Өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері мен тексеру парақтарын бекіту туралы


Денсаулық сақтау объектілеріне қатысты өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау аясындағы тексеру парағы



жүктеу 4.95 Mb.
бет19/24
Дата21.04.2019
өлшемі4.95 Mb.
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24

Денсаулық сақтау объектілеріне қатысты өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау аясындағы тексеру парағы

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган___________________________________________

      Тексеруді тағайында туралы акт ____________________________________________________

                                                       (№, күні)

      Тексерілетін субъектінің (объектінің) атауы___________________________________________

      Тексерілетін субъектінің (объектінің) (ЖСН), БСН_____________________________________



      Орналасқан мекенжайы ___________________________________________________________

Р/с


Талаптар тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес

Талаптарға сәйкес емес

1

2

3

4

5

6

1

Емдеу мекемесінің науқастарды шығару аяқталғаннан кейін өрт сөндіру бөліміне әр мекеме ғимаратындағы науқастар саны туралы деректерді күн сайын хабарлауы









2

Ересек науқастар мен балалар саны 25-тен асқан жағдайда оларды қамыс қаңқалы және ағаш ғимараттарда орналастыруға жол бермеу









3

Ауылдық жерлерде орналасқан медициналық ұйымдардың ғимаратына бір саты есебінен қосалқы сатылармен қамтамасыз ету









4

Өздігінен қозғалуға қабілетсіз адамдар үздіксіз келетін ауруханалар мен басқа да мекемелердің ғимаратын бес науқасқа (мүгедекке) бір зембіл есебінен зембілдермен қамтамасыз ету









5

Науқастарға арналған палаталары бар корпустарда емдеу процесіне қатысы жоқ үй-жайларды орналастыруға немесе оларды жалға беруге жол бермеу









6

Кереуеттерді дәліздерде, холлдарда және басқа да эвакуациялау жолдарында орнатуға жол бермеу









7

Аурухана палаталарына баллондардан оттегі жіберу үшін резеңке және пластмасса шлангтарды қолдануға жол бермеу









8

Ақаулы емдеу электр жабдықтарын пайдалануға жол бермеу









9

Аурухана палаталары мен науқастар жатқан басқа да үй-жайларда үтік, электр плиталары мен басқа да электр жылыту құралдарын пайдалануға жол бермеу









10

Су қайнатқыштар, су жылытқыштар және титандар құрылғыларының болуы, медициналық аспаптарды залалсыздандыру, сондай-ақ парафин мен озокеритті қыздыру арнайы бейімделген орын-жайларда жүргізіледі









11

Зертханаларды, бөлімшелерді, дәрігерлер кабинеттерінің сыйымдылығын ескере отырып, жалпы саны 3 килограмнан аспайтын дәрі-дәрмектер мен реактивтерді (тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарға жататын спиртті, эфирді) сақтау үшін, жабылатын арнайы металл шкафтарда сақтауды қамтамасыз ету









12

Дәріхана қоймаларының үй-жайларында материалдық құндылықтарды қатаң түрде ассортимент бойынша сақтау және тез тұтанатын сұйықтықтарды басқа материалдармен бірге сақтауға жол бермеу









13

Оттегі мен жанғыш газы бар баллондарды бірге сақтауға, сондай-ақ осы баллондарды материалдық және дәрхана қоймаларында сақтауға жол бермеу









Физиотерапиялық кабинеттер, анестезиологиялық бөлімшелер, жан сақтау және қарқынды терапия, операциялық бөлімшелер

14

Тек зауытта дайындалған және жанбайтын материалдардан жасалған үстінде орнатылған, электрмен және сәулемен емдеу кабинеттерінде қолданылатын ауа қабаты бар стерилизаторлармен қамтамасыз етілуі









15

Парафин мен озокеритті жылытуды зауытта дайындалған жылытқыштардың сору шкафындағы арнайы бөлінген үй-жайда немесе су моншасында орындау









16

Аппараттар мен қондырғылардан үй-жайлардың жергілікті желдету жүйелерінің шығаруды шатырдың жоғарғы нүктесінен кемінде 2 метр биіктікте жүзеге асыруды қамтамасыз ету









17

Аппаратураның профилактикалық байқауын анықталған ақауларды жою шараларын қабылдай отырып, техникалық төлқұжатта (нұсқаулықта) белгіленген мерзімде жүргізу









18

Әрбір электрмен және сәулемен емдеу бөлімшесінде (кабинетінде) қызмет етуші персонал жүргізген өртке қарсы нұсқауларды және электр аппаратурасының жұмысында байқалған ақауларды тіркеу журналын жүргізу









19

Операциялық, операция алдындағы, наркоздық және операциялық блоктың үй-жайларының есік орындары мен өтетін жолдары арқылы науқастарды сүйретпелерде еркін тасымалдауды қамтамасыз ету









Емдеу мекемелерінің зертханалары

20

Өндірістік қажеттіліктерге арналған тез тұтанатын сұйықтықтарды құбыр арқылы немесе тасымалдауға арналған жабық, сынбайтын арнайы ыдыста беруді қамтамасыз ету









21

Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды ауысымдық қажеттіліктен аспайтын мөлшерде жұмыс істейтін үй-жайларда ішіне асбест төселген, қақпағы бар металл жәшікке салынған, қабырғасы қалың шыны немесе тығыз тығындысы бар сынбайтын ыдыста сақтау. Мұндай сұйықтықтарды полиэтиленді сыйымдылықтарда сақтауға жол бермеу









22

Зертханаларда заттар мен материалдарды қатаң түрде ассортимент бойынша сақтауды қамтамасыз ету









23

Сұйық оттегіні тез тұтанатын заттармен, майлармен және сұйық майлармен бір үй-жауда сақтауға жол бермеу









24

Сығылған, сұйытылған және ерітілген жанғыш газдары бар баллондарды зертхана ғимаратынан тысқары металл шкафтарда орналастыру









25

Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды, сондай-ақ жанғыш материалдарды қыздыратын аспаптарға, шілтерлерге және басқа да от көздеріне 1 метрден жақын орналастыруға жол бермеу









26

Пайдаланылған тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды кәрізге құйылуына жол бермеу 









27

Едендер мен жабдықтарды тез тұтанатын жанғыш сұйықтықтармен және заттармен жууға жол бермеу









28

Шілтерлер жанып тұрған және электр қыздырғыш аспаптары қосылып тұрған кезде байқаусызда төгілген сұйықтықтарды тазалауға жол бермеу









29

Жұмыс орнында майланған шүберек пен қағазды қалдыруға жол бермеу









30

Жұмыс орнында және жұмыс істейтін үй-жайларда белгісіз өрт қауіпті қасиеттері бар қандайда бір заттар мен препараттарды сақтауға жол бермеу 









31

Жұмыс орнын, жанып тұрған шілтерлерді және басқа қыздыру аспаптарын қараусыз қалдыруға жол бермеу









32

Ішінде тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтары бар ыдыстарды ашық отта, сондай-ақ тұрмыстық электр қыздырғыш аспаптарында қыздыруға жол бермеу









Бір және көп орындық емдеу барокамералары

33

Барокамера үй-жайларының қабырғаларын, аспалы төбелерді жанбайтын материалдармен қаптауды орындау









34

Барокамера үй-жайларына орталықтан, сумен жылыту, жылу тасымалдағыштың температурасы 950С-тан аспайтындай етіп орнату. Жылу беру аспаптарынан және жылудың басқа көздерінен барокамераға дейінгі арақашықтықты кемінде 1 метр етіп қамтамасыз ету









35

Екi немесе одан көп бiр орынды немесе бiр көп орынды барокамералар орнатылатын үй-жайларда авариялық жарықтың бар болуы









36

Тiкелей барокамераларда орнатылған шырақтарда тек қыздыратын лампалардың болуы









37

Пациенттi бароаппаратқа синтетикалық киiмде жайғастыруға жол бермеу









38

Бароагрегаттарды (барокамераларды, барокондиционерлердi) жерге тұйықтамай бароппараттарды пайдалануға жол бермеу









39

Барокамераға тез тұтанатын сұйықтықтарды, майларды, оттың немесе ұшқынның пайда болуына қабiлеттi заттар мен бұйымдарды кiргiзуге жол бермеу









40

Барозалда (үй-жайда, көлiк салонында) ақаулы аспаптарды және электр өткiзгiштердi (зақымдалған оқшаулағыштармен, сенiмсiз ұшқындайтын түйiсулермен) пайдалануға, электр қыздырғыш аспаптарын (су қайнатқыштарды, электр плиталарын) пайдалануға, жанғыш материалдардан жасалған жиһазды, ұшқын тудыруға қабiлеттi материалдар мен заттарды пайдалануға, ашық отты қолдануға, темекi шегуге, жұмыс орындарының төменгi жағына жарық түсiру үшiн ашық орындалған шырақтарды қолдануға жол бермеу









41

Майы алынбаған оттегi жабдығын пайдалануға жол бермеу









42

Барозалда жанғыш және тез тұтанатын сұйықтықтарды, майларды, сондай-ақ жанғыш, оның iшiнде таңып байлау материалдарын сақтауға жол бермеу









43

Барозалдағы оттегi концентрациясын 23%-дан артық асыруға жол бермеу









Дәріханалар және дәріхана қоймалары

44

Басқа мақсаттағы ғимаратта орналасқан дәрiханаларда жалпы саны 100 килограммнан аспайтын тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтардың болуы









45

Арнайы орынға тiгiнен тұрғызылған күйде нығайтылған және қамытпен тығыз бекiтiлген, екеуден аспайтын оттегi толтырылған баллонды жеке орналасқан дәрiханаларда сақтауды жүзеге асыру









46

Транзиттiк электр кәбілдерi өтетiн үй-жайларда, сондай-ақ газ коммуникациялары және май толы аппаратуралары бар үй-жайларда сақтауға жол бермеу









47

Өнiмдi үйiп-төгiп сақтауға және оны жылу беру радиаторлары мен құбырларына нығыз жинауға жол бермеу









48

Материалдарды сақтау қоймаларында ашуға және буып-түюге жол бермеу









49

Пластмасс бұйымдарын желдетiлетiн, қараңғы, құрғақ үй-жайда бөлме температурасында, жылу беру жүйелерiнен кемiнде 1 метр қашықтықта сақтауды қамтамасыз ету









50

Өрт қауiптi және жарылыс қауiптi дәрiлік заттарды сақтауға арналған үй-жайларды жанбайтын және төзiмдi стеллаждармен және тұғырлармен қамтамасыз ету









51

Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды енi кемiнде 0,7 метр және биiктiгi кемiнде 1,2 метр есiктерi бар жапсарлас жанбайтын шкафтарда сақтауды қамтамасыз ету









52

100 килограммнан астам мөлшердегi тез тұтанатын сұйықтықтарды бөлек тұрған ғимаратта, шыны немесе металл ыдыста, өзге топтардағы от қауiптi заттарды сақтау үй-жайларынан оқшаулап сақтауды жүзеге асыру









53

Ұйымдардың өндiрiстiк үй-жайларында тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды жалпы мөлшерi 3 килограммнан аспайтындай етiп, жылыту аспаптары мен шығу жолдарынан қашықта арнайы металл жәшiкте сақтау









54

Өрт қауiптi және жарылыс қауiптi заттар сақталатын үй-жайларда сыртынан, сондай-ақ осы үй-жайлардың iшiндегі есiктерде айқын көрiнетiн "От қауiптi", "Жарылыс қауiптi", "Темекi шегуге жол берiлмейдi", "Өрт шыққан жағдайда 101 телефонына қоңырау соғу қажет" деген жазулардың болуы









55

Тез тұтанатын сұйықтықтарды сақтауға арналған контейнерлерді сұйықтықтардың булануын алдын алу үшiн тығыз жабылатын қақпағы бар шыныдан немесе металдан дайындау









56

Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтары бар бөтелкелер, баллондар мен өзге де үлкен сыйымдылықтарды соққыдан сақтайтын ыдыста немесе баллон аударғыштарда бiр қатарда сақтауды жүзеге асыру









57

Тез тұтанатын және жанғыш сұйық дәрілік заттарды минералды қышқылдармен (күкiрт, азот және өзге де қышқылдармен), сығылған және сұйытылған газдармен, тез жанғыш заттармен, сондай-ақ органикалық заттармен, жарылыс қауiптi қоспалар беретiн (хлорат калиi, перманганат калиi) бейорганикалық тұздармен бірге сақтауға жол бермеу









58

Жанғыш және жарылыс қауiптi дәрiлік заттарды қабырғасы қалың, тығыз жабылатын контейнерлерде (бөтелкелерде, банкаларда, барабандарда) сақтау









      Лауазымды адам (адамдар)

      ___________________       _____________________       ______________________________

      (лауазымы)                   ( қолы)       (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

      Тексерілетін субъектінің басшысы

      _____________________             __________________________________________

             ( қолы)             (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), лауазымы)



 

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2017 жылғы 20 маусымдағы
№ 246 және
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2017 жылғы 2 мамырдағы
№ 307 бірлескен бұйрығына
16-қосымша

Каталог: images -> 2018


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет