Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар


Ғимараттар, құрылымдар мен құрылыстардың жылыту және желдету жүйелерін күтіп ұстауға қойылатын өрт қауіпсіздігі талаптары



бет7/20
Дата10.03.2018
өлшемі3.26 Mb.
#20459
түріРегламент
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20

3.5.6. Ғимараттар, құрылымдар мен құрылыстардың жылыту және желдету жүйелерін күтіп ұстауға қойылатын өрт қауіпсіздігі талаптары
      413. Жылыту және желдету жүйелері дұрыс жұмыстық күйінде болуға тиіс.
      414. Жылу өндіретін аппараттардың жану өнімдері ғимараттар мен құрылымдар шетіне осы мақсаттар үшін арнайы тағайындалған түтін арналары арқылы жойылуы қажет. Түтін арналары ретінде желдету жүйесінің ауа арналарын пайдалануға тыйым салынады.
      415. Түтін арнасының құрастырылымында оларды күйеден кезеңдік тазартуға арналған технологиялық тесіктер қарастырылуға тиіс.
      416. Жылу өндіргіш аппараттардың күлдіктерін еден астындағы алшақтық кеңістігімен қосуға тыйым салынады.
      Жылу өндіргіш аппараттардың күлдіктерін жертөлелік және цокольдық үй-жайлармен қосуға жанбайтын материалдардан жасалған арналар көмегі кезінде ғана рұқсат етіледі.
      417. Қатты отынмен жұмыс істейтін жылу өндіргіш аппараттардың от жағатын есігі астындағы жанғыш материалдардан жасалған еден пеш жанындағы оның ұзындығында орналасқан тесіктерсіз 0,5 х 0,7 м кем болмайтын өлшемдегі оттық алдындағы металл табақпен қорғалған болуға тиіс.
      418. Қаңқалы пештер астындағы жанғыш едендер балшық ерітіндісіне көлденең төселген кірпіштердің бір қатарымен немесе үстінде төбе жабатын болаттан жасалған қаптамасы болатын, қалыңдығы 12 мм кем болмайтын таскендір картонмен оқшаулануға тиіс, мұндайда пеш түбінен еденге дейінгі арақашықтық 100 мм кем болмауы керек.
      419. Сұйық отынмен жұмыс істейтін аппараттар апаттық төгілу кезінде отын бәгінде болатын отынның барлық мөлшерін араластыратын металл тұғырыққа орнатылуы керек. Аталған тұғырық құммен немесе басқа жанбайтын аптағышпен толтырылуға тиіс.
      420. Тұрғындық үй-жайларда тұтану температурасы 40 o С төмен болатын сұйық отынмен жұмыс жасайтын жылу өндіргіш аппараттарды, сондай-ақ жылыту жүйелерінде жылу тасымалдағыш ретінде ыстық сұйықтықтарды пайдалануға тыйым салынады.
      421. Сұйық, қатты және газ тәрізді отынмен жұмыс істейтін жылу өндіргіш аппараттардың бұзылмаған есіктері және жанғыш құрастырылымдардан нормалармен белгіленген өртке қарсы өңдеулері болуы (жылжулар) қажет.
      Жылыту қазандықтары мен жылу өндіргіш қондырғылардың әрбір бүріккішіне арналған отын жетегінде екеуден кем болмайтын шұрасы болуы керек: біреуі — пештің оттығы жанында, екіншісі - отын салынған сыйымдылық жанында.
      Қандай да бір бұзылуы немесе бүлінуі (оның ішінде жылу беретін беттердегі күюлер және жарылулар) болатын жылу өндіргіш аппараттарды пайдалануға тыйым салынады.
      422. Жылыту пештері мен жүйелерінің түтін құбырлары, түтіндіктері және басқа элементтері тікелей жылыту маусымының алдында, сондай-ақ көлемінде:
      1) үш айда бір реттен кем болмай - жылыту пештері үшін;
      2) екі айда бір реттен кем болмай - үздіксіз әрекеттегі пештер мен ошақтар үшін тазартылуға тиіс.
      Асхана плиталары және үздіксіз (ұзақ мерзімде) от жағылатын басқа пештер айына бір реттен кем болмай тазартылып тұруы керек.
      423. Елді мекендерде ұйымдарды және тұрғын үйлерді жылыту үшін қолданылатын орталық от қазандықтарын пайдаланған кезде:
      1) жұмысқа арнайы оқудан өтпеген және тиісті біліктілік куәліктерін алмаған тұлғаларды жіберуге;
      2) сұйық отынды осы мақсаттар үшін тағайындалмаған үй-жайларда сақтауға;
      3) жабдықты пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарда қарастырылмаған жанғыш заттарды (қатты, сұйық, газ тәрізді) отын ретінде қолдануға;
      4) отынның берілу жүйелерінен сұйық отын аққан немесе газдың кемуі кезінде жылу өндіргіш қондырғыларды пайдалануға;
      5) жанбайтын бүріккіштер немесе газды жанарғылар кезінде оттықтарды алдын ала үрлеусіз қондырғыны жағуға және отын беруге;
      6) бақылау және реттеу аспаптарының құрастырылымында
қарастырылған жылу өндіргіш қондырғылар болмаған, бұзылған немесе
сөндірілген кезде жұмыс істеуге;
      7) жанғыш материалдарды от қазандықтарында немесе бу өткізгіштерде кептіруге тыйым салынады.
      424. Отпен жылытуды пайдалану кезінде:
      1) жағылатын пешті қараусыз қалдыруға;
      2) жағу үшін дайындалған отынды, сондай-ақ басқа жанғыш заттар мен материалдарды пештің алдындағы табаққа орналастыруға;
      3) қатты отын жағылатын пештерді жағу үшін тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды қолдануға;
      4) пештерді пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарда қарастырылмаған жанғыш заттарды (қатты, сұйық, газ тәрізді) отын ретінде қолдануға;
      5) үй-жайларда көпшілік адамдардың болуымен онда іс-шаралар өткізу уақытында пеш жағуға;
      6) пешті пайдалану жөніндегі нұсқаулықта белгіленген уақыттан артық жағуға;
      7) жанғыш заттар мен материалдарды (аяқ киім, киім, ағаш) пештер мен түтіндіктердің беттерінен 0,5 м кем болатын арақашықтықта кептіруге тыйым салынады.
      425. Пештің оттығынан алып шыққаннан кейінгі қыздырылған және бықсыған материалдар болатын күл және қож өрттің туындау мүмкіндігін болдырмайтын, олар үшін арнайы қашықтатылған жерге әкетіліп, су құйылуы керек.
      426. Жанғыш заттарды, материалдарды, бұйымдар мен жабдықтарды пештердің оттығының саңылауларына дейін 1,25 м болатын және пештің басқа қыздырылатын бөліктеріне дейін 0,7 м кем болатын арақашықтықта орналастыруға тыйым салынады.
      427. Қатты отынмен жұмыс істейтін от қазандығы қондырғыларының түтіндік құбырлары осы мақаланың талаптарына сәйкес ұшқын сөндіргіштермен жабдықталуға және күйеден тазартылуға тиіс.
      428. Ауаарналардағы автоматты от тұтқыш құрылғылар (қалқалағыштар, сұқпажапқыштар, клапандар), автоматты өрт сигналын беретін немесе өрт сөндіру құрылғылары болатын желдету жүйелерінің бұғаттау құрылғылары, өрт кезінде желдетуді автоматты сөндіру құрылғылары дұрыс күйінде ұсталуға тиіс.
      Автоматты от тұтқыш құрылғылар жетегінің сезімтал элементтері (тез балқитын құлыптар, тез жанатын өндірмелер, жылу сезгіш элементтер) ластанудан тазартылған болуы керек.
      429. Сауда мекемелерінің ғимараттарымен құрамдас от қазандықтарын қатты отыннан сұйық отынға ауыстыруға рұқсат етілмейді.
      430. Отын (өздігінен лапылдап жанатын көмір) осы үшін арнайы бейімделген үй-жайларда немесе жанатын құрылыстардан 8 м жақын болмай орналасқан, арнайы бөлінген алаңдарда сақталуға тиіс.
      431. Зауытта дайындалған пештерді кәсіпорынның жатақхана, әкімшілік, қоғамдық және қосалқы ғимараттарының үй-жайларында, тұрғын үйлерде орнатқан кезде, дайындаушы-кәсіпорынның өнімнің осы түрлеріне арналған нұсқаулық талаптары, сондай-ақ жылыту жүйелеріне қойылатын жобалау нормаларының талаптары орындалуға тиіс.
      432. Уақытша металл пештерді орнатқан кезде, мынадай өрт қауіпсіздігі талаптары сақталуы керек:
      1) металл пештердің табандарының биіктігі 0,2 м кем болмауы керек;
      2) металл пештер мыналардан кем болмайтын арақашықтықта орнатылуға тиіс:
      1 м - ағаш құрастырылымдардан, жиһаздан, тауарлардан, көрмелерден, сөрелерден, сатушы үстелдерінен және басқа жабдықтардан;
      0,7 м - лапылдап жанудан қорғалған құрастырылымдардан;
      1,25 м - оттық саңылауларынан бастап ағаш құрастырылымдары мен басқа жабдықтарға дейін.
      433. Металл түтіндік құбырларды терезе арқылы шығарған кезде, оған өңдеуді ауыстыратын өлшемі түтіндік құбырдың үш диаметрінен кем болмайтын төбе жабатын темірден жасалған жайма қоса салынуға тиіс.
      Құбырдың ұшы ғимараттың қабырғасына 0,7 м кем болмай орнатылып, биіктігі 0,5 м қысқа құбырдан жоғары бағытталуы қажет.
      Жоғарғы қабаттан шығарылған қысқа құбыр ернеуден 1 м кем болмай шығып тұруға тиіс. Қысқа құбырға қақпақ орнатылуы керек.
      434. Ауаны желдету және баптау жүйелерін пайдалану кезінде:
      1) желдету камераларының есіктерін ашық қалдыруға;
      2) сору арналарын, саңылаулар мен торларды жабуға;
      3) ауаарналарға газбен жылытылатын аспаптарды қосуға;
      4) ауаарналарда жиналып қалған майлы тұнбаларды, шаң немесе басқа жанғыш заттарды жағып жіберуге тыйым салынады.
      435. Желдету камералары, циклондар, сүзгілер, ауаарналар жанғыш
шаңдардан және өндіріс қалдықтарынан тазартылуға тиіс.
      436. Жарылыс қауіпті және өрт қауіпті өндірісі (қондырғылары) болатын үй-жайлардағы технологиялық жабдық жұмысына бұзылған және сөндірілген гидравликалық, құрғақ сүзгілер, шаң ұстайтын және желдету (шаң-тозаң соратын) жүйелерінің басқа құрылғыларында тыйым салынады.
      437. Жанатын шаңды, талшық және қатты қоспалары болатын басқа қалдықтарды кетіретін желдеткіштерге қатты денелер түсіп кетуін болдырмау үшін, олардың алдына тас ұстағыштар, ал металл заттарды алып тастау үшін - магнитті айырғыштар орнатылуға тиіс.
      438. Пневматикалық көліктің құбыр желілерінде және жергілікті сору жүйелерінің ауаарналарында кезеңдік қарау, тексеру және өрт туындаған жағдайда, оны сөндіру үшін, тығыз жабылатын люктер қарастырылуы керек.
      439. Байқау люктері бір-бірінен, сондай-ақ үштіктерден, бұрылыстарда, құбыр желілерінің қабырғалар мен аражабындар арқылы өтетін жерлерінде 15 м-ден артық болмай орналастырылуы керек.
      440. Машиналар мен агрегаттардың шаңды кетіретін құрылғыларынан кетірілетін ауаны тазартуға арналған сүзгілер оқшауланған үй-жайларда орнатылуға тиіс.
      441. Жабдықтан бөлінетін шаң болған ауаны қайта айналдыру кезінде сүзгілердің көмегімен екі сатылы тазартуға түсуі керек.
3.5.7. Ғимараттар, құрылымдар мен құрылыстардың инженерлік жабдығын күтіп ұстауға қойылатын өрт қауіпсіздігі талаптары
      442. Ғимараттар мен құрылымдардағы сыпырынды тастайтын жерлерде жобада қарастырылған клапандар болуы керек. Клапандар үнемі жабық, ақаусыз күйінде және жабылғанда нығыздауы болуы керек.
      443. Қоқыс жинағыштардың камераларының есіктері үнемі құлыппен жабылуы қажет.
      444. Ғимараттар мен жер үстіндегі құрылымдардағы лифтілер мен көтергіштер (өрт сөндіру лифтілерін қоспағанда) өрт шыққан кезде бірінші қабатқа автоматты түрде түсірілуге, ал жерасты имараттарында - жоғарғы қабатқа көтеріліп тоқсыздануға тиіс.
      445. Жерасты құрылымдарындағы эскалаторлар өрт шыққан кезде, адамдарды үстіңгі бетке көтеру режиміне автоматты түрде ауыстырылып қосылуы керек.
      446. Ғимараттар, құрылымдар мен құрылыстар, сондай-ақ сыртқы технологиялық қондырғылар жобада қарастырылған найзағайдан қорғайтын ақаусыз құрылғылармен жабдықталуы керек.
      Найзағайдан қорғау құрылғыларының жерге қосатын құрылғысының электрлік кедергісін өлшеу жылына бір реттен кем болмай өткізілуге және тиісті актімен ресімделуге тиіс. Жерге қосатын құрылғысының электрлік кедергісін өлшеуді білікті мамандар немесе мамандандырылған ұйым жүргізуге тиіс.
      447. Тез тұтанатын немесе жанғыш сұйықтықтар, сондай-ақ жанғыш газдар айналатын, сақталатын немесе қайта өңделетін ғимараттардың ішінде және ашық кеңістікте орналасқан технологиялық аппараттардың барлық металл құрастырылымдарын, сұйыққоймаларды, газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдерін өткізгіштерді және басқа құрылғыларды қайта пайда болатын найзағайдан және статикалық электр зарядтарынан қорғау үшін қорғанышты жерге қосуы болуы керек.
      448. Қызметкерлер құрамын электр тоғынан қорғау немесе найзағайдан қорғау үшін тағайындалған жерге қосатын құрылғыларды статикалық электр тоғын бұру үшін пайдалануға рұқсат етіледі.
      449. Ғимараттарда, құрылымдарда орналастырылған технологиялық жабдықтар мен құбыр желілерінің, сондай-ақ сыртқы технологиялық қондырғылар мен эстакадаларының "Қазақстан Республикасының электрлік қондырғыларын орнату ережелерінің" талаптарына сәйкес қорғанышты жерге қосуы болуға тиіс.
      Ғимараттар мен құрылымдардың технологиялық құбыр желілерін жерге қосатын (нөлдеу) өткізгіштер ретінде пайдалануға тыйым салынады.
      450. Металл эстакадалар және соларға салынған металл құбыр желілері эстакаданың басында және соңында, сондай-ақ олардың ұзындығы бойынша 300 м сайын өзара және қорғанышты жерге қосу құрылғыларымен жалғануы керек.
      451. Ток бұрғыштарды өзара, жерге қосатын құрылғылармен және технологиялық аппараттармен қосу пісіру көмегімен орындалуға тиіс. Кейбір жағдайларда, оларды бұрандамалармен қосуға рұқсат етіледі, мұндайда жерге қосушы құрылғылардың түйісу беті металл жылтырақтардан тазартылған және қорғасынмен қапталған қалайы қорытпасы болуы керек.
      452. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың технологиялық процесінде тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтар, сондай-ақ жанғыш булар мен газдар айналатын кәріз желісі гидравликалық ысырмалармен қамтамасыз етілген болуы қажет. Әрбір гидравликалық ысырмадағы сұйықтық қабаты 0,25 м кем болмайтын биіктікте болуы керек. Гидравликалық ысырмалар құрастырылымы олардың кезеңдік тазартылу мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс.
      453. Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтар қолданылатын ғимараттар мен имараттардың жаңбыр ағатын құбыр желілері, өндірістік және біріктірілген кәріздік жүйелер бойымен ұшқын таралуын болдырмайтын гидравликалық ысырмалар (сифондар) үнемі ақаусыз күйінде болуға тиіс.
      Ақауы және дұрыс орындалмаған гидравликалық ысырмалары болатын кәріздік жүйелерді пайдалануға тыйым салынады.
      454. Технологиялық процестерінде тез тұтанатын және жанғыш
сұйықтықтар, сондай-ақ жанғыш булар мен газдар айналатын кәсіпорындардың өндірістік және біріктірілген кәріздік жүйелері ұзына бойына жабық болуы керек.
      Кәріздердің байқау құдықтары үнемі қақпақтармен жабылған және 0,1 м қабат құм төгілген болуы қажет.
      455. Аумағында ғимараттар, құрылымдар және (немесе) А н , Б н және В н санатты сыртқы технологиялық қондырғылар орналастырылған кәсіпорындардың өндірістік және біріктірілген кәріздік жүйелері жарылыс-өрт және өрт қауіптілігі бойынша 40 о С аспауға тиіс.
      Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды кәріз жүйелеріне ағызуға тыйым салынады (оның ішінде апат кездерінде).
      456. Газ баллон қондырғыларын орналастыру және пайдалану, оның ішінде адамдар тұруға арналған ғимарат ішінде орналастыру газ шаруашылығындағы қауіпсіздік жөніндегі нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес іске асырылуы керек.
      457. Тұрмыстық газ аспаптарын пайдаланған кезде, жиһазды және басқа жанғыш материалдарды орналастыру жақындау вертикаль бетке дейінгі көлденеңінен 0,2 м кем болмайтын және осы бұйымдарға жақындау ілінген көлденең бетінің үстіне дейінгі вертикаль бойынша 0,7 м кем болмайтын арақашықтықта іске асырылуға тиіс.
      458. Объектілерде құрылыс, күрделі жөндеу, қайта жаңарту және (немесе) техникалық қайта жабдықтау аяқталғаннан кейін, пайдалануға енгізілетін тұрмыстық және өнеркәсіптік аспаптарға оны жағу үшін газ келтіретін құбыр желілері өрт кезінде үй-жайда 100 о С орта температурасына жеткен кезде, газ құбырын автоматты түрде жабатын жылу сезгіш ілгекті құрылғылармен (клапандармен) жабдықталуы қажет. Аталған құрылғылар (клапандар) газ құбырындағы сөндіру құрылғыларының, газ есептегіштің және басқа құбыр желісінің арқауы алдында тікелей үй-жайда барынша ықтимал биіктікте орнатылуға тиіс.
      459. Жылу сезгіш ілгекті құрылғыларды (клапандарды) орнатпауға рұқсат етіледі:
      1) отқа төзімділік деңгейі V ғимараттарда, сондай-ақ ғимараттың шетінде орналасқан газ құбырлары электр магнитті және газ талдағыш немесе автоматты өрт сигнал бергіші іске қосылған кезде, газ құбырын жабатын клапанмен жабдықталған ғимараттарда;
      2) газ құбырлары электрмагниттік клапанмен жабдықталған, ал газ жағуға арналған қондырғылары болатын үй-жайлары автоматты өрт сөндіру қондырғыларымен қорғалған қауіпті өндірістік объектілер ғимараттарында.
      460. Тұрмыстық газ аспаптарын (оның ішінде асхана плиталары, су жылытатын қазандар, газ мұнаралары) газбен жабдықтауға арналған газ баллондар (жұмыстық және қосалқы) ғимараттан тыс жапсарлас салынған үйлерде және ғимаратқа, цокольдық және жертөле қабаттарына кіретін жерлерден 5 м кем болмайтын арақашықтықтағы қабырғаның бітеу аралық қабырғаларында жанбайтын материалдардан жасалған шкафтарда орналастырылуға тиіс.
      Газ баллондарға арналған жапсарлас салынған үйлер мен шкафтарға құлып салынып, желдету үшін перделері, сондай-ақ "От қауіпті. Газ толтырылған баллон" деген сақтандыру жазбалары болуы қажет.
      461. Ғимараттың немесе құрылымның (оның ішінде жеке тұрғын үйлер, коттедждер, саяжайлар) газ баллондар сақталатын және пайдаланылатын өрт сөндіру бөлігіне кіре берісте "От қауіпті. Газ толтырылған баллон" деген жазу болатын сақтандырғыш өрт қауіпсіздігі белгілері орналастырылуға тиіс.
      462. Ғимараттар мен құрылымдарда орналасқан аммиакты тоңазыту қондырғыларын пайдалану кезінде, "Аммиакты салқындату қондырғыларын орнату және қауіпсіз пайдалану ережелерінің" талаптары сақталуы қажет.
      463. Аммиакты салқындату құрылғыларының машина және аппараттар бөлімінің үй-жайларында газ талдағыштарды сорып-тартатын желдетуді автоматты қосатын және салқындату қондырғыларының сығымдағыштарын автоматты сөндіретін құрылғылары болатын салқындатқыш агент буларымен бұғаттау үнемі ақаусыз күйінде болуға және тиісті актімен немесе арнайы журналдағы жазбамен ресімделіп, жұмыс қабілеттілігі тексерілуге тиіс.
      464. Салқындату қондырғыларына арналған аммиак толтырылған
баллондар ғимараттың немесе құрылымның арнайы қоймалық үй-жайларында
сақталуы қажет.
      Тыйым салынады:
      1) аммиак толтырылған баллондарды салқындату қондырғыларының машина бөлімдерінде сақтауға тыйым салынады;
      2) аммиак болатын құбыр желілерін эвакуация жолдары бойынша, лифтілер мен көтергіштер шахталарында, сондай-ақ жарылыс-өрт және өрт қауіптілігі бойынша А, Б және В1-В4 санатты үй-жайлар арқылы төсеуге.
      465. Аммиакты салқындату қондырғыларының машина және аппараттар бөлімдерінің үй-жайларын жарылыс кезінде (оның ішінде оңай тасталатын құрастырылымдар, сындырылған панельдер, арнайы шынылау, терезе блоктарының ашылатын фрамугалары) қираудан қорғауға арналған құрылғылар жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес болуға және ақаусыз күйінде ұсталуға тиіс.
      Салқындату камераларының және салқындатқыш агрегаттардың үй-жайларын тікелей тағайындалымынсыз пайдалануға тыйым салынады.
      466. Ғимараттар мен құрылымдарда оларда көпшілік адамдардың қатысуымен іс-шаралар (оның ішінде спорттық және мәдени ойын-сауық іс-шаралары) өткізу уақытында аммиакты салқындату қондырғыларына техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге тыйым салынады.
      467. Аммиак толтырылған баллондар жұмыс істейтін жылыту аспаптарынан 5 м кем болмайтын арақашықтықта орналастырылуға тиіс. Аммиак толтырылған баллондарды жүйені толтыруды тездету үшін қыздыруға тыйым салынады.
      468. Салқындату камераларының өртке қарсы белдіктерінде тесіктер салуға, түтіктер өткізуге, бекітулер орнатуға, сондай-ақ оларды жанғыш материалдармен қаптауға тыйым салынады.
      469. Салқындатқыш агрегаттарды салқындату камераларының
тамбурларында орналастыруға тыйым салынады.
      Салқындатқыш қондырғыларды камераларын тұздықпен салқындатып орналастыруға басқа үй-жайлардан сыртқа шығатын немесе дәліз арқылы есіктермен бөлінген шығу болатын машина бөлімінде ғана рұқсат етіледі.
      470. Пайдалану және жөндеу процесінде жобада қарастырылған салқындату камераларының жанбайтын жылу оқшаулауын жанатын жылу оқшаулауына ауыстыру жүргізуге тыйым салынады.
3.5.8. Өртке қарсы сумен жабдықтау көздерін күтіп ұстауға қойылатын өрт қауіпсіздігі талаптары
      471. Өртке қарсы табиғи және жасанды сумен жабдықтау көздері (оның ішінде өртке қарсы су құбыры, өрт сөндіру су қоймалары, өрт сөндіру мақсатына арналған суды сақтау сыйымдылықтары), сондай-ақ суды жинау үшін оларға кіре берістер үнемі ақаусыз күйде ұсталуға тиіс.
      472. Өртке қарсы су құбыры желілерінің, өрт сөндіру гидранттары мен өрт сөндіру крандарының, тиісінше, жылына екі реттен кем болмай су жібергіштігі мен жұмыс қабілеттілігі тексерілуге тиіс (көктемде және күзде).
      473. Өрт сөндіру гидранттары ақаусыз күйінде болуға, ал қысқы уақытта жылытылған және қар мен мұздан тазартылуға тиіс.
      474. Өртке қарсы сумен жабдықтау көздеріне апаратын жолдар және кіре берістер оларға өрт сөндіру техникасының жылдың кез келген мезгілінде өтуін қамтамасыз етуге тиіс.
      Өрт сөндіру гидранттарының құдықтарының қақпақтарында автокөлік тұрағына тыйым салынады.
      475. Су құбыры желісі учаскелері сөніп қалған, гидранттар бұзылған немесе желіде қысым қажеттіден темен болып азайған кезде, су арнасының (елді мекендердің су құбыры желілері бойынша) диспетчері немесе өртке қарсы сумен жабдықтау үшін жауапты тиісті ұйымның (ұйымның немесе кәсіпорынның су құбыры желілері бойынша) жауапты тұлғасы бұл туралы Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органына хабарлауға тиіс.
      476. Өртке қарсы сумен қамту көздерінің (оның ішінде өрт сөндіру гидранттарын, өрт сөндіру су қоймаларын), өрт сөндіру машиналарын орнатуға арналған пирстардың болу орындарын, өрт сөндіру машиналарын ғимараттар мен құрылымдардың өрт сөндіретін құрғақ құбырларына қосу орындары, сондай-ақ қозғалысты олардың болатын жерлеріне бағыттау "Өндірістік объектілердегі сигналдық түстерге, қауіпсіздік таңбалары мен белгілеріне қойылатын талаптар" атты Техникалық регламент талаптарына сәйкес өрт қауіпсіздігі белгілерімен белгіленген болуға тиіс.
      477. Өрт сөндіру гидрантын орналастыру орнында нұсқағыштан бастап гидрантқа дейін метрмен және құбыр желісінің ішкі диаметріне дейін миллиметрмен арақашықтықты цифрлық мәндермен әріптік "ӨГ" индексі салынған жарық түсіретін немесе флуоресцентті нұсқағыш орнатылған болуы керек.
      Өрт сөндіру су қоймасында шаршы метрлерде су қорының цифрлық мәндерімен, әріптік "ӨС" индексі және бір мезгілде су қоймасы алаңында қойылуы мүмкін өрт сөндіру автомобильдерінің саны салынған ұқсас нұсқағыш орнатылуға тиіс.
      478. Өртке қарсы ішкі су құбырының өрт сөндіру крандары 1,35 м биіктікте орнатылып, түтік құбырлар мен ұңғымалар жиынтықталып және пломбаланатын өрт сөндіру шкафтарына жабылып қойылуы керек.
      Шкафтың есігінде әріптік "ӨК" индексі, жақын өрт сөндіру бөлімінің телефон нөмірі көрсетіледі.
      Өрт сөндіретін түтік құбырларды құрғақ, жақсы шиыршықталған  және крандар мен ұңғымаларға жалғанған күйінде күтіп ұстау қажет.
      Өрт сөндіру крандарының жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында, 6 айда бір реттен кем болмай оларды тексеру жүргізілуге, су жіберу және түтік құбырларды жаңадан ширату іске асырылуға тиіс.
      479. Сорғы стансасының үй-жайларында өртке қарсы сумен
жабдықтаудың жалпы сұлбасы және сорғыларды байлау сұлбасы ілінуі керек.
      Әрбір ысырмада және өрт сөндіргіш сорғы-көтергіште олардың тағайындалымы көрсетілуге тиіс.
      Сорғы-көтергіштерді қосу тәртібі техникалық нұсқаулықтарда анықталуға тиіс.
      Елді мекендердің өртке қарсы су құбырларының сорғы стансаларының үй-жайларында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органымен тікелей телефон байланысы болуы керек.
      480. Кәсіпорынның электрмен жабдықтауы өрт сөндіру сорғыларының электр қозғалтқыштарының үздіксіз қоректенуін қамтамасыз етуге тиіс.
      481. Су өлшегіш құрылғылардың суландыру желілерінде орнатылған электржетек болатын ысырмалар жылына екі реттен кем болмай, ал өрт сөндіру сорғылары - ай сайын тексерілуі қажет.
      482. Объекті аумағында немесе оған жақын жерде (200 м радиуста) табиғи немесе жасанды су көздері (өзендер, көлдер, бассейндер, градирнялар) болған кезде, оларға жылдың кез келген уақытында өрт сөндіру автомобильдерін қою және су жинау үшін, өлшемі 12 х 12 м кем болмайтын қатты төсемі болатын алаңдары (пирстары) болатын кіре берістер салынуға тиіс.
      483. Жасанды су қоймаларды, су көздеріне кіре берістер мен су жинағыш құрылғыларды үнемі дайындықта ұстау тиісті кәсіпорындарға жүктеледі.
      484. Су қыспақты мұнаралар жылдың кез келген уақытында өрт сөндіру техникасының су жинауына бейім болуы керек.
      Шаруашылық және өндірістік қажеттіктер үшін, өрт сөндіру мақсаттары үшін қолданылатын су қорын пайдалануға тыйым салынады.
Каталог: images -> stories -> 2015 -> yanvar -> 29.01
29.01 -> "Ғимараттарды, үй-жайларды және құрылыстарды автоматты түрде өрт сөндіру және автоматты өрт дабылымен, өрт кезінде адамдарға хабарлау және оларды эвакуациялауды басқару жүйелерімен жабдықтау жөніндегі талаптар" техникалық регламентін бекіту
29.01 -> Объектілерді қорғауға арналған өрт техникасының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
29.01 -> Өндірістік объектілердегі сигналдық түстерге, белгілеулерге және қауіпсіздік белгілеріне қойылатын талаптар
2015 -> Вьетнам: 70 лет независимости
yanvar -> Келісілді «амтг» АҚ Басқарма Төрағасы С. Данбаев


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет