Өрт қауіпсіздігі саласындағы тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі үшін қолданылатын тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері



жүктеу 1.83 Mb.
бет10/12
Дата04.03.2018
өлшемі1.83 Mb.
түріКодекс
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

өрескел

23.10 Мақта шикізатын жинау, кептіру, сақтау және алғашқы өңдеу

689

Мақта жинау кезiнде:

1) мақта егiстiгiнде темекi шегуге және ашық отты пайдалануға;

2) бункерiне өңделмеген мақта толтырылған мақта жинайтын машинаны егiстiкте қалдыруға, отын құюға;

3) су жүйесі мен электр жабдығы бар ақаулы мақта жинайтын машиналарды пайдалануға;



4) мақта кептiруге арналған алаңдарда мақта жинайтын машиналардың тұруына жол бермеу

өрескел

690

Тракторлардың, автокөліктердің, мақта жинағыш машиналардың тұрағын оларды майлау және жанармаймен толтыру өңделмеген мақтаны табиғи кептіруге арналған алаңдардан кем дегенде 50 метр қашықтықта жүзеге асыру

едәуір

691

Мақта шикізатын табиғи кептiруге арналған алаңдарды тұрғын үйлерден, қоғамдық ғимараттардан, жөндеу шеберханаларынан кемiнде 150 метр, ал жоғары вольтты және төменгi вольтты электр беру желiлерiнің тiреу биiктiгiнен кемінде 1,5 метр алшақ орналастыру

өрескел

692

Мақта шикізатын табиғи кептiруге арналған алаңдарды сыртқы өрт сөндiру мақсаттары үшiн кемiнде 50 текше метр есептiк мөлшермен қамтамасыз ету

едәуір

693

Мақта шикізатын табиғи кептiруге арналған алаңдарды асфальттау немесе қалыңдығы кемiнде 5 сантиметр сазды топырақпен тегiстеу. Мақтаны жолдың жүретiн бөлiгiнде кептiруге жол бермеу

едәуір

694

Технологиялық жабдықтан тозаңның бөлiнуiне жол бермеудi қамтамасыз ететiн құрылғыларды (герметизациялау тораптары, жергiлiктi сорғылар) жарамды күйде ұстау.

едәуір

695

Элеваторларда сатылары бар тұрақты алаңдарды қамтамасыз ету. Алаңды төменнен жоғары қарай 0,1 метр биiктiкте кемiнде 0,9 метр болатын тұтас жапсырмалы сүйенiшпен қоршау.

едәуір

696

Элеватор жетегінде таспа үзілген жағдайда, жарамды автоматты қорғағышының ақаулығының болуына, сондай-ақ жұмыс органдарының элеватор қорабының қабырғасына тиіп тұруына жол бермеу

едәуір

697

Элеватордың қаптамасын мықты тиектерi мен тұтас периметрi бойынша жабынның тығыздығын (герметикалығын) қамтамасыз ететiн жеңiл ашылатын люктермен жабдықтау

едәуір

698

Транспортерлерді төменгi таспадан өңделмеген мақтаны шығаруға арналған жарамды арнайы қондырғымен жабдықтау

едәуір

699

Пневмокөлік жүйесіне кіретін аппараттар мен машиналардың жерге тұйықтауын жарамды күйде ұстау. Өңделмеген мақтаны желдеткіш арқылы механикалық түрде қайта өңдеуді жол бермеу

едәуір

700

Топтағы бунттардың санының бір бунтқа алаң мөлшері 65х14 метр болғанда екеуден, алаң мөлшері 25х14 метр болғанда төртеуден немесе бір бунтқа алаң мөлшері 25х11 метр болғанда, алты бунттан артық болуына жол бермеу. Бунттың биіктігін 8 метрден аспайтындау орындау

өрескел

701

Топтағы бунттар арасындағы өртке қарсы бөліктердің 15 метрден аз болуына, бунттардың топтары арасындағы өртке қарсы бөліктердің 30 метрден аз болуына жол бермеу

өрескел

702

Өңделмеген мақтаны кептіру үшін қолданылатын жылу өндіргіш қондырғыларды жанбайтын конструкциялардан жасалған оқшау үй-жайларда орнатуды жүзеге асыру

едәуір

703

Мақта талшығын бумамен ғана сақтауды жүзеге асыру.

едәуір

704

Мақта талшығы бумасын ашық алаңдарда қатарлап сақтау кезiнде мақтаның стандартты қатарының өлшемiн ұзындығы 22 метрден, енi 11 метрден, биiктiгi 8 метрден аспайтындай етіп орындау

өрескел

705

Мақта зауыттары мен мақта бекеттерiнде 2400 тоннадан артық өңделмеген мақтаны сақтау кезiнде жоғары қысымды өртке қарсы су құбырының болуы

едәуір

23.11 Ат қорасы және мал жемін сақтау үй-жайлары

706

Ат қоралар үй-жайларында екі және одан астам дербес қақпаның болуы, олардың алдынан табалдырықтарды, сатыларды, қақпа асты саңылауын орнатуға жол бермеу

Қақпаны жеңіл ашылатын тиектермен жабу



өрескел

707

Ат қоралардың үй-жайларында өрт болған жағдайда жылқыларды жылқы тұратын орындардан бір мезгілде босатып шығаруға мүмкіндік беретін құрылғылардың болуы

едәуір

708

Жануарларға жем дайындауға арналған үй-жайларды ат қоралардың басқа үй-жайларынан жанбайтын материалдардан жасалған құрылымдармен (қабырғалармен және қалқалармен) бөлу

өрескел

709

Жемшөп үй-жайды, сондай-ақ төсемдерді сақтауға арналған үй-жайды басқа үй-жайлардан өртке қарсы қалқалармен және жабындылармен бөлу және сыртқа дербес шығу жолымен қамтамасыз ету

өрескел

710

Ат қоралардан жылқыларды эвакуациялау үшін өрт болған жағдайда жануарларды эвакуациялау жоспарының болуы

болмашы

711

Ат қораларда электр желiлерiн пайдалану кезiнде:

1) электр желiлерiн жануарлар тұратын орындардың үстiнен орналастыруға;


2) электр желiлерiнiң астынан шөп, сабан жинауға;

3) электр желiлерi мен кәбілдерiн ат қоралардың үй-жайлары арқылы транзитпен төсеуге;


4) қуаты осы шырақ түрi үшiн шектi рұқсат етiлгеннен артық болатын лампаларды пайдалануға;
5) шырақтарды тiкелей желiлерге iлуге жол бермеу.

өрескел

712

Шеберханалар құрылғыларын, қоймаларды, автокөлік тұрақтарын орналастыруды, сондай-ақ жануарларға қызмет көрсетумен байланысты емес қандай да бір жұмыс жүргізуге жол бермеу

өрескел

713

Осы үй-жайларға iштен жану қозғалтқыштары бар, пайдаланылған газ шығатын құбырлары ұшқын сөндіргіштермен жабдықталмаған көлiк құралдарын өткізуге жол бермеу

едәуір

714

Қақпаларда олардың автоматты түрде ашылуы үшiн серiппелер мен блоктарды орнатуға жол бермеу

едәуір

715

Үй-жайларды жарықтандыру үшiн керосин лампаларын, шырақтарды және ақаулы электр фонарьларды қолдануға жол бермеу

өрескел

716

Уақытша пештерді орнатуға жол бермеу

өрескел

717

Тамбурлар мен өту жолдарында, ат қора шатырларында шөп, жемшөп, төсем сақтауға жол бермеу

едәуір

718

Ат қоралардың үй-жайларында темекі шегу және ашық отты пайдалануға жол бермеу

өрескел

23.12 Қатты жемдерді сақтау

719

Ірі жемшөп қорын ферма ғимараттарынан тұйық, жанбайтын қабырғалармен (қалқалармен) және жабындармен бөлінген қосымша (жапсарлас салынған) құрылыстарда сақтау. Тұрғын үйлерінің аула учаскелерінде ғимараттар мен аула маңындағы құрылыстардан кемінде 15 метр арақашықтықта және шаруашылық құрылыстардың шатырларында, электр беру желілерінің астында, учаскелердің сыртқы қоршауларынан 3 метрден аз арақашықтықта, көшелерде, жолдарда, аула маңындағы учаскелерден тыс жерлерде сақтауға жол бермеу

өрескел

720

Шөп жинау орнын топырақ бiлiгiмен және сым қоршаумен қоршау. Таразыны шөп жинау орнынан тыс орналастыру.

болмашы

721

Iрi жемшөптердiң кебендерiн (маялары), бастырмалары мен қатарларын электр беру желiлерiне дейiн кемiнде 15 метр, жолдарға дейiн кемiнде 20 метр және ғимараттар мен құрылыстарға дейiн кемiнде 50 метр қашықтықта орналастыру.

өрескел

722

Шөп қоймаларын қоршауларынан бастап жақын орналасқан орман алқаптарына дейiнгi қашықтық кемiнде 20 метр етiп қамтамасыз ету, периметр бойымен енi кемiнде 4 метр жолақ жырту

өрескел

723

Өндiрiстiк-шаруашылық кешеннiң аумағындағы iрi жемшөп қоймаларын арнайы бөлiнген алаңда орналастыру

өрескел

724

Кебендерді (маяларды), сондай-ақ кебен (мая) жұптарын немесе қатарларды орналастыруға арналған алаңдарды енін кем дегенде 4 метр жолақтың периметрімен жыртуды қамтамасыз ету. Жолақтың шетінен бастап алаңда орналасқан кебенге (маяға) дейінгі қашықтықты кем дегенде 15 метр, ал бөлек тұрған кебенге (маяға) дейінгі ара қашықтық кем дегенде 5 метр етіп қамтамасыз ету.

өрескел

725

Бір кебен (мая) орналасқан ауданның 150 шаршы метрден, ал басылған шөп (сабан) қатарының 500 шаршы метрден асуына жол бермеу

өрескел

726

Жекеленген қатарлар, бастырмалар мен кебендер (маялар) арасындағы өртке қарсы бөлiктерді кемiнде 20 метр етіп қамтамасыз ету

өрескел

727

Ылғалдылығы жоғары шөптерді конус тәріздес маяға (шөмелеге) аралары кемiнде 20 метр етіп бөлiп жинау

өрескел

728

Iрi жемшөп қоймаларында өрт шыққан жағдайда кемiнде 50 текше метр су қорының болуы

едәуір

23.13 Бидайды сақтау

729

Астық қоймаларын оқшау тұрған ғимараттарда орналастыру

өрескел

730

Астықты үйiп сақтағанда үйменiң төбесiнен бастап жабынның жанғыш құрылымдарына дейiнгi, сондай-ақ шырақтар мен электр өткiзгiштерге дейiнгi қашықтықты кемiнде 0,5 метр етiп орындауды қамтамасыз ету

Астық тасымалдау орындарында өртке қарсы қалқалардағы ойықтар арқылы от бөгегiш құрылғылардың болуы



өрескел

731

Басқа материалдар мен жабдықты астықпен бiрге сақтауға жол бермеу

едәуір

732

Қойма үй-жайлары iшiнде қолданылатын астық тазалау және iштен жану қозғалтқыштары бар басқа да машиналарды қолдануға жол бермеу

өрескел

733

Қойманың екi жағынан қақпалары жабық болғанда жылжымалы тетiктермен жұмыс iстеуге жол бермеу

едәуір

734

Қатты отынмен жұмыс iстейтiн кептiргiштердi тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтардың көмегiмен, ал сұйық отынмен жұмыс iстейтiндердi алаудың көмегiмен жағуға жол бермеу

өрескел

735

Температураны бақылау аспаптар мен оттықтағы алау сөнгенде отын берудi ажырату автоматикасы, электрмен тұтандыру жүйесi ақаулы немесе оларсыз кептiргiштерде жұмыс iстеуге жол бермеу

едәуір

736

Астықты транспортер таспасының деңгейiнен биiк етiп үюге және таспаның транспортер құрылымына үйкеленуiне жол бермеу

едәуір

737

Жылжымалы кептiру агрегатын астық қоймасы ғимаратынан кемiнде 10 метр қашықтықта орнату

едәуір

738

Астық қоймаларында астықты желдеткенде желдеткiштерді жанғыш қабырғалардан кемiнде 2,5 метр қашықтықта орнату. Ауа өткiзгiштерді жанбайтын материалдардан жасау

өрескел

739

Өндiрiстiк және қойма үй-жайларының iшiнде iштен жану қозғалтқыштары бар машиналар мен жабдықты пайдалануға жол бермеу

өрескел

740

Астықтың жекелеген партияларын бөлу үшiн ағаштан жасалған стандартты бидай қалқандарын қолдану

едәуір

741

Жапсарлас бункерлер мен қойма қабырғалары арасында өту жолдары болған жағдайда олардың енін кем дегенде 0,7 метр етіп қолдану

өрескел

742

Барлық ғимараттар мен үй-жайларда ашық қыздыру элементтерi бар электрмен қыздыру аспаптарын, ал жарылыс, өрт қауiптi үй-жайларда электрмен қыздыру аспаптарының барлық түрлерін пайдалануға жол бермеу

өрескел

743

Нан пiсiру және макорон кәсiпорындарында ұнды қаппен жинау кезiнде өту жолдары мен өткелдердiң енiн кемінде:

1) қатарлар арасындағы өту жолдары, кемiнде 12 м сайын – 0,8 метр;

2) қатарлардан бастап қабырғаларға дейiнгi арақашықтық – 0,7 метр;

3) электр тиегiштерге арналған өткелдер – 3,0 метр;

4) көтергiш платформасы бар арбаларға арналған өткелдер – 2,0 метр етіп орнату


өрескел

744

Астық өнiмдерi саласының қалған кәсiпорындарының ыдыста өнiм сақтауға арналған қоймасының iшiнде:

1) қойманың ортасында, бойлай, енi тетiктердiң жұмысын қамтамасыз ететiн, бiрақ 1,25 метр кем емес – бiр;

2) қойма қақпасына қарсы, тура жүретiн, енi қақпалардың енiнен кем емес екi көлденең;

3) қатарлар мен қойма қабырғасы арасында – енi 0,7 метрден кем емес өту жолын орнату



өрескел

745

Жылу беру аспаптарын беті тегіс жерде және оларды тозаңнан жүйелі түрде тазалау мүмкіндігін қамтамасыз ететін биіктікте қолдану

өрескел

746

Жылу беру аспаптарына еркін қолжетімділікті қамтамасыз ету.

өрескел

  1. Энергетикалық объектілерге қойылатын талаптар (энергия өндіруші және энергия беруші)

24.1 Электрондық-есептеу машиналары орын-жайлар мен зертханалар

747

Зертхана үй-жайларында барлық заттардың, материалдар мен құралдардың біртектілігі немесе типтері бойынша сақтау. Химиялық әсері өрт немесе жарылыс туғызатын заттарды бірге сақтауға жол бермеу

едәуір

748

Химиялық зертханалық жайлардың едендерін технологиялық талаптарға және айналатын химиялық заттарға байланысты метлах плиткаларыннан, линолеумнан және басқа да материалдардан жасау

өрескел

749

Қыздыру немесе жарылыс қаупі бар заттарды қолдана отырып жұмыс істеуге арналған жұмыс үстелдері мен сору шкафтары жанбайтын материалмен, ал қышқыл және сілтілермен жұмыс істеуге арналғандары - коррозияға қарсы материалдармен толығымен жабылуы және сұйық заттардың төгілуінің алдын алу үшін борттарының болуы

өрескел

24.2 Ағызу эстакадалары

750

Мұнай өнімдерін дайындауға және қотаруға арналған жайларды (мазут сорғыш, май сорғыш, майды қайта өндіру және басқалары) таза күйінде ұстау

болмашы

751

Тұрақты орнатылған автоматты газ талдағыштарының, сондай-ақ өндірістік үй-жайларда будың ауадағы қауіпті концентрациясының болуы туралы дыбыстық және жарықтық дабыл беру қондырғыларының техникалық жай-күйін жүйелі түрде тексеру, тексеру нәтижелерін жедел журналға енгізу

болмашы

752

Электр қыздырғышты және басқа да электр жабдығын май тазалау қондырғыларында орнату

өрескел

753

Май тазалау қондырғыларындағы жабдықтарды жанбайтын негіздерде орнату

өрескел

24.3 Құю құрылғылары

754

Автоцистерналарға және басқа да ыдыстарға мұнай өнімдерін құюды қатты жабыны бар арнайы жабдықталған алаңдарда жүзеге асыру.

Алаңда гидроысырма арқылы арнайы жинақ сыйымдылығына өтетін (төгілген сұйықты жоюға арналған) ұйымдастырылған ордың болуы, ол кезең-кезеңмен тазаланып тұрады



едәуір

755

Құятын алаңда қауіпсіздіктің қажетті белгілерінің және автоцистерналарға мұнай өнімдерін құю кезінде өрт қауіпсіздігі жөніндегі негізгі талаптары бар тақтайшаның болуы

едәуір

756

Автоқұю эстакадасында автоцистерналарды сүйреу үшін арқансым мен немесе қарнақтың болуы

едәуір

24.4 Газ шаруашылығы

757

Газ реттеу қондырғыларының газ шаруашылығы үй-жайларында жабдықтарды пайдалану жөніндегі жергілікті нұсқаулық пен схемалардың болуы, онда өрт қауіпсіздігі жөніндегі нақты талаптар жазылады.  Үй-жайлардың көрінетін сыртқы және ішкі орындарында қауіпсіздік белгілерінің болуы

болмашы

758

Бақылау-өлшеу құралдары мен басқару қондырғылары бар үй-жайларды газ реттеуіш пункттерден, қабырғасы газбен тығыздалған газ реттеуіш қондырғылардан бөлек орналастыру, оған тесіп өтетін ойық пен тесікке жол берілмейді. Қабырға арқылы коммуникациялардың өтуіне тек арнайы қондырғылардың (тығыздағыштар) пайдалануымен ғана жол беру

едәуір

759

Ашық салынатын газ құбырларын айрықша бояулармен бояуды орындау

едәуір

760

Қолданыстағы газ құбырларын құрал-сайманның ілмектерін орнату немесе құрылыс ағаштарын төсеу їшін пайдалануға жол бермеу

едәуір

24.5 Қатты отын қоймасы

761

Қатты отындарды (көмірді, сланецті, шымтезекті) сақтайтын алаңды өсімдік қалдықтарынан және материалдардан тазалау

едәуір

762

Құрамында органикалық заттары бар топыраққа көмірді, жанғыш тақтатасты және шымтезекті араластыруға жол бермеу

едәуір

763

Қоймада өздігінен тұтанған отынды сөндіруге және қатардан алғаннан кейін оны салқындатуға арналған арнайы алаңның болуы

едәуір

764

Қатарлармен регламенттік жұмыстарды орындау, сондай-ақ механизмдер мен өрт сөндіру машиналарының өтуі үшін қатарлар төменгі шетінен бастап қоршайтын дуалдарға немесе кран жолдарының іргетасына дейінгі арақашықтық кемінде 3 метр, ал рельс бастиегінің сыртқы шетіне немесе автожолдың жиегіне дейін кемінде 2 метр етіп жасау.

Өту жолдарына қатты отынды төгіп тастауға және оларды жабдықпен бөгеп тастауға жол бермеу



едәуір

24.6 Қатты отыннан отын беру


Каталог: upload
upload -> Английские слова и выражения в оригинальном написании a horse! a horse! MY KINGDOM FOR a horse! англ букв. «Коня! Коня! Мое царство за коня!»
upload -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
upload -> Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы №35 бұйрығымен бекітілген тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан
upload -> 2018 жылға арналған Жарқайың ауданы бойынша айтақты және естелік күнтізбесі 24 маусым
upload -> 017 ж қаңтар 31 қаңтар дсұ санитарлық және фитосанитарлық шаралар бойынша Комитетпен жарияланған хабарламалар тізімі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет