Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар


Ұйымдастыру-техникалық шаралары жүйесіне қойылатын талаптар



бет2/20
Дата10.03.2018
өлшемі3.26 Mb.
#20459
түріРегламент
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

3.1.3. Ұйымдастыру-техникалық шаралары жүйесіне қойылатын талаптар
      40. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдастыру-техникалық іс-шараларының жүйесіне мынадай:
      1) өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін шешуге жұртшылықты тарту;
      2) өндірісте және тұрмыста өрт қауіпсіздігі шараларына халықты
оқытуды ұйымдастыру;
      3) өрт қауіпсіздігі мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік құжаттарды әзірлеу;
      4) өрт қауіпсіздігі саласында насихаттау жүргізу;
      5) өрт қауіпсіздігінің алғашқы шараларын қамтамасыз ету;
      6) сөндіру үшін әр түрлі өрт сөндіру құралдары пайдаланылатын заттар мен материалдарды сақтау тәртібін белгілеу;
      7) өрт кезінде адамдарды ғимараттан немесе құрылымнан көшіру қауіпсіздігіне кепілдік беретін мәндерге дейін олардың ғимараттардың немесе құрылымдардың ішіндегі санын шектеу;
      8) ғимараттарда және құрылымдарда өрт шыққан кезде және адамдарды көшіруді ұйымдастыру кезінде әкімшіліктің, қызметкерлердің және халықтың іс-әрекеттері;
      9) өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша заттарды, материалдарды, бұйымдарды, технологиялық процестерді, ғимараттарды, құрылымдар мен елді мекендерді паспорттау;
      10) өнеркәсіптік объектінің қауіпсіздігі декларациясын әзірлеу.
      Өнеркәсіптік объектінің қауіпсіздігі декларациясын беру ережелері мен нысаны Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 19 мамырдағы N 764 "Өнеркәсіптік объектінің қауіпсіздігі декларациясын беру ережелері мен нысанын бекіту туралы" қаулысының талаптарына сәйкес келуге тиіс;
      11) Қалаларда және елді мекендерде, сондай-ақ әр түрлі жекеменшік түрлері объектілерінде өртке қарсы қызметтің әр түрлі түрлерін жасау және олардың қызметін ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар кіреді.
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 желтоқсандағы N 1251 "Өртке қарсы қызмет өрттерден қорғайтын қоныстанған аумақтардың және аса маңызды мемлекеттік меншік объектілерінің тізбесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес қалаларда, елді мекендерде және аса маңызды мемлекеттік меншік объектілерінде өрт сөндіруді және басқа төтенше жағдайларды жоюды Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің өртке қарсы қызмет бөлімшелері жүзеге асырады.
      Қала және елді мекен аумағына өртке қарсы қызмет бөлімшелерін орналастыру қаладағы шақыру жасаған орынға алғашқы өрт бөлімшесінің жету уақыты 10 минуттан аспауға, ал елді мекен үшін - 20 мин аспауға тиіс деген шартқа сүйеніп анықталады.
      Қалалар мен елді мекендер үшін өрт деполары мен өрт сөндіру автомобильдерінің саны Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етілген құрылыс нормалары талаптарына сәйкес анықталады.
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 8 қыркүйегіндегі N 781 "Міндетті тәртіппен өртке қарсы қызмет құратын ұйымдар мен объектілердің тізбесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес объектілерде (кәсіпорындарда) құрылуға тиісті өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің объектілері мемлекеттік меншікке жатпайтын объектілерде (кәсіпорындарда) өрттерді сөндіруді және басқа төтенше жағдайларды жоюды жүзеге асырады.
      Өндірістік объект аумағындағы өртке қарсы қызмет объектісі бөлімшелерін орналастыру қорғалатын объектілердің өрт қауіпсіздігіне және өрт сөндіру үшін өртке қарсы қызмет бөлімшесінің шығу мақсаттарына байланысты анықталады.
      Объектілерді қорғауға арналған өрт депосына қызмет көрсету радиусы "Объектілерді қорғауға арналған өрт техникасы қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентінің талаптарына сәйкес анықталады.
      41. Өрт сөндіру автомобильдерінің саны мен өрт сөндіру бөлімшелерінің объектілерінің жеке құрамының санын Қазақстан Республикасы заңнамасында айқындалған тәртіппен өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органмен келісілуге тиісті есептер негізінде объекті (кәсіпорын) әкімшілігі белгілейді.
3.2. Қала және елді мекендерді жобалау кезіндегі өрт қауіпсіздігі талаптары
3.2.1. Қала құрылысы қызметіне қойылатын өрт қауіпсіздігі талаптары
      42. Қала және ауыл елді мекендері көп қырлы экономиканың экономикалық және әлеуметтік дамуына байланысты, сондай-ақ осы Техникалық регламентте белгіленген өрт қауіпсіздігі талаптарын қамтамасыз етуді ескеріп мемлекеттік бағдарламалар, Қазақстан Республикасы аумағында өндірістік күштерді таратып қоныстандыру мен орналастырудың бас сызбасы, аудандық жоспарлау сызбалары мен жобалары негізінде қолданыстағы заңнамаға және нормативтік актілерге сәйкес жобалануға тиіс.
      43. Елді мекендердің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйелерінің құрамы мен атқарымдық сипаттамалары Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органымен келісілуге тиісті "Өрт қауіпсіздігі" жобасының жеке бөлімі түрінде рәсімделеді.
      44. Елді мекендер аумақтарын, өрт қатерін бағалау негізінде әзірленетін өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйелерін жоспарлау белгіленген тәртіппен әзірленіп, бекітілген техникалық тапсырмаға сәйкес жүзеге асырылады.
      45. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.12.07 N 1567 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен. 
      46. Елді мекендер аумақтарын жоспарлауға арналған жобалар мен техникалық тапсырмалардағы "Өрт қауіпсіздігі" бөлімдері өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігіне үш жылда кемі бір рет міндетті түзетілуге тиіс.
      47. Өрт-жарылыс қауіпті заттар мен материалдарды өндіретін, пайдаланатын, қайта өңдейтін, жасайтын, сақтайтын, тасымалдайтын және жоятын және осылар үшін өнеркәсіп қауіпсіздігі туралы декларация әзірлеу міндетті қауіпті өндірістік объектілер қала және ауыл елді мекендері шекараларынан тыс орналастырылуға тиіс, егер бұл мүмкін болмаса немесе мақсатқа сай келмесе, онда өрт-жарылыс қауіпті объекті аумағынан бас жерлердегі адамдарды, ғимараттарды, құрылымдар мен құрылыстарды өрттің және (немесе) жарылыстың қауіпті факторлары әсерінен қорғау жөнінде шаралар әзірленуге тиіс.
      Аумақтарында өрт-жарылыс және өрт қауіптілігі бойынша А, Б және В1-В4 санатты ғимараттар, құрылымдар мен құрылыстар орналасқан өзге өндірістік объектілер қала және ауыл елді мекендерінің аумақтарына да, сол сияқты шекараларынан тыс жерлерге де орналаса алады. Бұл ретте өрт қатерінің есептік мәні осы Техникалық регламентте белгіленген ең үлкен жол берілетін өрт қатерінен аспауға тиіс.
      48. Қала және ауыл елді мекендері шекараларына өрт-жарылыс қауіпті объектілерді орналастыру кезінде қауіпті өрт факторларының көрші объектілерге, климаттық және географиялық ерекшеліктерге, жергілікті жер бедеріне, өзендердің ағу бағытына және желдің басым бағытына әсер ету мүмкіндігі ескерілуі қажет.
      49. Сұйытылған табиғи газдардың жиынтығы елді мекендердің жел соғатын жағына орналастырылуға тиіс.
      50. Сұйытылған көміртекті газдардың және тез тұтанатын сұйықтықтардың қоймалары елді мекендердің тұрғын аймағынан тыс тұрғын аудандарға қатысты желдің басым бағытының желдетілетін жағына орналастырылуға тиіс.
      51. Сұйытылған көміртекті газдардың және тез тұтанатын сұйықтықтардың қоймаларын орналастыру бойынша жер учаскелері елді мекендерге, кемежайларға, өзен вокзалдарына, гидроэлектр стансаларына, кеме жөндейтін және кеме құрылысы ұйымдарына, көпірлер мен құрылымдарға өзен ағысымен төмен, егер көрсетілген құрылымдардан бері Техникалық регламентте үлкен арақашықтықтар белгіленбесе, олардан бері қарай 300 м кем емес арақашықтыққа орналастырылуға тиіс.
      Қоймалар хабарлағыш және байланыс құралдарымен, сондай-ақ өрттерді жою және сөндіру құралдарымен жабдықталған жағдайда, қоймаларды көрсетілген құрылымдарға қатысты өзен ағысы бойымен жоғары олардан 3 мың м кем емес арақашықтыққа орналастыруға жол беріледі.
      52. Сұйытылған көміртекті газдар мен жылдам тұтанатын сұйықтықтар қоймаларының құрылымдары көрші елді мекендердің, ұйымдар мен жалпы желілік теміржол жолдарының аумағы белгілерімен салыстырғанда өте төмен деңгейлі жер учаскелеріне орналастырылуға тиіс.
      Көрсетілген қоймаларды көрші елді мекендердің, ұйымдар мен жалпы желілік теміржол жолдарының аумағы белгілерімен салыстырғанда өте жоғары деңгейлі жер учаскелеріне, олардан 300 м артық арақашықтыққа орналастыруға жол беріледі.
      53. Елді мекендерден, ұйымдар мен жалпы желілік теміржол жолдарынан 100 м-ден 300 м дейінгі аралықтағы арақашықтыққа орналасқан сұйытылған көміртекті газдар мен жылдам тұтанатын сұйықтықтар қоймаларына елді мекендердің, ұйымдар мен жалпы желілік теміржол жолдарының аумағына сұйықтықтардың ағуын болдырмайтын шаралар (соның ішінде екінші топырақ үйіп бекіту, апаттық ыдыстар, ағызу арналары, олар) қарастырылуға тиіс.
      54. Өндірістік объектілерді қауіпті өндірістік объектілерге жатқызу тәртібі Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес анықталады.
      55. Қала және ауыл елді мекендерін санитарлық-эпидемиялық талаптар бойынша аумақтық аймақтарға бөлу кезінде тұрғын, қоғамдық іскери, өндірістік аймақтар, инженерлік және көлік инфрақұрылымдары аймақтары, ауылшаруашылығын пайдалану аймақтары, рекреациялық тағайындалған аймақтар, ерекше қорғалатын аумақтар аймақтары, арнайы тағайындалған, әскери объектілер орналастырылатын аймақтар және басқа да аумақтық аймақтар түрлері арасындағы арақашықтықтарды анықтау және орналастыру жөніндегі өрт қауіпсіздігі талаптары, сондай-ақ осы Техникалық регламентте жазылған талаптар сақталуға тиіс.
      56. Тұрғын құрылыстары аймақтарының, қоғамдық іскери аймақтардың және қала мен ауыл елді мекендерінің рекреациялық тағайындалу аймақтарының шегінде аумақтарында өрт-жарылыс және өрт қаупі бойынша А, Б және В1 - В4 санатты ғимараттар, құрылымдар мен құрылыстар жоқ өндірістік объектілерді орналастыруға жол беріледі.
      57. Тұрғын құрылыс аймағы шегінде орналасқан өрт-жарылыс қауіпті объектілерде қауіпті өрт факторларының әсерін жою мүмкін болмаған жағдайда, қуаттылықты азайту, ұйымдарды (кәсіпорындарды) немесе жекелеген өндірісті қайта пішіндеу немесе ұйымды (кәсіпорынды) тұрғын құрылыс шегінен тыс жерлерге қайта негіздеу қарастырылуы керек.
      58. Өнеркәсіп кәсіпорындарының санитарлық-қорғау аймақтарына бау-бақшалық, бақшалық және саяжайлық коммерциялық емес бірлестіктерді орналастыруға тыйым салынады.
      59. Өрт сөндіру автомобильдерінің:
      1) екі бойлық жақтан - биіктігі 28 м және одан артық (9 қабат  және одан артық) көп пәтерлі тұрғын үйлердің ғимараттарына, биіктігі 18 м және одан артық (6 және одан артық қабатты) адамдар тұрақты тұратын және уақытша келетін өзге ғимараттарға, көрсетілім жасалатын және мәдени-ағарту мекемелерінің, халыққа қызмет көрсету ұйымдарының, жалпы білім беру ұйымдарының, стационарлық типті емдеу мекемелердің, мекемелерді басқару органдарының ғимараттарына;
      2) барлық тараптардан - көп пәтерлі тұрғын үйлердің, жалпы білім беру мекемелерінің, балаларға арналған мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің, стационары бар емдеу мекемелерінің, ғылыми және жобалық ұйымдардың, мекемелерді басқару органдарының бір секциялы ғимараттарына жақын келуі қамтамасыз етілуге тиіс.
      60. Өндірістік объектілердің ғимараттарына, құрылымдары мен құрылыстарына олардың бүкіл ұзына бойына өрт сөндіру машиналарының:
      1) бір жағынан - ғимараттардың, құрылымдар мен құрылыстардың ені 18 м артық болмаған жағдайда;
      2) екі жағынан - ғимараттардың, құрылымдар мен құрылыстардың ені 18 м артық болған жағдайда, сондай-ақ аулалар тұйықталып және жартылай тұйықталып салынған жағдайда, жақын келуі қамтамасыз етілуге тиіс.
      61. Құрылысының ауданы 10 мың м 2 артық немесе ені 100 м артық өндірістік объектілер ғимараттарына өрт сөндіру техникасының жақын келуі жан-жағынан қамтамасыз етілуге тиіс.
      62. Өрт сөндіру техникасының жүріп өтуін қамтамасыз ететін өту бөлігінің немесе жоспарланған үстіңгі бетінің шетінен өндірістік ғимараттардың, құрылымдар мен құрылыстардың қабырғаларына дейінгі арақашықтық:
      1) биіктігі 13 м-ден 28 м дейінгі ғимараттар үшін - 8 м;
      2) биіктігі 28 м артық ғимараттар үшін - 10 м артық болмауға тиіс.
      Автомобиль жолының өту бөлігінің шетінен өндірістік ғимараттардың, құрылымдар мен құрылыстардың қабырғаларына дейінгі арақашықтықты өрт сөндіру техникасының бұрылуы үшін алаңдары бар және осы алаңдарда өрт гидранттары орнатылған осы ғимараттарға, құрылымдар мен құрылыстарға тұйық жолдар салынған жағдайда 60 м дейін ұлғайтуға жол беріледі. Бұл ретте өндірістік ғимараттардан, құрылымдар мен құрылыстардан өрт техникасының бұрылуына арналған алаңдарға дейінгі арақашықтық 100 м артық болмауға тиіс.
      63. Өрт сөндіру техникасына арналған өтпе жолдардың жол төсемінің құрастырылымы өрт сөндіру автомобильдерінің түсіретін жүктемесіне есептелуге тиіс.
      64. Тұрғын және көп функциялы биік ғимараттардың стилобаты шатырын өрт сөндіру техникасы жақын келуі үшін пайдалану кезінде өрт сөндіру автомобильдерінен оське түсетін 16 т кем емес жүктемеге есептелуге тиіс.
      65. Өрт сөндіру машиналарының биіктігі 75 м артық тұрғын үй ғимараттарына жақын келуін қамтамасыз ету үшін тұрғын үйлердің биік бөлігінің сыртқы қабырғаларынан 8 м-ден 10 м дейінгі арақашықтықта ені 6 м кем емес қатты жабынды шеңбер жолдар салу керек.
      66. Өтпе жолдар, галереялар сияқты немесе биіктігі 75 м артық тұрғын үйлердің ғимараттары (арқалары) арқылы тік өтетін жолдарды биіктігі 4,5 м кем емес және саңылаудағы ені 3,5 м кем емес етіп орындалуы керек.
      Егер өрт сөндіру гидранттары бар сыртқы су құбыры желісі қасбеттердің бірінің тарабынан салынған болса, тұрғын үйлердің саты торлары (вестибюльдері) арқылы тік өтетін жолдарды бір-бірінен 100 м кем емес арақашықтықта қарастыру керек.
      67. Тұйық жолдар өрт сөндіру техникасы бұрылуы үшін өлшемі 15 х 15 м кем емес алаңдармен аяқталуға тиіс.
      68. Азаматтардың бау-бақ, бақшалық және саяжайлық коммерциялық емес бірлестік аумағында барлық бақша учаскелеріне, біріккен топтарға және жалпы пайдаланылатын объектілерге өрт сөндіру техникасының жақын келуі қамтамасыз етілуге тиіс.
      69. Қала және ауыл елді мекендерінің аумағында сыртқы және (немесе) ішкі өртке қарсы сумен жабдықтау көздері болуға тиіс.
      Сыртқы өртке қарсы сумен жабдықтау көздеріне мыналар жатады:
      1) өрт сөндіру гидранттары бар сыртқы су құбыры желілері;
      2) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес өрт сөндіру
мақсаттарына пайдаланылатын табиғи және жасанды су көздері.
      70. Өртке қарсы су құбыры қала және елді мекендерде, сондай-ақ
өндірістік объектілерде қарастырылуға тиіс.
      Шаруашылық-ауызсу немесе өндірістік су құбыры бар өртке қарсы су құбыры біріктірілуге тиіс.
      71. Сұйық қоймалардан және (немесе) су қоймаларынан сыртқы өртке қарсы сумен жабдықтауды:
      1) тұрғындарының саны 5 мың адамға дейінгі елді мекендер үшін;
      2) сақиналы өртке қарсы су құбыры жоқ елді мекендерде орналасқан, көлемі 1 мың м 3 дейінгі жеке тұрған қоғамдық ғимараттар;.
      3) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.10.31 № 1249 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен;
      4) сыртқы өрт сөндіруге секундына 10 л су жұмсаған жағдайда өрт-жарылыс және өрт қауіптілігі бойынша В1 - В4, Г және Д санатты өндірістері бар өндірістік ғимараттар;
      5) көлемі 1 мың м 3 дейінгі ірі жем қоймалары;
      6) ғимараттарының көлемі 5 мың м 3 дейінгі ірі жем қоймалары;
      7) радио-телевизиялық стансалардың ғимараттары;
      8) көкөністер мен жемістерге арналған тоңазытқыштар мен қоймалары ғимараттары үшін қарастыруға жол беріледі.
      Ескерту. 71-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.10.31 № 1249 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
      72. Мыналар:
      1) биіктігі екі қабатқа дейін ғимараттарды салу кезінде 50 адамға дейін тұрғын саны бар елді мекендер;
      2) ғимараттарының көлемі 1 мың м 3 жеке тұрған, елді мекендерден тыс орналасқан қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары және ауданы 150 м 2 дейінгі сауда кәсіпорындары, сондай-ақ елді мекендерге орналасқан көлемі 250 м 3 отқа төзімділік дәрежелері I және II қоғамдық ғимараттар;
      3) өрт-жарылыс қауіптілігі және өрт қауіптілігі бойынша Д санатты өндірістері бар көлемі 1 мың м 3 дейінгі I және II дәрежелі отқа төзімді өндірістік ғимараттар (көлемі 250 м 3 дейінгі металл қорғалмаған немесе ағаш арқаулық құрастырылымы бар, сондай-ақ полимер жылытқышы бар ғимараттардан басқа);
      4) ғимараттардың көлемі 1 мың м 3 болған жағдайда ауылшаруашылығы өнімдерінің мерзімдік әмбебап қабылдау-дайындау пункттері;
      5) ауданы 50 м 2 дейін жанатын орауышқа салынған жанатын материалдардың және жанбайтын материалдардың қоймалары ғимараттары үшін сыртқы өртке қарсы сумен жабдықтауды қарастырмауға жол беріледі.
      73. Су құбыры желісінің магистральдық (есептік сақиналы) желілерін есептеу үшін сыртқы өрт сөндіруге жұмсалатын су шығыны (бір өрт үшін) және елді мекендердегі бір мезгілдегі өрттер саны осы Техникалық регламенттің 6-қосымшасы кестесінде берілген мәндерге сәйкес келуге тиіс.
      74. Аймақтық сумен қамтамасыз ету кезінде сыртқы өрт сөндіруге кететін су шығыны және әрбір аймақтағы бір мезгілдегі өрттер саны аймақта тұрып жатқан тұрғындар санына байланысты қабылданады.
      75. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.10.31 № 1249 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
      76. Топтық су құбыры үшін бір мезгілде болған өрттердің саны су құбырына қосылған елді мекендердегі тұрғындардың жалпы санына байланысты қабылданады.
      77. Топтық құбыржолы бойынша өрт көлемін қалпына келтіруге жұмсалатын су шығыны мынадай жағдайларда:
      өрт сөндіруге жұмсалатын ең үлкен шығындарды талап ететін елді мекендер үшін (бір мезгілдегі өрттер санына сәйкес) су шығындарының жинағы ретінде анықталады.
      1) өртті сөндіру ұзақтығы 3 сағаттан кем емес, ал өрт-жарылыс қауіптілігі мен өрт қауіптілігі бойынша Г және Д санатты үй-жайлары бар I және II дәрежелі отқа төзімді ғимараттар үшін 2 сағаттан кем емес уақыт болып қабылдануға тиіс.
      2) судың өрт сөндіру көлемін ең үлкен қалпына келтіру уақыты: өрт-жарылыс қауіптілігі мен өрт қауіптілігі бойынша А, Б, В1 - В4 санатты үй-жайлары бар елді мекендер мен өндірістік объектілер үшін - 24 сағаттан;
      өрт-жарылыс қауіптілігі мен өрт қауіптілігі бойынша Г және Д санатты үй-жайлары бар өндірістік объектілер үшін - 36 сағаттан;
      ауылдық елді мекендер мен ауылшаруашылығы кәсіпорындары үшін - 72 сағаттан аспауға тиіс.
      78. Елді мекенде сыртқы өрт сөндіруге жұмсалатын су шығыны осы Техникалық регламенттің 7-қосымшасы кестесінде берілген тұрғын және қоғамдық ғимараттардың өрт сөндіруге жұмсалатын су шығынынан кем болмауға тиіс.
      79. Тұрғын және қоғамдық ғимараттардағы бiр өрттi сөндiруге су құбыры желiсiнiң қосу және тарату желiлерiнен, сондай-ақ микро аудан немесе квартал iшiндегi су құбыры желiсiнен жұмсалатын су шығыны осы Техникалық регламенттің 7-қосымшасы бойынша ең үлкен су шығынын талап ететiн ғимарат үшiн қабылдануға тиiс.
      Ескерту. 79-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.10.31 № 1249 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
      80. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.10.31 № 1249 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
      81. Өртке қарсы қабырғалармен бөліктерге бөлінген ғимараттардағы өртті сыртқы сөндіруге жұмсалатын су шығыны судың көп шығыны талап етілетін ғимарат бөлігі бойынша қабылдануға тиіс.
      82. Өртке қарсы қоршаулармен бөлінген ғимараттардағы сыртқы өрт сөндіруге жұмсалатын су шығыны ғимараттың жалпы көлемі және өрт-жарылыс қауіптілігі және өрт қауіптілігі бойынша аса қауіпті санаты бойынша анықталуға тиіс.
      83. Арқалық болат құрастырылымдары және жанатын немесе полимер жылытқышты болат пішінделген немесе асбест-цемент табақтардан жасалған қоршау құрастырылымдары бар биіктігі 18 м артық емес бір және екі қабатты өндірістік объектілердегі бір қабатты қоймалық ғимараттардағы сыртқы өрт сөндіруге жұмсалатын су шығыны осы Техникалық регламенттің 8-қосымшасы 1-ші және 2-ші кестелерінде көрсетілген нормативтерден 10 л/с-қа артық қабылдануға тиіс.
      84. Кәсіпорында екі есептік өрт кезінде өрт сөндіруге жұмсалатын есептік су шығыны аса көп су шығынын талап ететін екі ғимарат бойынша қабылдануға тиіс.
      85. Жеке тұрған көмекші ғимараттардың сырттан өрт сөндіруге жұмсалатын су шығынын мәндері осы Техникалық регламенттің 8-қосымшасы 1-кестесіне сәйкес, ал өндірістік ғимараттарға қосып салынған объектілер үшін - ғимараттың жалпы көлемі бойынша қабылдау керек.
      86. Сыйымдылығы 10 мың м 3 дейінгі ағаш материалдары қоймаларының сырттан өрт сөндіруге жұмсалатын су шығыны оларды өрт-жарылыс қауіптілігі және өрт қауіптілігі бойынша В1 - В4 санатты өндірісті V дәрежелі отқа төзімді ғимараттарға жатқызып, осы Техникалық регламенттің 8-қосымшасы 1-кестесі бойынша қабылдануға тиіс.
      Қоймаларды сыйымдылығы үлкен жағдайда тиісті нормативтік құжаттардың талаптарды басшылыққа алуы қажет.
      87. Егер осы Техникалық регламенттің 8-қосымшасының 1-ші және 2-ші кестесі бойынша көп су шығыны талап етілмесе, ғимараттардың көлемі мен елді мекендерде тұратын адамдардың санына қарамастан радио-телевизиялық беру стансалары ғимараттарының сырттан өрт сөндіруге жұмсалатын   су шығынын 15 л/с кем емес етіп қабылдау керек. Көрсетілген талаптар қолданыста бар және жобаланатын байланыс объектілеріне орнатылатын радио-телевизиялық трансляторларға таратылмайды.
      88. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.10.31 № 1249 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
      89. Ағаш құрастырылымды II дәрежелі отқа төзімді ғимараттар үшін осы Техникалық регламенттің 8-қосымшасының 1-ші және 2-ші кестелерінде көрсетілгеннен 5 л/с артық қабылдануға тиіс.
      90. 5 тоннаға дейін жүк салынатын контейнерлерді сақтайтын ашық алаңдардың сырттан өрт сөндіруге жұмсалатын су шығыны мынадай контейнерлер санымен қабылдануға тиіс:
      1) 15 л/с кем емес - контейнерлер 30-дан 50 дейін;
      2) 20 л/с кем емес - контейнерлер 50-ден артық 100 дейін;
      3) 5 л/с кем емес - контейнерлер 100-ден артық 300 дейін;
      4) 40 л/с кем емес - контейнерлер 300-ден артық 1000 дейін.
      91. Өндірістік объектілердегі бір мезгілдегі өрттердің есептік саны олар алатын ауданға байланысты қабылдануға тиіс: ауданы 150 га дейін болған жағдайда бір өрт, ауданы 150 га артық болған жағдайда екі өрт.
      92. Елді мекен және өнеркәсіптік немесе елді мекен пунктінен тыс орналасқан ауыл шаруашылығы кәсіпорнының өртке қарсы біріккен құбыржолы кезінде мыналар бір мезгілдегі өрттің есептік саны болып қабылданады:
      1) елді мекендегі тұрғындар саны 10 мың адамға дейін болған кезде 150 га дейін кәсіпорынның аумағы ауданы кезінде - бір өрт (кәсіпорын немесе елді мекенде судың ең үлкен шығыны бойынша);
      2) сол сияқты, елді мекенде адамдар саны 10 мың адамнан артық 25 мың адамға дейінгі кезде - екі өрт (бірі кәсіпорында және бірі елді мекенде);
      3) кәсіпорын аумағы ауданы 150 га жоғары және елді мекендегі адамдар саны 25 мыңға дейін болғанда - екі өрт (ең үлкен шығын бойынша кәсіпорында екі немесе елді мекенде екі);
      4) елді мекенде 25 мыңнан артық адам болған кезде бір мезгілдегі өрт саны осы Техникалық регламенттің 6-қосымшасының кестесі бойынша қабылданады, сонымен қатар су шығыны тұтынылатын үлкен шығын жиынтығы (кәсіпорында немесе елді мекенде) және ең кіші шығынның 50 % (кәсіпорында немесе елді мекенде) ретінде анықталуға тиіс;
      5) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.10.31 № 1249 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен;
      Ескерту. 92-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.10.31 № 1249 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
      93. Жер бетінен ғимаратқа кіруде максималды шаруашылықтық-ауыз су суын тұтыну кезінде елді мекеннің су құбыры желісінде минималды бос арын 10 м кем емес бір қабатты құрылыс кезінде қабылдануға тиіс, үлкен қабаттар кезінде әрбір қабатқа 4 м қосылуы керек.
      94. Су аз тұтынылған уақытта бірінші қабаттан басқа әрбір қабатқа арынды 3 м тең қабылдауға рұқсат етіледі, сонымен қатар сақтау үшін сыйымдылыққа су беру қамтамасыз етіледі.
      95. Жекелеген көп қабатты ғимараттар немесе құрылыстың аз қабаты бар ауданда орналасқан оның топтары үшін немесе жоғарылаған орындарда арынды жоғарылату үшін жергілікті сорғы қондырғысын қарастыруға рұқсат етіледі.
      96. Су үлестіру колонкасы желісінде бос арын 10 м кем болмауы қажет.
      97. Төмен қысымды өртке қарсы су құбырын пайдаланған жөн, жоғары қысымды өртке қарсы су құбырын сәйкес негіздемесі бар болған кезде ғана қабылдауға рұқсат етіледі.
      Жоғары қысымды су құбырында стационарлық өрт сорғысы өрт пайда болғаны туралы сигнал берілгеннен кейін 5 мин кейін кешіктірмей сорғыны іске қосуды қамтамасыз ететін құрылғымен жабдықталуға тиіс.
      98. Өрт сөндірген кезде төмен қысымды өртке қарсы су құбыры желісіндегі минималды бос арын (жер беті деңгейінде) 10 м кем болмауға тиіс.
      99. Жоғары қысымды өртке қарсы су құбыры желісінде минималды бос арын өрт сөндіруге судың толық шығыны кезінде және өрт бағаны ең жоғарғы ғимараттың жоғарғы нүктесі деңгейінде орналасқан кезде 20 м кем болмайтын шағын ағын биіктігін қамтамасыз етуге тиіс.
      100. Біріккен су құбыры желісінде максималды бос арын 60 м артық болмауы керек.
      101. Су құбыры желісі сақиналы болуға тиіс.
      Су құбырының тұйық желісін суды беру үшін қолдануға рұқсат етіледі:
      1) өндірістік қажеттіліктерге - апатты жою уақытында сумен жабдықтауда рұқсат етілген үзіліс кезінде;
      2) шаруашылықтық-ауыз су қажеттілігіне - 100 мм артық емес құбыр диаметрі кезінде;
      3) өртке қарсы немесе шаруашылықтық-ауыз су қажеттілігіне өрт сөндіруге су шығынына қарамай - желінің ұзындығы 200 м артық емес.
      Сыртқы су құбыры желісін ғимараттар мен құрылымдардың ішкі су құбырымен сақиналауға рұқсат етілмейді.
      102. 50 мың адамға дейін тұрғыны бар және сыртқы өрт сөндіру үшін 10 л/с су шығыны бар елді мекендерде немесе ішкі өрт краны 12 бірлікке дейінгі ғимаратта өртке қарсы сұйыққойма құрылғысы немесе су қоймасы, су арынды мұнара немесе тұйық соңында бақылау сұйыққоймасы бар болғанда ұзындығы 200 м артық тұйық желіге рұқсат етіледі.
      103. Сыртқы өрт сөндіру үшін судың 20 л/с және одан кем шығыны бар өндірістік объектілер үшін өрт сөндіру мақсаты үшін өртке қарсы сұйыққоймада су қорын қалпына келтіру уақытын ұлғайтуға рұқсат етіледі:
      1) 48 сағ дейін - өртжарылыс және өрт қауіптілігі бойынша Г және Д санатты үй-жай үшін;
      2) 36 сағ дейін - өртжарылыс және өрт қауіптілігі бойынша В1 - В4 санатты үй-жай үшін.
      104. Қызыл желі 60 м шегінде және одан көп көше ені кезінде су құбыры желісін көшенің екі жағынан төсеу қарастырылады.
      105. Өрт гидрантын өтетін бөліктің шетінен бастап 2,5 м артық емес, алайда ғимарат қабырғасынан 5 м кем емес аралықта автомобиль жолы бойымен орнату қажет.
      Өрт гидрантын өтетін бөлікте орнатуға рұқсат етіледі, сонымен қатар су құбыры желісінен тармақтануда өрт гидрантын орнатуға тыйым салынады.
      106. Су құбыры желісінде өрт гидрантын орналастыру сыртқы өрт сөндіруге 15 л/с және одан көп су шығыны кезінде екі өрт гидрантынан кем емес және 15 л/с кем су шығыны кезінде бір гидрант осы желі қызмет көрсететін кез келген ғимарат, құрылым, құрылыс немесе оның бөліктерінде өрт сөндіруді қамтамасыз етуге тиіс.
      107. Су құбыры желісінде өрт гидранты арасындағы 200 м аспайтын аралық қабылдануға тиіс және жобалау ұйымы өрт сөндіруге судың жиынтық шығынын және орнатылатын өрт гидранты типінің өткізу қабілетін ескеретін есептеу арқылы негіздейді.
      108. Өрт сөндіру мақсатына арналған сұйыққоймадағы таза судың пайдаланылмаған су қоры өрт сөндіру үшін қажетті су мөлшерін сумен қамтамасыз ету көзінен тікелей алу техникалық мүмкін болмаса немесе экономикалық жағынан мақсатқа сай болмаған жағдайда қарастырылуға тиіс.
      Таза су сұйыққоймасындағы өрт сөндіруге арналған судың пайдаланылмаған қоры мыналарды қамтамасыз етуден қабылдануға тиіс:
      1) сыртқы гидранттан және ішкі өрт кранынан өрт сөндіру;
      2) өрт сөндірудің автоматты су және көбік қондырғысы;
      3) максималды шаруашылықтық-ауыз су және өрт сөндірудің барлық мерзімінде өндірістік қажеттіліктер үшін.
      Сұйыққоймадағы судың өрт көлемін анықтаған кезде егер оған су келу I және II санатты сумен жабдықтау жүйесінен жүзеге асырылса, өрт сөндіру кезінде толтыруды есепке алу қажет.
      109. Су арыны мұнарасының бағындағы өрт сөндіруге арналған судың пайдаланылмаған қоры басқа қажеттіліктер үшін бір мезгілдегі судың үлкен шығыны кезінде бір сыртқы және бір ішкі өртті сөндірудің он минуттық ұзақтығына есептелуі керек.
      110. Өрт сұйыққоймасы немесе су қоймасының саны екіден кем болмауы керек, сонымен қатар оның әрқайсысында өрт сөндіру үшін судың 50 % кем емес көлемі сақталуы керек.
      111. Өрт сұйыққоймасы немесе су қоймасы мыналар бар болған кезде:
      1) өрт автомобилі, 200 м аспайтын аралықта;
      2) өрт мотопомпасы, 100 м аспайтын аралықтағы радиуста болатын
ғимараттарға қызмет көрсеткен жағдайда орналасуға тиіс.
      Қызмет ету радиусын ұлғайту үшін 200 м аспайтын ұзындығы бар тұйық құбыржол су қоймасы немесе сұйыққоймасынан бастап төсеуге рұқсат етіледі.
      Егер өрт сұйыққоймасынан немесе су қоймасынан суды өрт автомобилі немесе мотопомпамен тікелей жинау қиындық тудырса, көлемі 3 м 3 бастап 5 м 3 дейінгі қабылдау құқықтары қарастырылады. Сұйыққойманы немесе су қоймасын қабылдау құқығымен қосатын құбыржол диаметрі судың сыртқы өрт сөндіруге есептік шығынынан, алайда 200 мм кем емес қабылданады. Қабылдау құқығы алдында қосатын құбыржолға ысырмасы бар құқық орнатылады, оның штурвалы люк қақпағы астына шығарылуы керек.
      112. Сұйыққоймадан немесе су қоймасынан су жинау нүктесінен бастап оттөзімділіктің III, IV және V деңгейлі ғимараттарына және жанғыш материалдардың ашық қоймасына дейінгі аралық 30 м кем болмауға, оттөзімділіктің I және II деңгейлі ғимаратына дейін - 10 м кем болмауға тиіс.
      113. Объекті аумағында немесе оның 200 м радиус маңайында табиғи немесе жасанды су көздері (өзен, көл, бассейн, градирия) бар болған кезде оларға жылдың кез келген мезгілінде су жинау және өрт автомобилін орнату үшін 12 х 12 м кем емес көлемі бар қатты жабынды алаңқайы (пирс) бар кіре беріс орнатылуы керек.
      114. Сыртқы өртке қарсы су құбыры параметрлері, сондай-ақ  өртгидрантының қажетті саны және орнату орындарын анықтау әдістері Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етілген құрылыс нормалары мен талаптарына және белгіленген тәртіпте бекітілген өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құжаттарға сәйкес келуге тиіс.
      115. Азаматтардың коммерциялық емес бақшалық және саяжай бірлестіктері аумағында өрт сөндіруді қамтамасыз ету үшін учаскелер саны:
      1) 300 дейін - сыйымдылығы 25 м 3 кем емес;
      2) 300 артық - өрт сорғысымен су жинау мүмкіндігі бар әрқайсысы кемінде екі өрт автомобилін орнатуға арналған алаңдары бар сыйымдылығы 60 м 3 кем емес болған кезде сыйымдылықты өртке қарсы су қоймалары немесе сұйыққоймалар қарастырылуға тиіс.
Каталог: images -> stories -> 2015 -> yanvar -> 29.01
29.01 -> "Ғимараттарды, үй-жайларды және құрылыстарды автоматты түрде өрт сөндіру және автоматты өрт дабылымен, өрт кезінде адамдарға хабарлау және оларды эвакуациялауды басқару жүйелерімен жабдықтау жөніндегі талаптар" техникалық регламентін бекіту
29.01 -> Объектілерді қорғауға арналған өрт техникасының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
29.01 -> Өндірістік объектілердегі сигналдық түстерге, белгілеулерге және қауіпсіздік белгілеріне қойылатын талаптар
2015 -> Вьетнам: 70 лет независимости
yanvar -> Келісілді «амтг» АҚ Басқарма Төрағасы С. Данбаев


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет