Өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері мен тексеру парақтарын бекіту туралы



жүктеу 4.95 Mb.
бет16/24
Дата21.04.2019
өлшемі4.95 Mb.
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   24

Автокәсіпорындарға, көлікке қызмет көрсету объектілеріне, автотұрақтарға (паркингтерге) қатысты өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау аясындағы тексеру парағы

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган___________________________________________

      Тексеруді тағайында туралы акт ____________________________________________________

                                                             (№, күні)

      Тексерілетін субъектінің (объектінің) атауы___________________________________________

      Тексерілетін субъектінің (объектінің) (ЖСН), БСН_____________________________________



      Орналасқан мекенжайы ___________________________________________________________

Р/с


Талаптар тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес

Талаптарға сәйкес емес

1

2

3

4

5

6

1

Ашық тұрақ аумақтарында көлік құралдарына шағын жөндеу мен ағымды техникалық қызмет көрсетуді беті қатты алаңшаларда жүзеге асыру бойынша талаптарды сақтау









2

Көлік құралдарына шағын жөндеу мен ағымды қызмет көрсетуді жүзеге асыруға арналған әрбір алаңшада өрт сөндіру қалқандардың болуы









3

Көлік құралдарын ашық сақтау гараждарының үй-жайлары мен алаңшаларын өрт немесе басқа да төтенше жағдайлар болған кезде эвакуациялауға кедергі жасауы мүмкін заттар мен жабдықтармен үйіп тастауға жол бермеу









4

Көлік құралдарын ашық сақтау гараждарының үй-жайлары мен алаңшаларын таза ұстау









5

Гараждар мен ашық тұрақтарды олардың тікелей мақсаттарынан тыс (жанғыш материалдарды, газ баллондарын жинау, жөндеу шеберханаларын, сырлау камералары және т.б.) қолдануға жол бермеу









Көлік сақтауға арналған үй-жайлар, шатыр асты және ашық алаңшалар

6

Нормадан асып кеткен көлемде көлік құралдарын орнатуға, оларды орналастыру жоспарын бұзуға, автомобильдер, ғимараттардың (құрылыстардың) арасындағы қашықтықты азайтуға орнатуға жол бермеу









7

Ұста, термиялық, дәнекерлеу, сырлау және ағаш өңдеу жұмыстарын жүргізуге, сондай-ақ тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды қолданып бөлшектерді шаюға шығу қақпалары мен өту жолдарын үйіп тастауға жол бермеу









8

Отын бактарынан, отын жолдарымен және карбюраторлардан жанармай тамшылап, аузы ашық отын бактарымен, сондай-ақ электрқұрылғылар жүйесі ақаулы күйде болса, көлік құралдарын қалдыруға жол бермеу









9

Көлік құралдарына жанар-жағармай материалдарын құюға жол бермеу, сондай-ақ оларды кәрізге немесе іргелес орналасқан аумаққа төгу. Қолданылған жанар-жағармай материалдарын, сүзгіштерді, ескі шүберектер мен басқа да материалдарды жинау жабылатын қақпақтармен жабдықталған жанбайтын материалдардан жасалған ыдыстарға көзделеді









10

Аккумуляторларды тікелей көлік құралдарында, сондай-ақ осы мақсатқа бейімделмеген үй-жайларда оталдыруға жол бермеу









11

Қозғалтқыштарды ашық отпен жылытуға (от, алау, дәнекерлеу шамдары), жарықтандыру үшін ашық от көздерін пайдалануға жол бермеу









12

Жалпы тұрақтарда тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды, сондай-ақ жанғыш газдарды тасымалдау үшін көлік құралдарын пайдалануға жол бермеу









13

Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтардың сыйымдылықтарын сақтауға жол бермеу









14

Көлік құралдарын бояуға, бөлшектерін тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтармен жууға жол бермеу









Газ тәрізді отынмен жұмыс жасайтын көлік құралдарын пайдалану

15

Газды қоректену жүйесі техникалық бұзылған (герметикалық емес) көлік құралдарын жабық үй-жайда тұраққа қоюға жол бермеу









16

Көлік құралдарын сақтауға арналған үй-жайларда сұйытылған көмірсутекті газды өршітуді жүзеге асыруға жол бермеу









17

Қысымды бақылаумен, газды өндірумен, қозғалтқышты жылытумен, карбюратор қоспалауыштарға әр түрлі отын түрлеріне ауыстырып қосу және газ берумен байланысты жүйелерді жарамды күйде ұстау. Сұйытылған көмірсутек газы бар баллондардағы сақтандырғыш клапандарын, сондай-ақ отын беруді бұғаттауды қамтамасыз ететін электрлік магнитті клапандарын жарамды күйде пайдалану. Баллондарды куәландыруды кемінде екі жылда бір рет жүргізу









18

Сұйытылған көмірсутек газын жабық гараж тұрақтарда және басқа да ішіндегі температурасы 25ºC асатын, жылу берілетін үй-жайларда қолдануға және сақтауға жол бермеу









19

Көлік құралдарын (жеке көлік түрлерінен басқа) сақтайтын ашық алаңдар мен тұрақтарға арналған үй-жайларды әрбір 10 бірлік техникаға біреуден келетін сүйреткіш арқандармен (штангалармен) буксирге алатын тростармен және штангтармен жарақтау









20

Автомобильдерді жөндеуге арналған үй-жайларда (газ автомобильдерінде баллондар газбен толтырулы болғанда) жанармай толтырылған багы бар автомобильдерге және май толтырылған картерлерге (№1 ТҚК бойынша жұмыстардан басқа) жөндеу жұмыстарын жүргізуге жол бермеу









Аккумуляторлық станциялар

21

Темекі шегуге, от жағуға, электр қыздырғыш аспаптарын пайдалануға жол бермеу









22

Бір ауысымдық қажеттіліктен артық қышқылды, сілтіні немесе электролитті сақтауға жол бермеу









23

Жұмыс орнында арнайы киімді және басқа да бөгде заттарды қалдыруға жол бермеу









Жуып-шаю және бояу жұмыстарын жүргізуге арналған жайлар

24

Жуу және бояу цехтарын көп қабатты ғимараттардың жертөлелерінде, цокольды және бірінші қабаттарында орналастыруға жол бермеу









25

Бояу дайындайтын бөлімшелерді сыртқы қабырғасында терезе ойығы жеке эвакуациялық шығу жолы бар және аралас үй-жайлардан жанбайтын қабырғалармен оқшауланған үй-жайларда орналастыру









26

Жуу және бояу цехтарына, сондай-ақ бояу дайындайтын бөлімшелерге жанбайтын, электр сымды, ерітінділерге төзімді және ұшқын шығармайтын еден жасау









27

Жуу және сырлау цехтарында қырлы радиаторларды қолдануға жол бермеу









28

Электрлік іске қосу құрылғыларын, түймелі электр магнитті іске қосқыштарды жуу және сырлау үй-жайларынан тыс орнату









29

Жуу, бояу цехтарының және бояу дайындау бөлімшелерінің жылжымалы технологиялық жабдығын қорғаныш құрылғылармен (саты, баспалдақ, тақтайша, арба) жабдықтау









30

Жұмысшылар мен қызметшілерге синтетикалық және жібек маталардан киім киюге, сондай-ақ жүзіктер мен білезіктер тағуға жол бермеу









31

Жұмыскерлерді ток өткізгіш аяқ киімдермен және статикаға қарсы білезіктермен қамтамасыз ету









      Лауазымды адам (адамдар)

      ___________________       _____________________       ______________________________

      (лауазымы)                   ( қолы)       (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

      Тексерілетін субъектінің басшысы

      _____________________             __________________________________________

             ( қолы)             (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), лауазымы)



 

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2017 жылғы 20 маусымдағы
№ 246 және
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2017 жылғы 2 мамырдағы
№ 307 бірлескен бұйрығына
6-қосымша

Әкімшілік ғимараттарға (көп салалы кешендерге), көппәтерлі (жеке) тұрғын үйлерге және жатаханаларға қатысты өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау аясындағы тексеру парағы

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган___________________________________________

      Тексеруді тағайында туралы акт ____________________________________________________

                                                      (№, күні)

      Тексерілетін субъектінің (объектінің) атауы__________________________________________

      Тексерілетін субъектінің (объектінің) (ЖСН), БСН____________________________________



      Орналасқан мекенжайы ___________________________________________________________

Р/с


Талаптар тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес

Талаптарға сәйкес емес

1

2

3

4

5

6

1

Түтiнге қарсы қорғау, өрт автоматикасы жүйелерi мен қондырғыларын, авариялық жарықтандыру, iшкi өртке қарсы су құбыры, авариялық лифтiлердің жарамды күйде ұсталуы және оларды жүйелі тексеруді ұйымдастыру









2

Объектiлердiң орталық диспетчерлiк пункттеріне шығарылған өртке қарсы қорғау жүйелерiн басқару қондырғылары мен бақылау аспаптарын ұстау, сондай-ақ қызметке түсу кезінде оларды кезекші персоналдың тексеруін қамтамасыз ету









3

Өрт кезiнде қосылатын өртке қарсы қорғау жүйелерiнiң iске қосу құрылғыларында олардың мақсаты мен қолданысқа келтіру тәртiбi туралы ілулі тақтайшаның болуы









4

Табиғи жарықтандыруы жоқ эвакуациялау жолдарының электр жарығымен тұрақты жарықтандырылуын қамтамасыз ету, сондай-ақ жарықтың қозғалысқа жарық диодтан қосылу мүмкiндiгiнің болуы









5

Түтiнге қарсы қорғау жүйесiне кiретiн есiктерде жарамды өздiгiнен жабылатын құрылғылар мен тығыздағыш төсемшелердің болуы









6

Өрт шыққан жағдайда автосатыларды орнатуға арналған алаңдарға құрылыс салынуын, жабдықтармен, автокөлікпен үймелеуге жол бермеу









7

Тұйық жабындарда және түтiнденбейтiн саты торларын үй-жайлардан, өту жолдарынан, өрт қауiптi үй-жайлары бар жертөлелерден бөлетiн қабырғаларда есiк ойықтарын орнатуға жол бермеу









8

Автоматты өрт хабарлағыштарын бояуға, тұсқағаздармен желiмдеуге жол бермеу









9

Ортақ дәлiздерде түтiн жоюға кедергi келтiретiн жабындарды орнатуға жол бермеу









10

Балкондар мен лоджиялардың қоршауларын жанғыш материалдармен қаптауға жол бермеу









11

Тұрғын үй пәтерлерi мен жатақхана бөлмелерiнде жарылыс, өрт қауіптi заттар мен материалдар қолданылатын және сақталатын әр түрлi шеберханалық және қоймалық үй-жайларды орнатуға, сондай-ақ басқа мақсатқа арналған үй-жайға жалға беруге жол бермеу









12

Жатақханаларда (тұрғын үй-жайлардан басқа) темекi шегуге арналған орындар "Темекi шегуге арналған орын" деген жазумен, жанбайтын материалдардан жасалған урналардың немесе темекi күлін салғыштардың болуы









13

Түтiнге қарсы қорғау жүйесiн қабылдағаннан кейiн жүйемен басқару қалқанын тоқтан ажыратуға жол бермеу









14

Өртке қарсы қорғау жүйесiн баптағанға дейiн жаңадан салынған ғимаратты пайдалануға жол бермеу









15

Балкондар мен лоджияларда эвакуациялау есiктерiн, люктердi, сондай-ақ аралас секцияларға адамдардың өтуiне арналған өткелдердi қатты бекiтуге және эвакуациялау сатыларына шығу жолдарын жиһазбен, жабдықпен үймелеуге жол бермеу









16

Түтiнденбейтiн саты торларына әйнек салуға немесе жалюзиi мен әуе аймақтарын бекiтуге жол бермеу









17

Ауа өткiзгiштердегi отты бөгейтiн құрылғылардың (жапқыштар, шиберлер, клапандар), автоматты өрт сигнализациясы немесе өрт сөндiру құрылғылары бар желдеткiш жүйелерiнiң бұғаттау құрылғыларының, өрт кезiнде желдеткiштi автоматты ажырату құрылғыларының жарамды жай-күйі









      Лауазымды адам (адамдар)

      ___________________       _____________________       ______________________________

      (лауазымы)                   ( қолы)       (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

      Тексерілетін субъектінің басшысы

      _____________________             __________________________________________

             ( қолы)             (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), лауазымы)



 

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2017 жылғы 20 маусымдағы
№ 246 және
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2017 жылғы 2 мамырдағы
№ 307 бірлескен бұйрығына
7-қосымша

Автомобильдерге жанар-жағармай құю және газ құю (стационарлық және жылжымалы) станцияларына қатысты өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау аясындағы тексеру парағы

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган___________________________________________

      Тексеруді тағайында туралы акт ____________________________________________________

                                                      (№, күні)

      Тексерілетін субъектінің (объектінің) атауы___________________________________________

      Тексерілетін субъектінің (объектінің) (ЖСН), БСН_____________________________________



      Орналасқан мекенжайы ___________________________________________________________

Р/с


Талаптар тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес

Талаптарға сәйкес емес

1

2

3

4

5

6

1

АЖС ғимаратын орталық жылу беру жүйесімен жабдықтау.
Автожанармай құю станциясының үй-жайларында зауытта дайындалған, өрт қауіпсіздігі талаптарына сай майлы электрмен жылыту аспаптарын жанғыш конструкциялар мен материалдарға дейінгі тиісті қашықтықты сақтай отырып пайдалануға. Жылыту аспаптары мен әр түрлі құбыр өткізгіштерге жанғыш материалдарды (арнайы киімді, сүрту материалын) қоюға, сондай-ақ жылыту аспаптарында киім мен аяқ киімді кептіруге жол бермеу.
Автожанармай құю станциясының аумағы мен ғимараттарында жылу беру қондырғылары мен ашық от қолданылатын құрылғыларды пайдалануға жол бермеу









2

Автожанар-жағар май құю станциясының аумағына кірердің алдында оның аумағында көлік қозғалысын ұйымдастыру схемасының және жүргізушілер мен жолаушыларға арналған өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау туралы талаптарымен стендтердің болуы









3

Автожанар-жағар май құю станциясының аумағында шылым шегуге жол бермеу









4

Автожанар-жағармай құю станциясының барлық үй-жайларының есіктерінде, сондай-ақ сыртқы қондырғыларда:
1) жарылыс-өрт және өрт қауіптілігі бойынша үй-жайлардың санаты;
2) жарылыс қауптілігінің немесе өрт қауіптілігі аймақтарының сыныбы;
3) өртке қарсы жай-күйге жауапты жұмыскердің тегі, аты-жөні
4) өртке қарсы қызмет бөлімшелерін шақыру телефонының нөмірі көрсетілген жазбаның болуы









5

Жанып жатқан көлік құралын автожанар-жағар май құю станциясының аумағынан шұғыл эвакуациялау үшін кемінде 3 метрлік қатты буксирлік штангінің болуы









6

Автожанар-жағар май құю станциясы ауыл шаруашылығы дәнді-дақыл алқаптарының жанында орналастырылған кезде жалынның (бидай, мақта) дала алқаптарына таралуы мүмкін, автожанар-жағар май құю станциясы шекарасының бойымен ені кем дегенде 4 метрлік жер жыртудың болуы









Технологиялық жабдықты пайдалану

7

Технологиялық жабдықты:
1) отынның ағуы болғанда;
2) бақылау және реттеу аспаптары болмағанда, жарамсыздық болғанда, ажыратылғанда немесе тексеру мерзімі өтіп кеткенде;
3) кез келген жарамсыздық кезінде пайдалануға жол бермеу









8

Технологиялық жабдыққа автожанармай құю станциясының өрт қауіптілік дәрежесін арттыратын конструктивті өзгерістер енгізуге жол бермеу









9

Негізгі және қосалқы технологиялық жабдықта статикалық электрден қорғаудың болуы









10

Фланецтердің, келте құбырлардың, штуцерлердің және атмосферадан отын мен оның буын бөлетін басқа да құрылғылардың қақпақтары мен келте құбырлары арматурамен жанасу орындарында ұшқын шығармайтын және мұнай өнімдері мен қоршаған ортаның әсеріне тұрақты төсемдердің болуы









11

Отын сақтауға арналған резервуарлар деаэрация желілердің болуы.
Деаэрация желілерінің құбыр өткізгіштері кез келген уақытта жұмыс жасау қабілетін сақтай алатын от бөгегіштермен немесе қоса салынған от бөгегіштері бар тыныс алу клапандарымен жарақтау









Жөндеу және регламенттік жұмыстарды жүргізу

12

Жанғыш бу-ауа қоспалары түзілетін аймақтарда жұмысты ұшқын шығармайтын киім мен аяқ киімде ұшқынға қауіпсіз аспаппен орындау









13

Автожанармай құю станциясының технологиялық жүйелерінің герметикалығына пневматикалық сынаулар жүргізу үшін (резервуардың қабырға аралық кеңістігі, резервуардың ішкі кеңістігі, құбыр өткізгіштігі) жанбайтын газдар (азот, көмір қышқыл газы) пайдалану









14

От бөгегішті немесе онымен жабдықталған тыныс алу клапанын деаэрация жүйесi құбырының шығу жолында осы құбыр өткізгішті тығын арматурасымен герметикалық жабынсыз алуға жол бермеу









15

Автожанармай құю кешендерінің аумағында, ғимараттарында, құрылыстарында, үй-жайларында, технологиялық жүйелерінде жөндеу жұмыстарын жүргізуге объектінің басшысы жазбаша рұқсаттың болуы









Отынды қабылдау және беру жабдығы

16

Автоцистерналардан отын құю жабық схема бойынша қамтамасыз ету









17

Автожанармай құю станциясына отыны бар автоцистерналар кірген кезде оның аумағынан барлық көлік пен бөгде адамдарды шығаруды қамтамасыз ету. Бір мезгілде екі және одан да көп автоцистерналардың болуына тыйым салу.









18

Автоцистернадан жанар-жағар май құю операциясын автожанармай құю станциясының кемінде екі жұмыскері және мынадай талаптарды орындағанда жүргізіледі:
1) автоцистерналарға арналған жанармай құю алаңында әрқайсысының көлемі кемінде 100 литр жылжымалы ауа-көбікті өртсөндіргіштің болуы;
2) автоцистерналардың жанармай құю алаңдарынан мұнай өнімдерімен ластанған атмосфералық жауын-шашын қалдықтарының науасы жабылады және отын төгілуін авариялық резервуарға бұру құбыр өткізгішін ашу;
3) автоцистерналарды жерге тұйықтау









19

Жерге тұйықталатын өткізгіштерді автоцистернаның боялған және ластанған металл бөліктеріне қосуға жол бермеу









20

Жұмыс iстеп тұрған қозғалтқыштары бар көлік құралдарына жанармай құюға жол бермеу









21

Егер қолданылатын технологиялық жүйеге келісілген және бекітілген техникалық шарттар мен техникалық пайдалану құжаттамасында көзделмеген болса, жер асты резервуарларымен көлік құралдарының өтуіне жол бермеу









22

Найзағай болғанда және атмосфералық разрядтардың пайда болу қауіптілігі болған уақытта резервуарларға отын құюға және тұтынушыларға отын беруге жол бермеу









23

Бензин қабылдау, сақтау немесе беру операциялары жүзеге асырылатын автожанармай құю станциясының аумағына ұшқын өшіргіштермен жабдықталмаған тракторлардың өтуіне жол бермеу









24

Автожанармай құю станциясының жабдығын, ғимараттары мен құрылыстарын жөндеумен тікелей байланысы жоқ жөндеу жұмыстарын жүргізуге жол бермеу









25

Жолаушылары бар көлік құралдарына (кемінде төрт есікті жеңіл автомобильдерден басқа) жанармай құюға жол бермеу









26

Жарылғыш заттар, сығымдалған және сұйытылған жанғыш газдар, тез тұтанатын сұйықтықтар мен жанғыш сұйықтықтар, тез тұтанатын материалдар, улы және радиоактивті заттар мен басқа да қауіпті заттар мен материалдар тиелген көлік құралдарының кіруіне жол бермеу









Жылжымалы автожанар-жағармай құю станциялары

27

Жылжымалы автожанармай құю станцияларын арнайы бөлінген алаңдарға орналастыру









28

Арнайы бөлінген алаңдағы жылжымалы автожанармай құю станцияларын пайдалануды бастамас бұрын:
1) бақылау-өлшеу аспаптары арқылы және көзбен шолу станцияларының герметикалығы тексеріледі;
2) автожанармай құю станцияларының жерге қосатын өткізгіші алаңның жерге тұйықтау құрылғысына қосылады;
3) көлік құралының отын багының астына қою үшін тұғырлар дайындалады;
4) көлік құралдарының автожанармай құю станцияларына өтуін шектейтін кемінде 1 метр тосқауылдар орнатылады;
5) ескерту белгілері мен ақпарат қалқаны орнатылады









      Лауазымды адам (адамдар)

      ___________________       _____________________       ______________________________

      (лауазымы)                   ( қолы)       (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

      Тексерілетін субъектінің басшысы

      _____________________             __________________________________________

             ( қолы)             (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), лауазымы)



 

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2017 жылғы 20 маусымдағы
№ 246 және
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2017 жылғы 2 мамырдағы
№ 307 бірлескен бұйрығына
8-қосымша

Каталог: images -> 2018


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   24


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет