Өсімдіктер айтысы



Дата07.03.2018
өлшемі39.26 Kb.
#20380

Ақтөбе облысы

Алға ауданы

Тоқмансай негізгі мектебінің

химия-биология пәнінің мұғалімі

Жакудина Әлия Ерғалиқызы

Өсімдіктер айтысы

(биология апталығының қорытынды кеші)

2014-15оқу жылы

ӨСІМДІКТЕР АЙТЫСЫ

Мақсаты: Оқушыларды өсімдік әлемімен тереңірек таныстыру, өсімдіктер жайында білімін кеңейту, тереңдету, өзі тұратын өлкенің өсімдіктерін күтіп-баптауға тәрбиелеу, туған өлкенің өсімдігін зерттеп, оның қадір-қасиеті, пайдасы туралы ойлау қабілеттерін дамыту.

І.Ұйымдастыру бөлімінде оқушылар екі топқа бөлінді:

«Ақ алтын», «Алтын дән». Топ жетекшілері және қазылар алқасы сайланып, әрбір топ аттарына сәйкес омырауларына төсбелгілерін тақты. Жүргізуші және өсімдіктану ролін ойнайтын оқушылар, лайықты бейнеленген киімдерін киеді.

ІІ.Өсімдіктерге байланысты метафоралық теңеулер.



    1. мақта – ақ алтын 8. зығыр – солтүстік жібегі

    2. бидай – алтын дән 9 . балқарағай – тайга аруы

    3. күріш – сыр маржан 10. кактус – түн аруы

    4. жүгері – дала аруы 11. жүзім – оңтүстік перзенті

    5. қызғалдақ – шөл аруы 12. картоп – екінші нан

    6. бәйшешек – көктем гүлі 13 итмұрын – шипалы бұта

    7. емен – ағаштар патшасы

ІІІ.«Дүниедегі ең, ең» (сауалғы тапсырмалар)

  1. ең ұзын шырмалғыш өсімдік (лиана)

  2. «өсімдік пионері» деп кай өсімдікті айтады? (Қына)

  3. Ең тез, жылдам өсетін өсімдік. (Бамбук, тәулігіне 1 метрөседі)

  4. солтүстік Американың күн гүлі қалай аталады? (Күнбағыс)

  5. Француз ханшасы қандай өсімдікпен өзін әщекейлеген? (Картоп гүлі)

  6. Күн баласы атанған кай өсімдік? (Мақта)

  7. Бағалы антибиотик саңырауқұлақтың кай түрінен алынады, ол қандай дәрі? (Зең саңырауқұлағынан алына ды, пеницилин дәрісі)

  8. Дүниедегі ең биік ағаш. (Эвкалипт)

  9. Қай өсімдік сабағы өте жуан? (Баобаб)

  10. ең ұзақ жасайтын ағаш? (Емен, 2000 жыл)

ІҮ.Шығармашылық жұмыстар

Екі топтан бір – бір оқушы шығып өздерінінң зерттеген дәрілік өсімдіктері туралы мәлімет береді.

Ү.Өсімдіктерге байланысты жұмбақтарды шешу

Қар астында қыстайды

Ақ пен бүркіп тыстайды. (Бәйшешек)
Өзіне шап-шақ,

Киген қалпағы аппақ

Балалар тұр қаптап. (Бақбақ)
Тіршіліктің қуатын,

Өз бойына жинайтын

Жинай – жинай азықты,

Адамзатқа сыйлайтын. (Өсімдік)


Дәні алтын, асырайды халқын. (Бидай)
Тау – тау үйілген ақ алтын, табады оның атын кім? (Мақта)

ҮІ.Мақалдар

Тау бұлағымен сәнді.

Көл құрағымен сәнді.


Түйнектен ағаш өседі,

Түйір дәннен қамба толады.


Білімі жоқ ұл – жапырағы жоқ гүл.
Бағым өссін десең, бақ өсір,

Бағың өссе, тағы өсір.

ҮІІ.Іздеу ұйымы

Әрбір топқа жеке кноверт беріледі. Конверт ішінде екі өсімдік тамыры, сабағы, гүлі бар. Осы мүшелерді дұрыс құрастырып, өсімдіктің атын, пайда – зиянын айтады.

ҮІІІ.Сауалғы сұрақтары


    1. Өсімдіктің қай мүшесі «жасыл асхана» деп аталады? (Жапырақ)

    2. Өсімдіктің жапырағында жарықта қандай процесс жүреді? (Ф отосинтез)

    3. Фотосин.тез процесін ашқан кім? (К.А.Тимирязев)

    4. «Өсімдік» оқулығын ең алғаш шығарған қазақтың биолог ғалымы кім? (Ж.Маусымбайұлы)

ІХ.Өсімдіктер экологиясын білесіз бе?

Әр топ оқушылары өсімдіктердің әртүрлі тіршілік ететін экологиялық ортасын білуі қажет. Үстел астында сызылған шеңберлерде өсімдіктердің түрлі тіршілік ететін ортасы: су, батпақ, дала, шөл – шөлейтті, таулы жер деген жазу болады.



Жүргізуші: өсімдік атын атағанда әрбір топтың бір оқушысы 3 секунд ішінде аталған өсімдік тіршілік ететін шеңберге кіруі керек. Кімде – кім қателессе және шеңберге крмесе, ұпай алмайды.

  1. Қына

  2. Сексеуіл

  3. Шымтезек

  4. Бәйшешек

  5. Саңырауқұлақ

Х.Шығармашылық жұмыстар

өсімдіктерге байланысты ақындар өлеңінен әрбір топқа үзінді оқылады. Оқушылар өлең авторын табуы керек.


Итмұрыны мөлдіреп

Қабағын түйіп қоңыр күз.

Қарағай қатып қалтырап,

Талда ақырып әнші құс. (І . Жансүгіров)


Өттіңіз гүлді жинап?

Тағзым жасап иіліңіз,

Гүлден нәзік әрі ғажап,

Ш нәрсе жоқ біліңіз. (А.Шиляев)


Кең дала, шаңшыз ауа таза қоныс,

Иісі аңқып, бетімді сүйген самал желім. (С.Торайғыров)


Кендір басқа, шөп басқа,

Басқа шөптер болмайды ет басқа.

өмірге берік өсімдік

айтайын айтып әр басқа. (С.Торайғыров)


ХІ.«Биологиялық эстафета» ойыны

Мұнда оқушылардың жылдам ойлау қабілеттерін байқауға болады. Бір оқушы бір жемістің атын айтса, келесі оқушы сол жемістің соңғы әрпінен басталатын өсімдік атын айтуы керек.



Мысалы: Алма – алмұрт, терек – күріш, шие – емен, нәргүл – лимон, нарцисс – сәбіз, зығыр – райхан.

ХІІ.Қорытындылау



Оқушылардың ой - өрісін дамыту, ойлау қабілеттерін арттыруда бұл сабақтың берері мол болды.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> 1 қыркүйек – Білім күніне арналған Сыңғырла, күміс қоңырау
attachment -> «А. Имановтың жастарды патриоттық және азаматтық тәрбиелеу негізі ретіндегі рөлі» Карашинова Алмагүл Серікбайқызы
attachment -> Б. С. Батешова, Т. Н. Малдыбаев
attachment -> Сабақтың тақырыбы: «Қауіпсіз ғаламтор»
attachment -> Сабақтың түрі: Жаңа білімді хабарлау Уақыты: 90 мин Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақтың тақырыбы: ежелгі тас дәуірі Сабақтың мақсаты
attachment -> Сабақтың атауы XX ғасырдағы қазақ әдебиеті жалпы шолу Мақсаты Күтілетін нәтиже
attachment -> Туєан жер, алтын бесіік
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Ибрагим Бегімхан Керімханұлы Қазақ әдебиеті, 9-сынып Тақырыбы: Қожа Ахмет Йасауи «Диуани хикмет»


Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет