Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Дубайда өтіп жатқан Dubai Duty Free Tennis турнирін жеңіспен бастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ҚТФ

Әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Дубайдағы WTA 1000 – Dubai Duty Free Tennis турнирінің алғашқы айналымдағы қарсыласы белорусиялық Виктория Азаренконы жеңді. Бірінші сетте 4:6 есебімен есе жіберген отандасымыз екінші сетте 6:2 есебімен ұтты. Дегенмен үшінші сетке қарсыласы жарақатына байланысты шықпай, жеңіс автоматты түрде Рыбакинаға берілді. Осылайша отандасымыз Азаренконы үшінші рет жеңіп отыр. Енді ол ширек финалда  Магдалена Френхқа қарсы ойнайды.

Елена Рыбакина Дохада өткен турнирдің финалында жеңіліп қалды

Айта кетейік, Рыбакина жал басынан бастап қатарынан үшінші турниріне қатысып жатыр. Ол Абу-Дабиде топ жарып, Дохада күмісті місе тұтқан еді. 


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.