Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар


Өндірістік объектілерге қойылатын өрт қауіпсіздігі талаптары



бет5/20
Дата10.03.2018
өлшемі3.26 Mb.
#20459
түріРегламент
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

3.4. Өндірістік объектілерге қойылатын өрт қауіпсіздігі талаптары
3.4.1. Өндірістік объектілерге арналған өрт қатерінің нормативтік мәндері
      284. Ғимараттардағы, құрылымдардағы, құрылыстардағы және өндірістік объектілер аумақтарындағы жеке өрт қатерінің шамасы жылына 10 -6 аспауы керек. Қауіпті өрт факторларының әсерінің нәтижесінде адамдардың қырылу қатері ғимараттарды, құрылымдарды және құрылыстарды өрт қауіпсіздігімен қамтамасыз ету жүйелерінің қолданылуы ескеріліп анықталуы керек.
      285. Жылына 10 -6 жеке өрт қаупінің шамасын технологиялық процестердің қолданылу ерекшелігіне байланысты мүмкін болмайтын өндірістік объектілер үшін, жылына 10 -4 мәніне дейін жеке өрт қаупін арттыруға рұқсат етіледі, мұндайда қызметкерлер құрамын өрт кезінде және жұмыскерлерді жоғары қауіп жағдайында олардың жұмысының орнын толтыратын әлеуметтік қорғау бойынша әрекеттерге оқыту бойынша шаралар қарастырылуға тиіс.
      286. Объектінің жанындағы адамдар тұратын аймақта болатын адамдар үшін, өндірістік объектідегі қауіпті өрт факторларының әсері нәтижесінде жеке өрт қаупінің шамасы жылына 10 -8 аспауы керек.
      287. Объектінің жанындағы адамдар тұратын аймақта болатын адамдар үшін, өндірістік объектідегі қауіпті өрт факторлары әсерінің әлеуметтік өрт қаупінің шамасы жылына 10 -7 аспауға тиіс.
      288. Технологиялық процестердің өрт қауіптілігін талдау технологиялық процесс параметрлері болатын технологиялық процесте айналатын заттар мен материалдардың өрт қауіптілігі көрсеткіштерін салыстыруды қарастырады.
      289. Технологиялық ортаның өрт қауіптілігі сипаттамалары үшін қажетті және жеткілікті олардың агрегаттық жағдайына байланысты, заттар мен материалдардың өрт қауіптілігі көрсеткіштерінің тізбесі осы Техникалық регламенттің 2-қосымшасының 1-кестесінде берілген.
      290. Өрт қауіпті технологиялық ортаның әлеуетті жану көздерінің тізбесі технологиялық процесс параметрлерін және заттар мен материалдардың өрт қаупінің көрсеткіштері болатын өзге жану көздерін салыстыру көмегімен анықталады.
      291. Өндірістік объектідегі өрт қауіпті жағдайларды анықтау технологиялық процестің әрқайсысының өрт қаупін талдау негізінде іске асырылуға және қауіпті өрт факторларымен және қауіпті өрт факторлары әсерінің қайталанатын зардаптары әсер ететін аймақта болатын адамдар үшін туындайтын қауіпті жүзеге асыру кезінде жағдайды таңдауын қарастыруға тиіс.
      Өрт қауіпті апатты жағдайларға адамдардың өмірі мен денсаулығы үшін қауіп тудырмайтын апатты жағдайлар жатады. Бұл жағдайлар өрт қауіптілігін есептеген кезде ескерілмейді.
      292. Өндірістік объектіде әрбір өрт қауіпті жағдай үшін, өрт қауіпті жағдайлардың пайда болу және даму себептерін, адамдар болатын жерде олардың өмірі мен денсаулығы үшін қауіп тудыратын олардың факторлары мен туындау орындарын сипаттау берілуі керек.
      293. Өрт қауіпті жағдайлардың туындау себептерін анықтау үшін, жүзеге асыру жанғыш ортаның түзілуіне және жану көзінің пайда болуына әкелетін оқиғалар анықталуға тиіс.
      294. Өндірістік объектідегі өрт қаупін бағалау мыналарды қарастыруы қажет:
      1) өндірістік объектінің өрт қауіптілігін талдау;
      2) өндірістік объектідегі өрт қауіпті апатты жағдайлардың жүзеге асырылу жиілігін анықтау;
      3) өрттің белең алуының түрлі сценарийлері үшін, оның қауіпті  өрт факторларының алаңын салу;
      4) өрттің белең алуының түрлі сценарийлері үшін, қауіпті  өртфакторлары әсерінің зардаптарын бағалау;
      5) өрт қаупін анықтау.
      295. Өндірістік объектілердің өрт қауіптілігін талдау мыналарды
қарастыруға тиіс:
      1) технологиялық ортаның өрт қауіптілігін және өндірістік объектідегі технологиялық процестер параметрлерін талдау;
      2) өрт қауіпті апатты жағдайлар мен әрбір технологиялық процеске арналған параметрлер тізбесін анықтау;
      3) әрбір технологиялық процесс үшін, жағдайды өрт қауіпті ретінде сипаттауға мүмкіндік беретін туындау себептерінің тізбесін анықтау;
      4) адамдардың опат болуына әкелетін өрттің туындау және белең алу сценарийлерін құру.
      296. Өндірістік объектіде өрт қауіпті жағдайлардың жүзеге асу жиілігін анықтау үшін, мынадай ақпарат пайдаланылады:
      1) өндірістік объектіде пайдаланылатын жабдықтың істен шығуы туралы;
      2) өндірістік объектіде қолданылатын жабдықтың сенімділік
параметрлері туралы;
      3) өндірістік объектінің қызметкерлер құрамының қате әрекеттері туралы;
      4) өндірістік объектінің орналастыру ауданындағы
гидрометеорологиялық жағдай туралы;
      5) өндірістік объектінің орналастыру ауданындағы географиялық жер ерекшеліктері туралы.
      297. Қауіпті өрт факторларын, олардың белең алуының түрлі сценарийлеріне арналған жарылысты бағалау өндірістік объекті аумағында және оған іргелес жатқан аумақта қауіпті факторлар динамикасын жасау туралы ақпаратты және адамдардың өмірі мен денсаулығы үшін талданатын өрт, жарылыстың қауіпті факторларының мәндері туралы ақпаратты салыстыру негізінде іске асырылады.
      298. Өрт, жарылыстың қауіпті факторларының адамдарға әсерінің зардаптарын өрт қауіпті оқиғалардың белең алатын түрлі сценарийлері үшін бағалау, өрт, жарылыстың қауіпті факторларының әсер ету аймағына тап болған адамдар санын анықтауды қарастырады.
      299. Өрттің, жарылыстың қауіпті факторларының адамдарға әсер ету зардаптарын бағалау үшін, өрт қауіпті жағдайлардың белең алуының және олардың қауіпті факторларының адамдарға әсер ететін ықтимал модельдері сияқты, детерминдеу модельдері де қолданылуға тиіс.
3.4.2. Өндірістік объектілердің бас жоспарларына қойылатын талаптар
      300. Өндірістік объектілер аумақтарының бас жоспарларын жобалау және белдемдеу, сондай-ақ қалаларды, кенттерді және ауылдық елді мекендерді жоспарлау және салу кезінде Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етілген осы Техникалық регламенттің, құрылыс нормалары мен ережелерінің талаптары сақталуға тиіс.
      301. Өндірістік объектілерді жобалаған кезде, олардың аумақтарын белдемдеу орналастырылатын құрылымдар мен құрылыстардың қолданылу белгісі бойынша технологиялық байланыстар және өрт қауіпсіздігі талаптары ескеріліп қарастырылуы керек. Белдемдеу жобалық құжаттаманың өзіндік бөлімі болып табылатын өндірістік объектілердің бас жоспарларында бейнеленуге тиіс.
      302. Өндірістік объектінің аумағы қолданылу белгісі бойынша мынадай аумақтарға бөлінеді:
      1) зауыт алдындағы (кәсіпорынның қоршауы немесе шартты шекарасы
шектерінде);
      2) өндірістік;
      3) қосалқы;
      4) қоймалық.
      303. Бөлімшенің өндірістік объектісінің аумағында осы бөлімшелердің өрт сөндіру техникасын және жеке құрамды орналастыру үшін, өрт сөндіру депосының өртке қарсы қызметін құру кезінде жалпы қолданыстағы жолдармен қиылысатын жер учаскелерінде орналасуы керек.
      304. Өрт сөндіру деполарынан шығу жолдары одан шығатын өрт сөндіру автомобильдері негізгі көлік ағынын қиып өтпейтіндей болып орналастырылуы керек.
      305. Өлшемі 5 га артық алаңдары болатын өндірістік объектілерде алаң өлшемдеріне қарамастан, жалпы тораптағы автомобиль жолдарына немесе қойманың немесе кәсіпорынның кіре беріс жолдарына шығатын екеуден кем болмайтын шығатын жолы болатын, I және II санатты мұнай және мұнай өнімдерінің қоймаларын қоспағанда, екеуден кем болмайтын шығу жолы болуы керек.
      306. Өндірістік объектінің 1 мың м артық болатын алаң бетінің өлшемі және осы бетте оны көше немесе автомобиль жолдары жағынан орналастыру кезінде, алаңға келетін екеуден кем болмайтын шығу жолы қарастырылуы қажет. Шығу жолдары арасындағы арақашықтық 1,5 мың м аспауға тиіс.
      307. Өрт сөндіру машиналарына арналған кіре берістер лапылдап жану мүмкіндігін болдырмайтын материалдардан жасалған ғимараттарға, құрылымдарға және құрылыстарға қарастырылуға тиіс.
      308. Объекті ішіндегі теміржолдар арқылы өтетін өткелдер немесе аралықтар өрт сөндіру автомобильдерінің еркін өтуі үшін әрқашан бос болуы қажет.
      309. Автомобильдердің өндірістік объектінің алаңына шығатын жолдарының қақпаларының ені негізгі және арнайы өрт сөндіру автомобильдерінің кедергісіз өтуін қамтамасыз етуге тиіс.
      310. Өндірістік объектілер сыртқы өрт сөндіретін сумен жабдықтау жүйесімен (өртке қарсы су құбыры, табиғи немесе жасанды суқоймалары) қамтамасыз етілуі керек.
      311. Сыртқы өртке қарсы су құбырының біріктірілген немесе жеке жүйесінің сумен жабдықтау көзі қалалық су құбыры желісі немесе су жинайтын ұңғымалар, ал сыртқы өртке қарсы су құбырының жеке жүйесінің сумен жабдықтау көзі - су жинайтын ұңғымалар немесе жер үстіндегі су қоймалары болуға тиіс.
      312. Біріктірілген су құбыры желісі шаруашылық-ауыз су қажеттіліктері ескеріліп, су шығынын есептеуді және өрт сөндіру мақсаттарын қамтамасыз етуге тиіс.
      313. Су құбыры желісіндегі өрт сөндіру гидранттарын орналастырып қою ғимараттың, имараттың, құрылыстың немесе оның бөліктерінің аталған жүйемен кез келген қызмет көрсетумен өрт сөндіруді қамтамасыз етуі қажет.
      314. Өрт сөндіру сұйыққоймаларында және басқа жасанды су көздерінде өрт сөндіру мақсаттарына арналған су қоры сыртқы өрт сөндіруге жұмсалатын есептік шығындарына және өрт сөндіру ұзақтығына негізделіп анықталады.
      315. Ғимараттардың, имараттардың және құрылыстардың арасындағы, қоймалардан, ашық технологиялық агрегаттардан бастап ғимаратқа, құрылымға және құрылысқа дейінгі агрегаттар мен жабдықтардан, қоймалар, ашық технологиялық қондырғылар, агрегаттар мен жабдықтар арасындағы, жанғыш газдарға арналған газ сақтағыштардан бастап өндірістік объекті аумағындағы имараттарға, құрылымдар мен құрылыстарға дейінгі арақашықтық ғимараттың отқа төзімділік деңгейінен бастап жарылыс өрті және өрт қауіптілігі және басқа сипаттамалары бойынша санатына байланысты, өрттің бір ғимараттан, имараттан немесе құрылыстан басқасына өту мүмкіндігін болдырмауға тиіс.
      316. Өндірістік объектінің мұнай өнімдері, сұйытылған ыстық газдар, улы заттар болатын сұйыққоймалық парктері өндірістік объектінің ғимараттарына, құрылымдарына және құрылыстарына қатысы бойынша барынша төменгі белгілерінде орналастырылуға тиіс және жанбайтын материалдардан орындалған үрленетін дуалмен қоршалған болуға тиіс (жер бедері ескеріліп).
      Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтар құйылған жер үстіндегі сұйыққоймаларды ғимараттарға, құрылымдарға және құрылыстарға қатысы бойынша барынша жоғары белгілерге орналастыру жағдайларында, сұйыққоймаларда апат болған кезде төгілетін сұйықтықтың аталған ғимараттарға, құрылымдарға және құрылыстарға жайылып кетуінен сақтау бойынша шаралар қарастырылған болуға тиіс.
      317. Ыстық сұйықтықтар мен газдар болатын сыртқы желілерді өндірістік объектінің ғимараттарының, құрылымдары мен құрылыстарының астына орналастыруға тыйым салынады.
      318. Өндірістік объектілердің мұнай өнімдерін ыдыста сақтау алаңдарының периметрі бойынша тұйықталған үйіп көму құрылғысы немесе жанбайтын материалдардан жасалған қоршау қабырғалары қарастырылуы керек.
      319. Тұйықталған жерде үйіп көму немесе жанбайтын материалдардан жасалған қоршау қабырғалары жер үстіндегі сұйыққоймалардың әрбір тобының жеке тұрған сұйыққоймаларының периметрі бойынша қарастырылған және жайылып кететін сұйықтықтың гидростатикалық қысымына есептелген болуға тиіс.
      320. Бір топ шегіндегі жер үсті сұйыққоймаларын ішкі топырақ
белестерімен немесе қоршау қабырғаларымен бөліп қою керек:
      1) көлемі 20 мың м 3 және одан артық әрбір келесі сұйыққойма немесе жиынтық көлемі 20 мың м 3 бірнеше шағын сұйыққоймалар;
      2) басқа мұнай өнімдері құйылған сұйыққоймалардан бастап май және мазут құйылған сұйыққоймалар;
      3) этилденген бензинді басқа сұйыққоймалар топтарынан сақтауға
арналған сұйыққоймалар.
      321. Топырақпен үйілген ішкі еңістер немесе қоршау қабырғалары арасында жасалған үйілген аумақтың құрылыс салудан бос алаңдарын топтағы барынша үлкен сұйыққойманың немесе жеке тұрған сұйыққойманың номиналды көлеміне тең болатын, төгілген сұйықтықтың есептік көлемі бойынша анықтау керек.
      322. Әрбір сұйыққоймалар тобының топырақ үйіндісінің немесе қоршау қабырғасының биіктігі, сұйыққоймалар қабырғасынан бастап үйіндінің ішкі еңістерінің табанына дейінгі немесе қоршау қабырғаларына дейінгі арақашықтық Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етілген құрылыс нормалары мен ережелерінің талаптарына сәйкес анықталады.
      323. Жер астындағы сұйыққоймалардың топырақ үйіндісін осы
сұйыққоймаларда мұнайды және мазутты сақтаған кезде ғана қарастыру керек.
      Үйіндінің ішкі еңістері арасында пайда болатын алаңдарды топтағы барынша үлкен жер асты сұйыққоймасы көлемінің 10 %-ына тең болатын мөлшерде төгілген сұйықтықты ұстап қалу жағдайына сүйеніп анықтау керек.
      324. Өндірістік объекті аумағында жанғыш сұйықтықтар мен газдар
болатын жер үстіндегі құбыржол желілерін орналастыру мыналар үшін тыйым салынады:
      1) эстакадалар бойынша - жанғыш сұйықтықтар мен газдар болатын алаң ішіндегі транзиттік құбыр желілері, жанғыш материалдардан жасалған, жеке тұрған бағаналар мен тіреулер, сондай-ақ отқа төзімді I және II деңгейлі ғимараттарды қоспағанда, ғимараттардың қабырғалары мен төбелері бойынша;
      2) галереяларда - жанғыш сұйықтықтар мен газдар болатын құбыр
желілерін, егер осы өнімдерді араластыру жарылыс немесе өртті тудыратын болса;
      3) жанғыш сұйықтықтар мен газдар болатын құбыр желілерін - жанатын жабындар мен қабырғалар бойынша, жарылыс өрті және өрт қауіптілігі бойынша А және Б санатындағы ғимараттардың жабындары мен қабырғалары бойынша;
      4) жанғыш газдардың газ құбырлары - қатты және сұйық жанғыш
материалдар қоймаларының аумағы бойынша.
      325. Жеке тіреулер мен эстакадаларда қойылатын жанғыш сұйықтықтарға арналған жер үстіндегі құбыржол желілерін ойықтары болатын ғимарат қабырғаларынан 3 м кем болмайтын және ойықтары болмайтын ғимарат қабырғаларынан 0,5 м кем болмайтын арақашықтықта орналастыру керек.
3.5. Объектілерді пайдалану кезінде қойылатын өрт қауіпсіздігі талаптары
3.5.1. Объектілердің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдастыру іс-шаралары
      326. Объектілерді пайдалану кезінде осы Техникалық регламенттің, " Қазақстан Республикасындағы өрт қауіпсіздігі ережелері " және объектілерді пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптары болатын, белгіленген тәртіппен бекітілген өзге нормативтік-құқықтық актілер талаптары сақталуға тиіс.
      327. Ұйым басшылары немесе жеке кәсіпкерлер өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, жекелеген жұмыс учаскелерінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жауапты тұлғаларды белгіленген тәртіппен тағайындауға тиіс.
      328. Әрбір ұйымда бұйрықпен немесе нұсқаумен олардың өрт қауіптілігіне сәйкес келетін өртке қарсы режим белгіленеді, оның ішінде мыналар:
      1) ашық отты пайдалану тәртібі және қауіпсіздік шаралары анықталады;
      2) темекі шегуге арналған орын анықталады және жабдықталады;
      3) өрт сөндіретін автомашиналардың объектіге өту тәртібі анықталады;
      4) үй-жайда бір мезгілде болатын шикізат, шала өнімдер және дайын өнімдердің орны және рұқсат етілген мөлшері анықталады;
      5) жанғыш қалдықтар мен шаңды жинау, май болған арнайы киімді
сақтау тәртібі белгіленеді;
      6) өрт жағдайында және жұмыс күні аяқталған кезде, электр
жабдықтарын тоқсыздандыру тәртібі белгіленеді;
      7) уақытша отты және басқа өрт қауіпті жұмыстарды жүргізу тәртібі реттеледі;
      8) үй-жайды жұмыс аяқталғаннан кейін қарап шығу және жабу тәртібі реттеледі;
      9) жұмыскерлердің өртті байқаған кездегі әрекеттері реттеледі;
      10) мамандықтар (лауазымдар) тізбесі, өртке қарсы нұсқамадан өту тәртібі және мерзімі және өрт-техникалық минимум бойынша оқытулар
анықталады, сондай-ақ оларды өткізуге жауапты тұлғалар тағайындалады.
      329. Әрбір объектіде әрбір жарылыс-өрт қауіпті және өрт қауіпті учаске (шеберхана, цехтар) үшін, осы Техникалық регламенттің 16-қосымшасында берілген талаптарға сәйкес өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулар әзірленген болуы қажет.
      330. Түтінді кетіру және өртті автоматты қондырғылармен байқау және сөндіру жүйелерімен жабдықталған ғимараттар мен құрылымдарды пайдалану үшін жауапты ұйым (оның ішінде тұрғындық-пайдалану) басшылары аталған жүйелерді дұрыс күйінде күтіп ұстауға міндетті.
      331. Ғимараттың өртке қарсы қорғау жүйелерінің техникалық құралдарының (өрт дабылының және өрт сөндірудің автоматты қондырғылары, түтінге қарсы қорғау жүйелері, өрт кезінде адамдарды құлақтандыру және басқа жерге көшіру және қолмен өрт сөндіргіштерді басқару) тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін, басшының бұйрығымен өртке қарсы қорғау жүйелерін пайдалану, бастапқы өрт сөндіру құралдарын сатып алу, жөндеу, сақтау және дайындау, техникалық қызмет көрсетудің (қолмен өрт сөндіргіштерді қайта зарядтау) және жоспарлы-сақтандыру жөндеуінің уақытылы және сапалы өткізілуіне жауапты тұлғаны ұйым басшыларының қатарынан лауазымды тұлға тағайындалған болуға тиіс.
      332. Өртке қарсы қорғау жүйелерінің техникалық құралдарының техникалық қызмет көрсету және жоспарлық-сақтандыру жөндеу бойынша жұмыстарды пайдаланушы-ұйым осы жұмыстарды орындау бойынша білікті мамандар болған кезде, өздері жүргізуге тиіс.
      Арнайы оқытылған қызмет көрсетуші қызметкерлер болмаған жағдайда, өртке қарсы қорғау жүйелерінің техникалық құралдарының техникалық қызмет көрсету және жоспарлық-сақтандыру жөндеу бойынша реттеу жұмыстарын дайындаушы-зауыттың техникалық құжаттамасы және реттеу жұмыстарын жүргізу мерзімдері ескеріліп жасалған жылдық жоспар-кестеге сәйкес, мамандандырылған ұйымдар келісім-шарт бойынша іске асыруға тиіс.
      333. Өртке қарсы қорғау жүйелерінің техникалық құралдарының техникалық қызмет көрсету және жоспарлық-сақтандыру жөндеу бойынша жұмыстарының есебі, бастапқы өрт сөндіру құралдарының болуын және жағдайын тексерулер арнайы журналда көрсетілуі керек.
      334. Қондырғының (жеке желілер, хабарлауыштар) немесе жүйенің сөндірілуімен байланысты, техникалық қызмет көрсету және жоспарлық-сақтандыру жөндеуі бойынша жұмыстарды орындау кезеңінде, ұйым басшысы ғимаратты, құрылымды, үй-жайларды, жабдықтарды өрттен қорғау бойынша қосымша шаралар қабылдауға міндетті.
      Ғимараттар мен имараттардың барлық үй-жайларында (тұрғын үйлер ғимараттарын қоспағанда), сондай-ақ заттар мен материалдарды ашық сақтау және технологиялық қондырғыларды орналастыру жерлерінде өртке қарсы қызметтің телефон нөмірі көрсетілген кестелер ілінуге тиіс.
      Кестелер бастапқы өрт сөндіру құралдарын және ішкі өрт сөндіру крандарын орналастыру жерлерінде, сондай-ақ пайдалану шыға берістерінде орнатылуы керек.
      335. Ұйым жұмыскерлері жұмысқа өртке қарсы нұсқамадан өткен соң ғана жіберілуге және өрт-техникалық минимум бағдарламасы бойынша кезекті оқудан өтуге тиіс.
      Өртке қарсы нұсқамадан өту барысында, жаңа келген жұмысшылар мен қызметшілер мыналармен танысуға тиіс:
      1) ұйымда белгіленген өртке қарсы режиммен, сондай-ақ ішкі тәртіп нұсқауларымен және өзге өрт қауіпсіздігі талаптарымен;
      2) жұмыс учаскелеріндегі барынша өрт қауіпті жерлермен;
      3) өрт туындайтын ықтимал көздермен және себептермен, олардан
сақтандыру шараларымен және өртті байқаған кездегі әрекеттермен;
      4) жұмыс орнында, қондырғыда, аппаратта, цехта және ұйым аумағында лапылдап жануды болдырмау үшін, жұмысты бастар алдында, процесте және аяқтағаннан кейін, жұмыстан кетер алдында сақталуға тиіс өрт қауіпсіздігі шараларымен;
      5) өрт сөндіру құралдарын пайдалану әдістерімен, өрт сөндіру
ережелерімен және тәсілдерімен.
      336. Аумағында ғимараттар (құрылымдар), сондай-ақ жарылыс өрті  және өрт қауіптілігі бойынша А, Б және В санатының сыртқы технологиялық қондырғылары, көпшілік адамдар болатын қоғамдық және өндірістік ғимараттар орналасқан ұйымдарда ұйым басшысының бұйрығымен өрт-техникалық комиссиялары және өртке қарсы ерікті құрамалар құрылуы керек.
      337. Көпшілік адамдар болатын қоғамдық ғимараттар (құрылымдар), өндірістік және қоймалық ғимараттар (құрылымдар) үшін, сондай-ақ жарылыс өрті және өрт қауіптілігі бойынша А, Б және В1-В4 санатындағы өндірістік және қоймалық ғимараттар (құрылымдар) орналасқан ұйымдар үшін, ұйым басшысының бұйрығымен өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулық әзірленген болуға тиіс. Осы ғимараттардың (құрылымдар) жекелеген үй-жайлары, технологиялық қондырғылар үшін аталған нұсқаулықтарды және олардың тізбесін әзірлеу қажеттігін ұйым басшысы немесе егер бұл жалға беру келісім-шартында қарастырылған болса, мүлікті жалдаушы (қосалқы жалдаушы) анықтайды.
      338. Ғимараттар мен құрылымдарда өртке қарсы бөлімшенің жеке құрамын өрт орнына ("Өрт сөндіру бөлімшелерін тасымалдаудың" жұмыс режимі болатын) жеткізу үшін қолданылатын лифтілерді пайдалану, ұйым басшысы бекіткен немесе Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органымен келісілген нұсқаулыққа сәйкес іске асырылады.
      339. Көпшілік адамдар болатын ғимараттарда (құрылымдарда) (тұрғын үйлерден басқа), сондай-ақ басқа ғимараттар мен құрылымдарда, кез келген қабатта 10 немесе одан көп адам бір мезгілде болған жағдайда, ғимараттың әр қабатында, қабаттардан көшіріп шығаруларда және дәліздің ұзындығы бойынша 20 м артық болмайтын жерлерде адамдарды қауіпсіз аймаққа қауіпсіз көшіруді өткізу, өртке қарсы қызметті шақыру және өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін өрт сөндіруді ұйымдастыру бойынша ұйым жұмыскерлерінің әрекет ету тәртібі болатын, өрт туындаған кезде адамдарды көшіру жоспары әзірленген және ілінген болуға тиіс.
      340. Биіктігі 2 қабат және одан артық ғимараттарда орналасқан қонақ үйлер, кемпингтер, мотельдер мен жатақханалар нөмірлерінде өрт пайда болған кезде, аталған нөмірі және эвакуациялық шығуларға қарай қозғалу бағыты көрсетілген адамдарды эвакуациялау жоспары ілінуге тиіс.
      341. Қонақ үйлер, кемпингтер, мотельдер жатақханаларда тұрып жатқан азаматтар адамдар тұратын ғимараттардағы өрт қауіпсіздігі шаралары туралы жадынамамен және өрт кезінде адамдарды эвакуациялау жоспарымен танысып, қол қоюлары керек.
      342. Шетел азаматтарының тұруы үшін тағайындалған қонақ үйлерде, кемпингтерде, мотельдер мен жатақханаларда өрт қауіпсіздігі туралы жадынамалар және өрт және адамдарды эвакуациялауды басқару туралы хабарлау жүйелерінде тілдік хабарламалар бірнеше тілдерде орындалуға тиіс.
      343. Өрт туындау кезінде ұйым жұмыскерлерінің әрекет ету тәртібін анықтайтын, адамдар тәулік бойы болатын ғимараттар (мектеп-интернаттар, қарттар мен мүгедектер үйлері балалар үйлері, ауруханалар) үшін әзірленген нұсқаулықтарда адамдардың өзіндік эвакуациялану, сондай-ақ өздігінен эвакуациялануға қабілетсіз адамдарды ұйымның қызметкерлер құрамының тәуліктің жарық және қараңғы уақыттарында эвакуациялау нұсқалары болуға тиіс.
      344. Объектілер (мектеп-интернаттар, қарттар мен мүгедектер үйлері балалар үйлері, ауруханалар) басшылары:
      1) орналасқан объектіден шығатын ауданда өрт сөндіру бөліміне өртке қарсы қызмет белгілеген уақытта күн сайын әр объектіде болатын адамдар саны туралы ақпаратты хабарлауы;
      2) ғимаратты өртке қарсы қорғау жүйесінің барлық элементтерінің өрт кезіндегі жұмыс қабілеттілігін бір уақытта тексерумен, олардың әрекеттері бойынша қызметкерлер құрамын жаттықтыруды жарты жылда бір реттен кем өткізілмеуін қамтамасыз етуі;
      3) өрт кезінде ғимаратта болатын адамдарды қауіпсіз эвакуациялауды ұйымдастыру үшін жеткілікті қызмет көрсететін қызметкерлер құрамының тәулік бойы кезекшілігін ұйымдастыруы керек.
      345. Әр қабат бойынша жауапты кезекшіде өзімен бірге ғимараттың
эвакуациялық шығу есіктері кілттерінің жиынтығы болуы қажет.
      Кілттердің қосалқы жиынтығы ғимараттың бірінші қабатындағы кезекші қызметкерлер құрамында сақталуға тиіс.
      Әрбір кілтте оның қай құлыпқа тиісті екендігі жазылған жазу болуы керек.
      Кезекшілер телефон орнатылған үй-жайларда орналасуға, түнде ғимаратта қалған ересектер мен балалардың нақты санын және олардың орналасуын білуге тиіс.
      346. Ғимараттар мен құрылымдарда көпшілік қатысатын іс-шараларды (демалу кештері, дискотекалар, жаңа жылдық және басқа қойылымдар) өткізуге олардың өрт туындаған кезде, адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін ғана рұқсат етіледі.
      Тексеріс нәтижелері тексерістер журналында тіркелуге және іс-шаралар өткізу кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты тұлға немесе объекті жетекшісі қол қоюға тиіс.
      347. Адамдар тұруға арналған ғимараттарда, сондай-ақ адамдар көп болатын ғимараттарда (құрылымдарда) өрт кезінде электр энергиясы сөніп қалған жағдайда, кезекші қызметкерлер құрамында жұмыс істейтін жағдайдағы электрлік қолшамдар болуға тиіс электрлік қолшамдар санын объектінің ерекшеліктеріне және кезекші қызметкерлер құрамының санына байланысты, ұйым басшысы анықтайды.
      348. Үй-жайлардың, ғимараттардың (құрылымдардан), өндірістік және қоймалық қолданыстағы ғимараттардың эвакуациялық шығу есіктерінде, сыртқы технологиялық қондырғыларда олардың өрт-жарылыс және өрт қауіптілігі бойынша санаттары туралы, сондай-ақ онда орналасқан жарылыс қауіпті немесе өрт қауіпті аймақтардың кластары туралы ақпарат орналастырылған болуға тиіс.
      349. Ауылдық жерлердің елді пункттерінің, адамдардың коммерциялық емес бау-бақшалық және саяжайлық бірлестіктерінің (серіктестіктер, тұтынушы кооперативтері, коммерциялық емес серіктестіктер) өртке қарсы қызмет бөлімшелері, жергілікті атқарушы органдар немесе азаматтардың жоғарыда аталған коммерциялық емес бірлестіктерінің басқармалары орналаспаған аймағында осы үшін арнайы қашықтатылған жерде немесе жеке тұрғын үйлерде (аула ішіндегі құрылыстар) өрт сөндіру мотопомптарының ерікті өрт сөндіру құрамалары мүшелерінің өрт сөндіру кезінде пайдаланатын түтік құбырлар мен ұңғылардың, бастапқы өрт сөндіру құралдарының, механикаландырылмаған құрал-сайманның және өрт сөндіру керек-жарақтарының қажетті жиынтығын сатып алу және сақтау ұйымдастырылуға тиіс.
      Өрт болған жерге түтік құбырлар мен ұңғылардың қажетті жиынтығы болатын өрт сөндіру мотопомптарын жеткізуге жауапты тұлғалар тағайындалуға тиіс.
      Аталған елді мекендер үй-жайлар (участкелер) саны есептеліп, өрт сөндіру мотопомптарымен қамтамасыз етілген болуы керек:
      1) 300-ден артық емес - тасымалданатын бір өрт сөндіру мотопомпасы;
      2) 300-ден бастап 1 мыңға дейінгі - тіркемелі бір өрт сөндіру
мотопомпасы;
      3) 1 мыңнан артық - екеуден кем болмайтын өрт сөндіру мотопомпасы.
      350. Ауылдық елді мекендер аумақтарында, азаматтардың бау-бақшалық және саяжайлық коммерциялық емес бірлестіктерінде, блок-жүк сауыттық ғимараттарда жергілікті атқарушы органдар және азаматтар бірлестіктерінің басқармалары тиісінше, өрт туралы адамдарды хабарландыруға арналған дыбыстық сигнал беру құралдарын орнатуға, өрт сөндіру мақсаттары үшін су қоры сақталуға, сондай-ақ өртке қарсы қызмет бөлімшелерін шақыру тәртібі белгіленуге тиіс.
      351. Құрғақ әрі ыстық жаз мезгілдерінде ауылдық елді мекендер аумақтарында, азаматтардың бау-бақшалық және саяжайлық коммерциялық емес бірлестіктерінде және кәсіпорындарда жергілікті атқарушы органдар, азаматтардың бау-бақшалық және саяжайлық коммерциялық емес
бірлестіктерінің басқармалары, кәсіпорын басшылары, тиісінше, өртке қарсы ерекше режимді белгілеп, өрттің туындау қауіптерін азайту бойынша қосымша шаралар қабылдап, өрт қауіпсіз жұмыстарды жүргізу, от жағу, автомотокөліктің орман алқаптарына шығуы бойынша шектеулер енгізуге, елді мекендер аумақтарындағы және онымен шектес жатқан орман (дала) алқаптарындағы тұрғындардың және бастапқы өрт сөндіру құралдары болатын ерікті өрт сөндіру құрамалары мүшелерінің күшімен шолу, сондай-ақ өрт сөндіру мақсаттары үшін бейімделген техниканы пайдалану мүмкіндігіне дайындық ұйымдастыруға тиіс.
      Аталған кезеңде жергілікті өзін-өзі басқару органдары азаматтардың өрт қауіпсіздігі саласындағы әлеуметтік маңызды жұмыстарға тартылуын және өрт сөндіру автомобильдердің әскери есебін толық жиынтықтау үшін, өртке қарсы қызмет бөлімшелерінде олардың кезекшілігін ұйымдастыруды қамтамасыз етуге тиіс.
      352. Телефон байланысымен қамтамасыз етілген елді мекендерде өртке қарсы қызметпен ақылы қызмет көрсететін таксофондарда байланысуға арналған телефон нөмірін жүргізуге тыйым салынады.
Каталог: images -> stories -> 2015 -> yanvar -> 29.01
29.01 -> "Ғимараттарды, үй-жайларды және құрылыстарды автоматты түрде өрт сөндіру және автоматты өрт дабылымен, өрт кезінде адамдарға хабарлау және оларды эвакуациялауды басқару жүйелерімен жабдықтау жөніндегі талаптар" техникалық регламентін бекіту
29.01 -> Объектілерді қорғауға арналған өрт техникасының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
29.01 -> Өндірістік объектілердегі сигналдық түстерге, белгілеулерге және қауіпсіздік белгілеріне қойылатын талаптар
2015 -> Вьетнам: 70 лет независимости
yanvar -> Келісілді «амтг» АҚ Басқарма Төрағасы С. Данбаев


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©kzref.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет