Өскеменнің жолдарында «ақылды» бағдаршамдар пайда болады



Дата22.04.2019
өлшемі31.5 Kb.
#111050

Өскеменнің жолдарында «ақылды» бағдаршамдар пайда болады

Облыс орталығында жол қозғалысын ұйымдастыру саласында айтарлықтай өзгерістер орын алмақ. Тек өзгеріс қана емес. Қалалықтардың тұрмысын барлық салада жақсарта түсуге бағытталған "Ақылды қала" жобасына «интеллекті» бар бағдаршам орнату да кіреді.

«Ақылды бағдаршам» жүйесі контроллерден, камерадан және телеметрикалық қозғалыс датчиктерінен тұрады, олар нақты уақыт режимінде қиылыстардағы көліктің көптігін бағалап, осы ақпаратты басқарманың орталық серверіне жібереді. Оталық сервермен байланыс радио арқылы немесе байланыстың оптикалық желілері бойынша жүзеге асырылуы мүмкін. Одан кейін датчиктердің көрсеткіштерінің негізінде орталық сервер бағдаршам контроллерлеріне қызыл немесе жасыл жарықты жағуға команда береді. Бұл автокөліктердің қиылыстарда тұру уақытын барынша қысқарту үшін қажет.

- Бағыттардың жүктемелігіне байланысты детекторлар автоматты түрде сигналдарды қызылдан жасылға ауыстырып отырады, - дейді ШҚО ІІД әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Сергей Коваленко. - Сондай-ақ, бұл жүйе «ақылды» бағдаршамдарға орнатылатын арнайы датчик-детекторлар арқылы жол жүру ережелерін бұзуды да тіркеп отырады. Бұл сатыда ықтимал жеткізушілердің ұсыныстары қаралады.

Жүйе көлік жағдайын 15-30 минутқа алдын-ала болжап, трафикті басқарудың тиімді жоспарын құра алады. Қиылыстарда Жол-көлік оқиғасы орын алса, жоспар автоматты түрде түзетіледі. Датчиктердің типіне қарай, жүйе қоғамдық көліктердің, жедел қызметтердің және «арнайы еріп жүрушілердің» қозғалыстың қалған қатысушыларының алдындағы басымдылығын есептей алады. Ақау туындаған жағдайда бағдаршамдар автономды жұмыс режиміне көшіп, қиылыстар дәстүрлі әдіспен реттеле бастайды. Бұл штаттан тыс жағдайлар кезінде көлік коллапсын болдырмауға мүмкіндік береді.

"Ақылды қала" жобасы қалалықтардың тұрмысын барлық салада жақсарта түсуге бағытталады. Облыс әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, аймақ басшысы Даниал Ахметов осы жобаны егжей-тегжейлі тсексеруді тапсырып отыр. Жобаның жиынтығында көшені жарықтандыру жүйесін, жол қозғалысын және төтенше жағдайларды басқаруды, сондай-ақ, тұрғын үйлердің аулалары мен адамдардың көптеп жиналатын орындарында бейнебақылау камераларын орнатуды да қамтылуға тиіс.



"Ақылды қала" концепциясы Қазақстанның үш қаласында енгізіліп қойған: Алматы, Астана және Шымкент. Аталмыш жобаның құны мен облыс орталығында енгізу уақыты әзірше белгісіз. Қазір ол жоспарлау және инвесторды анықтау кезеңінен өтуде.

Жақын болашақта жаңа технологияларды енгізу қылмыстың төмендетуге, көлік мәселесін шешуге, бюджетті үнемдеуге жағдай жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет