Ұлытау облысында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының бұрынғы директоры сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Ашық дереккөзден

29 еңбекке жарамсыз және күтімді қажет ететін қарттардың (бірінші және екінші топтағы мүгедектер) 32 млн теңге көлеміндегі зейнетақылары мен жәрдемақыларын жымқыру фактісін қаржылық мониторинг агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті тергеген.

Ақпаратқа қарағанда, ол (сотталушы – ред.) 2019 жылғы қаңтардан 2023 жылғы ақпанға дейін қызметтік бабын пайдалана отырып, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлға бола тұра, мекеме қызметкерлерінің лауазымды жалған біріктіру туралы бұйрықтар шығарып, оларға 12 млн теңге көлемінде заңсыз ақша аударған.

  • "Зорланудан қорқып, терезеден секіріп кеткен": Алматыда бойжеткенді 5 жігітке сатамыз деп қорқытқан қыздарға сот үкім шығарды
  • Қарағандыда "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының заңгерін өлтіргендер 18 жылға сотталды

“Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында және сотта әлеуметтік мекеменің экс-басшысы кінәсін мойындап, мемлекетке және қарттарға 44 млн теңгеден астам шығынды толығымен өтеген. Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, оған өмір бойына мемлекеттік қызметте, мемлекеттік органдарда және ведомстволарда лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды”, – делінген қаржылық мониторинг таратқан ақпаратта.

Бұған дейін Грузия соты қазақстандық журналист Жанбота Төлегенді өлтірді деп айыпталған қылмыскерге үкім шығарғаны белгілі болған.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.