Өрт сөндіру тәсілдерін қолдану және өрт сөндіру классификациясымен физико-химиялық жалындарды тоқтату



Дата01.09.2022
өлшемі73.99 Kb.
#175192
Байланысты:
Дәріс 28
1 мамыр сценар, Ереже Танылмаган талант, Ашык есік куни, алгыс айту куни, Бірлік пен Жасампаздық. Фестиваль, 31 мая Қуғын сүргін, Қылмыс пен жаза, Kurs leksy TOPG i TP (1), Kosjanov(tirshilik kauipsizdigi)

Өрт сөндіру тәсілдерін қолдану және өрт сөндіру классификациясымен физико-химиялық жалындарды тоқтату.

Жану процесінің тоқтауын қамтамасыз ететін барлық заттар мен материалдар өрт сөндіру заттары болып табылады. Барлық өрт сөндіру заттары екі белгісіне қарай жіктеледі: 1) агрегаттық күйіне байланысты; 2) өрт сөндіру механизміне байланысты.


Агрегаттық күйіне байланысты өрт сөндіру заттары сұйық (су және су ерітінділері), көбікті өрт сөндіру заттары (жоғары молекулалық және химиялық көбік), ұнтақты (құм, топырақ, флюс және т.б.).
Өрт сөндіру механизміне қарай өрт сөндіру заттары төмендегідей 4 топқа жіктеледі: салқындатушы өрт сөндіру заттары (ӨСЗ), сұйылтушы, жану реакциясын химиялық тежеуші, оқшаулаушы ӨСЗ. Салқындату механизмі барлық жағдайда орын алады.
Нейтрал газдармен жану процесін тоқтату.
Жану реакциясы аймағындағы жанғыш қоспа СА және СВ компонентерінің концентрациясын сұйылтып жану реакциясының ылдамдығының төмендеуіне әкелетін инертті газдардың (ИГ) ендірілуін қарастырайық. Бұндай сұйылтушылар ретінде азот, көмірқышқылгазы, су буы, сирек жағдайларда гелий, аргон және т.б. қолданылады. Бұл газдар жану ортасына түскен кезде олар жанғыш зат пен тотықтырғышты сұйылтып олардың концентрацияларын төмендетеді. Нәтижесінде жанғыш зат пен тотықтырғыш молекулалары арасындағы соқтығысулар азайып жану реакциясының жылдамдығы, жану ортасының температурасы сөну температурасына дейін төмендейді. Диффузиялық жану оттегінің концентрациясы 14% пайыз болған жағдайда тоқтайды. Сұйылту механизмінде инертті газдардың жану процесін тоқтату механизмдері тек жанғыш зат пен тотықтырғышты сұйылту ғана емес. Олай болғанда жану процесіне сұйылтушы ретінде берілген барлық инертті газдардың мөлшері бірдей болар еді. Олай болса инертті газдардың жану процесін тоқтату концентрациялары жанғыш зат түріне және т.б. факторларға да байланысты. Физикалық қасиеттеріне байланысты нейтралды газдар жану реакциясы әртүрлі әсере етеді. Нейтралды газ 20-30 °С температурада жану ортасына түскеннен соң жану аймағындағы жылудың бір бөлігін өзіне алып 1000 °С температураға дейін қызады. Нейтрал газдың өзіне алатын жылу мөлшерін төмендегі теңдеуден көруге болады:
(14.1)
Мұндағы – жану аймағына берілген нейтралды газдың көлемі; – нейтрал газ тығыздығы; – нейтрал газдың меншікті жылу сыйымдылығы; – нейтрал газ бен жану аймағы температураларының айырымы.
Сондықтанда нейтралды газдың жылу сыйымдылығы артқан сайын оның өрт сөндіру тиімділігі де артады.
Кейбір нейтрал газдар жану реакциясы нәтижесінде бөлінетін жылудың бөліну жылдамдығын төмендетіп, жылудың таралу жылдамдығын арттырып қана қоймайды, сонымен қатар газ қоспасының жылу өткізу коэффициентінің бірден жоғарлау салдарынан жану аймағынан жылудың берілу интенсивтілігі артады (λ ||қоспа ˃˃ λ қоспа). Бұндай жануды тоқтату механизміне гелий ие юолып келеді. Бұндай жағдайда жанғыш заттың ауамен қоспасының жанбаған бөліктеріне жылудың берілуі жылдамдайды және бұл жағдайда жану процесі жылдам таралуы керек. Бірақ нейтралды газдармен жану процесін тоқтату өте күрделі процесс. Бұл процесс жылу берілу интенсивтілігіне, нейтралды газдардың жылу сыйымдылықтарына тәуелді емес, жанғыш қоспаның сұйылу дәрежесіне және берілу интенсивтілігі мен с/λ кешенді факторларына тәуелді.
Нейтралды газдардың жоғарыда аталған параметрлеріне талдау жасайтын болсақ, онда
(14.2)
Аргон және көмірқышқылгазы үшін жылу өткізгіштік мәндері бір – біріне жақын. Ал олардың жылу сыйымдылықтарында 2 есе айырмашылық бар:
(14.3)
Сәйкесінше көмірқышқылгазы үшін с/λ кешені тең болады:
(14.4)
Ал аргон үшін:
(14.5)
Осы кешендер қатынасы төмендегідей мәнге тең:
(14.6)
Ендеше көмірқышқылгазының өрт сөндіру тиімділігі аргонға қарағанда 2 есе жоғары болуы керек.
Жабық орталарда қопарылысты алдын алу үшін немесе метан факелін өшіруге көмір қышқыл газын (СО2) немесе азот (N2) қолданылады және өрт сөндіргіш ретінде көмірқышқыл газының минималды мөлшері 27 %, ал аргон 53 % болуы керек екендігін практика көрсеткен.
Су буының өрт сөндіру механизмі де осындай. Оның өрт сөндіру концентрациясы азоттікіне жақын 30-35 %.

Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет