Өрт қауіпсіздігі саласындағы тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі үшін қолданылатын



жүктеу 1.83 Mb.
бет4/12
Дата20.12.2018
өлшемі1.83 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

өрескел

216

Сұйытылған көмірсутек газын жабық гараж тұрақтарда және басқа да ішіндегі температурасы 25ºC асатын, жылу берілетін үй-жайларда қолдануға және сақтауға жол бермеу

өрескел

217

Көлік құралдарын (жеке көлік түрлерінен басқа) сақтайтын ашық алаңдар мен тұрақтарға арналған үй-жайларды әрбір 10 бірлік техникаға біреуден келетін сүйреткіш арқандармен (штангалармен) буксирге алатын тростармен және штангтармен жарақтау

едәуір

218

Автомобильдерді жөндеуге арналған үй-жайларда (газ автомобильдерінде баллондар газбен толтырулы болғанда) жанармай толтырылған багы бар автомобильдерге және май толтырылған картерлерге (№1 ТҚК бойынша жұмыстардан басқа) жөндеу жұмыстарын жүргізуге жол бермеу

едәуір

9.3 Аккумуляторлық станциялар

219

Темекі шегуге, от жағуға, электр қыздырғыш аспаптарын пайдалануға

өрескел

220

Бір ауысымдық қажеттіліктен артық мөлшерде қышқылды, сілтіні немесе электролитті сақтауға

болмашы

221

Жұмыс орындарында арнайы киімді және басқа да бөгде заттарды қалдыруға жол бермеу

болмашы

9.4 Жуып-шаю және бояу жұмыстарын жүргізуге арналған үй-жайлар

222

Жуу және бояу цехтарын көп қабатты ғимараттардың жертөлелерінде, цокольды және бірінші қабаттарында орналастыруға жол бермеу

өрескел

223

Бояу дайындайтын бөлімшелерді сыртқы қабырғасында терезе ойығы жеке эвакуациялық шығу жолы бар және аралас үй-жайлардан жанбайтын қабырғалармен оқшауланған үй-жайларда орналастыру

өрескел

224

Жуу және бояу цехтарына, сондай-ақ бояу дайындайтын бөлімшелерге жанбайтын, электр сымды, ерітінділерге төзімді және ұшқын шығармайтын еден жасау

едәуір

225

Жуу және сырлау цехтарында қырлы радиаторларды қолдануға жол бермеу

едәуір

226

Электрлік іске қосу құрылғыларын, түймелі электр магнитті іске қосқыштарды жуу және сырлау үй-жайларынан тыс орнату

едәуір

227

Жуу, бояу цехтарының және бояу дайындау бөлімшелерінің жылжымалы технологиялық жабдығын қорғаныш құрылғылармен (саты, баспалдақ, тақтайша, арба) жабдықтау

едәуір

228

Жұмысшылар мен қызметшілерге синтетикалық және жібек маталардан киім киюге, сондай-ақ жүзіктер мен білезіктер тағуға жол бермеу

болмашы

229

Жұмыскерлерді ток өткізгіш аяқ киімдермен және статикаға қарсы білезіктермен қамтамасыз ету

болмашы

  1. Әкімшілік ғимараттарға (көп салалы кешендерге), көппәтерлі (жеке) тұрғын үйлерге және жатаханаларға қойылатын талаптар

230

Түтiнге қарсы қорғау, өрт автоматикасы жүйелерi мен қондырғыларын, авариялық жарықтандыру, iшкi өртке қарсы су құбыры, авариялық лифтiлердің жарамды күйде ұсталуы және оларды жүйелі тексеруді ұйымдастыру

өрескел

231

Объектiлердiң орталық диспетчерлiк пункттеріне шығарылған өртке қарсы қорғау жүйелерiн басқару қондырғылары мен бақылау аспаптарын ұстау, сондай-ақ қызметке түсу кезінде оларды кезекші персоналдың тексеруін қамтамасыз ету

өрескел

232

Өрт кезiнде қосылатын өртке қарсы қорғау жүйелерiнiң iске қосу құрылғыларында олардың мақсаты мен қолданысқа келтіру тәртiбi туралы ілулі тақтайшаның болуы

болмашы

233

Табиғи жарықтандыруы жоқ эвакуациялау жолдарының электр жарығымен тұрақты жарықтандырылуын қамтамасыз ету, сондай-ақ жарықтың қозғалысқа жарық диодтан қосылу мүмкiндiгiнің болуы

өрескел

234

Түтiнге қарсы қорғау жүйесiне кiретiн есiктерде жарамды өздiгiнен жабылатын құрылғылар мен тығыздағыш төсемшелердің болуы

өрескел

235

Өрт шыққан жағдайда автосатыларды орнатуға арналған алаңдарға құрылыс салынуын, жабдықтармен, автокөлікпен үймелеуге жол бермеу

едәуір

236

Тұйық жабындарда және түтiнденбейтiн саты торларын үй-жайлардан, өту жолдарынан, өрт қауiптi үй-жайлары бар жертөлелерден бөлетiн қабырғаларда есiк ойықтарын орнатуға жол бермеу

өрескел

237

Автоматты өрт хабарлағыштарын бояуға, тұсқағаздармен желiмдеуге жол бермеу

едәуір

238

Ортақ дәлiздерде түтiн жоюға кедергi келтiретiн жабындарды орнатуға жол бермеу

едәуір

239

Балкондар мен лоджиялардың қоршауларын жанғыш материалдармен қаптауға жол бермеу

өрескел

240

Тұрғын үй пәтерлерi мен жатақхана бөлмелерiнде жарылыс, өрт қауіптi заттар мен материалдар қолданылатын және сақталатын әр түрлi шеберханалық және қоймалық үй-жайларды орнатуға, сондай-ақ басқа мақсатқа арналған үй-жайға жалға беруге жол бермеу

едәуір

241

Жатақханаларда (тұрғын үй-жайлардан басқа) темекi шегуге арналған орындар «Темекi шегуге арналған орын» деген жазумен, жанбайтын материалдардан жасалған урналардың немесе темекi күлін салғыштардың болуы

болмашы

242

Түтiнге қарсы қорғау жүйесiн қабылдағаннан кейiн жүйемен басқару қалқанын токтан ажыратуға жол бермеу

едәуір

243

Өртке қарсы қорғау жүйесiн баптағанға дейiн жаңадан салынған ғимаратты пайдалануға жол бермеу

едәуір

244

Балкондар мен лоджияларда эвакуациялау есiктерiн, люктердi, сондай-ақ аралас секцияларға адамдардың өтуiне арналған өткелдердi қатты бекiтуге және эвакуациялау сатыларына шығу жолдарын жиһазбен, жабдықпен үймелеуге жол бермеу

өрескел

245

Түтiнденбейтiн саты торларына әйнек салуға немесе жалюзиi мен әуе аймақтарын бекiтуге жол бермеу

өрескел

246

Ауа өткiзгiштердегi отты бөгейтiн құрылғылардың (жапқыштар, шиберлер, клапандар), автоматты өрт сигнализациясы немесе өрт сөндiру құрылғылары бар желдеткiш жүйелерiнiң бұғаттау құрылғыларының, өрт кезiнде желдеткiштi автоматты ажырату құрылғыларының жарамды жай-күйі

өрескел

  1. Автомобиль жанар-жағармай құю станцияларына және газ толтыру станцияларына (стационарлық және жылжымалы) қойылатын талаптар

247

АЖС ғимаратын орталық жылу беру жүйесімен жабдықтау.

Автожанармай құю станциясының үй-жайларында зауытта дайындалған, өрт қауіпсіздігі талаптарына сай майлы электрмен жылыту аспаптарын жанғыш конструкциялар мен материалдарға дейінгі тиісті қашықтықты сақтай отырып пайдалануға. Жылыту аспаптары мен әр түрлі құбыр өткізгіштерге жанғыш материалдарды (арнайы киімді, сүрту материалын) қоюға, сондай-ақ жылыту аспаптарында киім мен аяқ киімді кептіруге жол бермеу.

Автожанармай құю станциясының аумағы мен ғимараттарында жылу беру қондырғылары мен ашық от қолданылатын құрылғыларды пайдалануға жол бермеу


едәуір

248

Автожанар-жағар май құю станциясының аумағына кірердің алдында оның аумағында көлік қозғалысын ұйымдастыру схемасының және жүргізушілер мен жолаушыларға арналған өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау туралы талаптарымен стендтердің болуы

едәуір

249

Автожанар-жағар май құю станциясының аумағында шылым шегуге жол бермеу

өрескел

250

Автожанар-жағармай құю станциясының барлық үй-жайларының есіктерінде, сондай-ақ сыртқы қондырғыларда:

1) жарылыс-өрт және өрт қауіптілігі бойынша үй-жайлардың санаты;

2) жарылыс қауптілігінің немесе өрт қауіптілігі аймақтарының сыныбы;

3) өртке қарсы жай-күйге жауапты жұмыскердің тегі, аты-жөні

4) өртке қарсы қызмет бөлімшелерін шақыру телефонының нөмірі көрсетілген жазбаның болуы


болмашы

251

Жанып жатқан көлік құралын автожанар-жағар май құю станциясының аумағынан шұғыл эвакуациялау үшін кемінде 3 метрлік қатты буксирлік штангінің болуы

едәуір

252

Автожанар-жағар май құю станциясы ауыл шаруашылығы дәнді-дақыл алқаптарының жанында орналастырылған кезде жалынның (бидай, мақта) дала алқаптарына таралуы мүмкін, автожанар-жағар май құю станциясы шекарасының бойымен ені кем дегенде 4 метрлік жер жыртудың болуы

болмашы

    1. Технологиялық жабдықты пайдалану

253

Технологиялық жабдықты:

1) отынның ағуы болғанда;

2) бақылау және реттеу аспаптары болмағанда, жарамсыздық болғанда, ажыратылғанда немесе тексеру мерзімі өтіп кеткенде;

3) кез келген жарамсыздық кезінде пайдалануға жол бермеу



өрескел

254

Технологиялық жабдыққа автожанармай құю станциясының өрт қауіптілік дәрежесін арттыратын конструктивті өзгерістер енгізуге жол бермеу

едәуір

255

Негізгі және қосалқы технологиялық жабдықта статикалық электрден қорғаудың болуы

өрескел

256

Фланецтердің, келте құбырлардың, штуцерлердің және атмосферадан отын мен оның буын бөлетін басқа да құрылғылардың қақпақтары мен келте құбырлары арматурамен жанасу орындарында ұшқын шығармайтын және мұнай өнімдері мен қоршаған ортаның әсеріне тұрақты төсемдердің болуы

өрескел

257

Отын сақтауға арналған резервуарлар деаэрация желілердің болуы.

Деаэрация желілерінің құбыр өткізгіштері кез келген уақытта жұмыс жасау қабілетін сақтай алатын от бөгегіштермен немесе қоса салынған от бөгегіштері бар тыныс алу клапандарымен жарақтау



өрескел

11.2 Жөндеу және регламенттік жұмыстарды жүргізу

258

Жанғыш бу-ауа қоспалары түзілетін аймақтарда жұмысты ұшқын шығармайтын киім мен аяқ киімде ұшқынға қауіпсіз аспаппен орындау

едәуір

259

Автожанармай құю станциясының технологиялық жүйелерінің герметикалығына пневматикалық сынаулар жүргізу үшін (резервуардың қабырға аралық кеңістігі, резервуардың ішкі кеңістігі, құбыр өткізгіштігі) жанбайтын газдар (азот, көмір қышқыл газы) пайдалану

едәуір

260

От бөгегішті немесе онымен жабдықталған тыныс алу клапанын деаэрация жүйесi құбырының шығу жолында осы құбыр өткізгішті тығын арматурасымен герметикалық жабынсыз алуға жол бермеу

өрескел

261

Автожанармай құю кешендерінің аумағында, ғимараттарында, құрылыстарында, үй-жайларында, технологиялық жүйелерінде жөндеу жұмыстарын жүргізуге объектінің басшысы жазбаша рұқсаттың болуы

болмашы

11.3. Отынды қабылдау және беру жабдығы

262

Автоцистерналардан отын құю жабық схема бойынша қамтамасыз ету

едәуір

263

Автожанармай құю станциясына отыны бар автоцистерналар кірген кезде оның аумағынан барлық көлік пен бөгде адамдарды шығаруды қамтамасыз ету. Бір мезгілде екі және одан да көп автоцистерналардың болуына тыйым салу.

болмашы

264

Автоцистернадан жанар-жағар май құю операциясын автожанармай құю станциясының кемінде екі жұмыскері және мынадай талаптарды орындағанда жүргізіледі:

1) автоцистерналарға арналған жанармай құю алаңында әрқайсысының көлемі кемінде 100 литр жылжымалы ауа-көбікті өртсөндіргіштің болуы;

2) автоцистерналардың жанармай құю алаңдарынан мұнай өнімдерімен ластанған атмосфералық жауын-шашын қалдықтарының науасы жабылады және отын төгілуін авариялық резервуарға бұру құбыр өткізгішін ашу;

3) автоцистерналарды жерге тұйықтау



едәуір

265

Жерге тұйықталатын өткізгіштерді автоцистернаның боялған және ластанған металл бөліктеріне қосуға жол бермеу

едәуір

266

Жұмыс iстеп тұрған қозғалтқыштары бар көлік құралдарына жанармай құюға жол бермеу

өрескел

267

Егер қолданылатын технологиялық жүйеге келісілген және бекітілген техникалық шарттар мен техникалық пайдалану құжаттамасында көзделмеген болса, жер асты резервуарларымен көлік құралдарының өтуіне жол бермеу

едәуір

268

Найзағай болғанда және атмосфералық разрядтардың пайда болу қауіптілігі болған уақытта резервуарларға отын құюға және тұтынушыларға отын беруге жол бермеу

өрескел

269

Бензин қабылдау, сақтау немесе беру операциялары жүзеге асырылатын автожанармай құю станциясының аумағына ұшқын өшіргіштермен жабдықталмаған тракторлардың өтуіне жол бермеу

өрескел

270

Автожанармай құю станциясының жабдығын, ғимараттары мен құрылыстарын жөндеумен тікелей байланысы жоқ жөндеу жұмыстарын жүргізуге жол бермеу

едәуір

271

Жолаушылары бар көлік құралдарына (кемінде төрт есікті жеңіл автомобильдерден басқа) жанармай құюға жол бермеу

едәуір

272

Жарылғыш заттар, сығымдалған және сұйытылған жанғыш газдар, тез тұтанатын сұйықтықтар мен жанғыш сұйықтықтар, тез тұтанатын материалдар, улы және радиоактивті заттар мен басқа да қауіпті заттар мен материалдар тиелген көлік құралдарының кіруіне жол бермеу

едәуір

11.4 Жылжымалы автожанар-жағармай құю станциялары

273

Жылжымалы автожанармай құю станцияларын арнайы бөлінген алаңдарға орналастыру

едәуір

274

Арнайы бөлінген алаңдағы жылжымалы автожанармай құю станцияларын пайдалануды бастамас бұрын:

1) бақылау-өлшеу аспаптары арқылы және көзбен шолу станцияларының герметикалығы тексеріледі;

2) автожанармай құю станцияларының жерге қосатын өткізгіші алаңның жерге тұйықтау құрылғысына қосылады;

3) көлік құралының отын багының астына қою үшін тұғырлар дайындалады;

4) көлік құралдарының автожанармай құю станцияларына өтуін шектейтін кемінде 1 метр тосқауылдар орнатылады;

5) ескерту белгілері мен ақпарат қалқаны орнатылады



едәуір

  1. Моншалар мен хауыздарға қойылатын талаптар

275

Құрғақ ыстық камерасынан соратын ауа өткізгіштің оңашалануын және тікелей сыртқа шығарылуын жасау

едәуір

276

Қолдан жасалған жылу электр қыздырғыш қондырғыларын орнатуға жол бермеу

өрескел

277

Ажыратылған немесе жарамсыз термо реттегіші бар тас пешті пайдалануға жол бермеу

өрескел

278

Хауыздардың үй-жайларында арнайы жабдықталған орындардан басқа жерлерде тұрмыстық электр қыздырғыш аспаптарын қолдануға жол бермеу

өрескел

  1. Қонақ үйлердi, мотельдердi, кемпингтерге қойылатын талаптар

279

Мемлекеттік және орыс тілдерінде және басқа да тілдерде ілінген өрт қауіпсіздігі талаптарымен жаднамалардың болуы

болмашы

280

Қонақ үйлердің, мотельдердің, кемпингтердің нөмірлерінде және жатақханалардың есіктерінің ішкі жағында өрт болған жағдайда эвакуациялау жолдарының жоспарында нөмірлері немесе бөлмелері, эвакуациялау жолдары мен қозғалыс бағыты, өрт сөндіру құралдарын орналастыру орны мен қажетті түсіндірме мәтіні бар сигнализациясы көрсетіліп, адамдарды эвакуациялаудың жеке жоспарларының болуы

болмашы

281

Қонақ үйлердің тұрғын қабаттарында қоймалар, кеңселер, конторлар орналастыруға жол бермеу

едәуір

282

Қонақ үйлердің, кемпингтердің, мотельдердің ғимараттарының қызмет көрсетуші персоналының жұмыс орнында сақталатын тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарымен және электр шамдарымен қамтамасыз етілуі

едәуір

  1. Жазғы демалыс үйлері мен аймақтарына, сауықтыру лагерьлерi мен туристік базаларға

қойылатын талаптар

283

Балалардың сауықтыру лагерьлерінің ағаш ғимараттарын бір қабаттан жоғары орнатуға жол бермеу

едәуір

284

Жанбайтын жабыны мен жылытқышының болуы, каркас және қалқан ғимараттарды сылаудың болуы

өрескел

285

Ғимараттарды тез тұтанатын материалдармен (сабанмен, жаңқамен, қамыспен, жоңқамен) жабуға жол бермеу

өрескел

286

Балалармен қамтылған ағаш ғимараттарда асханалар, кір жуу орындарын орнатуға жол бермеу

едәуір

287

Жанғыш конструкциялардан жасалған ғимараттарда 50-ден астам балаларды орналастыруға жол бермеу

өрескел

288

Жазғы кезеңде балалар жұмыс істейтін үй-жайларда пеш жағуға, керосинді және электрлік қыздыру құралдарын қолдануға жол бермеу

өрескел

289

Балалардың жазғы демалыс орындарындағы және сауықтыру лагерьлеріндегі кір жуатын бөлмелер мен асханаларды балалар орналасқан ғимараттан 15 метр қашықтықта оқшау құрылыстарға орналастыру

өрескел

290

Балаларды сыртқы өртке қарсы сумен жабдықтаумен қамтамасыз етілмеген балалардың жазғы демалыс орындарында, сауықтыру лагерьлерінде орналастыруға жол бермеу

едәуір


Каталог: images -> files -> 22.02.2018
files -> Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды рухани адамгершілікке тәрбиелеу Қашқынова Ж. Е. Қарағанды қаласы «Даму мүмкіншіліктері шектелген балаларға арналған облыстық балалар үйі»
files -> Түлкібас ауданы бюджетінің 2011 жылдың орындалуы туралы түсініктемесі
22.02.2018 -> Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің
22.02.2018 -> Проверочный лист в сфере частного предпринимательства
22.02.2018 -> Проверочный лист в сфере частного предпринимательства


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет