Шымкентте автокөлікті жалға алып, жалған нөмір тағып, жол ережесін өрескел бұзған тұрғын жауапқа тартылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Кадрдан алынған скрин

Желіде тараған видеода шымкенттік қыз тізгіндеген көлік ішінен полиция қызметкерінің бас киімін байқауға болады. Сондай-ақ кадрларда полиция қызметкерінің тұрғынға 1000 айыппұлы бар екенін айтқаны көрсетілген. 

  • 2024 жылы Қазақстанда айыппұл мөлшері қалай өзгереді
  • Кортеж жол ережесін бұзып, Шымкент көшелерінде тәртіпсіздік жасады

Аталған іске қатысты Шымкент қалалық полиция департаменті түсініктеме берді. 

"Тексеру барысында азаматшаның әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялау үшін аталған көлікті жалға алып, оған жалған нөмір таққаны анықталды. Құқық бұзушыға қатысты әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 590-бабының 3-бөлігі (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Көлік уақытша ұстау изоляторына қойылды", — делінген хабарламада. 

Айта кетейік, бұған дейін Түркістан облысында жүргізушінің жол ережесін бұзғаны үшін 27 миллион теңге көлеміндегі өтелмеген айыппұлы бары анықталған еді. Жүргізушінің жеке басы анықталып, көлік айыпұл тұрағына жеткізілді. 

Түркістан облысы бойынша патрульдік полиция қызметкерлері үлкен көлемде өтелмеген айыппұлы бар 47 жастағы көлік жүргізушісі туралы хабарлама алған.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.