Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар



бет9/20
Дата10.03.2018
өлшемі3.26 Mb.
#20459
түріРегламент
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20

4. Сәйкестік презумпциясы
      553. Тіршілік әрекетінің объектілері мен өнімі (процестері) Қазақстан Республикасы аумағында қолданылу үшін рұқсат етілген осы Техникалық регламенттің, басқа Техникалық регламенттердің, мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық стандарттардың және белгіленген тәртіппен бекітілген өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес болуға тиіс.
      554. Өрт қауіпсіздігі талаптарын белгілейтін техникалық реттеу саласында қолданылатын немесе әзірленетін нормативтік құжаттар туралы ақпарат өнімнің сәйкестігін растау процедураларында техникалық реттеу жөніндегі өкілетті органның ресми басылымында және хабарлама түрінде жалпы қолданыстағы ақпараттық жүйеде орналастырылуға тиіс.
      555. Мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес дайындалған өнім осы Техникалық регламенттің талаптарына сәйкес болып саналады.
      556. Өнімді олар осы Техникалық регламентке сәйкес болған жағдайда, стандарттау жөніндегі өзге нормативтік құжаттар бойынша дайындауға рұқсат етіледі.
5. Сәйкестікті растау
      557. Тіршілік әрекетінің өнімінің (процестер) өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігін растау, Қазақстан Республикасының   Заңында белгіленген ерікті немесе міндетті тәртіппен іске асырылуы керек.
      558. Тіршілік әрекетінің өнімінің (процестер) осы Техникалық регламент талаптары таралатын өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігін ерікті түрде растау өтініш берушінің бастамасы және талабы бойынша жүргізіледі.
      559. Тіршілік әрекетінің өнімінің (процестер) сәйкестігін міндетті түрде растау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 сәуірдегі N 367 "Қазақстан Республикасында өнімнің сәйкестігін міндетті түрде растау туралы" қаулысына сәйкес жүргізіледі және мынадай формаларда іске асырылады:
      1) міндетті сертификаттауды жүргізу;
      2) жеткізушінің (дайындаушы, сатушы) өнімнің сәйкестігі туралы
декларация қабылдауы.
      560. Өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігін міндетті растауға өрт қауіпті өнім, объектілерді өрт қауіпсіздігімен қамтамасыз ету жүйелері мен құралдары, сондай-ақ өрт сөндіру техникасы жатады.
      561. Сәйкестікті растау жөніндегі органдар, олардың қызметтері, құқықтары мен міндеттері "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес анықталады.
      562. Тіршілік әрекеті өнімінің (процестер) осы Техникалық регламент талаптарына сәйкестігін растау Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңында белгіленген сұлбалар бойынша өткізіледі.
      563. Объектінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігін бағалау мынадай формада жүргізіледі:
      1) өртті мемлекеттік бақылау;
      2) объектіні, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі жүйелерін қабылдау және пайдалануға енгізу;
      3) өнеркәсіптік объектінің қауіпсіздігін ресми мәлімдеу;
      4) өрт қаупін тәуелсіз бағалау.
      564. Объектінің белгіленген өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігін өрт қаупін тәуелсіз бағалау жолымен бағалау тәртібі Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінде белгіленеді.
6. Үйлестірілген стандарттар тізбесі
      565. Үйлестірілген стандарттар және нормативтік құжаттар тізбесі осы Техникалық регламенттің 20-қосымшасында берілген.
7. Ауыспалы қорытындылар
      566. Қазақстан Республикасы аумағында өрт қауіпсіздігі саласында нормативтік-құқықтық актілер мен құжаттардың, осы Техникалық регламент талаптарына сәйкес келетін ережелер әрекеті сақталады.
      567. Осы Техникалық регламентті қолданысқа енгізумен бірге, объектілерге, өнімге, өндіріс процестеріне, өнімді пайдалануға, сақтауға, тасымалдауға, сатуға және пайдаға асыруға қойылатын өрт қауіпсіздігі талаптарын белгілейтін өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік-құқықтық актілер мен құжаттардың осы Техникалық регламент талаптарын қайталайтын немесе сәйкес келмейтін ережелері түзетілуге немесе белгіленген тәртіппен жойылуға тиіс.
      568. Түзетілуге немесе жойылуға тиіс нормативтік-құқықтық актілер тізбесін, сондай-ақ осы жұмыстарды өткізу мерзімдерін өрт қауіпсіздігі саласындағы өкілетті орган анықтайды.
      569. Осы Техникалық регламент бірінші ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
"Өрт қауіпсіздігіне қойылатын
жалпы талаптар" техникалық
регламентіне       
1-қосымша         
Өрт қауіпсіздігі саласында жіктеу 1. Өрттерді және оның қауіпті факторларын жіктеу
      1. Өрттерді жанғыш материал түрі бойынша жіктеу өрт сөндіру құралдарын қолдану саласын белгілеу үшін қолданылады.
      Өрттерді сөндіру қиындығына қарай оларды жіктеу өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің және өрттерді сөндіруге тартылған басқа қызметтердің күштері мен құралдарының қажетті санын анықтау кезінде пайдаланылады.
      Өрттің қауіпті факторларын жіктеу өрт кезінде адамдар мен мүлікті қорғау үшін өрт қауіпсіздігінің қажетті шараларын негіздеу кезінде пайдаланылады.
      2. Жанғыш материалының түрі бойынша өрттер мынадай кластарға
бөлінеді:
      1) А - қатты жанғыш заттар мен материалдардың өрттері;
      2) В - жанғыш сұйықтықтардың немесе балқитын қатты заттар мен
материалдардың өрттері;
      3) С - газдардың өрттері;
      4) D - металдардың өрттері;
      5) Е - кернеуде тұрған электр қондырғыларының жанғыш заттары мен материалдарының өрттері.
      3. Адамдарға және материалдық құндылықтарға әсер ететін өрттің
қауіпті факторларына мыналар жатады:
      1) жалын мен ұшқындар;
      2) жылу ағыны;
      3) қоршаған ортаның жоғарғы температурасы;
      4) жанатын және термикалық бөлшектенетін уытты элементтердің
жоғарғы концентрациясы;
      5) оттегінің төменгі концентрациясы;
      6) көшіру жолдарындағы түтіннің жоғарғы концентрациясы. Өрттің қауіпті факторларының құрылыс құрастырылымдарына, технологиялық жабдыққа және өрт сөндіру жөніндегі әрекеттерге әсер ететін, адамдардың өмірі мен денсаулығына, материалдық құндылықтарға зиян келтіретін екінші зардаптарына мыналар жатады:
      1) бүлінген аппараттардың, агрегаттардың, қондырғылардың,
құрастырылымдардың сынықтары, бөліктері;
      2) бүлінген аппараттар мен қондырғылардан шыққан радиоактивті және уытты заттар мен материалдар;
      3) құрастырылымның, аппараттардың, агрегаттардың ток өткізетін
бөліктеріне жоғарғы кернеуді шығару;
      4) өрт салдарынан болған жарылыстың қауіпті факторлары;
      5) өрт сөндіретін заттардың әсері және өрттерді сөндіру жөніндегі өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің әрекеттері.
2. Өрт-жарылыс қаупі мен өрт қаупі бойынша заттар мен материалдарды жіктеу
      5. Өрт-жарылыс қаупі мен өрт қаупі бойынша заттар мен материалдарды жіктеу өрт қауіпсіздігі талаптарының мазмұны мен атау тізімін оларды алу, қолдану, сақтау, тасымалдау, қайта өңдеу және кәдеге жарату кезінде белгілеу үшін қолданылады.
      6. Өрт қауіпсіздігі бойынша құрылыс материалдарын жіктеу ғимараттарды (құрылымдарды) құрастырылымдық орындауға және олардың өртке қарсы қорғау жүйесіне қойылатын талаптардың атаутізімі мен мазмұнын белгілеу үшін пайдаланылады.
      7. Заттар мен материалдардың өрт қауіпті заттар мен материалдардың агрегаттық жай-күйінің әрбір класы үшін белгіленген өрт қауіпсіздігі көрсеткіштерімен сипатталады.
      8. Заттар мен материалдардың агрегаттық жай-күйіне байланысты олардың өрт-жарылыс қаупі мен өрт қаупі көрсеткіштерінің тізбесі осы Техникалық регламенттің 2-қосымшасының 1-кестесінде берілген.
      9. Заттар мен материалдардың өрт қаупі көрсеткіштері оларды қолдану жөніндегі талаптарды нормалау үшін, өрттің қауіпті факторларының өсу динамикасын болжау үшін және заттар мен материалдарды өрт қауіпсіздігі бойынша салыстыру үшін пайдаланылуға тиіс.
      10. Заттар мен материалдардың өрт қауіпсіздігі көрсеткіштерінің нақты мәні мен оларды анықтау әдістері осы Техникалық регламенттің, Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етілген мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық стандарттардың және өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес анықталады.
      11. Өрт қауіпсіздігі бойынша заттар мен материалдарды жіктеу (құрылыс, тоқыма және былғары материалдарынан басқа) олардың қасиеттеріне және өрт пен жарылыстың қауіпті факторларының пайда болуына қабілеттілігіне негізделеді.
      Заттар мен материалдар жанғыштығы бойынша мынадай топтарға бөлінеді:
      1) жанбайтын - ауада жануға қабілетсіз заттар мен материалдар. Жанбайтын заттар өрт-жарылыс қауіпті болуы мүмкін (мысалы, сумен, ауа оттегісімен немесе бір-бірімен өзара әрекеттескен жағдайда, жанғыш өнімдер бөлетін қышқылдар немесе заттар);
      2) қиын жанатын - жану көзі әсер еткен кезде ауада жануға қабілетті, бірақ оны жойғаннан кейін өздігінен жануға қабілетсіз заттар мен материалдар;
      3) жанғыштар - өздігінен жануға, сондай-ақ тұтану көзі әсерінен жануға және оны жойғаннан кейін өздігінен жануға қабілетті заттар мен материалдар.
      12. Сұйықтықтың жанғыштығы бойынша жанғыш сұйықтықтарға (ЖС)
және жанбайтын сұйықтықтарға (ЖбС) бөлінеді.
      Жанғыш сұйықтықтардың класында тез жанатын сұйықтықтар (ТЖС) жеке топқа бөлінеді.
      13. Газдың жанғыштығы бойынша жанғыш газдар (жарылыс қауіпті) және жанбайтын газдар болып бөлінеді.
      14. Шаңның жанғыштығы бойынша жанғыш (жарылыс қауіпті және өрт қауіпті) және жанбайтын шаңдар болып бөлінеді.
      15. Заттар мен материалдарды жанғыштығына сынау әдістері Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етілген мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық стандарттардың және өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес белгіленеді.
      16. Құрылыс, тоқыма және былғары материалдарын өрт қаупі бойынша жіктеу олардың қасиеттеріне және өрттің қауіпті факторларының пайда болуына қабілеттілігіне негізделеді.
      Құрылыс материалдарының өрт қауіптілігі мынадай сипаттамалармен сипатталады:
      1) жанғыштық;
      2) тұтану;
      3) үстіңгі беті бойымен жалынның таралуы;
      4) түтін түзу қабілеті;
      5) жанатын өнімдердің уыттылығы.
      17. Құрылыс материалдары жанғыш (Ж) және жанбайтын (ЖБ) болып бөлінеді.
      18. Жанғыш құрылыс материалдары мынадай топтарға бөлінеді:
      1) Ж1 (әлсіз жанатын) - түтінді газдарының температурасы 135 o С артық емес, сыналатын үлгінің ұзындығы бойынша бүліну дәрежесі 65 % артық емес, сыналатын үлгі салмағы бойынша зақымдалу дәрежесі 20% артық емес, өздігінен жану ұзақтығы 0 с артық емес құрылыс материалдары;
      2) Ж2 (орташа жанатын) - түтінді газдарының температурасы 235 о С артық емес, сыналатын үлгінің ұзындығы бойынша бүліну дәрежесі 85 % артық емес, сыналатын үлгі салмағы бойынша зақымдалу дәрежесі 50% артық емес, өздігінен жану ұзақтығы 30 с артық емес құрылыс материалдары;
      3) Ж3 (қалыпты жанатын) - түтінді газдарының температурасы 450 о С артық емес, сыналатын үлгінің ұзындығы бойынша бүліну дәрежесі 85 % артық, сыналатын үлгі салмағы бойынша зақымдалу дәрежесі 50% артық емес, өздігінен жану ұзақтығы 300 с артық емес құрылыс материалдары;
      4) Г4 (қатты жанатын) - түтінді газдарының температурасы 450 o С артық, сыналатын үлгінің ұзындығы бойынша бүліну дәрежесі 85 % артық, сыналатын үлгі салмағы бойынша зақымдалу дәрежесі 50% артық, өздігінен жану ұзақтығы 300 с артық құрылыс материалдары.
      19. Ж1 - Ж2 жанғыш топтарына жататын құрылыс материалдары үшін
сынау кезінде балқыған заттың ыстық тамшыларының түзілуіне жол беріледі.
      20. Құрылыс материалдары өрт қауіптілігімен ғана сипатталады.
Жанбайтын құрылыс материалдары үшін өрт қауіпсіздігінің басқа көрсеткіштері анықталмайды және нормаланбайды.
      21. Жанғыштығы бойынша жанғыш құрылыс материалдары (соның ішінде едендік кілем жабындары) жылу ағыны тығыздығының сыни бетінің
шамасына байланысты мынадай топтарға бөлінеді:
      1) Т1 (қиын тұтанатын) - жылу ағыны тығыздығының сыни бетінің шамасы 35 кВт/м 2 артық емес жанғыш құрылыс материалдары;
      2) Т2 (орташа тұтанатын) - жылу ағыны тығыздығының сыни бетінің шамасы 20 кВт/м 2 кем емес, бірақ 35 кВт/м 2 артық емес жанғыш құрылыс материалдары;
      3) Т3 (тез тұтанатын) - жылу ағыны тығыздығының сыни бетінің шамасы 20 кВт/м 2 кем емес жанғыш құрылыс материалдары.
      22. Үстіңгі беті бойынша жалынның таралу жылдамдығы бойынша
жанғыш құрылыс материалдары (соның ішінде едендік кілем жабындары) жылу ағыны тығыздығының сыни бетінің шамасына байланысты мынадай топтарға бөлінеді:
      1) РП1 (тарамайтын) - жылу ағыны тығыздығының сыни бетінің шамасы 11 кВт/м 2 артық жанғыш құрылыс материалдары;
      2) РП2 (әлсіз тарайтын) - жылу ағыны тығыздығының сыни бетінің шамасы 8 кВт/м 2 кем емес, бірақ 11 кВт/м 2 артық емес жанғыш құрылыс материалдары;
      3) РП3 (орташа тарайтын) - жылу ағыны тығыздығының сыни бетінің шамасы 5 кВт/м 2 кем емес, бірақ 8 кВт/м 2 артық емес жанғыш құрылыс материалдары;
      4) РП4 (қатты тарайтын) - жылу ағыны тығыздығының сыни бетінің шамасы 5 кВт/м 2 кем емес жанғыш құрылыс материалдары;
      23. Түтін түзетін қабілеті бойынша жанғыш құрылыс материалдары
түтін түзу коэффициенті мәндеріне байланысты мынадай топтарға бөлінеді:
      1) Д1 (түтін түзетін қабілеті аз) - түтін түзу коэффициенті 50 м 2 /кг кем емес, бірақ 500 м 2 /кг артық емес жанғыш құрылыс материалдары;
      2) Д2 (түтін түзетін қабілеті орташа) - түтін түзу коэффициенті 50 м 2 /кг кем емес, бірақ 500 м 2 /кг артық емес жанғыш құрылыс материалдары;
      3) Д3 (түтін түзетін қабілеті жоғары) - түтін түзу коэффициенті 500 м 2 /кг кем емес, бірақ 500 м 2 /кг артық емес жанғыш құрылыс материалдары.
      Жанатын өнімдердің уыттылығы бойынша жанғыш құрылыс материалдары мынадай топтарға бөлінеді:
      1) Т1 (аз қауіпті);
      2) Т2 (орташа қауіпті);
      3) Т3 (жоғары қауіпті);
      4) Т4 (төтенше қауіпті).
      Жанатын өнімдердің уыттылық көрсеткішінің мәні бойынша жанғыш құрылыс материалдарын жіктеу осы Техникалық регламенттің 2-қосымшасының 2-кестесінде берілген.
      24. Құрылыс материалдарының өрт қауіптілігі топтарына байланысты өрт қауіптілігі кластары осы Техникалық регламенттің 2-қосымшасының 3-кестесінде берілген.
      25. Тұтануы бойынша тоқыма материалдары мен былғары материалдары тез тұтанатын және қиын тұтанатын материалдарға бөлінеді.
3. Технологиялық орталардың өрт қауіптілігін жіктеу және оның көрсеткіштері
      26. Өрт-жарылыс қаупі мен өрт қаупі бойынша технологиялық орталарды жіктеу технологиялық процесті жүргізудің қауіпсіз параметрлерін белгілеу үшін қолданылады.
      27. Технологиялық орталардың өрт қауіптілігі технологиялық процесте қолданылатын заттардың өрт қауіптілігі көрсеткіштерімен және технологиялық процесс параметрлерімен сипатталады.
      28. Технологиялық орталардың құрамына кіретін заттардың өрт қауіптілігі көрсеткіштерін анықтау әдістері осы Техникалық регламенттің, Қазақстан Республикасы аумағында қолдану үшін рұқсат етілген мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық стандарттардың және өрт қауіпсіздігі саласында нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келуге тиіс.
      29. Өрт-жарылыс қауіптілігі мен өрт қауіптілігі бойынша технологиялық орталар мынадай топтарға бөлінеді:
      1) өрт қауіпсіз;
      2) өрт қауіпті;
      3) өрт-жарылыс қауіпті;
      4) жарылыс қауіпті.
      30. Технологиялық орталардың өрт-жарылыс қауіптілігі көрсетілген орталардың (технологиялық жүйеде қолданылатын шикізат заттары мен материалдарының, шала өнімдері мен өнімдерінің) физикалық-химиялық қасиеттері мен параметрлеріне байланысты өрттің және (немесе) жарылыстың туындау және (немесе) даму мүмкіндігімен анықталады.
      31. Технологиялық орталарды өрт-жарылыс қауіптілігі бойынша топтарға жатқызу тәртібі осы Техникалық регламенттің, Қазақстан Республикасы аумағында қолдану үшін рұқсат етілген мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық стандарттардың және өрт қауіпсіздігі саласында нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес анықталады.
4. Жарылыс қауіпті және өрт қауіпті аймақтарды жіктеу
      32. Жарылыс қауіпті және өрт қауіпті аймақтарды жіктеу көрсетілген аймақта өрт-жарылыс қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ететін параметрлері бар электр-техникалық және басқа жабдықты таңдау үшін қолданылады.
      33. Аймақтарды өрт қауіпті немесе жарылыс қауіпті аймақтарға жатқызу тәртібі және осы аймақтардың класын анықтау "Қазақстан Республикасы электр қондырғыларын орнату ережелері" талаптарына сәйкес анықталады.
      34. Өрт қауіпті аймақтар мынадай кластарға бөлінеді:
      1) П-І - тұтану температурасы 61 о С жоғары жанғыш сұйықтықтар қолданылатын үй-жайларға орналасқан аймақтар;
      2) П-ІІ - тұтанудың төменгі концентрациялы шегі ауа көлеміне 65г/м 3 артық жанғыш газдар немесе талшық бөлетін үй-жайлардағы аймақтар;
      3) П-IIa - қатты жанғыш заттар қолданылатын үй-жайлардағы аймақтар;
      4) П-ІІІ - тұтану температурасы 61 о С жоғары жанғыш сұйықтықтар немесе қатты жанғыш заттар қолданылатын үй-жайларға орналасқан аймақтар.
      35. Жарылыс қауіпті аймақтар мынадай кластарға бөлінеді:
      1) В-І - қалыпты жұмыс режімдерінде ауамен қосылып жарылыс қауіпті қоспалар түзе алатын мөлшерде және қасиеттермен тез тұтанатын сұйықтықтардың жанғыш газдарын немесе буларын бөлетін үй-жайлардағы аймақтар;
      2) В-Іа - қалыпты пайдалану кезінде ауамен қосылып тез тұтанатын сұйықтықтардың жанғыш газдарының (тұтанудың төменгі концентрациялы шегіне тәуелсіз) немесе буларының жарылыс қауіпті қоспалары түзілмейтін, апаттар немесе бұзылу нәтижесінде ғана пайда болуы мүмкін үй-жайлардағы аймақтар;
      3) В-Іб - қалыпты пайдалану кезінде ауамен қосылып тез тұтанатын сұйықтықтардың жанғыш газдарының (тұтанудың төменгі концентрациялы шегіне тәуелсіз) немесе буларының жарылыс қауіпті қоспалары түзілмейтін, апаттар немесе бұзылу нәтижесінде ғана пайда болуы мүмкін және төмендегідей ерекшеліктерінің бірімен ерекшеленетін үй-жайлардағы аймақтар:
      Осы аймақтардағы жанғыш газдардың тұтанудың өте төменгі концентрациялық шегімен (15% және одан артық) және шекті рұқсат етілетін концентрациялар кезінде кенет иісі болады;
      Технологиялық процесс шарттары бойынша үй-жайдың бос көлемінің 5 % асатын көлемде жарылыс қауіпті қоспаның түзілуін болдырмайтын, газ тәрізді сутегіні қолдануға байланысты өндірістердің үй-жайларының үй-жайдың тек жоғарғы бөлігінде ғана жарылыс қауіпті аймақ болады;
      4) В-Іг - сыртқы қондырғылардағы кеңістік: жанғыш газдар немесе тез тұтанатын сұйықтықтар (сыртқы аммиакты сығымдағыш қондырғылардан басқа) бар технологиялық қондырғылардың, тез тұтанатын сұйықтықтары немесе жанғыш газдары бар (газгольдерлер) жер бетіндегі және жер астындағы сұйыққоймалардың, тез тұтанатын сұйықтықтарды төгуге және құюға арналған эстакадалардың, ашық мұнай орларының, қалқымалы мұнай үлдірі бар тоған-тұндырғылардың.
      Ескертпелер:
      1. Жарылыс қауіпті аймақ еден деңгейінен, егер болса, кран жолынан жоғары емес деңгейден бастап үй-жайдың 0,75 жалпы биіктігі белгісінен шартты қабылданады.
      2. Осы ерекшелік қалыпты ортасы, табиғи ұйытқитын сорғыш желдеткіші бар электр машиналық үй-жай қамтамасыз етілген жағдайда сутегімен салқындайтын турбогенераторы бар электр машиналық үй-жайларға таратылады.
      3. Осы аймаққа сондай-ақ ішінде жанғыш газдар мен тез тұтанатын сұйықтықтар үй-жайдың бос көлемінің 5 % аспайтын көлемде жарылыс қауіпті қоспа жасау үшін жеткіліксіз шағын көлемде болатын және жанғыш газдармен және тез тұтанатын сұйықтықтармен жұмыс ашық отты пайдаланбай жүргізілетін зертханалық және басқа үй-жайлар аймақтары да жатады. Егер жанғыш газдармен және тез тұтанатын сұйықтықтармен жұмыс сору шкафтарында немесе сорғыш зонттар астында жүргізілсе, осы аймақтар жарылыс қауіпті аймақтарға жатқызылмайды.      
5. Өрт-жарылыс қауіптілігі мен өрт қауіптілігі бойынша электр жабдығын жіктеу
      36. Өрт-жарылыс қауіптілігі мен өрт қауіптілігі бойынша электр жабдығын жіктеу оның қауіпсіз қолданылатын саласын және электр жабдығын таңбалаудың тиісті осы саласын анықтау үшін, сондай-ақ электр жабдығын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын анықтау үшін қолданылады.
      37. Өрт-жарылыс қауіптілігі дәрежесіне байланысты электр жабдығы мыналарға бөлінеді:
      1) өрт-жарылыс қорғау құралдары жоқ электр жабдығы;
      2) өрттен қорғалған электр жабдығы;
      3) жарылыстан қорғалған электр жабдығы.
      38. Өрттен қорғау және жарылыстан қорғау деңгейлері бойынша өрт-жарылыс қорғау құралдары жоқ электр жабдығы жіктелмейді.
      39. Өрттен қорғау деңгейлері бойынша өрттен қорғау электр жабдығы мынадай электр жабдықтарына бөлінеді:
      1) өрттің туындауына қарсы сенімділігі жоғары;
      2) өрт қауіпсіз;
      3) ерекше өрт қауіпсіз.
      40. Өрттің туындауына қарсы сенімділігі жоғары электр жабдығы оның қалыпты жұмыс режімі кезінде жану көзіне айналмауға тиіс.
      41. Өрт қауіпсіз электр жабдығы осы жабдықтың қалыпты жұмысы кезінде де, сол сияқты апаттық жұмыс режімінде де жану көзіне айналмауға тиіс.
      42. Өрттен қорғалған электр жабдығы апаттық немесе штаттан тыс жұмыс режімдерінде қорек көздерінен жабдықты автоматты ажыратуға және оның мыналарды болдырмайтын бір немесе бірнеше қорғау түрлері болуға тиіс:
      1) жабдық құрастырылымының жанғыш материалдары бар қызған
элементтердің (соның ішінде, ұшқындардың, доға тәрізді разрядтың) түйіспесі;
      2) үй-жайда жанғыш материалдары бар жабдықтың қызған элементтердің (соның ішінде, ұшқындардың, доға тәрізді разрядтың) түйіспесі;
      3) жабдық ішінде түзілетін тұтану көздерінен сұйық және қатты жанғыш материалдардың жану мүмкіндігі;
      4) электр жабдығы шегінен тыс жерлерге жанудың таралуы.
      43. Өрттен қорғалатын электр жабдығының түрін және оның таңбасын анықтау тәртібі "Қазақстан Республикасы электр қондырғылары орнату ережелері" талаптарына сәйкес келуге тиіс.
      44. Жарылыстан қорғалған электр жабдығы жарылыстан қорғау деңгейлері бойынша мынадай электр жабдығына бөлінеді:
      1) жарылысқа қарсы сенімділігі жоғары;
      2) жарылыс қауіпсіз;
      3) ерекше жарылыс қауіпсіз.
      45. Жарылысқа қарсы сенімділігі жоғары электр жабдығы қалыпты жұмыс режімі кезінде ғана жарылыстан қорғауды қамтамасыз етуге тиіс.
      46. Жарылыс қауіпсіз электр жабдығы қалыпты жұмыс режімінде де, сол сияқты оның жарылыстан қорғау құралдарының бүлінуінен басқа бүлінген кезінде де қамтамасыз етілуге тиіс.
      47. Жарылыстан қорғалған электр жабдығында мынадай жарылыстан қорғау түрлерінің бірі болуға тиіс:
      1) жарылыс өткізбейтін қабықша;
      2) қабықшаны қорғау газымен артық қысыммен толтыру немесе үрлеу;
      3) ұшқын қауіпсіз электр тізбегі;
      4) ток жіберетін бөлшектері бар қабықшаны кварцпен толтыру;
      5) ток жіберетін бөлшектері бар қабықшаны маймен толтыру;
      6) жарылыстан қорғаудың арнайы түрі.
      48. Жарылыстан қорғалған электр жабдығының таңбасында мынадай
белгі болуға тиіс:
      1) электр жабдығын жарылыстан қорғау деңгейінің;
      2) электр жабдығының жарылыстан қорғалған жабдыққа қойылатын
белгіленген талаптарға сәйкестігінің;
      3) жарылыстан қорғау түрінің;
      4) электр жабдығының топтары немесе қосалқы топтарының;
      5) электр жабдығының температуралық класының.
      49. Жарылыстан қорғалған электр жабдығының таңбасын топтарға
(қосалқы топтарға) температуралық кластарға жатқызу тәртібі "Қазақстан Республикасы электр қондырғылары орнату ережелері" талаптарына сәйкес келуге тиіс.
Каталог: images -> stories -> 2015 -> yanvar -> 29.01
29.01 -> "Ғимараттарды, үй-жайларды және құрылыстарды автоматты түрде өрт сөндіру және автоматты өрт дабылымен, өрт кезінде адамдарға хабарлау және оларды эвакуациялауды басқару жүйелерімен жабдықтау жөніндегі талаптар" техникалық регламентін бекіту
29.01 -> Объектілерді қорғауға арналған өрт техникасының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
29.01 -> Өндірістік объектілердегі сигналдық түстерге, белгілеулерге және қауіпсіздік белгілеріне қойылатын талаптар
2015 -> Вьетнам: 70 лет независимости
yanvar -> Келісілді «амтг» АҚ Басқарма Төрағасы С. Данбаев


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет