Өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері мен тексеру парақтарын бекіту туралы



жүктеу 4.95 Mb.
бет1/24
Дата21.04.2019
өлшемі4.95 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24



Өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері мен тексеру парақтарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 20 маусымдағы № 246 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 307 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 26 шілдеде № 15368 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік кодексі 141-бабының 2 және 3-тармақтарына және 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) өрт қауіпсіздігі саласындағы тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі үшін қолданылатын тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;

      2) азаматтық қорғаныс саласындағы ішінара тексерулер үшін тәуекел дәрежесін бағалау крийтерийлері осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;

      3) санатына, мақсатына және қызмет түріне қарамастан, объектіге қатысты өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау аясындағы тексеру парағы осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;

      4) өнеркәсіптік кәсіпорындарға қатысты өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау аясындағы тексеру парағы осы бірлескен бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес;

      5) автокәсіпорындарға, көлікке қызмет көрсету объектілеріне, автотұрақтарға (паркингтерге) қатысты өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау аясындағы тексеру парағы осы бірлескен бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес;

      6) әкімшілік ғимараттарға (көп функционалды кешендерге), көппәтерлі (жеке) тұрғын үйлерге және жатақханаларға қатысты өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау аясындағы тексеру парағы осы бірлескен бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес;

      7) автомобильдерге жанар-жағармай құю және газ құю (стационарлық және жылжымалы) станцияларына қатысты өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау аясындағы тексеру парағы осы бірлескен бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес;

      8) моншалар мен хауыздарға қатысты өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау аясындағы тексеру парағы осы бірлескен бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес;

      9) метрополитендерге қатысты өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау аясындағы тексеру парағы осы бірлескен бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес;

      10) қонақ үйлерге, мотельдерге, кемпингтерге қатысты өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау аясындағы тексеру парағы осы бірлескен бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес;

      11) демалыс үйлері мен аймақтарына, жазғы сауықтыру лагерлері мен туристік базаларға қатысты өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау аясындағы тексеру парағы осы бірлескен бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес;

      12) мәдени-көрсетілімді, ойын-сауық және спорттық мекемелерге қатысты өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау аясындағы тексеру парағы осы бірлескен бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес;

      13) ғибадат объектілеріне қатысты өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау аясындағы тексеру парағы осы бірлескен бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес;

      14) мұнай, газ өндіру өнеркәсібі объектілеріне қатысты өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау аясындағы тексеру парағы осы бірлескен бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес;

      15) денсаулық сақтау объектілеріне қатысты өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау аясындағы тексеру парағы осы бірлескен бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес;

      16) білім беру объектілеріне қатысты өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау аясындағы тексеру парағы осы бірлескен бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес;

      17) әлеуметтiк сала (қарттар мен мүгедектер үйлерi, балалар үйлерi, интернат үйлерi, балалар мен мүгедектерге арналған психоневрологиялық орталықтар) объектiлерiне қатысты өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау аясындағы тексеру парағы осы бірлескен бұйрыққа 17-қосымшаға сәйкес;

      18) сауда объектілеріне қатысты өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау аясындағы тексеру парағы осы бірлескен бұйрыққа 18-қосымшаға сәйкес;

      19) сақтау объектілеріне қатысты өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау аясындағы тексеру парағы осы бірлескен бұйрыққа 19-қосымшаға сәйкес;

      20) ауылшаруашылық объектілеріне қатысты өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау аясындағы тексеру парағы осы бірлескен бұйрыққа 20-қосымшаға сәйкес;

      21) энергетикалық (энергия өндіру және энергия беру) объектілерге қатысты өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау аясындағы тексеру парағы осы бірлескен бұйрыққа 21-қосымшаға сәйкес;

      22) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік, қорғаныс органдарының, Мемлекеттік күзет қызметінің объектілеріне қатысты өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау аясындағы тексеру парағы осы бірлескен бұйрыққа 22-қосымшаға сәйкес;

      23) мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет объектілеріне қатысты өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау аясындағы тексеру парағы осы бірлескен бұйрыққа 23-қосымшаға сәйкес;

      24) ұйымдарға қатысты азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау аясындағы тексеру парағы осы бірлескен бұйрыққа 24-қосымшаға сәйкес;

      25) Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарына қатысты азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау аясындағы тексеру парағы осы бірлескен бұйрыққа 25-қосымшаға сәйкес;

      26) орталық атқарушы органдар мен олардың аумақтық бөлімшелеріне қатысты азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау аясындағы тексеру парағы осы бірлескен бұйрыққа 26-қосымшаға сәйкес;

      27) табиғи және жасанды су айдындарында жаппай демалу орындары бекітілген ұйымдарға қатысты азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау аясындағы тексеру парағы осы бірлескен бұйрыққа 27-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті (В.Р. Беккер):

      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. "Өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері мен тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 8 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1060 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13143 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 2 наурызда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Ю.В. Ильинге жүктелсін.

      5. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
__________________ Т. Сүлейменов

Қазақстан РеспубликасыныңІшкі істер министрі_________________ Қ. Қасымов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасы

      Құқықтық статистика және

      арнайы есепке алу жөніндегі

      комитетінің төрағасы

      __________________ Б. Мусин

      "____"_________ 201__ жыл



 

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2017 жылғы 20 маусымдағы
№ 246 және
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2017 жылғы 2 мамырдағы
№ 307 бірлескен бұйрығына
1-қосымша

Өрт қауіпсіздігі саласындағы тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі үшін қолданылатын тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Өрт қауіпсіздігі саласындағы тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі үшін қолданылатын тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері (бұдан әрі – Критерийлер) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік кодексіне, "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 722 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік органдардың (Қазақстан Республикасының Ұлттық банкін қоспағанда) тәуекелді бағалау жүйесін қалыптастыру әдістемесін, міндетті ведомстволық есептіліктің және тексеру парақтарының нысандарына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12389 болып тіркелген) сәйкес әзiрлендi.

      2. Критерийлер объективті және субъективті критерийлер арқылы жинақталады.

2. Тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті критерийлері

      3. Объективті критерийлер тексерілетін субъектілерді (объектілерді) тәуекел дәрежелері (жоғары және жоғарыға жатқызылмаған (болмашы) бойынша бөлу мақсатында әзірленді.

      4. Жоғары тәуекел дәрежесіне мынадай объектілер жатады:

      1) Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы объектілері;

      2) орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы және өкілдік органдарының объектілері;

      3) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы орталық аппаратының, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) объектілері;

      4) Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының ғимараты;

      5) Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің объектілері;

      6) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік, қорғаныс органдарының, Мемлекеттік күзет қызметінің, "Сырбар" Қазақстан Республикасының сыртқы барлау қызметінің объектілері;

      7) жарылыс-өрт және өрт қауiптiлiгi бойынша "А", "Б" және "В1"-"В4" санаттарындағы өндiрiстері бар өнеркәсiп кәсіпорындары;

      8) гидроэлектр станциялары – қуаттылығы 250 және одан астам Мегаватт;

      9) жылу электр станциялары;

      10) газ турбиналық электр станциялары;

      11) электрлік кіші станциялары;

      12) қазандықтар;

      13) мұнай базалары мен мұнай өнiмдерiнің қоймалары;

      14) газ қоймалары мен газгольдер станциялары;

      15) оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды сақтау, жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу объектiлерi;

      16) құрылыстарының жалпы ауданы 2500 шаршы метрден астам жарылыс-өрт және өрт қауiптiлiгi бойынша "А", "Б" және "В1"-"В4" ғимараттары мен үй-жайлардың санаты бар объектілер, ауданы 2500 шаршы метрден астам газ баллондарын, ағаш материалдарын, көмірді, ірі азықтарды, өзге де жанғыш материалдар мен өнімдерді сақтауға арналған ашық түрдегі қоймалар;

      17) элеваторлар (астық қабылдау және жинау, өндірістік, базистік, қайта тиейтін және порттық элеваторлар);

      18) құрылыстарының жалпы ауданы 1500 шаршы метрден астам ауыл шаруашылығы объектілері, мал шаруашылығы объектiлерi мен құс фабрикалары;

      19) білім беру объектілері;

      20) бiр мезгілде 200 және одан астам адам болатын мәдени-көрсетілімді, дiни ғибадат объектілері;

      21) бiр мезгілде 200 және одан астам адам болатын спорт және дене шынықтыру-сауықтыру кешендерi;

      22) әлеуметтiк сала объектiлерi (қарттар мен мүгедектер үйлерi, балалар үйлерi, интернат үйлерi, психоневрологиялық орталықтар және басқалары);

      23) ауданына қарамастан - бiр мезгілде 100 және одан астам адам болатын демалыс үйлері және аймақтары, туристік базалар, балалардың жазғы сауықтыру лагерьлері (шатырлы қалашықтардан басқа);

      24) ауданына қарамастан - стационарлық көмек көрсететін, құрылыстарының жалпы ауданы 1000 шаршы метр және одан астам - амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау объектілері;

      25) құрылыстарының жалпы ауданы 1500 және одан астам шаршы метр - фармацевтикалық қызметтi жүзеге асыратын ұйымдар;

      26) мұрағаттар;

      27) құрылыстарының жалпы ауданы 1500 және одан астам шаршы метр - сауда объектілері мен ойын-сауық кешендері;

      28) әуежайлар, теміржол және автомобиль вокзалдары (станциялар), теңіз порттары, метрополитендер;

      29) автомобильдік техника саны 100 және одан астам бiрлiк – автокәсiпорындар, автотұрақтар (паркингтер);

      30) құрылыстарының жалпы ауданы 1500 және одан астам шаршы метр - көлiкке қызмет көрсету объектiлерi (автомобильдерге техникалық қызмет көрсету станциялары мен бекеттері);

      31) автожанармайқұю станциялары;

      32) сыйымдылығы 100 және одан астам адам - жатақханалар мен қонақ үйлер;

      33) құрылыстарының жалпы ауданы 1500 және одан астам шаршы метр - тұрмыстық қызмет көрсету ұйымдары;

      34) құрылыстарының жалпы ауданы 1500 және одан астам шаршы метр (уақытша жазғы алаңшалардың ауданын ескермегенде) - қоғамдық тамақтандыру ұйымдары;

      35) биіктігі 28 метрден жоғары көп пәтерлі тұрғын үйлер;

      36) жалпы ауданы 1500 және одан астам шаршы метр, сондай-ақ ауданына қарамастан биiктiгi 28 метрден астам - әкiмшiлiк ғимараттар мен көп салалы кешендер;

      37) шаруашылық ауыз су және өртке қарсы сумен жабдықтау жүйелерін пайдалану және техникалық қызмет көрсету бойынша қызметті жүзеге асыратын ұйымдары;

      38) объектінің мемлекеттік емес өртке қарсы қызметі;

      39) орман шаруашылығы мекемелері.

      5. Тәуекел дәрежесіне жатқызылмағандарға (болмашы) мына объектілер жатады:

      1) "Г" және "Д" өндірістік санаттары бар өнеркәсiп кәсіпорындары;

      2) қуаттылығы 250 Мегаваттан кем гидроэлектр станциялары;

      3) жел электростанциялары;

      4) құрылыстарының жалпы ауданы 2500 шаршы метрден кем жарылыс-өрт және өрт қауiптiлiгi бойынша ғимараттар мен үй-жайлардың санаттары "А", "Б" және "В1"-"В4", объектілер, ауданы 2500 шаршы метрден кем газ баллондарын, ағаш материалдарын, көмірді, ірі азықтарды, өзге де жанғыш материалдар мен өнімдерді сақтауға арналған ашық түрдегі қоймалар;

      5) құрылыстарының жалпы ауданы 1500 шаршы метрден кем ауыл шаруашылығы объектілері, мал шаруашылығы объектiлерi мен құс фабрикалары;

      6) бiр мезгілде 200- ден кем адам болатын мәдени-көрсетілімді, дiни ғибадат объектілері;

      7) құрылыстарының жалпы ауданы 1000 шаршы метрден кем амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау объектілері;

      8) бiр мезгілде 100-ден кем адамның болуы көзделген демалыс үйлері және аймақтары, туристік базалар;

      9) бiр мезгілде 200-ден кем адам болатын спорт және дене шынықтыру-сауықтыру кешендерi;

      10) құрылыстарының жалпы ауданы 1500 шаршы метрден кем тұрмыстық қызмет көрсету ұйымдары;

      11) құрылыстарының жалпы ауданы 1500 шаршы метрден кем (уақытша жазғы алаңшалардың ауданын ескермегенде) қоғамдық тамақтандыру ұйымдары;

      12) сыйымдылығы 100 адамнан кем жатақханалар мен қонақ үйлер;

      13) биіктігі 28 метрден кем көп пәтерлі тұрғын үйлер;

      14) байланыс кәсіпорындары;

      15) құрылыстарының жалпы ауданы 1500 шаршы метрден кем фармацевтикалық қызметтi жүзеге асыратын ұйымдар;

      16) құрылыстарының жалпы ауданы 1500 шаршы метрден кем сауда объектілері мен ойын-сауық кешендері;

      17) жалпы ауданы 1500 шаршы метрден кем әкiмшiлiк ғимараттар мен көп салалы кешендер;

      18) құрылыстарының жалпы ауданы 1500 шаршы метрден кем автокөлiкке қызмет көрсету объектiлерi (автомобильдерге техникалық қызмет көрсету станциялары мен бекеттері);

      19) ретрансляциялау және телерадио мұнаралары;

      20) өзен порттары;

      21) техника саны 100 бiрлiктен кем автокәсiпорындар, автотұрақтар (паркингтер);

      22) тұрғылықты жері бойынша балалар мен жасөспірімдердің клубтары;

      23) ауданы мен учаскелердің санына қарамастан саяжай және бау-бақша қауымдастықтары;

      24) аэродромдар.

      6. Жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған, тексерілетін субъектілерге (объектілерге) қатысты жартыжылдық кесте негізінде тексеру жүргізудің ерекше тәртібі қолданылады.

      7. Ерекше тәртіппен жүргізілетін жоғары тәуекел дәрежесіндегі объектілерге (субъектілерге) қатысты тексеру жүргізудің мерзімділігі, күнтізбелік жылда бір реттен жиі еместі құрайды, яғни жоспарланған жылдың қаңтар мен желтоқсан айлары аралығындағы кез келген кезеңде.

      8. Тексерулер жүргізудің ерекше тәртібінде осы Критерийлердің 4-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген объектілер тамыз бен қыркүйек аралығындағы кезеңде, осы Критерийлердің 4-тармағының 19) тармақшасындағы объектілер ақпан мен мамыр аралығындағы кезеңде, осы Критерийлердің 4-тармағының 23) және 39) тармақшаларындағы объектілер сәуір мен мамыр аралығындағы кезеңде, осы Критерийлердің 4-тармағының 22) тармақшасындағы объектілер шілде мен тамыз аралығындағы кезеңде, осы Критерийлердің 4-тармағының 8), 9), 10), 12) тармақшаларындағы объектілер шілде мен тамыз аралығындағы кезеңде, осы Критерийлердің 4-тармағының 24) тармақшасындағы объектілер қазан мен қараша аралығындағы кезеңде тексеріледі.

3. Тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті критерийлері

      9. Субъективті критерийлер тексеру жүргізудің ерекше тәртібінен босату түрінде тексерілетін адал субъектілерді көтермелеу принципін іске асыру мақсатында әзірленді.

      10. Субъективті критерийлер тексеру парақтарында аталған өрт қауіпсіздігі талаптарының негізінде әзірленді, олар өрескел, елеулі және болмашы болып үш дәрежеге бөлінген.

      Өрескел бұзушылықтар – өрттің шығу, оның таралу, өрттің қауіпті факторларының адамдарға әсер ету жағдайларын болдырмауға бағытталған өрт қауіпсіздігі талаптары, сондай-ақ мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет жұмысының мәселелерін, электр желілері мен электр жабдығын қауіпсіз пайдалану, эвакуациялау жолдарының болуын және олардың жай-күйін регламенттейтін талаптар.

      Едәуір бұзушылықтар – өрттің шығуынан сақтандыру мен алдын алуға және оны ойдағыдай сөндіруге жағдай жасауға бағытталған өрт қауіпсіздігі талаптары.

      Болмашы бұзушылықтар – өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ұйымдық мәселелерін регламенттейтін өрт қауіпсіздігі талаптары.

      Өрт қауіпсіздігі талаптарын өрескел, елеулі және болмашыға бөлу осы Критерийлерге қосымшада келтірілген.

      11. Тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеу кезінде өрт қауіпсіздігінің орындалмаған талаптарының үлес салмағы айқындалады.

      12. Өрескел дәрежедегі өрт қауіпсіздігінің бір орындалмаған талабы 100 көрсеткішіне теңеледі.

      Егер өрт қауіпсіздігі талаптарының өрескел бұзушылықтары анықталмаса, тәуекел дәрежесінің көрсеткішін анықтау үшін елеулі және болмашы дәрежедегі өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзушылықтар бойынша жиынтық көрсеткіші есепке алынады.

      13. Өрт қауіпсіздігі талаптарының елеулі бұзушылықтарының көрсеткішін айқындау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады және осы көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:

      мұнда:



– өрт қауіпсіздігі талаптарын елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;


– тексерілетін субъектіні (объектіні) тексеруге ұсынылған өрт қауіпсіздігінің елеулі талаптарының жалпы саны;


– өрт қауіпсіздігінің бұзылған елеулі талаптарының саны.

      14. Өрт қауіпсіздігі талаптарының болмашы бұзушылықтарының көрсеткішін айқындау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады және осы көрсеткіш мына формуламен есептеледі:

      мұнда:



– өрт қауіпсіздігі талаптарын болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші;


– тексерілетін субъектіні (объектіні) тексеруге ұсынылған өрт қауіпсіздігінің болмашы талаптарының жалпы саны;


- өрт қауіпсіздігінің бұзылған болмашы талаптарының саны.

      15. Тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші (

) 0 ден 100-ге дейінгі шкала бойынша есептеледі және көрсеткіштерді қосындылау жолымен мына формула бойынша айқындалады:


      мұнда:



- тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;


– өрт қауіпсіздігі талаптарын елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;


- өрт қауіпсіздігі талаптарын болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші.

      16. Тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші бойынша тәуекелдің жоғары дәрежесінде тексерілетін субъект (объект):

      1) 0-ден 60-қа дейінгі тәуекел дәрежесінің көрсеткіші кезінде осы Критерийлердің 7-тармағында белгіленген мерзімділігіне сәйкес жоспарланған тексерулерді жүргізудің келесі ерекше тәртібінен босатылады.

      2) 60-тан 100-ге дейінгі тәуекел дәрежесінің көрсеткіші кезінде тексеру жүргізудің ерекше тәртібінен босатылмайды.

      17. Субектіні (объектіні) тексеру Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 20 маусымдағы № 246 мен Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 307 "Өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері мен тексеру парақтарын бекіту туралы" бірлескен бұйрыққа (бұдан әрі - бірлескен бұйрық) 3-қосымшада келтірілген өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау аясындағы тексеру парағы бойынша және объектіні санатына, мақсатына және қызмет түріне байланысты осы бірлескен бұйрыққа 4-ден бастап 23-ге дейінгі қосымшаларда келтірілген тиісті тексеру парақтары бойынша жүргізіледі.

      Егер тексерілетін субъект (объект) екі немесе одан да көп тексеру парақтарымен тексерілсе, онда тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеу кезінде тексеруде қолданылған тексеру парақтарында көрсетілген барлық өрт қауіпсіздігі талаптары ескеріледі.

      18. Тексерулер жүргізудің келесі ерекше тәртібінен босатылған, өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзушылықтары бар, 60-қа дейін тәуекел дәрежесінің көрсеткішін алған тексерілетін субъект (объект) кемшіліктерді жою мерзімінің аяқталуы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымның орындалуын бақылау мақсатында жоспардан тыс тексеріледі.



      Егер өрт қауіпсіздігі талаптарының анықталған бұзушылықтары жойылмаса, тексерілетін субъект (объект) тексерулер жүргізудің келесі ерекше тәртібінен босатылмайды.

 

Өрт қауіпсіздігі саласындағы
тексерулер жүргізудің ерекше
тәртібі үшін қолданылатын
тәуекел дәрежесін бағалау
критерийлеріне
қосымша


Каталог: images -> 2018


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет