Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар


Қалалық және ауылдық елді-мекендер аумағында ғимараттар мен құрылымдар арасында өртке қарсы аралыққа қойылатын талаптар



бет3/20
Дата10.03.2018
өлшемі3.26 Mb.
#20459
түріРегламент
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

3.2.2. Қалалық және ауылдық елді-мекендер аумағында ғимараттар мен құрылымдар арасында өртке қарсы аралыққа қойылатын талаптар
      116. Оттөзімділік деңгейіне қарай өнеркәсіптік кәсіпорындардың тұрғын үй, қоғамдық және қосымша ғимараттары арасындағы өртке қарсы аралықты осы Техникалық регламенттің 9-қосымшасы 1-кестесіне сәйкес қабылдаған жөн.
      117. Оттөзімділік деңгейіне қарай өнеркәсіптік кәсіпорындардың өндірістік ғимараттары арасындағы өртке қарсы аралықты осы Техникалық регламенттің 9-қосымшасы 2-кестесіне сәйкес қабылдаған дұрыс.
      118. Оттөзімділік деңгейі бойынша ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының өндірістік ғимараттары арасындағы өртке қарсы аралықты осы Техникалық регламенттің 9-қосымшасы 3 және 4-кестесіне сәйкес қабылдаған жөн.
      119. Ғимараттар және құрылымдар арасындағы өртке қарсы аралық болып ғимараттың сыртқы қабырғасы немесе басқа құрастырылымы арасындағы аралық анықталады. Жанбайтын материалдан жасалған ғимараттар мен құрылымдар құрастырылымының 1 м артық шығыңқылығы бар болса, осы құрастырылымдар арасындағы аралық қабылданады.
      120. Терезе ойығы жоқ ғимараттар, имараттар және құрылыс арасындағы өртке қарсы аралықты оттөзімділіктің III, IIIа, IIIб, IV, ІVа және V деңгейлі ғимараттарды қоспағанда, 20 % кішірейтуге рұқсат етіледі.
      121. 1 В климаттық кіші аудандарда оттөзімділіктің IV және V деңгейлі тұрғын ғимараттар арасындағы аралықты 50% арттырған дұрыс.
      122. Сейсмикалығы 9 балл және одан жоғары аудандарда тұрғын ғимараттар, сондай-ақ оттөзімділіктің IV, ІVа және V деңгейлі тұрғын және қоғамдық ғимараттары арасындағы өртке қарсы аралықты 20 % арттырған жөн.
      123. Оттөзімділіктің V деңгейлі каркас және қаңқалы құрастырылымды екі қабатты ғимарат, сондай-ақ жанғыш материалдан жасалған төбесі бар ғимараттар үшін өртке қарсы аралықты 20 % арттырған жөн.
      124. Оттөзімділіктің I және II деңгейлі ғимараттары арасындағы өртке қарсы аралықты егер басқа ғимаратқа қарсы орналасқан одан жоғары ғимарат қабырғасы 1 типті өртке қарсы болып табылса, 3,5 м дейін кішірейтуге рұқсат етіледі.
      125. Тұрғын үйлерге дейін үй жанындағы жер учаскесінде шаруашылық құрылысы (сарай, гараж, монша) және бір, екі пәтерлі тұрғын үйден бастап көршілес үй маңының жер учаскесіндегі тұрғын үй және шаруашылық құрылысына дейінгі өртке қарсы аралықты осы Техникалық регламенттің 9-қосымшасы 1-кестесіне сәйкес қабылдаған жөн.
      126. Тұрғын үй және шаруашылық құрылысы арасындағы, сондай-ақ үй маңындағы бір учаске шегінде шаруашылық құрылысы арасындағы өртке қарсы аралық нормаланбайды.
      127. Оттөзімділіктің I және II деңгейлі Ф1, Ф2, Ф3, Ф4 өрт қауіптілігінің атқарымдық класының тұрғын, қоғамдық және әкімшілік (тұрмыстық) ғимараттарынан минималды өртке қарсы аралығы:
      1) Ф5 класты өндірістік және қоймалық ғимараттардан, сондай-ақ оттөзімділіктің I және II деңгейлі гараждарына дейін 9 м кем емес;
      2) Ф5 атқарымдық өрт қауіптілігі класты және С2, С3 құрастырылымдық өрт қауіптілігі класты ғимараттарға дейін - 15 м кем емес;
      3) оттөзімділіктің III, IIIа, IIIб деңгейлі ғимараттарына дейін - 12 м кем емес;
      4) оттөзімділіктің IV, IVа және V деңгейлі ғимараттарына дейін - 15 м кем емес.
      128. Ф1, Ф2, Ф3, Ф4 IV, IVа атқарымдық өрт қауіптілігі класты және оттөзімділіктің V деңгейлі тұрғын, қоғамдық және әкімшілік (тұрмыстық) ғимараттардан бастап Ф5 атқарымдық өрт қауіптілігі класының өндірістік және қойма ғимараттарына, сондай-ақ оттөзімділіктің сондай деңгейі бар гаражға дейінгі аралық 18 м кем емес болып қабылданады. Оттөзімділіктің III, IIIа және IIIб деңгейлі аталған ғимараттары үшін олардың арасындағы аралық 12 м кем емес болып қабылданады.
      129. Уақытша құрылыс, дүңгіршек, ларек және қалқаны орнату осы Техникалық регламенттің 9-қосымшасы 1-кестесінде келтірілген өртке қарсы аралықты есепке алып жүзеге асырылады.
      130. Оттөзімділіктің RЕІ 150 кем емес шегі бар бүйір қабырғалар, Ф1.1, Ф4.1 класты атқарымдық өрт қауіптілік типті балалар, емдеу мекемелері ғимараттарын қоспағанда, I - III, IIIа, IIIб деңгейлі ғимараттар және автомобильдер пассивті жүретін көп ярусты гараж-тұрақтар арасындағы өртке қарсы аралық нормаланбайды.
      131. Ыдысты сақтауға арналған алаңдар торлы қоршаумен қоршалуға тиіс және ғимарат пен құрылымнан кемінде 15 м аралықта орналасуы керек.
      132. Қалалық мекендер құрылысы шекарасынан бастап орман алқабына дейiнгi өртке қарсы аралық 100 м кем болмауға тиiс.
      Ескерту. 132-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.10.31 № 1249 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
      133. Қалалық мекендерде үй маңындағы учаскесi бар бiр-екi қабатты жеке құрылысы бар аудандар үшiн үй маңындағы учаске шекарасынан бастап орман алқабына дейiнгi аралық 50 м кем болмауы керек.
      Ескерту. 133-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.10.31 № 1249 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
      134. Мұнай және мұнай өнімдері қоймасы аумағында орналасқан өртжарылыс және өрт қауіптілігі бойынша А, Б және В1 - В4 санатты ғимараттар және құрылымдардан бастап көрші объектілерге дейінгі өртке қарсы аралық осы Техникалық регламенттің 10-қосымшасының 1-кестесі бойынша қабылданады.
      Осы Техникалық регламенттің 10-қосымшасының 1-кестесінде көрсетілген аралықтар:
      1) ғимарат және құрылымның сыртқы қабырғасы және құрастырылымы арасындағы аралық ретінде ғимарат және құрылма арасындағы;
      2) құю-төгу құрылғысынан бастап - құю-төгу эстакадасы бар теміржол осінен бастап;
      3) автомобиль цистернасының құю-төгу құрылмасы үшін, сорғы, ыдыстар үшін алаңдардан (ашық және қалқа асты) бастап - осы алаңдар шекарасынан бастап;
      4) технологиялық эстакададан және құбыржолдан бастап - шеткі
құбыржолдан бастап;
      5) алаулы қондырғыдан бастап - алау оқпанынан бастап анықталады.
      135. Құрылысы ағаш кесуге байланысты болатын орман алқабында мұнай және мұнай өнімдерін сақтау үшін қоймаларды орналастырған кезде қылқанды орман алқабына дейінгі аралықты екі есе азайтуға рұқсат етіледі, сонымен қатар қойма маңында орман алқабы шекарасы бойында ені 5 м кем емес жыртылған жер жолағы қарастырылуға тиіс.
      136. Сұйыққойма паркінен 200 м дейінгі аралықта орналасқан жалпы желідегі теміржол жолдары, көршілес елді мекендер және кәсіпорындар аумағы белгісін салыстыру бойынша жоғары белгілері бар алаңдарда мұнай және мұнай өнімдерінің сұйыққойма паркін орналастырған кезде, сондай-ақ су кемерінен 200 м және одан кіші (максималды деңгейде) аралықта өзен жағасында мұнай және мұнай өнімдері қоймасын орналастырған кезде сұйыққойманың апаты кезінде мұнай және мұнай өнімдерінің елді мекен немесе кәсіпорын аумағына, жалпы желідегі теміржол жолына немесе су қоймасына төгілу ықтималдығын болдырмайтын қосымша шаралар қарастырылуға тиіс.
      Мұнай және мұнай өнімдері қоймасы аумағы биіктігі 2 м кем емес жанбайтын материалдан жасалған үрленетін қоршаумен қоршалуы керек.
      137. Тұрғын үй және қоғамдық ғимараттардан бастап жалпы сыйымдылығы 2 мың м 3 , тұрғын және қоғамдық ғимараттарға қызмет көрсететін қазандық, дизельді электрлік станса және басқа энергетикалық объектілер құрамында қаралатын IIIв санатты мұнай және мұнай өнімдерін сақтауға арналған қоймаға дейінгі өртке қарсы аралық осы Техникалық регламенттің 10-қосымшасы 2-кестесінде белгіленгеннен кем болмайтындай қабылдануға тиіс.
      138. Мұнай және мұнай өнімдері қоймасының санаты осы Техникалық регламенттің 10-қосымшасы 3-кестесі бойынша анықталады.
      139. Елді мекен пункті аумағында автоқұю стансасын орналастырған кезде өртке қарсы аралық апатты сұйыққойма және отын сақтауға арналған қабырғадан, отын және (немесе) оның буы айналатын жер үсті жабдығынан бастап, отын сақтауға арналған сұйыққойма және апатты сұйыққойманың тыныс алу арқауынан, отын-үлестіру колонкасы тұрқы және сұйылтылған көмірсутекті газдар немесе сұйылтылған табиғи газ, автоцистерна және технологиялық құдыққа арналған алаңдар шекарасынан, тазарту құрылымының технологиялық жабдық қабырғасынан бастап және автоқұю стансасы ғимаратының сыртқы қабырғасы және құрастырылымынан бастап:
      1) мектепке дейінгі балаларға жалпы білім беретін мекемелер, жалпы білім беретін мекеме, интернат типті жалпы білім беретін мекеме, стационарлық типті емдеу мекемелері, бір пәтерлі тұрғын ғимарат жер учаскесінің шекарасына;
      2) терезе немесе есіктерге дейін (басқа мақсаттағы тұрған және қоғамдық ғимараттар үшін).
      140. Автоқұю стансасынан бастап ғимараттар, құрылым және автоқұю стансасы кешеніне жатпайтын басқа объектілерге дейінгі минималды өртке қарсы аралық станса типіне байланысты болады және осы Техникалық регламенттің 11-қосымшасы 1-кестесіне сәйкес анықталады.
      141. Жер үсті сұйыққоймасы бар автоқұю стансасы ғимараты және құрылымы арасындағы минималды өртке қарсы аралық осы Техникалық регламенттің 11-қосымшасы 2-кестесіне сәйкес қабылданады.
      142. Жер үсті сұйыққоймасы бар автоқұю стансасы аумағында орналасқан ғимараттар және құрылым арасындағы минималды өртке қарсы аралық осы Техникалық регламенттің 11-қосымшасы 3-кестесіне сәйкес қабылданады.
      143. Автоқұю стансасы аумағында орналасатын мұнай өнімдерін сақтауға арналған сұйыққойманың жалпы сыйымдылығы:
      1) автоқұю стансасын қалада және елді мекен пунктінде орналастырған кезде - 100 м 3 артық емес;
      2) автоқұю стансасын елді мекен пункті шегінен тыс орналастырған кезде - 150 м 3 артық емес (сақталатын автоцистерна сыйымдылығын есепке алып) болуға тиіс.
      Қалада және басқа елді мекен пунктінде тек қана отынды сақтаудың жер асты сұйыққоймасы бар автоқұю стансасын орналастыруға рұқсат етіледі.
      144. Жер үсті және жер үсті-жер асты гараждар, жеңіл автомобильді тұрақты және уақытша сақтауға арналған ашық тұрақтар және техникалық қызмет көрсету стансасынан бастап тұрғын үйлер және қоғамдық ғимараттар, сондай-ақ елді мекендердің тұрғын, қоғамдық-іскерлік және рекреациялық мақсаттағы аймақтарда орналасқан мектепке дейінгі балаларға жалпы білім беретін мекемелер, жалпы білім беретін мекеме, интернат типті жалпы білім беретін мекеме, стационарлық типті емдеу мекемелеріне дейін өртке қарсы аралық осы Техникалық регламенттің 12-қосымшасы кестесінде келтірілгеннен кем қабылданбауы керек.
      145. Өртке қарсы аралықты тұрғын үй және қоғамдық ғимараттар, құрылымдар және құрылыстан бастап және мектепке дейінгі балаларға жалпы білім беретін мекемелер, жалпы білім беретін мекеме және стационарлық типті емдеу мекемесінен бастап гараж қабырғасы немесе ашық тұрақ шекарасына дейін анықтаған жөн.
      146. Секциялық тұрғын үйден бастап бойлық фасад бойында орналасатын сыйымдылығы 101 машинадан бастап 300 машинаға дейінгі ашық алаңдарға дейінгі өртке қарсы аралықты 50 м кем емес деп қабылдаған дұрыс.
      147. Осы Техникалық регламенттің 12-қосымшасының кестесінде келтірілген оттөзімділіктің I—II деңгейлі гаражы үшін аралықты гаражда ашылатын терезе, сондай-ақ тұрғын және қоғамдық ғимараттар жағына бағдарланған кірулер болмаған кезде 25 % азайтуға рұқсат етіледі.
      148. Гараждар және сыйымдылығы 300 артық машина-орны бар жеңіл автомобильдерді сақтауға арналған ашық тұрақтар және 30 артық бекет кезінде техникалық қызмет көрсету стансасы тұрғын үйден 50 м кем емес аралықта өндірістік аумақта тұрғын ауданнан тыс орналасуға тиіс. Аралық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органының келісімімен анықталады.
      149. Сұйылтылған табиғи газ кешені құрамына кіретін сұйыққоймадан бастап сұйылтылған табиғи газ кешеніне жатпайтын ғимараттар және құрылымға дейінгі өртке қарсы аралық осы Техникалық регламенттің 13-қосымшасы 1-кестесі бойынша қолданылуға тиіс.
      150. Қысымы осы Техникалық регламенттің 13-қосымшасы 1-кестесінде келтірілген мәннен ерекшеленетін сұйық қоймадан бастап көршілес объектілерге дейінгі өртке қарсы аралық осы Техникалық регламенттің 13-қосымшасы 2-кестесінде келтірілген.
      151. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.10.31 № 1249 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
      152. Қойма аумағында орналасатын сұйылтылған көмірсутекті газ сұйық қоймасынан бастап қойма аумағынан тыс басқа объектілерге дейінгі өртке қарсы аралық осы Техникалық регламенттің 13-қосымшасының кестесінде келтірілген мәндерге сәйкес келуге тиіс.
      Жеке тұрған құю-төгу эстакадасынан бастап көрші ұйымдар, тұрғын және қоғамдық ғимараттарға дейінгі өртке қарсы аралық сұйылтылған көмірсутекті газдар және қысым асты жеңіл тұтанатын сұйықтықтар қоймасы сұйыққоймасынан бастап сияқты қабылданады.
      153. Қойма аумағында орналасатын сұйылтылған көмірсутекті газдар қоймасы шекарасынан бастап қойма аумағынан тыс өндірістік объектілер, тұрғын және қоғамдық ғимараттар және құрылымдарға дейінгі өртке қарсы аралық осы Техникалық регламенттің 13-қосымшасы 4-кестеде келтірілген мәндерге сәйкес келуге тиіс.
      154. Газ құбыры, мұнай құбыры және мұнай өнімдері құбырының жер асты және жер үсті (төгіндіде) осінен бастап елді мекендер және жеке тұрған өндірістік объектілер, елді мекендер аумағындағы ғимараттар мен құрылымдарға дейінгі өртке қарсы аралық осы Техникалық регламенттің 14-қосымшасы 1-кестеде келтірілген мәндерден кем болмайтындай қабылдануға тиіс.
      155. Шеткі сұйыққоймадан бастап жалпы сыйымдылығы 50 м 3 сұйылтылған көмірсутекті газдың сұйыққоймалық қондырғысынан бастап елді мекен ғимараты мен құрылымы және оның коммуникациясына дейінгі аралық осы Техникалық регламенттің 14-қосымшасы 2-кестеде келтірілген мәндерге сәйкес келуге тиіс.
      156. Жалпы сыйымдылығы 50 м 3 артық сұйылтылған көмірсутекті газдың сұйыққоймалық қондырғысынан бастап аралық осы Техникалық регламенттің 14-қосымшасы 3-кестеде келтірілген мәндерге сәйкес келуге тиіс.
      157. Бірлік сыйымдылығы 50 м 3 бойынша сұйылтылған көмірсутекті газдың екі сұйыққоймасын орнатқан кезде газ толтыру кіші стансасына жатпайтын ғимараттарға (тұрғын, қоғамдық, өндірістік) дейінгі аралықты:
      1) жер үсті сұйыққоймалары үшін - 100 м дейін;
      2) жер асты сұйыққоймалары үшін - 50 м дейін азайтуға рұқсат етіледі.
      158. Сұйылтылған көмірсутекті газдардың жер үсті сұйыққоймасынан бастап бір мезгілде 800-ден артық адам болуы мүмкін (стадион, базар, парк, тұрғын үй) орындарға дейінгі, сондай-ақ мектеп, мектепке дейінгі және емдеу-сауықтыру мекемелеріне дейінгі аралық орын санына қарамай, осы Техникалық регламенттің 14-қосымшасы 3-кестеде келтірілген мәндермен салыстырып 2 есе арттыруға рұқсат етіледі.
3.3. Ғимараттар мен құрылымдарды жобалау және салу кезінде қойылатын өрт қауіпсіздігі талаптары
3.3.1. Ғимараттар мен құрылымдарды жобалау кезінде қойылатын жалпы өрт қауіпсіздігі талаптары
      159. Ғимаратқа, құрылым мен құрылысқа арналған жобалық құжаттамада адамдардың өмірі мен денсаулығын, меншігін, ұлттық байлықты және қоршаған ортаны қамтамасыз ететін, өрттің пайда болуын және өршуін болдырмауға, сондай-ақ оны сәтті сөндіруге бағытталған талаптар болуға тиіс.
      160. Жобалау кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын белгілейтін нормалар мен ережелер болмайтын ғимараттар, құрылымдар мен құрылыстар салуға, жобалық құжаттаманы әзірлеушілер тиісті ғылыми-зерттеу және мамандандырылған ұйымдарды тарта отырып, олардың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ерекшеліктерді бейнелейтін және қажетті инженерлік-техникалық және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұйымдастыру іс-шаралар кешені болатын жобалық шешімдер әзірлейді.
      Жобалық шешімдер өрт қауіпсіздігі талаптарын белгілейтін нормалар мен ережелер болмайтын объектілер салуға арналған жобалық құжаттаманы әзірлеу үшін негізгі бастапқы құжат болып табылады.
      Жобалық шешімдер өрт қауіпсіздігі саласындағы органмен Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен келісілуі керек.
      161. Мемлекеттік нормаларға, ережелерге, стандарттарға және жобалауға арналған тапсырмаларға сәйкес әзірленген жобалық құжаттама жауапты орындаушының (жобаның бас инженері, жобаның бас архитекторы) тиісті жазбасымен куәландырылған болуға тиіс және Қазақстан Республикасының заңдық актілерінде ерекше ескертілген жағдайларды қоспағанда, қосымша келісілуге жатпайды.
      162. Ғимараттар, құрылымдар және құрылыстардағы жеке өрт қаупі ғимаратта өрт өршіген және адамдарды ғимараттан, үй-жайдан және құрылымнан шыға берістерден барынша алыстатылған жерлерге орналастырудың күрделі жағдайлары үшін, жылына 10 -6 аспауға тиіс.
Қауіпті өрт факторларының әсері нәтижесінде адамдардың апатқа ұшырау қатері ғимараттардың, үй-жайлар мен құрылымдардың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйелерін қолдану есебімен анықталуға тиіс.
      Ғимараттарда, құрылымдар мен құрылыстардағы жеке өрт қатерін есептеу тәртібі Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етілген мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық стандарттардың және белгіленген тәртіппен бекітілген, өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес болуы керек.
      163. Ғимараттар, құрылымдар мен құрылыстардың құрастырылымдық, көлемдік-жоспарлау және инженерлік-техникалық шешімдері өрт жағдайында мыналарды қамтамасыз етуге тиіс:
      1) адамдарды қауіпсіз аймаққа олардың өмірі мен денсаулығына қауіпті өрт факторларының әсері салдарынан зиян келтірілгенге дейін эвакуациялау;
      2) адамдарды құтқару бойынша іс-шаралар өткізу мүмкіндігі;
      3) өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің жеке құрамының жол ашу және өрт сөндіру құралдарын ғимараттың, құрылым мен құрылыстың кез келген үй-жайына жеткізу мүмкіндігі;
      4) өрт сөндіргіш заттарды өрт ошағына беру мүмкіндігі;
      5) өртті көршілес ғимараттарға, құрылымдар мен құрылыстарға таратпау.
      164. Ғимаратта өртке қарсы тосқауылдармен бөлінген әр түрлі функционалдық өрт қауіпті бөліктер болған кезде, осындай бөліктердің әрқайсысы функционалдық өрт қауіптілігіне сәйкес келетін ғимаратқа қойылатын өрт қауіпсіздігі талаптарына жауап беруге тиіс.
      165. Ғимараттарда, құрылымдарда және өрт сөндіру бөліктерінде жарылыс-өрт және өрт қауіптілігі бойынша А және Б санатындағы үй-жайлар сыртқы қабырғаларда, ал көп қабатты ғимараттарда - жоғарғы қабаттарда орналасуы керек.
      166. Жөртөлелік және цокольдық қабаттарда жанғыш газдар мен сұйықтықтар, сондай-ақ тез тұтанатын материалдар қолданылатын немесе сақталатын үй-жайлар орналастыруға тыйым салынады.
      167. Ғимараттардың, құрылымдар мен құрылыстардың немесе ондағы жеке үй-жайлардың функционалдық тағайындалымы өзгерген кезде, сондай-ақ көлемдік-жоспарлау және құрастырылымдық шешімдер осы ғимараттардың, құрылымдар мен үй-жайлардың жаңа тағайындалымына сәйкес өзгерген кезде, Техникалық регламентте және белгіленген тәртіппен бекітілген өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құжаттарда белгіленген талаптардың орындалуы қамтамасыз етілуі қажет.
3.3.2. Ғимараттар, құрылымдар мен құрылыстардың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйелерінің құрамына және функционалдық сипаттамаларына қойылатын талаптар
      168. Ғимарат, құрылым және құрылыстың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйелерінің функционалдық сипаттамалары, сондай-ақ ғимарат, құрылым мен құрылыстың инженерлік жабдығы Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етілген мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық стандарттардың және белгіленген тәртіппен бекітілген, өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес анықталады.
      169. Көп қабатты, көпшілік адамдар болатын ғимараттарда, құрылымдар мен құрылыстардағы, сондай-ақ балалар және қозғалу мүмкіндігі шектеулі адамдар тобы болатын ғимараттар мен құрылымдардағы жеке өрт қатері бірінші кезекте өрттің алдын алу жүйесімен және ұйымдастыру-техникалық іс-шаралар кешенімен қамтамасыз етілуге тиіс.
      170. Ғимараттардың, құрылымдар мен құрылыстардың өртке қарсы қорғау жүйелері адамдарды қауіпсіз аймаққа қауіпті өрт факторларының шекті рұқсат етілген мәндері болғанға дейін эвакуациялау мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс.
      171. Ғимараттың құрастырылымдық шешімдерінде өрт және өртті сөндіру кезінде адамдарды құтқару үшін қажетті уақыт ішінде оларға жүктелген функциялардың орындалуын қамтамасыз ететін құралдар (басқыш шабақтары, өртке қарсы қабырғалар, өрт сөндіру лифтілері, сыртқы өрт сөндіру сатылары, апаттық люктер) қарастырылуы керек.
      172. Ғимараттар мен құрылымдардың электр жабдығы олар орнатылған жарылыс қауіпті және өрт қауіпті аймақтардың жанғыш қоспаларының санаттары мен топтарына сәйкес болуға тиіс.
      173. Ғимараттар мен құрылымдарда электрлік қабылдағыштарды қоректендіру:
      1) өртті байқау, өрт кезінде адамдарға хабарлау және эвакуациялауды басқару жүйелері;
      2) эвакуация жолдарында апаттық жарық түсіру;
      3) апаттық желдету және түтінге қарсы қорғау жүйелері;
      4) автоматты өрт сөндіру жүйелері;
      5) ішкі өртке қарсы су құбыры;
      6) өрт сөндіру бөлімшелерін тасымалдауға арналған лифтілер өрт кезінде адамдарды қауіпсіз аймаққа толық эвакуациялау және өртті сөндіру үшін қажетті уақыт көлемінде қамтамасыз етілуге тиіс.
      174. Резервтік қоректену көздерінің трансформаторлық қосалқы стансаларынан бастап енгізу-тарату құрылғыларына дейінгі кабельдер бөлек отқа төзімді арналарда төселуге немесе оттан қорғанышы болуға тиіс.
      175. Ғимараттар, құрылымдар мен құрылыстардың үй-жайларын электрмен жабдықтау желілерінің электрлік қабылдағыштар бұзылған кезде, өрттің пайда болуының алдын алатын қорғанышты сөндіру құрылғылары болуы керек. Қорғанышты сөндіру құрылғысын орнату ережелері және параметрлері "Қазақстан Республикасында электрлік қондырғыларды орнату ережелерінің" және белгіленген тәртіппен бекітілген өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес болуы қажет.
      176. Тарату қалқандарында оның шектерінен жанудың әлсіз ток бөлігінен күші ток бөлігіне немесе керісінше таралуын болдырмайтын құрастырылымы болуы керек.
      177. Қабаттық тарату қалқандарынан бастап үй-жайларға дейін кабельдер мен сымдарды тарту, жанбайтын құрылыс құрастырылымдарынан жасалған арналарда немесе өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келетін бойлық арқаулықта іске асырылуы керек.
      178. Ғимараттар мен құрылымдарда электрлік кабельдер мен сымдарды төсеуге арналған көлденең және тік арналардың өрттің таралуынан қорғауы болуға тиіс. Отқа төзімділік шегімен нормаланған құрылыс құрастырылымдары арқылы кабельдік арналардың, қораптардың, кабельдер мен сымдардың өтетін жерлерінде отқа төзімділік шегі осы құрастырылымдардағы отқа төзімділік шегінен төмен болмайтын кабельдік өткелдер қарастырылуы қажет.
      Ашық төселген кабельдер жануды таратпайтын болуға тиіс.
      179. Автономды қорек көздері болатын эвакуациялау жолдарында апаттық жарық түсіретін шырағдандар негізгі қорек көзін сөндіретін елестету кезінде олардың жұмыс қабілеттілігін тексеруге арналған құрылғылармен қамтамасыз етілуі керек. Автономды қорек көзінің жұмыс қоры эвакуациялау жолдарында адамдарды қауіпсіз аймаққа эвакуациялауға есептелген уақыт көлемінде апаттық жарық түсіруді қамтамасыз етуге тиіс.
      180. Жарылыс-өрттен қорғау құралдары болмайтын электр жабдығын ғимараттар, құрылымдар мен құрылыстардың жарылыс қауіпті, жарылыс-өрт қауіпті және өрт қауіпті үй-жайларында жанғыш ортада жану көзінің пайда болу қаупін болдырмауға бағытталған қосымша шараларсыз пайдалануға рұқсат етілмейді.
      181. Жарылыс қауіпті және жарылыс-өрт қауіпті үй-жайларда өрттен қорғалған электр жабдығын пайдалануға тыйым салынады.
      182. Жарылыстан қорғалған электр жабдығын өрт қауіпті және өрт қауіпті емес үй-жайларда, ал жарылыс қауіпті үй-жайларда - жарылыс қауіпті қоспаның санаты мен тобының жарылыстан қорғалған электр жабдығының түріне сәйкес келетін жағдайда пайдалануға рұқсат етіледі.
      183. Электр жабдықты әр түрлі тағайындалымдағы ғимараттар мен құрылымдарда оның жарылыс қауіпті және өрт қауіпті деңгейіне байланысты қолдану ережесі, сондай-ақ электр жабдықтың өрт қауіптілігінің көрсеткіштері және оларды анықтау әдістері Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етілген мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық стандарттардың және белгіленген тәртіппен бекітілген, өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес белгіленеді.
      184. Автоматты өрт сөндіру және өрт сигналын беру қондырғылары ғимараттар мен құрылымдарда белгіленген тәртіппен әзірленген және бекітілген жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес құрастырылуы керек.
      185. Автоматты өрт сөндіру қондырғылары мыналармен қамтамасыз етілуге тиіс:
      1) қорғалатын үй-жайда, ғимаратта немесе құрылымда өртті жою үшін жеткілікті өрт сөндіру заттарының есептік санымен;
      2) қондырғының жұмыс қабілеттілігін бақылауға арналған құрылғымен;
      3) адамдарға өрт туралы, сондай-ақ кезекші жұмыскерлеріне және (немесе) өрт күзетінің бөлімшесіне оның шығу орны туралы хабарлау құрылғысымен;
      4) өрт шыққан үй-жайдан адамдарды эвакуациялау үшін қажетті уақытта газды және ұнтақты өрт сөндіру заттарының берілуін кідіртуге арналған құрылғымен;
      5) өрт сөндіру қондырғысын қолмен қосуға арналған құрылғымен.
      186. Резервтік өрт сөндіру заттарының болуы және саны "Ғимараттарды, құрылымдар мен құрылыстарды өрт кезінде автоматты өрт сөндіру және автоматты өрт сигналын беру, адамдарға хабарлау және эвакуациялауды басқару жүйелерімен жабдықтау жөніндегі талаптар" атты Техникалық регламенттің және белгіленген тәртіппен бекітілген өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес анықталуға тиіс.
      187. Өрт сөндіретін затты өрт ошағына беру тәсілі жанғыш материалдардың төгілуі, шашырауы немесе тозаңдануы, жанғыш және уытты газдардың бөлінуі салдарынан өрт аумағының ұлғаюына әкелмеуі керек.
      188. Өрт сөндіретін затты үй-жайдан, ғимараттан немесе құрылымнан оны бергеннен кейін алып тастау, өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құжаттарға және автоматты өрт сөндіру қондырғыларын құрастыруға арналған жобаға сәйкес іске асырылуға тиіс.
      189. Автоматты өрт сигналын беру қондырғылары өртті автоматты табуды, адамдарды құлақтандыру және эвакуациялауды басқарудың техникалық құралдарын басқару сигналдарының қалыптасуын, өрт сөндіру, түтінді кетіру қондырғыларын, инженерлік және технологиялық жабдықтарды басқару аспаптарымен қамтамасыз етуге тиіс.
      190. Автоматты өрт сигналын беру қондырғылары жеке техникалық құралдар арасындағы байланыс желілерінің ақауын байқағаны туралы өрт туралы сигналдардан ерекшеленетін жарық түсіру және дыбыстық сигналдар көмегімен кезекші қызметкерге мәлімет берілуін қамтамасыз етуі керек.
      191. Автоматты өрт сигналын беру жүйесінің өрт туралы хабарлағыштары және автоматты өрт сөндіру жүйелерін қозғағыштар қорғалатын үй-жайда өртті осы үй-жайдың кез келген нүктесінде байқайтындай болып орнатылуы қажет.
      192. Өрт сигналын беру жүйелері өрттің шығуы туралы жарықтық және дыбыстық сигналдың ғимараттың, құрылымның барлық үй-жайына, үй-жайдағы кезекші қызметкердің қабылдау-бақылау құрылғысына немесе шығарылатын арнайы хабарлау құрылғыларына берілуін қамтамасыз етуге тиіс.
      193. Автоматты өрт сөндіру жүйелерінің өрт сөндіретін қабылдау-бақылау аспаптары кезекші қызметкер тәулік бойы болатын үй-жайларда орнатылуы керек.
      194. Қолмен өрт сөндіретін хабарлағыштар эвакуациялау жолдарында, өрт шыққан кезде олардың қосу үшін қол жеткізілетін орындарда орнатылуға тиіс.
      195. Ғимараттар мен құрылымдарда адамдарға өрт туралы хабарлау,  өрт кезінде адамдарды эвакуациялауды басқару және оларды қауіпсіз эвакуациялауды қамтамасыз ету, мынадай тәсілдердің біреуімен немесе олардың құрамдастырылуымен жүзеге асырылуы керек:
      1) адамдар үнемі және (немесе) жарықты сигналдардың берілуін;
      2) эвакуацияның қажеттігі, эвакуациялау жолдары, қозғалу бағыттары және өрт кезінде адамдардың қауіпсіздігін және үрейдің алдын алуды қамтамасыз етуге бағытталған басқа әрекеттер туралы арнайы әзірленген мәтіндердің берілуі;
      3) эвакуациялау жолдарында өрт қауіпсіздігі белгілерінің нормативтік уақыт ішінде орналастырылуын және жарықпен қамтамасыз етілуін;
      4) эвакуациялық (апаттық) жарық түсірудің қосылуын;
      5) эвакуациялық шығу есіктері тиектерінің қашықтан ашылуын;
      6) диспетчерлік өрт сөндіру күзетінің өрт кезінде хабарлау аймақтарымен байланысының қамтамасыз етілуін.
      196. Адамдарды құлақтандыру және эвакуациялауды басқару жүйесі құрылымдардың әрбір қабатында әзірленген және адамдарды эвакуациялау жоспарларында болатын ақпаратқа сәйкес болуға тиіс.
      197. Өрт кезінде адамдарды құлақтандыру және эвакуациялауды басқару жүйесі мынадай жағдайларды қоспағанда, автоматты өрт сөндіру сигналы немесе автоматты өрт сөндіру қондырғысы іске қосылған кезде автоматты түрде қосылуға тиіс:
      1) ғимараттар мен құрылымдарда автоматты өрт сөндіру сигналы немесе автоматты өрт сөндіру қондырғысы болмағанда. Бұндай жағдайда, өрт кезінде адамдарды құлақтандыруды және эвакуациялауды басқару жүйесін қашықтан қосу қолмен қосылатын өрт сөндіру хабарлағыштарынан іске асырылуы керек;
      2) ғимараттың немесе құрылымның функционалдық тағайындалымы және өрт қауіптілігі жартылай автоматты басқаруды, жекелеген хабарлау аймақтарында өрт кезінде адамдарды құлақтандыруды және эвакуациялауды басқару жүйесін қашықтан және (немесе) жергілікті қосуды пайдаланған кезде, адамдарды қауіпсіз эвакуациялауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
      198. Өрт кезінде адамдарды құлақтандыруды және эвакуациялауды басқару жүйесін басқару тәсілін таңдауды "Ғимараттарды, құрылымдар мен құрылыстарды өрт сигналын беру, кезінде автоматты өрт сөндіру және автоматты өрт сигналын беру, адамдарға хабарлау және эвакуациялауды басқару жүйелерімен жабдықтау жөніндегі талаптар" атты  Техникалық регламенттің   және белгіленген тәртіппен бекітілген өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес жобалаушы-ұйым анықтайды.
      199. Ғимаратты, құрылымды немесе құрылысты хабарлау аймақтарына бөлген кезде, ғимараттың әр түрлі үй-жайларында болатын адамдарға өрт туралы хабарлау кезектілігі әзірленеді.
      200. Өртті хабарлау аймақтарының өлшемдері, хабарлау кезектілігі және жекелеген аймақтарда хабарлауды бастау уақыты өрт кезінде адамдарды қауіпсіз эвакуациялауды қамтамасыз ету жағдайына байланысты анықталады.
      201. Адамдарға өрт туралы хабарлау және оларды эвакуациялауды басқару жүйесі ғимараттан, құрылымнан немесе құрылыстан адамдарды эвакуациялауды аяқтау үшін қажетті уақыт көлемінде қолданылуға тиіс.
      202. Өрт кезінде хабарлау және ғимараттан, құрылымнан немесе құрылыстан эвакуациялауды басқару жүйелерінің техникалық шешімдері эвакуацияланатын адамдардың денсаулық жағдайы мен жасын ескеруге тиіс.
      203. Эвакуациялық шығулардың жарық нұсқағыштары адамдардың қорғалатын үй-жайларда болатын уақыты ішінде қосылған күйінде болуы керек.
      204. Дыбыстық және сөйлеу өрт хабарлағыштары, оларды орнына қою және қуаты адамдар үнемі немесе уақытша болатын барлық жерлерде өрт туралы ақпарат алу үшін жеткілікті дыбыс деңгейін қамтамасыз етуге тиіс. Дыбыстық хабарлау сигналдары үндестілігі бойынша басқа қолданыстағы дыбыстық сигналдардан ерекшеленуге тиіс.
      205. Өрт кезінде адамдарды құлақтандыру және эвакуациялауды басқару жүйелерінің хабарлағыштарының (дауыс зорайтқыштар) дыбыс реттегіші болмауы керек және ажырататын құрылғыларсыз, электр желілеріне қосылған болуы қажет. Құлақтандыру және эвакуациялауды басқару жүйелерінің коммуникацияларын ғимараттың радио арқылы хабар тарату желісімен бірге орналастыруға рұқсат етіледі.
      206. Өрт кезінде адамдарды құлақтандыру және эвакуациялауды басқару жүйелерін іске қосу, өрт сөндіретін диспетчерлік күзет үй-жайында немесе өрт қауіпсіздігі талаптарына жауап беретін басқа арнайы үй-жайда іске асырылуы керек.
      207. Ғимараттарда үй-жайлар мен құрылымдарда өрт кезінде адамдарды құлақтандыру және эвакуациялауды басқару жүйелерін орнату және параметрлері "Ғимараттарды, құрылымдар мен құрылыстарды өрт кезінде автоматты өрт сөндіру және автоматты өрт сигналын беру, адамдарға хабарлау және эвакуациялауды басқару жүйелерімен жабдықтау жөніндегі талаптар" атты Техникалық регламенттің, Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етілген мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық стандарттардың және белгіленген тәртіппен бекітілген өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес болуға тиіс.
      208. Көлемдік-жоспарлау және құрастырылымдық шешімдерге байланысты, ғимараттар мен құрылымдардан түтінді кетіру жүйесі табиғи немесе механикалық қозғалтумен орындалуы керек.
      Қозғалту тәсіліне қарамастан, түтінді кетіру жүйесінің түтінге қарсы желдетудің атқарушы механизмдері мен құрылғыларын автоматты және қашықтан қолмен іске қосуы болуға тиіс.
      209. Ғимараттар мен құрылымдардың көлемдік-жоспарлау шешімдері жану өнімдерінің өрт сөндіру үй-жайының, өрт сөндіру бөлімінің және (немесе) бөлігінің шегінен тыс таралу мүмкіндігін болдырмауы керек.
      210. Ғимараттар мен құрылымдардың функционалдық тағайындалымына  және көлемдік-жоспарлау және құрастырылымдық шешімдеріне байланысты, онда тартып-соратын немесе түтінге қарсы желдететін сору жүйесі қарастырылған болуға тиіс.
      211. Түтінге қарсы желдетудің тартып-сору жүйесі архитектуралық-жоспарлау шешімдерімен немесе механикалық желдету көмегімен кетірілетін жану өнімдерінің көлеміне сәйкес келетін көлемде ауа ағыны қамтамасыз етілетін ғимараттар мен құрылымдарда қолданылады.
      212. Түтінге қарсы желдетудің тартып-сору жүйесі архитектуралық-жоспарлау шешімдерімен кетірілетін жану өнімдерінің көлеміне сәйкес келетін көлемде ауа ағыны қамтамасыз етілетін ғимараттар мен құрылымдарда қолданылады.
      213. Жану өнімдерін табиғи немесе механикалық түтінге қарсы желдету құрылғысынсыз, ғимараттар мен құрылымдар шегінен тыс ығыстыру үшін, кірме ағындық желдетуді пайдалануға тыйым салынады.
      214. Түтінге қарсы соратын желдету өрт кезінде жану өнімдерінің өрт болған үй-жайдан, эвакуациялау жолындағы дәліздер мен холлдардан тікелей кетірілуін қамтамасыз етуге тиіс.
      215. Ғимараттар мен құрылымдарды түтінге қарсы қорғау жүйесінің кірме Ағындық желдетуі өрт шыққан үй-жаймен аралас үй-жайларға, басқыш шабақтарында, лифті холлдары мен тамбурларда - шлюздарда ауа берілуін және артық қысым жасалуын қамтамасыз етуі керек.
      216. Ғимараттар мен құрылымдарды түтінге қарсы қорғау элементтерінің құрастырылымдық орындауы және элементтері адамдарды қауіпсіз аймаққа эвакуациялау үшін қажетті уақыт ішінде немесе өрт ұзақтығының барлық уақытында түтін кетіру жүйесінің ақаусыз жұмысын қамтамасыз етуге тиіс.
      217. Ғимараттар мен құрылымдардың түтінге қарсы желдететін атқарушы механизмдері мен құрылғыларының автоматты жетегі автоматты өрт сигналын бергіштер немесе автоматты өрт сөндіргіш қондырғылар іске қосылған кезде іске асырылуы керек.
      218. Ғимараттар мен құрылымдардың түтінге қарсы желдететін атқарушы механизмдері мен құрылғыларының қашықтан қолмен басқарылатын жетегі өрт сөндіру шкафтарында, эвакуациялық шығуларда және өрт сөндіру күзетінің үй-жайларында немесе диспетчерлік қызметкерлер үй-жайларындағы іске қосылатын элементтерден жүзеге асырылуы қажет.
      219. Өрт кезінде ғимараттар мен құрылымдардағы түтінді кетіру жүйесін қосқан кезде, жалпы ауысымдық желдету және ауа баптау жүйелерінің міндетті түрде ағытылуы іске асырылуы керек.
      220. Ұнтақты немесе газды автоматты өрт сөндіру қондырғыларының немесе өрт сөндіру үй-жайындағы түтінге қарсы желдету жүйелерінің бір мезгілдегі жұмысына тыйым салынады.
      221. Ғимараттар мен құрылымдардың түтінге қарсы қорғау жүйелерінің элементтерінің құрастырылымдық орындалуы, пайдалану ерекшелігі және қосу жүйелігі Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етілген мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық стандарттардың, құрылыс нормалары мен ережелерінің және белгіленген тәртіппен бекітілген, өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес болуға тиіс.
      222. Ғимарат, үй-жай және құрылымдар Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етілген құрылыс нормалары мен ережелерінің  және белгіленген тәртіппен бекітілген, өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес, өрт сөндіру мақсаттары үшін қажетті су шығынын қамтамасыз ететін өртке қарсы ішкі су құбырымен жабдықталған болуы керек.
      223. Өртке қарсы ішкі су құбыры өрт сөндіру мақсаттарына қол жеткізуді қамтамасыз ететін көлемде ішкі өрт сөндіру крандарымен қамтамасыз етілуі керек.
      224. Ішкі өрт сөндіру су құбырының параметрлері, сондай-ақ ішкі өрт сөндіру крандарының қажетті санын және орналасу орындарын анықтау әдістері Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етілген мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық стандарттардың, құрылыс нормалары мен ережелерінің және белгіленген тәртіппен бекітілген, өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес болуға тиіс.
Каталог: images -> stories -> 2015 -> yanvar -> 29.01
29.01 -> "Ғимараттарды, үй-жайларды және құрылыстарды автоматты түрде өрт сөндіру және автоматты өрт дабылымен, өрт кезінде адамдарға хабарлау және оларды эвакуациялауды басқару жүйелерімен жабдықтау жөніндегі талаптар" техникалық регламентін бекіту
29.01 -> Объектілерді қорғауға арналған өрт техникасының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
29.01 -> Өндірістік объектілердегі сигналдық түстерге, белгілеулерге және қауіпсіздік белгілеріне қойылатын талаптар
2015 -> Вьетнам: 70 лет независимости
yanvar -> Келісілді «амтг» АҚ Басқарма Төрағасы С. Данбаев


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©kzref.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет