Өсімдіктер қалдығы



бет1/4
Дата26.05.2022
өлшемі31.68 Kb.
#174223
  1   2   3   4
Байланысты:
геология сессия
Дәріс 9 ГЕОДЕЗИЯЛЫҚ ТОРДЫ ОҢТАЙЛЫ ЖОБАЛАУ. ЖОБАЛАУДЫҢ БАСТАПҚЫ (НӨЛДІК) ДЕҢГЕЙІ, геология сурактар жауабы, Обложка

111. Барлық жағынан литологиялық шектелген шөгінділер тобының сипаттамасы
Су ішіндегі және құрғақтағы өсімдіктер мен жәндіктердін қалдық денелерінен құралған органикалық шөгінділер де болады. Мысалы, әсімдіктердің жерге көмілген қалдықтарынан таcкемір қабаттары, ал теңіздің өте майда жәндіктерінің қабыршақ қалдықтарынан ақ бор қабаттары құралады. Сонымен, шөгінді жыныстардың езі де әр түрлі таптарға бөлінеді. Шөгінді жыныстардың бірінші өзгешелігі — олар түнудан пайда болғандықтан қабат-қабат болып тақталанған пластар түрінде кездеседі. Кабаттар кейде қатпарлы, кеііде беті таңдай толқын сияқты түрлері болады Шөгінді жыныстардың екінші өзгешелігі — олардың арасынан әр түрлі тіршілік қалдықтары, жануарлар қалдығы фауна, өсімдіктер қалдығы — флора кездеседі. Солар бойынша жыныстардың құралған уакытын, жасын айыруға болады. Кеп уақыттар бойы жатып нығыздалудың аркасында, шөгінді жыныстар қатты тас қабаттарына айналады. Мысалы, жиналған құмдар бірігіп, нағыз құмтас болып шығады. Саз тығыздалып біріксе сазтас немесе тақтатасы пайда болады. тастар біріксе жент тас шығады. Бірігіп цемeнттелген ірі кесекті жұмыр малтатастар конгломерат деп аталады. Ізбес тығыздалып біріксе ізбестaс немесе утaс пайда болады. Мұздың әрекетімен жиналған кесекті шөгінділерді морена деп атайды. Сонымен, өздерінің жаратылысына қарай шегінді жыныстар үш түрге бөлінеді: 1) механикалық шегінділер, 2) химиялық шөгінділер, 3) органикалық шөгінділер. Кейінгі екеуіне ортақ биохимиялық шөгінділер де болады. Механикалық жолмен (үгілуүсатылу әсерінен) пайда болған кесекті шөгінділер механикалық болып саналады. Мысалы, құмсазқиыршық , малтатасқойтасмореналар және осы айтылғандардың біріккен түрлері — құмтассазтасженттасконгломерат т. б. механикалық шөгіндіге жатады. Шөгінді тау жыныстарын құраушы материалдар кебінесе бұрынғы жыныстардың әр түрлі жолмен бүзылу, үгілу әрекеттерінен пайда болады. Мысалы, механикалық бүзылудан (үгілу, ұсату, сынудан) пайда болған материалдардан кесе ұралады. Жыныстардын, химиялық бүзылудан пайда болған заттарынан химиялық шөгінділер құралады. Өсімдіктер мен жәндіктердің тіршілік әсерінен іқұралған заттардан орг аникалық шегінділер пайда болады. Сондықтан тау жыныстарынын, бұзылу, үгілу әрекеттері шөгінді құраудың ен, бір басты себебі болып табылады. Үгілу жердің үстіңгі бетінде болатын нәрсе, яғни экзогендік әрскет. Соған байланысты шөгінді жыныстар да жердің ең үстіңгі беткі қабатында қ ұралады. Мысалы, жердің бетіндегі топырақ қыртысын алатын болсақ, оның өзі де шөгінді жыныстардың бір түрі болып табылады. Үгілудің себептері мен түрлері жонсондағы құралатын минералдар туралы

Экзогендік минерал


«Экзогендік минералдардың құралуы» деген тақырыпта толық айтылған. Сондықтан біз ол мәселеге тоқталмаймыз. Бұл жерде есте болатын мынадай бір мәселе бар. Шөгінділерді механикалық , химиялық және органикалық деп бөлгенде
олардың қ ұралуындағы басты себептері есепке алынады. Сонымен қатар олардың қосымша себептері де болмақ . Механикалық кесектердің арасына кіріп, оларды біріктіретін цементті химиялық ерітінді болуы мүмкін. Мысалы, құмның арасына ізбесті ерітінді сіңіп, оны біріктіріп құмтасқа айналдырады. Осы сияқты жағдайлар көп кездеседі. Вулкандық майда кесектер ерітіндімен біріккен болса, оны туф деп атайды. Сонымен, құрамындағы заттардың аз-көбіне қарай туфтар вулкандық болуы да, шөгінділік болуы да мүмкін. Шөгінді тау жыныстары физика-географиялық әр түрлі жағдайларда 'кұралады. Сонысына қарай оларды бірнеше фациялық түрлерге бөледі. Енді соны қарастырайық .
Біз жоғарыда шөгінді тау жыныстарының бірнеше топтарға, түрлерге бөлінетіндігін көрдік. Сол шөгінділердің қай кезде, географиялық қандай жағдайларда құралғандығын білу —өте керекті мәселенің бірі. Осы мәселелерді зерттейтін геологиянын, бір белімін фациялық зерттеу деп атайды. Геология ғылымында фация деп минералдық құрамы бір тектес және арасындағы фауналары мен флоралары бірдей тау жыныстарының қабаттарын айтады. Минералдық құрамы мен палеонтологиялық қалдығы бірдей жыныстарды, әрине, географиялық белгілі бір тектес жағдайда пайда болған деп санауға тура келеді. Басқаша айтқанда, шөгінді тау жыныстарының, оның ішіндегі минерал заттардың бір тектес болып құралуы, сонымен қатар сол жағдайда өмір сүрген жануарлар мен ескен өсімдіктердің бір тектес болуы, сол кезде, сол айтылған тау жыныстары құралған ауданда ауа райы, жер бедері, су мөлшері, тағы басқ а табиғи жағдайлар бірдей немесе біркелкі болды деген қорытынды тудырады. Сонымен, фациялық зерттеудің, тау жыныстарын салыстырудың арқасында ерте замандарда болған жер бетінің ескі географиялық жағдайын айыруға болады. Соның нәтижесінде жер бетінің еткен географиялық тарихы анықталады. Бұл мәселенің ғылымға зор мәні бар екені өзінен-өзі түсінікті. Енді бірнеше фациялық мысалдар келтірейік. Барлық жер бетіндегі шөгінді тау жыныстары үлкен үш фациялық топқа бөлінеді: теңіздік фация, лагуналық фация, континенттік фация. Бұлардың әрқайсысы өз алдына ұсақ фациялық түрлерге айрылады. Теңіздік фация. а). Теңіздің тайыз қайран немесе шельф фациясы. Мұның суының тереңдігі жер бетінен есептегенде 200 метрге дейін барады. Бұл тереңдікте теңіз жиегіндегі тау жыныетарының бұзылуы, шайылуы күшті болады, сондықтан едәуір ірі кесекті жыныстар көп жиналады. Бұл тереңдіктегі теңіз суының тұздылығы, жылылығы, қозғалысы, қысым күші онан да гөрі теренірек бөлімінен басқаша болады. Күннің сәулесі сол 200 метр тереңдікке дейін жетеді. Сол себепті бұл аймақтың жануарлары мен өсімдіктері де басқаша болады. Бұл жердід фаунасы мен флорасы, бір жағынан, құрлыққа байланысты болса, екінші жағынан, ашық теңізге байланысты болады. Осы ерекшеліктері аркылы шельф фациясы басқалардан айқын айрылады. Мысалы, тау жынысының қ ұрамында ағын сумен келген қ ұм, саз, тастармен қатар теңіздік ізбестастар аралас келіп отырса, солардың араласуынан сазды ізбестас (мергель) сияқ ты тау жыныстары қ ұралатын болса, мұны ш е л ь ф т і к фацияда қ ұралған қабаттар дейді. ә). Теңіздің екінші фациясы — оның көлбеу түбінің фациясы. Мұның тереңдігі 200 метрден әрі қарай санағанда, орта есеппен 1000 метр шамасында, ол — теңіздің тайыз жиегінен оның терең тубіне қарай еңкіш көлбейген түбі. Мұнда теңіздід терең су шөгінділері мен аздаған жиектегі тайыз су шөгінділері аралас келеді. б). Теңіздің жалпақ терең түбінің фациясы. Бұған теңіз жиегіндегі кұрлық тастардан ұсатылған материалдар ешбір қатыспайды. Онда өте майда тозаң жыныстар мен сол терең судың өзіне тән органикалық қалдықтар ғана қ ұралады. Лагуналық фация. Бұл теңізден оңашаланып бөлінігі қалған тайыз сулы бұғаздарда жиналған шөгінді қабаттар. Мұның тау жыныстары да, фаунасы да, флорасы да әр түрлі ала шұбарланып келеді. Мұнда құм, саз, мергельмен қатар гипс, тұз қабаттары болады. Сонымен қ а т а р мұның арасында аздаған теңіздік фауналар да, континенттік өсімдіктер де кездеседі.
112. Мұнай мен газды жинақтау және сақтау үшін тұтқыштардың классификациясы

Ловушки нефти и газа применяются в подземных и сточных водах для их фильтрации и очистки от нефтепродуктов. Такие устройства не следует путать с дренажными нефтеловушками сорбирующего действия. Последние применяются для защиты контейнеров от протечек, которые используются при транспортировке нефтяных продуктов и незаменимы при ликвидации аварийных ситуаций.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет