Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар



бет13/20
Дата10.03.2018
өлшемі3.26 Mb.
#20459
түріРегламент
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20

2. Жанғыш газдардың және тез тұтанатын сұйықтықтардың қыздырылмаған буларының ашық кеңістікке апаттық келіп түсуі кезінде, НКПР жоғары ыстық концентрациясы болатын газ және бу-ауа қоспасын шектейтін аймақтардың көлденең өлшемдерін есептеу
      41. Жалынның төменгі концентрациялық таралу шегінен (С нкпр ) асатын концентрациялар аумағын шектейтін аймақтардың көлденең өлшемдерін, м, мынадай формулалар бойынша есептейді:
      1) жанғыш газдар (ЖГ) үшін:
         (37)
      2) қыздырылмаған тез тұтанатын сұйықтықтардың (ТЖС) булары үшін:
   (38)
          
      мұндағы m r - апатты жағдай кезінде ашық кеңістікке келіп түсетін ЖГ салмағы, кг;
      r r - есептік температура және атмосфералық қысым кезіндегі ЖГ тығыздығы, кг/м 3 ;
      m n - толық булану уақытында ашық кеңістікке келіп түсетін ТСЖ буларының салмағы, кг;
      r n - есептік температура және атмосфера қысымы кезінде ЖТС буының тығыздығы, кг/м 3 ;
      Р н - есептік температура кезіндегі ЖТС қаныққан буының қысымы, кПа;
      К - ЖТС үшін К- Т/3600 тең қабылданатын коэффициент;
      Т - ЖТС буының ашық кеңістікке түсу ұзақтығы, с;
      С нкпр - ЖГ жалыны немесе ЖТС буы таралудың концентрациялық төменгі шегі, % (об.);
      М - молярлық масса, кг/кмоль;
      V 0 - 22,413 м 3 /кмоль тең мольдік көлемі;
      t р - есептік температурасы, o С.
      Есептік температура ретінде сәйкес климаттық аймақтағы ауаның максималды ықтимал температурасы немесе апатты жағдайда температураның ықтимал жоғарылауын ескеріп технологиялық регламент бойынша ауаның максималды ықтимал температурасын қабылдаған дұрыс. Егер есептік температураның t р бұндай мәнін қандай да бір себептер бойынша анықтау мүмкін болмаса оны 61 o С тең қабылдауға рұқсат етіледі.
      42. Есептеу басында аймақтың көлденең өлшемі деп аппарат, қондырғы, құбыржолдың сыртқы габариттік өлшемдерін қабылдайды. Барлық жағдайда ЖГ және ЖТС үшін R нкпр мәні 0,3 м кем болмауға тиіс.
3. Артық қысым және қысым толқыны лүпілінің ашық кеңістікте жанғыш газ және будың ауамен жануы кезіндегі есебі
      43. Апаттың қаралып отырған сценарийіне сүйеніп осы қосымшаның 35 - 40-тармақтарына сәйкес технологиялық аппараттан атмосфераға шығатын жанғыш газ және (немесе) будың салмағы m, кг анықталады.
      44. Газбуауа қоспасы жанған кезде дамитын артық қысым шамасы DР, кПа мына формула бойынша анықталады
DР = P0 * (0,8 m пр 0,33 /r2 + 5m пр /r 3 ),        (39)
      мұндағы Р 0 - атмосфералық қысым, кПа (101 кПа тең қабылдауға рұқсат етіледі);
      r - газбуауа бұлтының геометриялық ортасынан бастап қашықтық, м;
      m пр - газ немесе будың келтірілген салмағы кг, мына формула бойынша анықталады
m пр = (Q сг /Q 0 ) . m . Z,                  (40)
      мұндағы Q cr - газ немесе будың жануының меншікті жылуы, Дж/кг;
      Z - 0,1 тең қабылдау рұқсат етілетін жанудағы жанғыш газ және будың қатысу коэффициенті;
      Q 0 - 4,52 10 6 Дж/кг тең константа;
      m - апат нәтижесінде қоршаған кеңістікке түсетін жанғыш газ және (немесе) бу салмағы, кг.
      45. Қысым толқыны лүпілінің шамасын i, Па*с, мына формула бойынша анықтайды
i = 123 . m пр 0,66 /r                 (41)
4. Жанғыш тозаң үшін өрт қауіптілігі критерийі мәнін есептеу әдісі
      46. Жанғыш тозаң үшін өрт қауіптілігі критерийлерін анықтау үшін апаттың есептік нұсқасы ретінде апаттың аса қолайсыз нұсқасын немесе тозаң-ауа қоспасын жанған кезде осындай жану салдарына қатысты аса қауіпті заттар немесе материалдардың көп саны қатысатын аппараттың қалыпты жұмыс кезеңін таңдаған жөн.
      47. Жанғыш тозаң-ауа қоспасын жасауы мүмкін түскен заттар мөлшері есептік апат кезінде аппараттағы тозаң болған қоршаған кеңістікке апатты шығарынды түскен технологиялық аппараттың бірінен жоспарлы (жөндеу жұмыстары) немесе кенеттен қымтақтауы ашылғаны туралы алдыңғы жағдайға сүйене отыра анықталады.
      48. Есептік апат кезінде қоршаған кеңістікке түскен тозаңның есептік салмағы мына формула бойынша анықталады
М = М вз + М ав ,                  (42)
      мұндағы М - қоршаған кеңістікке түсетін жанғыш тозаңның есептік салмағы, кг,
      М вз - құйындаған тозаңның есептік салмағы, кг;
      М ав - апатты жағдай нәтижесінде түскен тозаңның есептік салмағы, кг.
      49. М вз шамасы мына формула бойынша анықталады
М вз = К г . К вз . М п ,                 (43)
      мұндағы Kr - тозаң жиналудың жалпы салмағындағы жанғыш тозаң үлесі;
      K вз - апатты жағдай нәтижесінде өлшенген күйге өтуге қабілетті аппаратқа жақын жиналған тозаң үлесі. K вз шамасы туралы эксперименттік деректер болмаған жағдайда K вз = 0,9 қабылдауға рұқсат етіледі;
      М n - апат сәтінде аппаратқа жақын орналасқан жиналған тозаң салмағы, кг.
      50. М ав шамасы мына формула бойынша анықталады
M ав = (M аn + q . T) . K n ,              (44)
      мұндағы М аn - технологиялық аппараттың қымтақтығы алынған кезде қоршаған кеңістікке шығарылатын жанғыш тозаң салмағы, кг;
      Ескертпе - Инженерлік құрылғы тозаңын шектейтін шығарынды болмаған кезде есептік апат сәтінде аппараттың барлық тозаңы қоршаған ортаға апатты шығатынын болжаған жөн.
      q - тозаң тәрізді заттардың құбыржол бойымен оларды ажыратқанға дейін апатты аппаратқа түсуі жалғасатын өнімділігі, кг/с;
      Т - нақты жағдайға сүйене отыра әрбір нақты жағдайда анықталатын ажыратудың есептік уақыты. Ажыратудың есептік уақыты егер оның істен шығу ықтималдығы жылына 10 -6 аспаса немесе оның элементтерін резервтеу қамтамасыз етілсе (алайда 120 с аспаса) автоматика жүйесінің іске қосылу уақытына тең қабылданады.
      120 с - егер жүйенің жұмыс істемеу ықтималдығы жылына 10 -6 артады және оның элементтерінің сақталуы қамтамасыз етілмеген;
      300 с - қолмен ажыратқан кезде;
      K n - шаңның ауада өлшенген салмағын аппараттан түскен шаңның барлық салмағына қатынасын көрсететін шаңдану коэффициенті. К n шамасы туралы экспериментальды деректер болмаған жағдайда мыналарды қабылдауға рұқсат етіледі:
      1) 0,5 - майдалығы 350 мкм кем емес шаңдар үшін;
      2) 1,0 - майдалығы 350 мкм кем шаңдар үшін.
      51. Жанатын шаңдар үшін DР артық қысым мынадай тәртіппен
анықталады:
      1) m пр , жанатын шаңның келтірілген салмағы мына формула бойынша анықталады, кг.
m пр = M . Z . Н т то ,                 (45)
      мұндағы М - апат нәтижесінде қоршаған ортадағы жанатын шаңның салмағы, кг;
      Z - мәнін 0,1 тең қабылдауға рұқсат етілетін, жанудағы шаңның болуы коэффициенті.
      Жеке негізделген жағдайларда 2 кем дегенде 0,02 дейін түсуі мүмкін.
      H т - шаңның жану жылулығы, Дж/кг;
       H то - 4,6 * 106 Дж/кг тең қабылданатын тұрақты шам;
      2) DР есептік артық қысым мына формула бойынша анықталады, кПа.
DР = Р 0 . (0,8m пр 0,33 /r + 3m пр 0,66 /r 2 + 5m пр /r 3 ),     (46)
      мұндағы r - шаңды - ауа бұлттың ортасының арақашықтығы, м.
      технологиялық қондырғының геометриялық ортасынан r шамасын есептеуге рұқсат етіледі;
      Р 0 - атмосфералық қысым, кПа.
      52. і қысымының толқын импульсі шамасын мына формула бойынша есептейді, Па.
i = 123 . m пр 0,66 /r.                 (47)
5. Жылу сәулеленуінің қарқындылығын есептеу әдісі
      53. Жылу сәулеленуінің қарқындылығы өрттің екі жағдайы үшін анықталады (немесе олардың осы технологиялық қондырғыда жүзеге асырылатындардың біреуі үшін):
      ЖТС, ЖС ағызу өрті немесе қатты жанатын материалдардың (шаңның жануын қоса) жануы;
      "Жалынды шар" - сұйыққойма ішіндегісі тұтануымен қысым астында жанатын сұйықтығы немесе газы болатын сұйыққойманың үзіліс кезінде тарайтын ірі көлемді диффузиялық жану.
      Егер екі жағдайда болуы мүмкін болса, онда өрт қауіптілігі критерийі мәндерін бағалау кезінде жылу сәулеленуі қарқындылығының екі шамаларының үлкені ескеріледі.
      54. Сұйықтық ағызу өрті үшін немесе қатты материалдардың жану
кезінде q жылу сәулеленуінің қарқындылығы мына формула бойынша есептеледі, кВт/м 2 .
q = E f . F q . t,                    (48)
      мұндағы Е f — жалынның жылу сәулеленуінің орташа беттік тығыздығы, кВт/м 2 ;
      F q - сәулеленудің бұрыштық коэффициенті;
      t - атмосфераның өткізу коэффициенті.
      Е f мәні бар экспериментальды деректер негізінде қабылданады. Кейбір сұйық көмірсутекті отын үшін көрсетілген деректер осы қосымшаның 8-кестесінде келтірілген.
      Деректер болмаған жағдайда Е f шамасын мыналарға тең қабылдауға рұқсат етіледі:
      1) СУГ үшін - 100 кВт/м 2 ,
      2) мұнай өнімдері үшін - 40 кВт/м 2 ,
      3) қатты материалдары үшін - 40 кВт/м.
                                                             8-кесте
Ошақ диаметріне қарай жылу сәулеленуінің орташа беттік тығыздығы және кейбір көмірсутекті отын үшін жанудың меншікті салмақтық жылдамдығы



Отын

Е f , кВт/м 2

М
кг/м 2 * с

d= 10 м

d=20 м

d=30 м

d=40 м

d=50 м

СПГ (Метан)

220

180

150

130

120

0,08

СУГ (Пропан-бутан)

80

63

50

43

40

0,10

Бензин

60

47

35

28

25

0,06

Дизельді отын

40

32

25

21

18

0,04

Мұнай

25

19

15

12

10

0,04

      Ескертпе — 10 м кем немесе 50 м артық ошақ диаметрі үшін сәйкесінше диаметрі 10 м және 50 м болатын ошаққа арналған сияқты сондай E f шамасын қабылдау керек.


      Ағызудың тиімді d диаметрі мына формула бойынша есептеледі, м.
                       (49)
      мұндағы F - ағызу ауданы, м 2 .
      Жалынның Н биіктігі мына формула бойынша есептеледі, м.
                   (50)
      мұндағы М - отын жанып кетудің меншікті салмақтық жылдамдығы, кг/м 2* с;
      r в - қоршаған ауаның тығыздығы, кг/м 3 ;
      g = 9,81 м/с 2 - еркін түсу үдеуі.
      Сәулеленудің бұрыштық коэффициенті F q мына формула бойынша анықталады:
                     (51)
      мұндағы F v F н - мына өрнектер көмегімен сәйкесінше анықталатын тік және жатық аудандарға арналған сәулелену факторлары:
(52)
    (53)
A = (h 2 + S 2 +1)/(2S);           (54)
B = (1 + S 2 )/(2S);              (55)
S = 2r/d;                  (56)
h = 2H/d,                  (57)
      мұндағы r - ағызудың геометриялық ортасынан сәулеленетін объектіге дейінгі арақашықтығы, м.
      Атмосфераның өткізу коэффициенті мына формула бойынша анықталады
t = exp[-7,0 . 10 -4. (r - 0,5d)].       (58)
      55. "Жалынды шар" үшін q жылу сәулелену қарқындылығы (48) формула бойынша есептеледі
      Е f шамасы бар экспериментальды деректер негізінде анықталады. Е f шамасы 450 кВт/м 2 деп қабылдануға рұқсат етіледі.
      F q мәні мына формула бойынша есептеледі.
       (59)
      мұндағы Н - "жалынды шар" ортасының биіктігі, м;
      D s - "жалынды шар" тиімді диаметрі, м;
      r - сәулеленетін объектіден тікелей "жалынды шар" ортасының астындағы жердің бетіндегі нүктесіне дейінгі арақашықтығы, м.
      "Жалынды шар" тиімді D s диаметрі мына формула бойынша анықталады
D s = 5,33 m 0,327 ,             (60)
      мұндағы m - жанатын заттың салмағы, кг.
      Н шамасы арнайы зерттеу барысында анықталады. Н шамасын D s / 2 тең деп қабылдауға рұқсат етіледі.
      "жалынды шардың" болу уақыты і, мына формула бойынша анықталады, с
t s = 0,92 m 0,303               (61)
      атмосфераның өткізу коэффициенті t мына формула бойынша есептеледі
     (62) 
6-бөлім. Жарылыста қыздырылмаған жеңіл тұтанатын сұйықтық буы және жанғыш газдың қатысуының Z коэффициенті мәнін анықтау бойынша есептеу әдісі
      Z коэффициентін анықтау бойынша есептеу әдісі мына өрнектердің шарттары сақталған жағдайда қолданылуға тиіс:
      100 m/(Р r,n V) < 0,5 С нкпр , мұндағы Снкпр - газ немесе бу жалыны таралуының төменгі концентрациялық шегі, % (айн.), сондай-ақ ұзындығының еніне қатынасы 5 артық емес тік бұрышты параллелепипед форма түріндегі үй-жайлар үшін.
      56. Берілген мәнділік деңгейінде Q (С > ) жарылыстағы жанатын газдардың және жеңіл тұтанатын сұйықтық буларының Z коэффициенті мына формулалар бойынша есептеледі:
               Х нкпр < L/2 және Ү нкпр < S/2 кезде
       (63)
           (64)
      мұндағы С 0 - экспонентті көбейткіш мыналарға тең, % (айн.):
      1) жанатын газдар үшін ауаның қозғалысы болмаған кезде
                (65)
      2) жанатын газдар үшін ауа ортасының қозғалысы кезінде
                 (66)
      3) жеңіл тұтанатын сұйықтық булары үшін ауа ортасының қозғалысы болмаған кезде
                (67)
      4) жеңіл тұтанатын сұйықтық булары үшін ауа ортасының қозғалысы кезінде
                 (68)
      Мұндағы, m - үй-жайлар ауданына кіретін газдар немесе ЖТС буларының салмағы, кг;
                                                 _
       - берілген мәнділік деңгейіндегі Q (С > С) концентрацияның рұқсат етілетін ауытқулары, олардың мәні осы қосымшаның 9-кестесінде келтірілген;
      Х нкпр , Ү нкпр , Z нкпр - жалын таралуының төменгі концентрациялық шегімен шектелген газ немесе будың кіру көзінен X, Ү және Z осьтерінің арақашықтығы сәйкесінше (72 - 74) формулалар бойынша анықталады;
      L, S - тиісті үй-жайлар ұзындығы мен ені, м;
      F - тиісті үй-жайлар еденінің ауданы, м 2 ;
      U - ауа ортасының қозғалысы, м/с;
      С н - үй-жайлардағы ауаның есептік температурасы t р кезіндегі қаныққан булардың концентрациясы, % (айн.).
      С н концентрациясы мына формула бойынша анықталады.
                    (69)
      мұндағы Р н - есептік температура кезіндегі қаныққан булардың қысымы (анықтамалық оқулықтарда болады), кПа;
      P 0 - 101 кПа тең атмосфералық қысым. 
                                                            9-кесте



Концентрацияны бөлу сипаты

Q (C>C')

б

Ауа ортасының қозғалысы болмаған кездегі жанатын газдар үшін

0,1

1,29

0,05

1,38

0,01

1,53

0,003

1,63

0,001

1,70

0,000001

2,04

Ауа ортасының қозғалысы кезіндегі жанатын газдар үшін

0,1

1,29

0,05

1,37

0,01

1,52

0,003

1,62

0,001

1,70

0,000001

2,03

Ауа ортасының қозғалысы болмаған кездегі жеңіл тұтанатын сұйықтық булары үшін

0,1

1,19

0,05

1,25

0,01

1,35

0,003

1,41

0,001

1,46

0,000001

1,68

Ауа ортасының қозғалысы кезіндегі жеңіл тұтанатын сұйықтық булары үшін

0,1

1,21

0,05

1,27

0,01

1,38

0,003

1,45

0,001

1,51

0,000001

1,75

      Q (С > C') мәнділік деңгейінің шамасы технологиялық процесс ерекшеліктеріне негізделе отырып таңдалады.


      Q (С > C') 0,05 тең қабылдауға рұқсат етіледі.
      57. Жарылыстағы жеңіл тұтанатын сұйықтық буларының қатысуы Z коэффициентінің шамасы мына суретте келтірілген график бойынша анықталуы мүмкін.

      X мәні мына формула бойынша анықталады
             (70)
      мұндағы С* - қатынасымен берілетін шама
                (71)
      мұндағы - 1.9 тең қабылданатын артық жанудың тиімді коэффициенті.
      58. Х нкпр , Ү нкпр және Z нкпр арақашықтығы мына формулалар бойынша есептеледі:
            (72)
              (73)
            (74)
      мұндағы К 1 - жанатын газ үшін 1,1314 тең және жеңіл тұтанатын сұйықтық үшін 1,1958 тең қабылданатын коэффициент;
      К 2 - жанатын газдар үшін 1 тең және жеңіл тұтанатын сұйықтық үшін К 2 = Т/3600 тең деп қабылданатын коэффициент;
      К 3 - мыналарға тең қабылданатын коэффициент:
      1) 0,0253 - ауа ортасының қозғалысы болмаған кездегі жанатын газдар үшін;
      2) 0,02828 - ауа ортасының қозғалысы кезіндегі жанатын газдар үшін;
      3) 0,04714 - ауа ортасының қозғалысы болмаған кездегі жеңіл тұтанатын сұйықтықтар үшін;
      4) 0,3536 - ауа ортасының қозғалысы кезіндегі жеңіл тұтанатын
сұйықтықтар үшін;
      Н - үй-жайлар биіктігі, м.
      Х нкпр , Ү нкпр және Z нкпр арақашықтығы логарифмдердің теріс мәндері кезінде 0 тең қабылданады.
Каталог: images -> stories -> 2015 -> yanvar -> 29.01
29.01 -> "Ғимараттарды, үй-жайларды және құрылыстарды автоматты түрде өрт сөндіру және автоматты өрт дабылымен, өрт кезінде адамдарға хабарлау және оларды эвакуациялауды басқару жүйелерімен жабдықтау жөніндегі талаптар" техникалық регламентін бекіту
29.01 -> Объектілерді қорғауға арналған өрт техникасының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
29.01 -> Өндірістік объектілердегі сигналдық түстерге, белгілеулерге және қауіпсіздік белгілеріне қойылатын талаптар
2015 -> Вьетнам: 70 лет независимости
yanvar -> Келісілді «амтг» АҚ Басқарма Төрағасы С. Данбаев


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет