Алматы облысында АИТВ инфенциясынан көз жұмған 9 жасар баланың ата-анасына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: freepik.com

Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, "балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау" бабы бойынша тергеу жүріп жатыр. Бұл бап бойынша ата-ана 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

9 жасар баланың расталған АИТВ оң статусына қарамастан, ата-анасы оған вирусқа қарсы препараттарды беруден бас тартып, оларды өздері қабылдамаған. Ерлі-зайыптылар ұлдарының да, өздерінің де диагнозына сенбеген. Баласы ауырып қалғанда ата-ана АИТВ инфекциясы туралы ақпаратты жасырып, балалар ауруханасына алып барған.

Еске салсақ, бұған дейін Алматы облысында АИТВ инфекциясынан 9 жасар бала көз жұмғаны туралы жазған едік. 


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.