Қош келдің – 2018



жүктеу 171.73 Kb.
Дата28.04.2019
өлшемі171.73 Kb.

1 қаңтар күні мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Төрлет жаңа жыл» атты ертеңгілік өтті.Ертеңгілікте балаларға арналған жаңа жыл туралы көріністер қойылып, ән айтылып, би биленді.Ертеңгілік соңында ауыл әкімшілігі балаларға жаңа жылдық сыйлықтар таратып берді.

1 қаңтар күні «Қош келдің – 2018» атты ауыл тұрғындарына арналған жаңа жылдық кеш өтті.Ауыл тұрғындарымен әртүрлі ойындар ойнатылып, ән айтылып би кеші өтіп, жаңа жыл туралы көрініс қойылды.Кеш барысында ауыл тұрғындары арасында лоторея ойнатылды.Кеш соңында жаңа жылдық киімдермен келген ауыл тұрғындарына ауыл әкімшілігі атынан сыйлықтар берілді.



2 қаңтар күні ауыл жастарына жаңа жылдық би кеші өтті.



12 қаңтар күні ауыл студенттерімен «Менің мамандығым – менің болашағым» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелде студенттер өзі оқып жатқан оқу орнын, қандай мамандық таңдағанын баяндап берді. Көрермендер студенттерге мамандық таңдау жөнінде сұрақтарын қойды. Студенттер жастарға мамандық таңдауда қателелеспей өз таңдаған мамандықты жақсы көру, қоғамның дамуына мамандық иелерінің үлесі зор екендігін айтты.

Егер мамандықты таңдап алуда сіздің жолыңыз болса және осы жолда өміріңізді сарп ететін болсаңыз, онда сіз бақытты болғаныңыз.

К.Д.Ушинский



Қарабұлақ ауылдық мәдениет үйінде 19 қаңтар күні ауыл өнерпаз жастарының «Өнерлі өрендер» атты концерті өтті. Концертте әртүрлі тақырыптарда (туған жер,әке-ана, махаббат , т.б )әндер айтылып, заманауи және ұлттық билер биленіп, КТК мүшелерінің әртүрлі сықақтары, көріністері қойылды. Көрермендер КТК мүшелерінің көріністері мен сықақтарын жақсы көңіл күймен қабылдады.



23 қаңтар күні ауыл өнерпаз жастарының «Туған жер» атты концерті өтті. Концерт жас КТК мүшелерінің әдемі әзілдерімен басталып, ары қарай әсерлі концертпен жалғасты.КТК мүшелерінің әрбір әзілі көрермен жүрегінен орын таба білді.Концертте патриоттық әндер орындалып, заманауи билер биленді.




1 ақпан «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Рухани жаңғыру жастарға жарқын жол» атты ауыл өнерпаз жастарының концерті өтті. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еліміздің ертеңі мен болашағы жастар екенін үнемі айтып жүреді.Жастардың бүгінгі заман көшінен қалмай, бәсекелестікке төтеп бере алатын әлеуеті болуы үшін мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалып келеді. Елбасының бұл бастамасын қолдай отырып, концертте ауыл өнерпаз жастары әртүрлі ұлттық, халықтық билер билеп, қазақ әндерін орындады.

9 ақпан күні ауылдық мәдениет үйінде махаббат мерекесіне арналған «Жүректің лүпілі» атты ауыл жастарының концерті өтті. Бүгінгі болған концерт оның ішінде айтылған ән де, биленген би де,орындалған әзілдер де барлығы жастарға арналған.

Махаббат қырдың қызыл түлкісі дер,

Махаббат біреулердің күлкісі дер.

Махаббат жүректерді жаулап алған,

Махаббатты бұл өмірде кім түсінер?- деп ауыл жастары бүгінгі концертті әсерлі өткізді. Концерт соңынан ауыл жастарына би кеші ұйымдастырылды.



15 ақпан күні ауған соғысының аяқталуына 29 жыл толуына орай «Ауған ақиқаты» атты ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өтті. Кездесуде болған ауған соғыс ардагерлері: Боғанбаев Еркін және Ибраев Мейрамбек. Ауғандағы азап шеккен арыстар- деп ақын жырлағандай,өмір тоқтамайды, ерлік өлмейді, замандарға жалғаса береді. Сонау Ауған жерінде қару асынып мұң арқалаған сын сағаттарда бірін-бірі бауыр дескен азаматтар бүгінгі таңда еліміздің түкпір-түкпірінде еңбек етуде.



«Ерлік- жан дүниенің ұлы қасиеті» деген екен бір дана қария.Өмірінің өлшеулі бір бөлігі, жауқазын жастық шағының сүбелі үлесін оқ пен от астында өткізіп, тағдырдың жауызымен елге аман-сау оралып, туған жерімен қауышқан майдангер ағаларымызбен кездесіп, бүгінгідей сұхбат жүргізу –біз үшін бір мәртебе.



24 ақпан күні Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, Семей қаласындағы Абай атындағы драма театрының әнші, актрисасы Ақерке Ризабекқызының «Әсем әуен» атты концерті өтті. Концерт өте әсерлі болды. Көрермен залында ине шаншыр орын болмады. Концертте би биленіп, КТК мүшелерінің әртүрлі әзілдері қойылды. Концерт соңында ауыл адамдары өздерінің алғысын айтып, естелік суретке түсті.



1 наурыз күні көктемнің алғашқы мерекесі алғыс айту күніне арналған «Алғыс айту парызым» атты мерекелік концерт өтті. Ауыл әкімшілігі атынан ауылдың өсіп-өркендеуіне өз үлестерін қосып жүрген азаматтар мен азаматшаларға мерекелерімен құттықтап, әлі де ауылымыздың көркеюіне ат салыса берулеріне тілектес екендерін айтып, шағын сыйлықтар берілді. Концертте әртүрлі ұлттардың билері биленіп, әндері айтылды. Қазіргі заманға лайықталып жасалған көріністер қойылып, ауыл жұртшылығына мерекелік көңіл-күй сыйланды.



16 наурыз күні Астана қаласының 20 жылдығына орай «Астана – болашақтың қаласы» атты ауыл балаларының концерті өтті. Концертте Астана қаласына, туған жерге, отанға арналған әндер айтылып, билер биленді.

Ел ордам менің – Астана, Осында жаңа бастама Сәулетті зәулім үйлер көп, Көрікті сондай жас қала.

22 наурыз күні Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» жобасы бойынша Ұлыстың ұлы күні «Наурыз» мерекесіне орай мәдениет үйінің алаңында ауыл тұрғындарына арналған «Қош келдің, Әз Наурыз» атты мерекелік іс-шара өтті. Наурыз мерекесінде ауылдық мәдениет үйінің қызметкерлері дайындаған «Наурыз туралы аңыз», ауыл әкімшілігінің қызметкерлері дайындаған «Жиренше мен Қарашаш», Абай мектебінің қызметкерлері дайындаған «Алпамыс батыр» ауылдық кітапхана оқырмандары дайындаған «Үш дос» ертегілері қойылды. Сонымен қатар, Наурыз мерекесінде қазақ халқының ұлттық ойындары мен әртүрлі күш ойындары ойнатылды. Атап айтатын болсақ: «Жамбы ату», «Арқан тартыс», «Аударыспақ», «Қол тірес», «Гир көтеру» және т.б. ойындар. Мекемелер киіз үйлерін құрып, наурыз көжелерін таратып, қазақ ертегілерінен көрініс қойды. Мерекеде мәдениет қызметкерлері дайындаған әртүрлі ойындар ойнатылып, жеңімпаздарға заттай және ақшалай сыйлықтар берілді. Мереке соңында спорттық ойындарда көзге түскен азаматтар ауыл әкімшілігі атынан марапатталып, ақшалай сыйлықтармен марапатталды.





30 наурыз күні «Ана тілін ардақ тұтар тіл жанашырлары» атты дөңгелек үстел өтті. Қазақ халқы бар тарихын көшіп жүріп өткізсе де, батпаққа батырмай, құмға шашпай, жұртына қалдырмай, шабындыға алдырмай, барлық жинаған сөз байлығын, күйі мен жырын бізге жеткізді.Дөңгелек үстелге қатысқан жастар ана тілін жете білу арқылы өнер мен білімнің, мәдениет пен ғылымның биігіне жетіп, өз халқымыздың өткен-кеткенін зерделеп оны әлемге таныта алатындықтары туралы айтылды. Дөңгелек үстел «Ана тіліміз тек биіктерден көріне берсін» деген жалынды сөздермен аяқталды.



9 сәуір күні Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қарабұлақ ауылдық мәдениет үйінде Зайсан ауданының барлық ауылдық мәдениет үйінің қызметкерлері ұйымдастырған «Берекелі ауылдың ынтымағы жарасқан» атты концерті өтті. Концертте әр ауыл округтері әр ұлт өкілдерінің әнін айтып, биін биледі. Қарабұлақ ауылдық мәдениет үйінің қызметкерлері Бразилия ұлтының «Ламбада» әнін орындап, биін биледі






12 сəуір күні Астана қаласының 20 жылдығына орай «Əлем таныған Астана» атты стенд-газет құрылды. Стенд-газетте Астана қаласының əлемге мақтанарлық ғимараттары мен Expo қалашығы бейнеленген. Ширек ғасырлық тарихы бар Қазақстанымыздың астанасы атанған Астанамыз еліміздің мақтанышы.

18 сәуір күні Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар : Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жасыл ел» акциясы бойынша мәдениет үйінің ауласын көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Бірнеше жеміс көшеттері отырғызылды.



27 сәуір күні «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ауылдың биші жастарының арасында «Биле,биле» атты би сайысы өтті. Сайыс үш бөлімнен тұрды:

1.Ұлттық би

2.Заманауи топтық би

3.Жеке немесе жұптық би

Әр кезең сайын әділ бағасын беретін әділқазылар сайланды. Сайыскерлер әділқазылар алдынан жеребе суыру рәсімін өткізді. Сайыста әр ұлттың билері, соның ішінде: Өзбек, Қазақ, Татар, Украин, Түрік, Үнді, Испан, Грузин халқының билері орындалды. Би – музыкалық ырғаққа сай дене қимылымен көрсетілетін өнер. Адамдардың күнделікті еңбек процесіндегі іс-әрекеттері, қоршаған дүниеден алған сезім әсерлері



5 мамыр күні Зайсан өңірінің ақыны Әбубәкір Нілібаевтың туғанына 90 жыл толуына байланысты пікірталас өтті. Пікірталаста Әбубәкір Нілібаев туралы мағлұматтар айтылып, Әбубәкір Нілібаевтың тақпақтары айтылды. Балалар бір-біріне ақын туралы айтса, кейбіреуі ол мәліметтің жалған екенін айтты. Балалар Әбубәкір Нілібаевтың «Көңіл назы», «Күнім менің» атты кітаптарынан ақынның тақпақтарын оқып, талқылап, өз ойларын айтты. Ауыл кітапханашысы Қалиева Күлшат балаларға Әбубәкір Нілібаев туралы мағлұматтар айта кетті.



8 мамыр күні мәдениет үйінің алаңында Ұлы жеңістің 73 жылдығына арналған «Ер-елінің қорғаны» атты 2 бөлімнен тұратын мәдени іс-шара өтті. Жүрекке адалдықтың ескен гүлін, Ғажайып келешекке төккен үнін. Ардақты ағалар мен апаларға, Шын көңілден жолдаймыз. Алғыс пенен сәлем бүгін,-деп бүгінгі орындалатын ән мен күй, би мен құттықтаулар да барлығы ардагерлер мен тыл ардагерлеріне арналады.



20 мамыр күні Абай атындағы орта мектебінің 1981 жылғы 20 жылдық түлектерінің «Сағынып жеткен 20 жыл» атты мерекелік концерті өтті. Ауыл тұрғындары бұл концертті жылда асыға күтеді. Концертте Қарабұлақ ауылының атын шығарып жүрген әншілерінің бірі Нұржан Қайнолда мен Кебеков Данияр Абай мектебінің 20 жылдық түлектерге арналған екі бірдей әнұранын және Қарабұлақ туралы әндерін орындады. 20 жылдық түлектер мен олардың балалары ауыл тұрғындарына бар өнерлерін көрсетті.



25 мамыр күні күні Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қарабұлақ ауылдық мәдениет үйінде «Менің көшем мақтанышым» атты көшелер сайысы өтті. Сайысқа «Шəйлі», «Абай», «А.Байтұрсынов» жəне «Е.Атаев» көшелері қатысты. Сайыс жалпы 5 кезеңнен тұрды:

1

.Өзі тұратын көшесін таныстыру 2. «Рухани жаңғыру» бағдарламасына орай баланы бесікке бөлеу. 3.Біз өнерліміз 4.Астананың 20 жылдығына орай көрме 5.Ақсақалдың

1 маусым күні халықаралық балаларды қорғау күніне орай мәдениет үйінің алаңында «Бала-болашағымыз» атты балаларға арналған ертеңгілік өтті. «Аңшылар», «Ақшамшық», «Күн мен жаңбыр» және т.б. ойындар ойнатылды. Ертеңгілік 7-13 жас аралығындағы балалардың өнерлерін анықтау мақсатында сайыс ретінде өтті.Сайыс 3бөлімнен тұрды.

1 Ертегілер еліне саяхат

2 Өз өнерлері (ән,би)

3 Асфальтқа сурет салудан жарыс

Кезең бойынша жеңімпаздарға ауыл әкімшілігі атынан сыйлықтар берілді



8 маусым күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ақ әжелер» клубының мүшелерінің қатысуымен «Әжелердің аялы алақаны» атты дөңгелек үстел өтті. Ақ жаулықты аналарымыз бүгінгі күнге дейін ауылымыздың жас қыз-келіншектеріне бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлерді үйретуде өздерінің сүбелі ақыл-кеңестерін қосып, мәдени шараларға белсене ат салысып жүрген ардақты да құрметті апа-әжелеріміз. Дөңгелек үстелде ақ әжелеріміз қазақ елінің рухани жаңғыруы үшін ең бастысы қазағымыздың салт-дәстүрлерінің құндылықтарын жас буынға ұғындыру керек екендігін жас келіндерге түсіндірді.Ауыл әкімшілігі әжелерімізді ауылдағы іс-шараларға белсене қатысып жүргені үшін мақтау қағаздарын табыстады.



15 маусым күні қазақ халқына қалтқысыз қызмет еткен, өткен ғасырдың 20-30 жылдары «Алыптар» тобының көрнекті өкілі, «Алаш» қозғалысының қайраткері, ғұлама ғалым, ұстаз ағартушы, рухани және қоғамдық ғылымдар саласында өшпес із қалдырған, «Алашорда» үкіметінің мүшесі Халел Досмұхамедовтың туғанына 135 жыл толуына орай дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелде Халел Досмұхамедовтың өмірбаяны мен қысқаша мақалаларымен танысты.



21 маусым күні Рухани жаңғыру бағдарламасы бойынша «Менің көшем мақтанышым» атты сайыстың келесі төрттігі өз бақтарын сынады. Олар Шаймардан Мұқанов, Оспан Байсейітов, Мұхтар Шаханов және Жанделі көшелері. Сайыс жалпы 5 кезеңнен тұрды:

1.Өзі тұратын көшесін таныстыру 2. Ақсақалдың батасы 3.Біз өнерліміз 4. «Рухани жаңғыру» бағдарламасына орай салт-дәстүрлер 5. Астананың 20 жылдығына орай көрме Салт-дәстүрлер бойынша әр көше қазақтың әр дәстүрін көрсетті. Мысалы Ш.Мұқанов көшесі баланы бесікке бөлеуді көрсетсе, М.Шаханов көшесі тұсаукесер салтын, О.Байсейітов көше болып жарапазан орындады. Сайыс қорытындысы бойынша М.Шаханов көшесі 1-ші орын, О.Байсейітов көшесі 2-орын, Ш.Мұқанов көшесі 3-орынға ие болды.

28 маусым күні «Алаш» қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің көгіндегі 20-ғасырдың жарық жұлдыздарының бірі, Мағжан Бекенұлы Жұмабаевтың туғанына 125 жыл толуына орай дөңгелек үстел өтті. Ақын орта дәулетті отбасында дүниеге келген.Туған жері - бұрыңғы Ақмола губерниясының Ақмола уезіндегі Полуденовский болысы. Дөңгелек үстелде ақынның қысқаша өмірдерегінен мағлұматтар айтылды.







4 шілде күні Астананың 20-жылдығы мерейтойына арналған «Астанам деп соғады жүрегім» атты мерекелік концерт өтті. Концертте патриоттық әндер айтылып, ауыл əкімшілігі атынан ауылдың гүлденіп көркейуіне өз үлестерін қосқан азаматтарға алғыс хаттар беріліп, мерекелерімен құттықтады.

5
шілле күні Астана-бейбітшілік пен достық ордасы атты дөңгелек стол өтті. Қазақстанның елордасы Астананың 20 жылдық мерейтойы ерекше тарихи оқиға. Бұл қала Қазақстанның тəуелсіздігі мен азаттығының рəмізі, сонымен қатар саяси жігердің, шешімділік пен көшбасшылықтың айқын үлгісі. Дөңгелек столда астананың көрнекті жерлерімен таныстырылды.

12 шілде күні Ақ халатты абзал жандарды қай кезде халықтың алдында марапаттасақ та артық емес.

Дәрігер адам емші ғой жүрек жалғайтын,

Шапағат нұрын себетін шуақ таңда алтын.

Сен дағы сондай антыңа адал арусың,

Ақтасаң іспен аялар сені ел халқың

Әр науқас сенің көзіңе қарап тыңайар,


Болмаса тіпті үмітін үзіп мұңайар.

Бәрінде соның баурайсың жылы сөзіңмен,

Ал сенде нәзік жүрек бар жылу ұялар, - дей отыра бүгінгі дөңгелек үстеліміздің қадірлі қонақтары «Ақ халатты абзал жандар». Қонақтарымыздың ішінде емханада бірнеше жылдар бойы қамту қызметкері болып қызмет атқарған Қасенова Бижамал апайымызды зейнеткерлікке шығуымен құттықтау үшін ауылымыздың Ақ әжелер клубы мүшелерімен, емханада медбике қызметкерлері келіп құттықтады.

20 шілде күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Болашақпен бірге болайық» атты «Ақ әжелер» клубы мүшелерінің ауыл жастарымен жұптасқан концерті өтті. Концертте тек халық әндері айтылды. «Қарты бардың қазынасы бар» демекші біздің қарттарымыз аман-сау болып,біз олардан алатын тәлім- тәрбиеміз көп бола берсін демекпіз.



27 шілде күні қазақтың ақыны,ойшыл аудармашы, композитор Шәкәрім Құдайбердиевтің туғанына160 жыл толуына орай «Жасыл ел» бағдарламасының жастарымен дөңгелек стол өтті. Жастар Шәкәрімнің орыс, араб, парсы, түрік тілдерін жетік меңгеріп, Батыс, Шығыс әдебиетін зерек біліп, жеті жасынан бастап өлең жазып, өмірінің ақырына дейін ағартушылық бағыт ұстағанын айтты.



3 тамыз күні Т.Мұхаметжановтың туғанына 70 жыл толуына орай дөңгелек үстел өткізілді.Төлеген Мұхамеджанұлы Мұхамеджановтың қысқаша өмірдерегімен, үш композициясымен (Вальс, Ғашықтар мелодиясы, Махаббат бекетімен, 2 симфонияның, 2 операның, 2поэзиялық жинақ, бірнеше музыкалық комедияның, камералық шығармалардың, кинофильмдер, қойылымдар музыкаларының, романстардың, әндердің авторы екенін таныстырылды. Жас буындар өздерінің өз ойларымен бөлісті.



9 тамыз күні құрылысшылар мерекесіне орай ауылымызда жаңадан салынып жатқан қатымхана құрылысына ауыл тұрғындарын мәдениет қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деп көмек жасалды.

«Тұрғын үй құрылысы-экономикамыздың жаңа локомотиві». Елбасы, ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл сөзі тәуелсіз Қазақстанның дамуында құрылыс мамандығына жаңа дем береді деген.

17 тамыз күні шекарашылар күніне орай Қарабұлақ ауыл әкімшілігі мен мәдениет қызметкерлері «Комсомол» шекара заставасына барып мерекелік шара өткізілді. Мерекелік шарада ауыл әкімшілігінің бас маманы А.Зияданова, А.Досбаева шекарашыларды мерекелерімен құттықтап, мақтау қағаздарын табыстады. Мерекелік шарада патриоттық әндер айтылып, заманауи билер биленіп, шекарашылармен әртүрлі ойындар ойнатылды. Шара соңыңда би кеші ұйымдастырылды.





24 тамыз күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Бір ән-бір әуен» атты ауыл жастарының концерті өтті. Президент рухани жаңғыруды жүзеге асыруда, әлемде ешкімге ұқсамайтын дербес ұлт болуымыз үшін «Жаһандағы заманауи Қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыру міндетін қойып отыр. Мәдениетіміздің озық үлгілері әлемдік деңгейде кеңінен танылып келеді.Концертте патриоттық әндер айтылып, әртүрлі ұлттардың биі биленді.КТК-ның әзілдері көрермендерді тәнті етті. Концерт соңынан жастарға би кеші болды.



29 тамыз күні Конституция күніне орай «Ата заңым – ардағым» атты мерекелік шара өтті. Мерекелік шарада ауыл әкімі ауылымыздағы ауқымды және ағымдағы жұмыстарына белсенділік көрсеткені үшін бірнеше азаматтарды алғыс хат және шағын сыйлықтармен марапаттады. Соңынан мерекелік концерт өтті.



12 қыркүйек күні Рухани жаңғыру аясында отбасы күніне орай Абай мектебінде «Отбасы – өмір аясы» атты отбасылық сайыс өтті. Сайыс 4 кезеңнен тұрды.



  1. «Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер» (Таныстыру)

  2. «Біз өнерлі отбасы» (отбасы өнері)

  3. «Білгенге маржан» (сұрақ-жауап)

  4. «Ас – адамның арқауы» (ас-мәзірін дайындау)

Сайысқа Шоматановтар, Бердіхановтар, Құнанбаевтар отбасылар қатысты. Отбасылар тыңғылықты дайындалып келді.Әр шарттағы берілген тапсырмаға қызығыушылықпен жауап берді.Сайыс қызықты өтті.



20 қыркүйекте тіл мерекесіне орай ақын-демократ, алаш қайраткері, Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туғанына 125 жыл толуына орай «Ақын есімі-ел есінде» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелде С.Торайғыровтың қысқаша өмірдерегімен таныстырылды.1916 жылдың күз айында Қатонқарағайға , одан кейін Зайсанда орыс тілін үйренеді. «Сөндіріп ай мен күніңді», «Тек денімді сау қылшы» - деген тірлікке құштар, өмірді шексіз сүйген ақын аз жасап, көп арманы көкірегінде кетті. «Қамар сұлу», «Кім жазықты?» романдары «Кедей», «Адасқан өмір» поэмалары, «Ауырмай есімнен жаңылғаным» әңгімесі қазақ әдебиеті әлемінде шыншыл сырларымен, көркемдік сипаттарымен, оттылығымен келешек ұрпақтан-ұрпаққа қадірлеп оқитын классикалық ұлы туындылар. Жастар ауыл ақындарының өлеңдерін оқыды. Дөңгелек үстел қызықты өтті.



25 қыркүйек күні күні Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қарабұлақ ауылдық мәдениет үйінде «Менің көшем мақтанышым» атты көшелер сайысы өтті. Сайысқа «Жетіген», Б.Момышұлы, «Мырзаш батыр» көшелері қатысты. Сайыс жалпы 4 кезеңнен тұрды:

1.Өзі тұратын көшесін таныстыру

2. «Рухани жаңғыру» бағдарламасына орай баланы бесікке бөлеу.

3. Біз өнерліміз 4.Астананың 20 жылдығына орай көрме

1 қазан күні мәдениет үйінде 1 қазан қарттар күніне арналған «Қарттарым - асыл қазынам» атты мерекелік іс-шара өтті. Мерекелік шарада ауыл әкімшілігінің маманы Айсұлу Жанатқызы қарттарды мерекелерімен құттықтап, сыйлықтар сыйлады. Шараға «Ақ әжелер» клубы мүшелері шақырылып, Күлжиян апа қарттарды мерекелерімен құттықтап, «Майлықожа» термесімен шараны ашты. Абай мектебі оқушыларының монтажы, «Қарттар үйі» атты көрінісі, «Ана», «Әже» тақырыбындағы өлеңдер қарттарды бір серпіп тастады. Қазақтар - «Төрінен қарт кетпесін» деп тілеген халық. Жасы үлкенге құрмет ету, қарттың бүгілген беліне сүйеу болу – біздің ата дәстүріміз. Өзіңді өмірге келтірген, тіршілігіңе нәр берген ата – ананың алдында адамның парыз – міндеті өлшеусіз. Қазақ ғұрпындағы ата – ананың алған ерекше биік орны, қадір – қасиеті мол! Ананың ақ сүтін, әкенің адал күшін ақтау – өз болашағыңды сақтау.



12 қазан күні «Ұстаз – ұлы тұлға» атты концерт өтті. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың білім саласына ерекше көңіл бөлуінің арқасында тәуелсіздік жылдары білім беру мекемелері көбейіп, оқу орындарының материалдық – техникалық базасы заманауи қондырғылармен жабдықталуда. Мұның барлығы білім сапасын арттыруға, мұғалімдердің әлеуметтік дәрежесін көтеруге өз септігін тигізері сөзсіз.



19 қазан күні оралман ағайындарымыз бен жергілікті ауыл өнерпаздарының «Ән сүйер қазақ даласы» концерті өтті. Концертте халық әндері айтылды.



26 қазан күні «Дін және мемлекеттілік құндылықтарының сабақтастығы» атты дөңгелек үстел өтті. Қонаққа ауылымыздың көп балалы, әр жұма намазға отбасымен баратын, мешітте болатын барлық шараларға белсенді қатысушы Даметкен әжеміз немерелерімен келді. Әжемізбен ашық сұхбат өтті. Әжеміз жастарымызды рухани құндылықтарымызды біліп және оны орындауға кеңес берді. Дін мен дәстүрдің қоғамдағы алатын орны жоғары, ұлттық құндылықтар дұрыс қалыптасу үшін де атқарар маңызы өте зор. Дін – адамдық ізгі қасиеттерімізді асқақтатса, салт-дәстүр – ұлт болып қалыптасуымыз үшін қажет.

1 қазан күні «Жаны саудың-тәні сау» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Денсаулық-ол күлуің

Көңіл күйің жадырай

Денсаулық –ол жүруің

Ешбір жерің ауырмай-дей отыра бүгінгі дөңгелек үстелде ауылдық емхананың мейірбикесі жастарға салауатты өмір салты туралы «Адамның денсаулығы –қоғам байлығы» атты баяндама оқыды. Дөңгелек үстелде денсаулық туралы жұмбақтар шешіліп, мақал-мәтелдер айтылды.




8-күні «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жерге туың тік» жобасы аясында «Атадан мұра құт мекен» атты мерекелік іс-шара өтті. Мерекеде ауыл әкімі ауылдың гүлденіп-көркеюіне өз үлестерін қосқан ауыл тұрғындарын төс белгілерін тағып, мақтау қағаздарын беріп, мерекелерімен құттықтады. Шара концертпен жалғасты. Концертте оқушылардың «Мәуелі бәйтерек атты» көрінісі қойылды. Ауыл өнерпаздарының халық әндерімен, патриоттық әндері орындалды.



16 қараша күні Елбасының жолдауында қозғалған «Дағдарысқа қарсы жаңғырудың 5 бағыты» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелде «Дағдарысқа қарсы жаңғырудың 5 бағыты» нақтыланып, қатысушылар арасында талқыланған еді.

22 қараша күні мәдениет үйінде жас жеткіншектердің арасында «Кім тапқыр» атты сайыс өтті. Қатысушылар жеребе суырып, өз кезектерін білді. Сайыста балаларға әртүрлі сұрақтар қойылды. Балалар өз жауап нұсқасын дәлелдеп, басқа балалармен де ой бөлісе отырды. Сайыс қызықты өтті.



29 қараша күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында сонау 30-40 жыл бұрын қазақ аспанында қалықтаған қасиетті әндерімен қатар Қазақстанның, Қырғызстанның халық әртісі, композитор Қ.Р мемлекеттік сыйлығының иегері Алтынбек Қоразбайұлы Қоразбаевтың 70 жас мерейтойына орай, композитордың әніне жазылған немесе сол кісінің орындауларындағы әндерден әр ауылдар арасында «Сағындырған әндер-ай» атты сайыс өтті. Айта кетерлік, бұл шара Тұңғыш президент күнімен тұспа-тұс келген болатын. Президент күніне байланысты ауыл әкімі ауылдың гүлденуіне өз үлесін қосып жүрген азаматтарды мерекелерімен құттықтап, мақтау қағаздары мен сыйлықтармен марапатталды. Шара ауыл әжелерінің ән шашуымен басталды. Шараға аудан мәдениет қызметкерлері әділқазы болып келіп, сайыскерлерге әділ бағасын берді. Сайыс тартымды өтті.



7 желтоқсан күні «Желтоқсанның ақ таңы» атты «желтоқсан» куәгері Уранов Самарқанмен кездесу өтті. Кездесуде желтоқсан көтерілісі жайлы біраз мәлімет айтылды. Самарқан аға сол кездегі жағдайларды баяндап берді.



14 желтоқсан күні Тәуелсіздігіміздің 27 жылдығына орай «Тәуелсіз елім Қазақстан» атты мерекелік концерт өтті. Мерекелік кеште ауыл әкімі ауыл тұрғындарын мерекелерімен құттықтап, марапаттар берілді. Кеште патриоттық әндер айтылып, КТК мүшелері «Мешіт құрылысы» атты көрініс қойды.






Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет