Қос жұқпа: аитв және туберкулез аитв-жұқпасы/туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдай, Қазақстан Республикасында халық денсаулығына маңызды қауіп төндіре отырып, қауырт жағдай болып қала береді



жүктеу 84.25 Kb.
Дата05.05.2018
өлшемі84.25 Kb.

Қос жұқпа: АИТВ және туберкулез
АИТВ-жұқпасы/туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдай, Қазақстан Республикасында халық денсаулығына маңызды қауіп төндіре отырып, қауырт жағдай болып қала береді. Егер 1987 жылдан бастап 1996 жылдар аралығы республика аумағында жұқпаның баяу таралу кезеңі болып саналса, 1996 жылдың екінші жартысынан бастап бұл үрдіс індет сипатына ие болды.

АИТВ-ның (адам иммунтапшылығының вирусы) жыныстық жолдар арқылы берілу жолы ұдайы өсуде. 2005 жылдан бастап жұқпа ортақ есірткі пайдалану кезіндегі қан арқылы берілуге қарағанда, сексуалдық қатынас кезінде жиі беріледі. Бұл инъекциялық есірткі тұтынушы тұлғалар арасында жұқпаны жұқтыруды ескерту бойынша маңызды түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, зияндылықты төмендету бағдарламаларының енгізіліп жатқандығына байланысты. Ал қоғамымыздағы сексуалдық қатынас мәдениеті төмен деңгейде қалып жатыр, сондықтан да АИТВ-жұқпасы тұрғындардың маргиналдық топ шеңберінен асып түсті, яғни енді иммунтапшылығының вирусын қолайлы, әлеуметтік бейімделген адамдар да жұқтырады. АИТВ-жұқпасы диагнозы әйелі мен ерін, әке мен ананы, балаларды зақымдайды! Осы құбыжық-жұқпаны жұқтыруға ауыл және қала тұрғындары, медицина қызметкерлері және ұстаздар, зауыт және ауылшаруашылық жұмысшылары, қызмет көрсету саласының өкілдері бейім. Сынған тағдырлар, ойран болған отбасылар, құрдымға кеткен өмірлер – міне, біздің шындығымызға АИТВ-жұқпасының енгізгені осы.

Бүгінгі таңда АИТВ-жұқпасы бар адамдар арасында 20-дан 29 жас аралығындағы жастар басым. Сонымен қоса, соңғы уақытта егде жастағы адамдар арасында АИТВ-жұқпасы жағдайларының тіркелуі байқалады. Қазіргі уақытта бұл өлімге әкеліп соғатын жұқпа адамдарда үшінші және төртінші, атап айтқанда аурудың алға басқан сатысында, иммунитеттің бұзылу үрдісі алыстап кеткен шақта, вируспен зақымдалған адам АИТВ-жұқпасы бар адам ғана емес, ауыр халдегі науқас болған кезде анықталып жататындығы алаңдатады. Мұндай адамға денсаулығын қалпына келтіруге жәрдемдесу өте қиын, ал кейде тіпті мүмкін емес. Міне, аймағымыздағы АИТВ-жұқпасы бар адамдардың осындай ауыр халінің себебі көбінесе туберкулез болып табылады. Тап осы туберкулез АИТВ-жұқпасы ағымының ауырлығын ушықтырады, ЖИТС-тың клиникалық сатысына жылдам өтуін шақырады, АИТВ-жұқпасы бар адамдар мен олардың жақын туыстарының өмірін ластайды, АИТВ-мен өмір сүретін тұлғалардың (АИТВ ӨТ) өмірін айтарлықтай қысқартады. Көптеген деректерге сүйенсек, шамамен АИТВ-оң адамдардың жартысы туберкулезбен аурады, сондай-ақ орташа алғанда, АИТВ-жұқпасы бар адамдар қазасының үштен бір бөлігі осы туберкулез жұқпасына тікелей байланысты.

Бастысы, АИТВ-жұқпасы туберкулез үрдісінің қалыптасуында өз түзетулерін енгізуде. Иммунтапшылығының вирусы жуырда ғана жұқпаны жұқтырған тұлғаларда да, латентті (жасырын) туберкулез жұқпасы бар тұлғалар да туберкулез микобактерияларымен шақырылған жұқпаның белсенді туберкулезге айналуына ықпал етеді. Туберкулез микобактерияларын жұқтырған АИТВ-жұқпасы бар тұлғалар үшін белсенді туберкулездің даму қаупі жылына 5-10% құрайды, ал АИТВ-жұқпасы жоқ адамдар үшін даму қаупі өмір бойына 5-10%-ға тең. Осы аралықтаадам ағзасында туберкулез қоздырғышы болған кезде адам иммунтапшылығының вирусы 160 есе жылдам көбейеді. Осылайша, АИТВ және ТБ микобактериясы бір-бірін өзара нығайтып, күшейте түседі. Сондықтан АИТВ-жұқпасы туберкулездің жаңа жағдайы іспетті оның рецидивтерінің де туындауына себеп болады.

Мынаны естен шығармаған жөн, туберкулез ауа-тамшылы жолмен беріледі, туберкулез үрдісі адам ағзасының кез келген мүшесі мен жүйесін зақымдауы мүмкін, ол өте жиі өкпеден басталады, сондай-ақ туберкулездің осындай нұсқасы үшін қарапайым белгісі қақырық жиналған жөтел болып табылады. АИТВ-жұқпасы бар адамға келетін болсақ, ұзақтылығы әр түрлі қақырықпен жөтел шұғыл дәрігерге көрінуге арналған дабыл ретінде қабылдануы тиіс.

Туберкулезді жұқтыруға қолайлы жағдай көптеген адамдардың бірлесіп тұруы (абақтылар, әскер, жатақханалар) кезінде пайда болады. Егер сіз туберкулезбен ауратын науқаспен қатынаста болсаңыз, мысалы, ол адамның отбасы мүшесі, көршісі, досы болсаңыз, егер сізде жөтел, әсіресе, қақырықтың бөлінуімен, әлсіздік, түңгі тершеңдік, тәбетіңіздің төмендеуі, кеуде қуысындағы ауырсыну, дене қызуының көтерілуі, лимфотүйіндерінің ұлғаюы сияқты туберкулезге күдік тудыратын белгілер пайда болса, онда сізге тексерілу үшін және уақтылы дұрыс емделу үшін дереу дәрігерге көрінуіңіз қажет. Әрбір адам жыл сайын туберкулез үрдісін ерте анықтауға жәрдемдесетін, кеуде қуысы мүшелерін флюорографиялық тексеруден өткуі қажет екендігін есте сақтағаны жөн. Есіңізде болсын: туберкулезді уақытында анықтау - сауығудың кепілі!

АИТВ және туберкулез қосалқы жұқпасының мәселесін шешуде антиретровирустық терапия (АРТ) маңызды роль атқарады. Әдебиет деректеріне сүйенсек, АРТ туберкулездің даму мүмкіндігін 80%-ға төмендетеді. Сондай-ақ туберкулез рецидивтері санын да 80%-ға дейін кемітеді.

Біздің ЖИТС орталығымыздың мәліметтері осы жағдайды растайды: АРТ қабылдап жатқан емделушілер туберкулезден сауығады да толыққанды өмір сүреді, өз туған-туыстарын туберкулезді жұқтыру қаупіне шалдықтырмайды, бұдан басқа антиретровирустық препараттарды қолдану аясында айналадағы адамдарға АИТВ-жұқпасын жұқтыру мүмкіндігі де барынша азаяды.

Дегенмен, емделушілердің есірткіге, ішімдік заттарына тәуелді болуы және қоғамға жат өмір салтын ұстануы туберкулез бен АИТВ-жұқпасын емдеуге тиісті бейімділігін қалыптастыруға кедергі жасайтынын, сондай-ақ емделушіге стандартты препараттар көмектеспей, көбінесе қалаған нәтижеге қол жеткізу үшін емдеу курсын аяғына дейін жеткізуге бөгет болатын, емделуші жылдар бойына ауру қоздырғыштарына тиімсіз әсер ететін және көптеген жағымсыз әсерлер беретін препараттарды қабылдауға мәжбүр болатын туберкулез бен АИТВ-ның тұрақты формаларын қалыптастыруға себепші болатынын атап өту қажет.

Туберкулезден сақтанудың ең тиімді әдісі жалпы иммундық жүйені нығайту болып табылады.еңбек және демалыс тәртібін ұстану қажет, егер сізде латентті туберкулез болған жағдайда жақсы тамақтану, жеткілікті ұйықтау мерзімінің болуы, сондай-ақ құрғақ, ауасы жақсылап тазартылатын бөлмеде өмір сүру туберкулез немесе оның қайта жандануын болдырмауға көмектеседі. Біздің ұсыныстарымызды ұстанып, аман-сау болыңыз!


Павлодар ЖИТС орталығының фтизиатр-дәрігері

Л. Проскура


Двойная инфекция: ВИЧ и туберкулез

Эпидемиологическая ситуация по ВИЧ-инфекции/туберкулезу в Республике Казахстан остается напряженной, представляя собой реальную угрозу для здоровья населения. Если период с 1987 г. по 1996 г. был временем медленного распространения инфекции на территории республики, то со второй половины 1996 г. процесс приобрел характер эпидемии.

Неуклонно растет половой путь передачи ВИЧ (вируса иммунодефицита человека). С 2005 г. передача вируса происходит чаще при сексуальных контактах, чем через кровь при совместном использовании наркотиков. Это связано с тем, что среди лиц – потребителей инъекционных наркотиков проводится огромная разъяснительная работа по предупреждению заражения, внедряются программы снижения вреда. А вот культура сексуальных отношений в нашем обществе остается на низком уровне, поэтому ВИЧ-инфекция вышла за рамки маргинальных групп населения, то есть теперь вирусом иммунодефицита заражаются и вполне благополучные, социально адаптированные люди. Диагноз ВИЧ-инфекции поражает жен и мужей, отцов и матерей, детей! Заражению этим вирусом-монстром подвержены жители сел и городов, медицинские работники и учителя, рабочие заводов и сельского хозяйства, представители сферы обслуживания. Сломанные судьбы, разрушенные семьи, загубленные жизни – вот что внесла ВИЧ-инфекция в нашу действительность.

На сегодняшний день среди ВИЧ-инфицированных преобладают молодые люди в возрасте от 20 до 29 лет. Вместе с тем, последнее время отмечается регистрация случаев ВИЧ-инфекции у лиц пожилого и преклонного возраста. Настораживает и тот факт, что сейчас смертельная инфекция обнаруживается у людей уже в третьей и четвертой, так называемых, продвинутых, стадиях, когда процесс разрушения иммунитета зашел уже слишком далеко, и пораженный вирусом человек уже не просто ВИЧ-инфицированный, а тяжело больной. Помочь такому пациенту восстановить здоровье крайне сложно, а, порой, и невозможно. И вот причиной такого тяжелого состояния ВИЧ-инфицированных в нашем регионе чаще всего является туберкулез. Именно туберкулез усугубляет тяжесть течения ВИЧ-инфекции, вызывает быстрое прогрессирование в клиническую стадию СПИДа, отравляет жизнь самих ВИЧ-инфицированных и их близких, значительно сокращает жизнь лиц, живущих с ВИЧ (ЛЖВ). Согласно многочисленным данным, около половины ВИЧ-позитивных людей страдают туберкулезом, и, в среднем, треть смертей ВИЧ-инфицированных обусловлены именно туберкулезной инфекцией.

Главное, ВИЧ-инфекция вносит свои коррективы в формирование туберкулезного процесса. Вирус иммунодефицита способствует переходу инфекции, вызванной микобактериями туберкулеза в активный туберкулез, и у лиц, заразившихся недавно, и у лиц с латентной (скрытой) туберкулезной инфекцией. Для ВИЧ-инфицированных лиц, зараженных микобактериями туберкулеза, риск развития активного туберкулеза составляет 5-10% в год, тогда как для людей, не инфицированных ВИЧ, риск равен 5-10% на протяжении всей жизни. В то же время, в присутствии возбудителя туберкулеза вирус иммунодефицита человека размножается в 160 раз быстрее. Таким образом, ВИЧ и микобактерия ТБ взаимно укрепляют и усиливают друг друга. Поэтому ВИЧ-инфекция провоцирует возникновение как новых случаев туберкулеза, так и рецидивов.

Необходимо помнить, что туберкулез передается воздушно-капельным путем, что туберкулезный процесс может поражать любые органы и системы человеческого организма, наиболее часто туберкулез начинается с легких, и типичным для этой формы туберкулеза симптомом является кашель с мокротой. В ситуации, когда речь идет о ВИЧ-инфицированном человеке, кашель с мокротой любой продолжительности должен стать сигналом для немедленного обращения к врачу.

Благоприятные условия для заражения туберкулезом создаются, когда большое количество людей проживают совместно (тюрьма, армия, общежитие). Если вы оказываетесь в контакте с больным туберкулезом, например, членом семьи, соседом, другом, если у вас появились симптомы, подозрительные на туберкулез, такие, как кашель, особенно с выделением мокроты, слабость, ночная потливость, снижение аппетита, боли в грудной клетке, повышение температуры, увеличение лимфоузлов, вам следует, как можно скорее, обратиться к врачу для обследования и своевременного адекватного лечения. Каждый должен помнить о необходимости ежегодного флюорографического обследования органов грудной клетки, которое поможет выявить тубпроцесс в легких на ранних стадиях. Помните: своевременное выявление туберкулеза — залог выздоровления!

Большое значение в решении проблем сочетанной инфекции ВИЧ и туберкулез играет антиретровирусная терапия (АРТ). По данным литературы, АРТ до 80% уменьшает вероятность развития туберкулеза. Также, до 80% АРТ уменьшает число рецидивов туберкулеза.

Данные нашего СПИДцентра подтверждают это положение: именно те пациенты, которые получают АРТ, выздоравливают от туберкулеза, живут полноценной жизнью, не подвергают заражению туберкулезом своих близких, да и риск заражения окружающих ВИЧ-инфекцией на фоне применения антиретровирусных препаратов, сводится к минимуму.

Но необходимо отметить, что наличие наркотической, алкогольной зависимости и асоциальный образ жизни пациентов препятствуют формированию должной приверженности лечению туберкулёза и ВИЧ-инфекции и способствует формированию устойчивых форм туберкулёза и ВИЧ, когда стандартные препараты не помогают, и пациенту приходится годами принимать препараты, менее эффективно действующие на возбудителей болезни и вызывающие массу побочных проявлений, которые часто мешают довести курс лечения до желаемого результата.

Наилучшим способом уберечься от туберкулеза является общее укрепление иммунной системы. Необходимо соблюдение режима труда и отдыха, полноценное питание, достаточное количество сна и проживание в сухом, хорошо проветриваемом помещении, что поможет избежать инфицирования туберкулезом или его реактивации, если у вас уже имеется латентный туберкулез. Соблюдайте наши рекомендации и будьте здоровы!



Л. Проскура,

врач-фтизиатр Павлодарского центра СПИД.
Каталог: wp-content -> uploads -> sites
sites -> Шжқ «Павлодар қаласының №5 емханасы» кмк байқау кеңесі отырысының №2 хаттамасы павлодар қ. 2015 жылғы 12 қазан Өткізу формасы
sites -> Шжқ «Павлодар қаласының №5 емханасы» кмк байқау кеңесі отырысының №3 хаттамасы павлодар қ. 2015 жылғы 26 қараша Өткізу формасы
sites -> Шжқ «Павлодар қаласының №5 емханасы» кмк байқау кеңесі отырысының №4 хаттамасы павлодар қ. 2014 жылғы 22 желтоқсан Өткізу формасы
sites -> Измененмия объема крови и гематокрита при различных патологическия процессах
sites -> I. Общая характеристика учреждения
sites -> Башкортостан Республикаһы


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет