын гараждан тыс сақтаған кезде және температура төмен болған жағдайда қозғалтқышты алдын ала жылыту және газ коммуникацияларында мұздың пайда болуын жою ыстық сумен, бумен немесе ыстық ауамен жүргізіледі;
      7) қысымды бақылаумен, газды өндірумен, қозғалтқышты жылытумен, карбюратор қоспалауыштарға әр түрлі отын түрлеріне ауыстырып қосу және газ жеткізумен байланысты жүйелер дұрыс жағдайда ұсталады. КГӨ бар баллондардағы сақтандырғыш клапандары, сондай-ақ отын жеткізілуін бұғаттауды қамтамасыз ететін электрлік магнитті клапандар дұрыс жағдайда пайдаланылады. Баллондарды куәландыру екі жылда бір реттен кем емес жүргізіледі.
      8) КГӨ жабық гараж тұрақтарда және басқа да ішіндегі температурасы 250C асатын, жылытуы бар үй-жайларда қолдану және сақтау;
      9) қозғалтқышты іске қосуды тек отынның бір түрінде – газ немесе бензинде ғана жүзеге асыруға жол беріледі.
      1227. Жанар-жағармай материалдарын таситын автомобильдерді 600 текше метрден аспайтын аталған материалдарды тасымалдауға арналған жалпы сыйымдылықты топтарға бөліп қарастыру қажет, бірақ 50 автомобильден көп болмауы керек. Жанар-жағармай материалдарын тасуға арналған автокөліктердің, сондай-ақ басқа автокөліктерді сақтауға арналған алаң арасындағы қашықтық 12 м кем болмауы тиіс.
      1228. 10 автомобильге дейін және жалпы сыйымдылығы 30 текше метрге дейін автоцистерналардың жанар-жағармай материалдарын тасымалдауға арналған жылжымалы құрамды сақтау үй-жайларында негізгі қондырғылар тоқтап тұрған кезде автоматты түрде іске қосылатын үш қайтара ауа алмастыру көлемінде жарылыстан қорғағыш механикалық ауа сорғыш желдеткішінің қондырғысын орнату қажет.
      1229. Бояу және аккумуляторлық бөлімшелерді (учаскелерді) орналастыруға арналған үй-жайлардың сорғыш желдеткіш жүйесін бір-бірімен және басқа үй-жайлардың сорғыш желдеткіш жүйесімен біріктіруге болмайды.
      1230. Газ баллон автомобильдерін жер асты гараж тұрақтарында сақтауға болмайды.
      1231. Көлік құралдарын (жеке көлік түрлерінен басқа) сақтайтын ашық алаңдар мен тұрақтарға арналған ғимараттар әрбір 10 көлікке біреуден келетін сүйреткіш арқандармен (штангалармен) жабдықталады.
      1232. Жеке қолданыстағы гараждарда бұрын көрсетілген талаптарға қосымша жиһаздарды, жанғыш материалдардан жасалған үй тұрмысындағы заттарды, сондай-ақ 20 литрден астам жанармай мен 5 литрден астам май қорларын сақтауға жол берілмейді.
      1233. Автомобильдерді жөндеуге арналған үй-жайларда (газ автомобильдерінде баллондар газбен толтырулы болғанда) жанармай толтырылған багы бар автомобильдерге және май толтырылған картерлерге (№1 ТҚК бойынша жұмыстардан басқа) жөндеу жұмыстарын жүргізуге жол берілмейді.
      Жұмыс аяқталғаннан кейін үй-жай мен байқау шұңқырларын май сіңген, сүртілген материалдардан тазартылады.
2-параграф. Аккумулятор станцияларын ұстау тәртібі
      1234. Аккумулятор станциялары (шеберханалар) отқа төзімділігі II дәрежеден төмен емес үй-жайларда орналастырылады.
      Аккумулятор станцияларының есіктерінде «Аккумулятор бөлмесі», «От қауіпті!», «Отпен кіруге болмайды!», «Темекі шегуге жол берілмейді!» деген жазулар ілінеді.
      Аккумулятор станциялары үй-жайларының едендері қышқылға төзімді (сілтіге төзімді), ал қабырғалары, төбелері, есіктері, терезе ағаштары, желдеткіш қораптары мен басқа да жабдықтар қышқылға төзімді (сілтіге төзімді) бояулармен сырланады. Терезелері әйнекпен немесе күңгірт әйнекпен әйнектеледі. Ыстық климатты аудандарда терезелерге көлеңкелі күнқағарлар орнатылады.
      1235. Қышқылды және сілтілі аккумуляторларды жөндеу, сақтау және зарядтау әр түрлі үй-жайларда жүргізіледі.
      Жөндеу, зарядтау, генераторлық және электролитті учаскелер жекешеленген қабырғалары жанбайтын үй-жайларда орналасады. Атқарылатын жұмыс көлемі шағын болса (бір уақытта 10 аккумуляторға дейін), аккумуляторларды зарядтау мен жөндеуді бір үй-жайда арнайы зарядтау шкафында жүргізуге рұқсат етіледі.
      Мұндай жағдайда зарядтау қалқаны зарядтау шкафына қарама-қарсы орнатылады. Мұндай үй-жайларда батареяларды зарядтау үдерісінде ашық отты пайдалануға болмайды.
      1236. Аккумулятор станцияларының электр жабдықтары мен шырақтары (оның ішінде тасымалдаушы) жарықтан қорғағыш күйде ұсталады. Қосқыштар, штепсельді розеткалар, тежегіштер аккумуляторлық станциялары үй-жайларының сыртында орналастырылады. Аккумуляторларға жарықтандыру сымдарын жалғау қышқылға төзімді (сілтіге төзімді) қабықты сыммен орындалады.
      1237. Аккумулятор станцияларының үй-жайлары қышқылдық және сілтілік аккумуляторлы учаскелерге арналған жеке тармақтық-сорғыш желдеткішпен жабдықталады. Желдеткіштің электр қозғалтқышын үй-жайдың сыртында орналастырылады. Зарядтау үй-жайы мен шкафының желдеткіш жүйесі аккумуляторлық станциялардың басқа үй-жайлардан оқшауланады.
      Желдеткіштік арналары мен түтін жолдарын жалпы желдеткіш жүйесіне шығаруға болмайды. Зарядтау үй-жайының (шкафының) желдеткіш жүйесі желдеткіш жұмысы тоқтаған жағдайда соңғысын сөндіру мақсатында зарядтау тогын беру қондырғысымен автоматты түрде қоршалған болуы тиіс.
      1238. Аккумулятор станцияларына орталық сумен немесе калорифермен жылу берілуі тиіс. Орталық жылу беру құбырлары зарядтау үй-жайларының көлемінде дәнекерлеу арқылы жалғанған және тегіс болуы тиіс. От жағу тесіктері, тазалау есіктері, ысырмалар және келтеқұбырлар үй-жайдың сыртында орналасқан болса, пешпен жылыту жүйесін орнатуға болады. Аккумулятор станцияларында электр пештерін орнатуға жол берілмейді.
      1239. Аккумулятор батареяларын зарядтау үдерісінде:
      1) ұшқын болмас үшін сымдардың батарея клеммасына берік жалғануын тексеріледі;
      2) батарея банкаларындағы тығындар ашық күйде ұсталады;
      3) зарядтау тогын қосу мен зарядталған аккумуляторларды сақтауға тек ағынды сорғыш желдеткіш жұмыс істеп тұрғанда рұқсат беріледі;
      4) өткізгішті жеке аккумуляторлардан зарядтау тогы өшірулі тұрғанда ажыратылады;
      5) зақымдалған өткізгіштерді тез арада жаңасымен ауыстыру қажеттігінің талаптары сақталады.
      1240. Аккумулятор станцияларының зарядтау үй-жайларында дәнекерлеу жұмыстарын немесе дәнекерлеу шамын қолданатын жұмыстар батарея зарядталып біткеннен кейін екі сағаттан соң және үй-жай мұқият желдетілгеннен кейін жүргізіледі. Дәнекерлеу орнын үй-жайдың технологиялық жабдығынан отқа төзімді қалқандармен қоршалады.
      1241. Аккумулятор станцияларының үй-жайларында:
      1) темекі шегуге, от жағуға, электр қыздырғыш аспаптарын пайдалануға;
      2) бір ауысымдық қажеттіліктен артық қышқылды, сілтіні немесе электролитті сақтауға;
      3) жұмыс орнында арнайы киімді және басқа да бөгде заттарды қалдыруға жол берілмейді.
3-параграф. Жуу және сырлау жұмыстарын жүргізу тәртібі
      1242. Жуу және сырлау цехтері, учаскелер мен бөлімшелер отқа төзімділігі II дәрежеден төмен емес арнайы жабдықталған бір қабатты ғимараттарда орналастырылады, ішкі қабырғасында терезе ойығы болады және жапсарлас өндірістік үй-жайлардан жанбайтын қабырғалармен бөлінеді. Жуу және сырлау цехтарынан жапсарлас үй-жайларға шығу ауа екпінінің түсуін қамтамасыз ететін шлюздің тамбуры арқылы жүргізіледі.
      1243. Сырлау цехтерін ғимараттардың жоғарғы қабаттарында және сыртқы қабырғаға жақын орналасқан, бөлек оқшауланған үй-жайларда өртке қарсы қабырғалармен бөлінген жапсарлас және баспалдақ алаңына шығатын жеке есігі бар үй-жайларда орналастыруға болады.
      1244. Жуу және сырлау үй-жайларын көп қабатты ғимараттардың жертөлелерінде, астыңғы және бірінші қабаттарында орналастыруға жол берілмейді.
      1245. Бояу дайындайтын бөлімшелер сыртқы қабырғасында терезе ойығы жеке эвакуациялық шығу жолы бар және жапсарлас үй-жайлардан жанбайтын қабырғалармен оқшауланған үй-жайларда орналастырылады.
      1246. Жуу және сырлау цехтерінің, сондай-ақ бояу дайындайтын бөлімшелердің едені жанбайтын, электр сымды, тұрақты және ұшқын шығармайтын, ерітінділерге төзімді етіп орындалады.
      1247. Жуу және сырлау цехтерінің қабырғаларының үстіңгі қабаты кемінде 2 метр және тазалануы оңай, жанбайтын материалдармен қапталған болуы қажет.
      1248. Жуу және сырлау цехтерінің, лакпен сырлау зертханаларының және бояу дайындайтын бөлімшелердің бөлмелері дербес механикалық үрлеу-сору желдеткішімен және нүктелік сору бояу камераларымен, малу ванналарымен, құю қондырғыларымен, қолмен бояу бекеттерімен, кептіру камераларымен жабдықталады. Сырлау цехтарында ауаның ылғалдылығы автоматты түрде 65-75% мөлшерде болуы керек. Аталған үй-жайларда қауіпті жарылыс қосылыстарының пайда болуының алдын алуға арналған автоматты газ талдағыш орнатылады.
      1249. Жуу және сырлау цехтерінің және бояу дайындайтын бөлімшелердің жылу беру аспаптарының беті тегіс болуы және 950С артық қыздырмау қажет, қырлы радиаторларды қолдануға жол берілмейді.
      1250. Жуу және сырлау цехтерінің, лакпен сырлау зертханаларының және бояу дайындайтын бөлімшелердің электр жабдықтары мен шырақтарын тек жарылыстан қорғалған күйде ғана пайдалануға жол беріледі.
      Электрлік іске қосатын қондырғылар, түймелі электр магниттік жібергіштер жуу және сырлау үй-жайларынан тыс орнатылады.
      1251. Жуу және сырлау цехтарында гидравликалық ілмекті тұндырғыштармен немесе тұзақтармен жабдықталған өрт қауіпсіздігі канализациясы қарастырылады. Соңғысы жүйелі түрде бояу қалдықтарынан тазаланып тұрады.
      1252. Жуу және сырлау цехтары мен бояу дайындайтын бөлімшелердің жылжымалы технологиялық құралдары (сатылар, басқыштар, тақтайлар, арбалар) соққы және үйкеліс кезінде ұшқын шығудың алдын алатын қорғаныс қондырғысымен жабдықталады.
      1253. Жуу және сырлау цехтерінің және бояу дайындайтын бөлімшелердің және лакпен бояу зертханаларының үй-жайлары үнемі таза әрі реттелген күйде ұсталады. Үй-жайларды, жабдық пен жұмыс орындарын жинау ауысымына кемінде бір рет ылғалды тәсілмен жүргізіледі.
      Төгілген лак, бояу материалдарын және еріткіштерді ағаш үгіндісінің мен сумен жуудың көмегімен дереу жинап алынады.
      Едендер мен қабырғаларды, құралдарды жуу техникалық өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін сұйықтықтармен жүзеге асырылады. Бұл мақсатта өрт қаупі бар органикалық еріткіштерді пайдалануға жол берілмейді. Сүрту материалдары пайдаланылып болғаннан кейін жабылатын арнайы металл жәшіктерге салынып, ауысым соңында белгіленген орынға шығарылады.
      Лак, бояу материалдарынан босаған бос ыдыстар цехтан шығарылып, қақпағы тығыз жабылып, арнайы белгіленген алаңдарға жиналады.
      1254. Жуу және сырлау үдерісінде статистикалық электр зарядын сөндіру үшін барлық техникалық жабдықтар, бояу бүріккіштер, еріткіштер мен лак, бояуларға арналған құбырлар (иілгіш шлангтар), сондай-ақ сырланатын және жуылатын жеке тораптар, бөлшектер мен басқа да бұйымдар берік түрде жерге қосылады.
      Жерге қосатын электродтың кедергі мәні 10 Ом аспайды.
      1255. Жеке тораптар мен бөлшектерді және басқа да бұйымдарды жууға және майсыздандыруға пайдаланылатын органикалық, өрт шығу қаупі бар еріткіштерге статикаға қарсы қоспалар қосылады. Жуу мен майсыздандыруды жерге қосылатын нұсқаның сымымен жалғастырылған металл торға оралған мақта-мата майлықтармен жүргізу ұсынылады.
      1256. Адамдарда статикалық зарядтардың пайда болуының алдын алу және тоқтату үшін:
      1) жұмысшылар мен қызметшілерге синтетикалық және жібек маталардан киім киюге, сондай-ақ жүзіктер мен білезіктер тағуға жол берілмейді;
      2) цех алаңдары мен жабдықтарда жерге қосылған аймақ қабаттарының қондырғысы қарастырылады;
      3) есік тұтқалары, баспалдақ ағаштары, құралдардың саптары жерге бекітіледі;
      4) жұмысшылар ток өткізгіш аяқ киімдермен және статикаға қарсы білезіктермен қамтамасыз етіледі;
      5) жұмысшылар (мүмкіндігінше жиірек) өздерінен статикалық электр зарядты жерге қосылған металл заттарға немесе жабдықтарға жалаңаш қолын тигізу тәсілімен ауық-ауық, сондай-ақ өрт шығу қаупі бар органикалық еріткіштер мен лак, бояулардың жанынан алыс жерлерде түсіріп тұруға міндеттеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет