Әзірбайжанның қорғаныс министрлігі Армения тарапынан әскери позицияларға оқ атылғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: AFP

Ведомство мәліметінше, Нахичеван автономды республикасы Садарак ауданындағы Гейдарабад елді мекеніне қарсы оқ атылған. 

  • Армения ҰҚШҰ-ға мүшелігін уақытша тоқтатты
  • Әзірбайжандағы президент сайлауында Ильхам Алиев жеңіске жетті

"24 ақпанда 21:40 шамасында Арарат облысындағы Ерасх елді мекеніндегі Армения қарулы күштері Әзірбайжан қарулы күштерінің позициясына қарсы оқ атты", – делінген хабарламада. 

Еске салайық, Әзірбайжан қыркүйек айында Таулы Қарабақты бақылауына алған еді. Сондай-ақ қаңтар айында Армения Әзірбайжанға шабуыл жасамау туралы пактке қол қоюды ұсынды. 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.