Особенности химического состава новых нефтей южного казахстана


Дифференциалдық теңдеулер туралы жалпы түсінік



бет12/21
Дата14.03.2018
өлшемі3.79 Mb.
#21014
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21

Дифференциалдық теңдеулер туралы жалпы түсінік.

Физиканың негізгі заңдарының бірі Ньютонның екінші заңына сәйкес тұрақты m массасы бар, материалды нүктенің түзу сызықты қозғалысты тудырушы F күші m массасы мен α үдеуінің көбейтіндісіне тең, F=m*a. F күші өз кезегіндегі х координатасына, оның v жылдамдығына және t уақыт моментіне тәуелді болуы мүмкін. Сондықтан F=m*a теңдігін былай қайта жазуға болады:



ma=f(x, v, t)

Енді нүктенің жылдамдығы координатаның уақыт бойынша туындысына тең v= x′, ал үдеу – координатаның уақыт бойынша екінші туындысына тең a=x′′. Сондықтан теңдеу (1) келесіні білдіреді.



mx′′=f(x, x′, t) (2)

Біз (қозғалыс заңы) аргументі t- ға тәуелді белгічіз х функциясымен оның бірінші және екінші ретті туындысы және t аргументінің өзі енетін теідеуді алдық. Бұл теңдеуді шешіп, біз нүктеге әсер етуші күштер бойынша нүктенің қозғалу заңын біле аламыз. Осындай және бұдан күрделі теңдеуге машинаның, ракетаның, планета және т.б. бөліктердің қозғалу заңын келтіруге болады. осындай теңдеулерді дифференциал теңдеулер деп атайды.



Көрсеткіштік өсудің және көрсеткіштік кемудің дифференциалдық теңдеуі.

Физикалық, течникалық, биологиялық және әлеуметтік ғылымдардың көптеген есептердің мынадай дифференциалдық теңдеу.



f `(x) = kf(x) (3)

қанағаттандыратындай функцияларды табуға келтіріледі, мұндағы k-қандай да бір константа.

Көрсеткіштік функцияның формуласын біле отырып, мына теңдеудің

f `(x) = Cekx (4)

шешімі кез келген функция болатынын байқау қиын емес, мұндағы С-тұрақты. Ал С еркімізше алынатындықтан, дифференциалдық теңдеудің шешімдері шектеусіз көп болады.



  1. теңдеудің (4) түрдегі функциялардан өзге, басқа шешімдерінің болмайтынын дәлелдейәк. Ол үшін (4) теңдеуді қанағаттандыратын кез келген f функциясын және

g(x) = f(x)e-kx (5)

көмекші функциясын қарастырамыз. g функциясының туындысын табамыз:



g`(x) = f`(x)e-kx + f(x)(e-kz)` = f`(x)e-kx – kf(x)e-kx.

kf(x)-тің орнына (3) теңдеудегі f`(x) –ті қойып, мынаны шығарып аламыз:



g`(x) = kf(x)-kx – kf(x)e-kx = 0

g функциясының туындысы нөлге теңболғандықтан, барлық х үшін g(x) = C болады. (5) – тен мынау шығады:



f(x)e -kx = C, бұдан f(x) = Cekx

дәлелдемекшімізде осы болатын.

ЕСКЕРТУ. Жоғарыда келтірілген талқылауларда біз f функциясын бүкіл сандық түзуде анықталған және (3) теңдеуді қанағаттандырады деп ұйғарған болатынбыз. Нақтылы есептерде (3) теңдеуді тек қандай да бір аралықта ғана қанағаттандыратын функцияларды қарастыруға тура келеді. Әрине, ондай жағдайда (4) формуладан жалпы шешімді (3) теңдеу орындалатындай аралықта ғана табатынымыз түсінікті.

(3) дифференциалдық теңдеудің мағынасы мынау – функцияның х нүктесіндегі өзгеру жылдамдығы сол функйияның осы нүктедегі мәніне пропорционал. Бұл теңдеу практикалық есептерді шешкенде жиі кездеседі.



Әдебиеттер:

1.Жәутіков О.А. Дифференциалдық теңдеулердің қолданылуы туралы әңгіме. – Алматы: Ғылым, 1986.

2.Фрайденталь Г.Математика как педогогическая задача. М.:Просвещение, 1983. – Ч. 1-2.


Резюме.

В статье расcматриваются простые дифференциальные уравнения и внедрения их в школьный курс математики.



Summary

This article discuesses simple differentional eguations and their introduction into school mathematics course.


PASCAL БАҒДАРЛАМАЛАУ ТІЛІ АРҚЫЛЫ ҚОЛДАНБАЛЫ ПРОГРАММАЛАУДЫ

ПАЙДАЛАНУ ӘДІСТЕРІ
аға оқытушы Қоспанбетова Н.А.,3-курс ИФ-111 тобы студенті Талау Г.

Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар Достығы университеті, Шымкент,Қазақстан


Кілітті сөздер: алгоритм, Турбо Паскаль, программа.


Компьютерлік бағдарлама  (ағылш. Computer program) - 1) белгілі бір алгоритмді жүзеге асыру мақсатында мәліметтер өңдеу жүйесінің нақты құрауыштарын (компьютерді) басқаруға арналған мәліметтер тізбегі; 2) орындалуға (өңделуге) тиіс реттелген командалар тізбегі, есеп шығару алгоритмін сипаттайтын программалау тілінің сөйлемдер жиыны. Есеп шығаруға, сондай-ақ берілген мәселені шешуге арналған, қабылданған синтаксиске сәйкес жазылған компьютер командаларының (нұсқауларының) реттелген тізбегі; 3) программалар мен олардың үзінділеріне, бағыныңқы программаларға, процедураларға, программалық модульдерге, машиналық программалар мен олардың үзінділеріне арналған жалпы атау. Қазіргі заманның программалау жүйелері жаңа программаларды құруға программистке күшті және ыңғайлы құралдарды ұсынады Мысал ретінде осы курста үйренетін Турбо Паскаль тілін келтіруге болады.[1]. Программаны түрлі тәсілдер бойынша құруға болады. Оған қойылытын негізгі талап – оның сапалы және пайдаланушыға түсінікті болуында. Әдетте бұл үшін курделі информация алдын-ала тұжырымды бірнеше бөліктерге бөлініп алынады да, олардың әрқайсысына арналған жеке-жеке программа құрылады. Осыдан соң олар көмекші программалар ретінде қарастырылып түрлі тәсіл бойынша бір программаға біріктіріледі. Компьютерде есепті шешу – бұл адам мен компьютердің бірігіп жұмыс істеу нәтижесі. Бұл процесті – бірнеше тізбектелген кезеңдер ретінде қарастыруға болады. Адам творчествалық жұмыстарды атқарады : есептің қойлымын анықтау, есепті алгоритмдеу және программалау, есептің нәтижелерін талдау, ал компьютер – өңделген алгоритм бойынша информацияны өңдеу этаптарын орындайды.

Қолданбалы бағдарламалауға сәйкес «Таңдау командасын» Паскаль бағдарламалау тілі арқылы салыстыра оқытуды қарастырамыз [3]. Таңдау командасы – көп сериялы тармақталу командасы. Әдетте ол Case (қорап) операторын пайдаланып құрылады. [2].[3].

Оператордың жазылу үлгiсi:

Case <өрнек> of

1-тiзiм:
begin
S1
end;
2-тiзiм:
Begin
S2
end;
…….……………….
n-тiзiм:
begin
Sn
end;
end;

мұндағы өрнек – мәнi бойынша сәйкес тiзiм нұсқаулары (S1, S2, …, Sn) орындалатын өрнек. Көбiнесе, ол мәнi case операто¬рының алдында енгiзiлетiн айнымалы түрiнде алынады; k-тiзiм - сұрыптаушы (таңдаушы) делiнедi Ол үтiр арқылы ажыра¬ты¬лып жазы¬ла¬тын тұрақтылар тiзiмi (к = 1, 2, …, n). Тiзiм ор¬нына бiр тұрақтыны не тұрақтылар аралығын алуға болады. Аралық екi нүкте арқылы ажыратылып жазылады. Мысалы, 3, ;4, 5, 6 тiзiмiн 3 .. 6 аралығымен ауыстыру мүмкiн; егер айнымалы (х) мәнi (- 2) аралығында алынса, таңдау¬шыны x<2 деп жазуға болады. Сәйкес тiзiм нұсқаулары орындалып болған соң басқару сase операторынан соңғы нұсқауға берiледi. Егер өрнек не өрнек орнына жазылған ай¬ны¬малы мәнi бiрде-бiр таңдаушыға сәйкес келмесе, case операторы орындалмай тастап кетiледi.


Мысал қарастырайық. Таңдау командасын пайдаланып, енгiзiлген екi санның қосын¬дысын, бiрiншi санның синусын есептейтiн және квадрат түбiрден шығаратын калькулятор бағдарламасын Паскаль бағдарламалау тілдерінде бағдарлама құрайық.

Паскаль программасын іске қосып, алдын ала құрылған бағдарлама мәтінін енгіземіз:


program kalkulator;
uses crt;
var x,y,z:real;
m:integer;
begin clrscr;
write('x=?'); readln(x);
write('y=?'); readln(y);
writeln;
writeln('Kajetti amaldi tandaniz');
writeln('1: z=x+y');
writeln('2: z=sin(x)');
writeln('3: z=sqrt(x)');
readln(m);
writeln;
case m of
1: z:=x+y;
2: z:=sin(x);
3: z:=sqrt(x);
end;
writeln;
writeln('z=',z);
end.
Нәтижесі:
x=?-2.5
y=?4.8
Kajetti amaldi tandaniz
1: z=x+y
2: z=sin(x)
3: z=sqrt(x)
1
z= 2.3000000000E+00


1 сурет. Программаның орындалу барысы


2 сурет. Программа нәтижесі

Әдебиеттер:

  1. Марченко А.И., марченко Л.А. Программирование в среде Turbo Pascal 7.0. Киев: ВЕУ+, 2000

  2. Федоренко Ю. Алгоритмы и программы на Turbo Pascal. Учебный курс. –СПб: Питер, 2001

  3. Культин Н.Б. Turbo Pascal в задачах и примерах. –СПб: БХВ-Петербург, 2003

  4. Зуев Е.А. Turbo Pascal Практическое программирование. –М.: ПРИОР, 1999

Резюме

В этой статье рассмотренно использования языка Pascal при программирование приложение прикладных программ и методы использование их учебном процессе.



Summary

Іn this article of the considered use of language of Pascal at programming appendix of the application programs and methods the use their educational process.



АҚБӨКЕНДЕРДІҢ ЖОЙЫЛЫП КЕТУ ҚАУПІ
б.ғ.к, аға оқытушы Батыров Б.М.,1-курс БГ-113 тобының студенті Данбай Н.

Қазақстан инженерлі-педагогикалық халықтар Достығы университеті,Шымкент,Қазақстан


Кілттік сөздер: ақбөкен,киік.
Ақбөкен, киік (лат. Saiga tatarica) – жұптұяқтылар отрядының бөкендер туысына жататын, тұлғасы ірі, қойға ұқсас, дөңес тұмсықты, күйіс қайыратын түз жануары. Ақбөкеннің қазба қалдықтары плейстоцен қабатынан Батыс Англиядан Шығыс Аляскаға дейінгі аралықтан табылған. Ақбөкендер Моңғолияда, Қалмақ даласы мен Қазақстанда ғана сақталған. Республикамызда Ақбөкендердің бір-бірінен жеке дара бөлінген Бетпақдала – Арыс, Үстірт және Еділ – Жайық деген топтары мекендейді. Текелерінің дене тұрқы 126 – 150 см, салм. 37 – 49 кг, ал ешкілері кішірек, дене тұрқы 109 – 127 см, салм. 22 – 37 кг-дай болады. Үстіңгі ерні салбырап, етті тұмсыққа айналған. Текесінің мүйізі қайқылау келеді, ешкісінде мүйіз болмайды. Жаз айларында арқа түсі сарғыш тартады, қыста түсі ақшылданады. Ақбөкендер шөл, шөлейтті және далалық аймақтарда тіршілік етуге бейімделген. Олардың қоныс өзгертуі ауа райына, Ақбөкен жұп тұяқты жануарлардың ішіндегі ең өсімталы, жылына бір рет төлдейді. Жаппай төлдеуі мамырдың 1-жартысында өтеді. Бұл кезде күн салқындап, жауын-шашын көп болады да, оны қазақ халқы «Құралайдың салқыны» деп атайды. Көбіне егізден, кейде 3 лақ та туады. Ақбөкендер өсімдіктердің 80-нен астам түрімен қоректенеді. Олардың басты жауы – қасқыр, ал жас төлдеріне бүркіт, дала қыраны мен қарақұстар да шабуыл жасайды. Ақбөкен аусыл, пастереллез ауруларымен ауырады. Ақбөкен – дәмді еті, құнды мүйізі мен тұяғы, әдемі терісі үшін ауланатын кәсіптік маңызы бар жануар. Қазақстанда 1921 ж. Ақбөкенді аулауға тыйым салынған. 1957 – 58 ж. олардың жалпы саны 2 млн-нан асқаннан кейін, кәсіптік жолмен аулауға рұқсат берілді. Оның мүйізінен пантокрин дәрісі алынады, тұяғын күйдіріп, одан алынған күлді денедегі теміреткіге жағады. Ақбөкендердің табындары жүздеген, мыңдаған бастан тұрады. Әдетте табынды текелері емес, ұрғашы киік бастап жүреді. Текелері күйек науқаны біткеннен кейін табынға көп қосыла бермейді, әсіресе киіктер бұзаулайтын кезде олар жеке жиналып, бөлек табынмен жүреді. Ақбөкендер күйекке түсер алдында, қазан, қараша айларына қарай қоң жинап, жұмырланады. Бұл кезде текелердің кеңсірігі дөңестеніп, әукесі салбырап, сақалы төмен түседі. Ұрықтандыруға көп уақыт жұмсалмайды, әрбір теке бір-екі күннің ішінде 40-50 киікке дейін шабады.

Соңғы кездерде ақбөкенді мүйізін алу үшін браконьерлер көп қырып жіберді де, текелердің саны күрт азайды. Ұрғашы киіктердің саны текелерден бірнеше есе басым болғандықтан, күйек кезінде кейбір шамасына қарамайтын, тәжірибесіз жас текелер әлсіреп, зорығып өледі немесе түлкі, қарсақ сияқты кішігірім жыртқыштарға жем болады. Күйек біткеннен кейін, ауа райы қатты суытып кетпей, жайылымға қолайлы болып тұрса, қаңтардың аяғы, ақпанның басына қарай қайта қоң жинап, әлденіп алады. Көктем шыға, солтүстікке қарай жылжитын қалың табын жылдың бұл мезгілінде суаттарды көп іздей бермейді. Олар жаңа өнген шөптің нәрімен, таңғы түскен шықпен сусындайды. Жауынды күндері апталап су ішпей жүре береді. Киіктер Аралдың, Балқаштың тұзды суларын іше береді. Қыстың қарсыз күндері мұз жалап, шөлін қандырады. Әдетте табынды суат басына ұрғашы киік бастап келеді. Алдымен жан-жағына осқырана қарап, біраз уақыт айналаны бақылайды. Қалғандары «команда» болмай суға беттемейді, алдымен бастап келген киік су ішеді, содан кейін қалғандары азан-қазан маңырап келіп, суға бас қояды. Текелері суатқа ең соңынан келеді. Ақбөкен 1 минутта суды 12 рет жұтады екен және суды ұзақ сораптап ішпейді, 1,5-3 минуттың ішінде шөлін қандырады да, келген даласына қайта зымырайды.Археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған ақбөкендердің қаңқаларына қарағанда, бұлар ертеректе Ұлыбритания аралынан бастап Аляскаға дейінгі кеңістікте өмір сүрген. Қазақстан аумағында Павлодар облысындағы Ямышево мен Подпуск ауылдарында, Семей қаласының түбінен, Нұра өзенінің бойынан, Жамбыл облысындағы Қараүңгір мен Үшбас үңгірлерінен ежелгі және орта антропогеннен қалған киіктердің сүйектері табылған. Тамғалы жартасындағы киіктің суреттері біздің эрамызға дейінгі VІІ-V ғасырларда қашалып салынған екен. ХІV-XVІ ғасырлардан бері ауыздан-ауызға тарап келе жатқан халық эпостарында қазақ жеріндегі сансыз көп ақбөкендер туралы айтылады. Көптеген елді мекендердің «Киік» деп аталуы да бекер болмаса керек. Осындай фактілерге сүйенсек, ертеректе Еуропа мен Азия құрлығын тұтастай мекендеген киіктер қазір тек қазақ даласында ғана қалыпты.

Үкiмет ақбөкендердi 2006 жылы «Қызыл кiтапқа» ендiрдi. Және сол жылы жан-жануарларды қорғау мақсатында бюджеттен 200 миллион қаржы бөлдi. Ал үстiмiздегi жылы бұл қаржыны 270 миллионға жеткiзiп отыр. Әрине бұл игi шаралар қолға кеш алынып отыр.Дегенмен «Ештен кеш жақсы» деген емес пе?

Киікті қазақ киелі жануар деп есептейді. Ел арасында оларды атқан адам бақытсыздыққа ұшырайды деген сенім бар. Киіктің қаншалықты киелі екендігін кім білсін, бірақ өте ақылды және қандай табиғи ортада болмасын, тез бейімделіп кететін жануар екендігі анық. Ақбөкендердің басына қаншама зобалаң заман туғанмен, миллиондаған жылдар бойы тұқымын сақтап қала алды. Осының өзі ақбөкендердің өмірге өте бейімділігін, өсімталдығын аңғартады. Егер ақбөкендердің басқа түз тағыларынан ерекшеліктері болмаса, ежелгі мамонттармен бірге құрып кетер еді.

Кең даланың киесі – ақбөкенге қару кезенген қаскөйлердің қатары азаяр емес. Халқымыз сахараның кербезін ежелден киелі санаған. Ерекше қадірлеп, қастерлеген. Алайда, бүгінде киелінің қадірін түсінуден қалып барамыз. Елімізде ақбөкендерді атуға 2020 жылға дейін тыйым салынған. Осыдан 10 жыл бұрын бұл жануардың саны 1 миллионнан астам болса, бүгінде олардың саны күрт азайып, небәрі 2 пайызы – 20-25 мыңдайы ғана қалды. Бұл, ақбөкендер саны 40 есе азайған деген сөз. 2002 жылы дүниежүзілік табиғат қорғау одағы ақбөкенді «cr», яғни, «жойылып кету қаупі бар» деген санатқа енгізген. Бүгінде ақбөкендер тек қазақстан, өзбекстан мен ресейдің астрахань облысы мен қалмақстанда және батыс моңғолияда мекендейді.

Браконьерлердің жануарлардың бұл түріне ерекше қызығушылық танытуларының бір себебі – ақбөкен мүйізінің ғажайып емдік қасиетінде жатыр. Осы жағдайға байланысты 2012 жылғы 6 сәуірден бастап Қазақстанның барлық аумағында 2020 жылға дейін ақбөкендерді атуға тыйым салынған. Алайда, әлі күнге бұл заңды белшесінен басып жүргендер жетерлік. Қазіргі таңда бұл дерек бойынша ҚР ҚК-нің 288-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. 

Үстіртте киелі жануарлар-киіктердің жойылып кету қаупі бар. Оны халықаралық сарапшы-мамандар жүргізген жыл сайынғы санақ көрсетті. Жалпы Батыс аймақтағы бөкендердің бетпақ дала түрімен салыстырғанда біршама көбейгені байқалады. Бірақ олардың үстірттегі үйірлерінің тым сиреп кетуі мамандардың алаңдаушылығын тудыруда.

Қазақстанда ең көп мекен ететін ақбөкендердің Орал өңірінде өмір сүретін бұл түрі бірер жыл бұрын 38-мыңға жуық болғаны белгілі. Алайда пастериоз ауруымен 12 мыңға жуығы қырылды. Қазір аталған өңірде олардың 27-мыңдайы ғана қалды. Киіктерді қорғау рейдтік және арнайы жоспар негізінде жыл он екі ай бойы жүргізіліп отырады. Өкініштісі, қарақшылар мен табиғи-техногендік апаттар бөкендердің санына кері әсер етіп отыр.

«Ақбөкен» инициативасының негізгі міндеттері:

• Ақбөкеннің бетпақдала популяциясының келешекте тұрақты тіршілік етуіне жəне оның мекендейтін жерлеріне əсер ететін негізгі қауіптерге көңіл аударуі; мысалы, браконьерлікке жəне мекендейтін қоныстарындағы өзгерістерге.

• Ақбөкен жəне сол сияқты құлан, қарақұйрық, дуадақ жəне тарғақ қоныстарына əртүрлі статусы бар қорғалатын территория жүйесін ұйымдастыру жəне қоныс аударатын жолдарында жануарлар өтетін коридорлар қалдыру.

• Жануарлардың негізгі қоныстарында оларға жергілікті тұрғындардың жəне басқада мүдделі адамдардың əсерін анықтау, мүмкіндігінше оларға көмектесу, адамдардың əл-ауқатын жақсарту жəне ауыл шаруашылығын дамыту.

• Табиғат қорғау шараларын жоспарлап, енгізу үшін қазақ даласы мен шөлейтті жерлері туралы, оларда мекендейтін жан-жануарлар туралы мəліметтержинау.

• Далалық аймақты жəне онда мекендейтін ақбөкен сияқты хайуанаттарды сақтап қалу үшін үгіт-насихат жұмыстарын күшейту қажет.


Әдебиеттер:

1.Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия.Алматы

2.Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы
Резюме

Сайгаки сколько бы не пережили трудности жизни, не изменяют свои семя сквозь миллиона лет.


Summary

Saigas how many difficulties of life did not outlive, it does not change a seed through million years.




ТОПЫРАҚ ҚҰНАРЛЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ҚОРЕК ЗАТТАРДЫҢ СІҢІРІЛІУІНІҢ МЕХАНИЗМІ
б.ғ.к,доцент Байкабулов Т.,3-курс БГ-111 тобының студенті Сейдазева А.Х.

Қазақстан инженерлі-педагогикалық халықтар Достығы университеті, Шымкент, Қазақстан


кілттік сөздер: геобионттар, геофиллер, геоксендер, микрофауна, мезофауна
Өсімдіктердің, жануарлардың (әсіресе микроорганизмдердің), климат жағдайларының және адамдардың әсерімен өзгерген жер бетінің үстіңгі борпылдақ қабаты. Топырақ бойында құнарлылық қасиеті, яғни өсімдіктерді сумен, басқа да қоректік элементтермен қамтамасыз ететін қабілеті болады. Механикалық құрамы (топырақ түйіршіктерінің мөлшері) бойынша топырақ құмды, құмдақ сазды және саз топырақ болып бөлінеді. Жасы мен генезисі бойынша — қыртысты күлгін топырақ, батпақты топырақ, ормандық сұр топырақ, қара топырақ, қоңыр топырақ, күрең топырақ, тағы басқалар болып бөлінеді. Топырақтың жер бетінде таралуы зоналық (горизонтальды және вертикальды) заңдылыққа байланысты. Топырақ - литосфераның жоғарғы әуе қабатымен байланысатын қабат, бүкіл биосферадағы тіршіліктің тірегі. Топырақ ғасырлар бойы топырақ түзуші факторлардың үздіксіз әрекетінен пайда болған табиғаттың ерекше табиғи, әрі тарихи денесі.

Топырақтану ғылымының негізін орыс ғалымы В.В.Докучаев қалады. Оның Петербургте басылып шыққаң «Орыстың қара топырағы» (1883 ж.) атты еңбегінде топырақтың дүрыс анықтамасы, оның қасиеттері туралы ғылыми негізделген түсініктер берілген. В.В.Докучаев топырақ түзілу процесінің бес факторға байланысты екенін анықтады. Оларға: бастапқы аналық жыныстар, ауа райы, жер бедері, уақыт және өсімдіктер мен жануарлар жатады.



Сазды топырақ. Құламаларда тұрақты жэне су бұзып кетуіне қарсы келе алатын топырақ; жолдың негізі үшін жақсы материал болып табылады.

Құмайт топырақ. Ылғалды және құрғақ күйінде байланысы жақсы топырақ: құрғақ және тым ылғалды жерлерде жолға себуге пайдаланады.

Шым тезекті топырақ. Ылғалдылықтың тұрақсыздану кезінде көлемдік өзгерістерге зор бейімі бар, қатты сығылатын орамды грунт, жол себуге қолданылмайды.

Топырақта тіршілік ететін организмдер. Топырақта тіршілік ететін организмдер эдафобионттар немесе педобионттар деп аталады. Қоңыржай аймақтағы орман топырағының 1 шаршы метрінде 1000 жуық жануарлар түрін,нематодтар мен қарапайымдылардың 10 млн-нан аса, аяққүйрықтар мен топырақ кенелерінің 100 мыңнан аса түрлерін табуға болады. Эдафобионттардың көптеген экологиялық топтарының классификациялары бар. Тіршілік ортасымен байланысы бойынша топырақ жануарлары негізгі үш экологиялық топқа бөлінеді:

Геобионттар - үнемі топырақта тіршілік ететін организмдер. Олардың бүкіл даму циклы топырақта жүреді (жауын құрттары);

Геофиллер - тіршілік циклының жоқ дегенде бір фазасы міндетті түрде топырақта ететін организмдер (шегірткелер Acrididea, кейбір қоңыздар - Staphylinidae, Carabidae, Elateridae). Олардың личинкалары топырақ ішінде дамып, өскен соң жер бетінде тіршілік етеді;

Геоксендер - топырақты кейде уақытша немесе қорғаныс ретінде пайдаланатын организмдер (тарақандар, кемірушілер жәңе басқа да інде тіршілік ететін сүтқоректі организмдер).Сондай-ақ топырақ организмдерін дене мөлшері мен қимылына байланысты да экологиялық топтарға бөледі:

Микрофауна - детриттік қоректік тізбектің негізін құрайтың топырақ микроорганизмдері. Бүларға жасыл (Chlorophyta), көк-жасыд

Мезофауна - қозғалғыш, майда жануарлар тобы. Бүларға топырақ нематодтары (Nemaloda), жәндіктердің майда личинкалары, кенелер (Oribatei) және басқалар жатады. Бүлар негізінен детриттермен және бактериялармен қоректенеді.

Макрофауна - топырақтағы ірі жәндіктер (жауын құрттары және т.б.).

Мегафауна — топырақта тіршілік ететін сүтқоректілер, мысалы, көртышқандар, жертесерлер және т.б.

Топырақтың физикалық қасиеттері. Топырақ табиғи дене болғандықтан, ол белгілі физикалық қасиеттермен ерекшеленеді. Топырақтың физикалық қасиеттеріне оның тығыздылығы, көлемдік массасы және қуыстылығы жатады.

Топырақтың тығыздылығы деп оның қатты фазасы массасының 4 С-тағы судың сондай көлемдегі массасына қатынасын айтады.



Топырақтың жалпы зоогигиеналық маңызы. Топырақ дегеніміз - жер қыртысының құнарлы беткі қабаты. Ол геологиялық факторлардың, физико-химиялық және биологиялық процестердің әсерлері нәтижесінде пайда болған. Топырақтың пайда болу процесі өте күрделі әрі ұзақ мерзімде өтеді. Мысалы, 2 см топырақ пайда болу үшін 300-1000 жыл керек.Топырақта күрделі химиялық және биологаялық өзгерістер, ең бастысы жануар және өсімдік тектес органикалық заттардың ыдырау процестері жүріп жатады.

Топырақтың механикалық құрамы және оның құрылысы. Топырақтың механикалық құрамы оның сулы-физикалық, физикалық-механикалық, ауалық және жылулық қасиетіне, қышқылдану - қалпына келу жағдайына, сіңірулік қасиетіне, топырақта гумус, азоттың жиналуына әсер етеді.

Механикалық құрамына байланысты топырақта оны өңдеудің, егістік жұмыстардың жүргізілуіне, тыңайтқыш шашу мөлшеріне және ауылшаруашылық өнімдерін себу жағдайлары өзгереді: Егер құмды және құмдақ топырақтар жылдам өңделгенмен, оларда гумуспен пен ылғал аз болады және олар жел эррозиясына төзімсіз келеді.



Топырақтың физикалық қасиеттері. Гигиеналық тұрғыдан топырақтың мынандай көрсеткіштерінің маңызы айтарлықтай: топырақтың саңылаулығы, су өткізгіштігі, капиллярлылығы, ылғал тартқыштығы, ауа өткізгіштігі және жылулық қасиеттері.

Топырақтың химиялық құрамы. Топырақ минералды және органо-минералдық заттардан тұрады. Минералдық заттардың көзі - жер қабатының қатты қабығын (литосфера) құрайтын таулы породалар. Минералдық бөлік топырақтың 80-90 пайызын құрайды, ал органикалық заттар топырақта 10 пайыздан кем болады. Топырақтың органикалық бөлігі (гумус) өсімдік пен жануарлар тектес заттардың ыдырауынан және осы процесс кезінде жүретін реакциялар арқасында пайда болатын заттардың өнімдерінен тұрады. Топырақтың құрамында барлық белгілі химиялық элементтер анықталған. Топырақта литосфераға қарағанда оттегі, сутегі, кремний көп болады, ал алюминий, кальций, магний, калий аз кездеседі. Литосферамен салыстырғанда топырақта көмірсутегі 20 есе, ал азот 10 есе артық. Топырақта бұл элементтердің көп жиналуы тірі организмдердің тіршілік етуіне байланысты (бір тіршілік иесіне 18 пайыз көміртегі және 0,3 пайыз азот келеді).

Каталог: wp-content -> uploads -> 2018
2018 -> Алтын күз Атырау облысы Атырау қаласы Махамбет ауданы Алға орта мектебінің Шағын орталық топ
2018 -> Ысқақова Айнұр Жанболатовқызы, СҚО, Ақжар ауданы, Айсары ауылы, «Айсары негізгі мектебі»
2018 -> Ә. Кекілбаевтың «Шыңырау» әңгімесіндегі Еңсеп бейнесі
2018 -> Қуыршақты шомылдыру
2018 -> Жарманың өнімдерінің құрамында
2018 -> Мектеп: №46 жобб мектебі Мерзімі: 5. 01. 2018ж №7 Мұғалім Митанова г сынып «Г» Оқушылар саны 12 Тақырып
2018 -> Казахская академия спорта и туризма сборник научных статей
2018 -> Сабақ тақырыбы: «Дәнекерлеудің мәні қызметі және түрлері»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21




©kzref.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет